«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі жобасының тұжырымдамасы



жүктеу 182,51 Kb.
бет25/26
Дата18.05.2022
өлшемі182,51 Kb.
#38625
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Денсаулық туралы кодекс

Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерін жетілдіру бойынша

Украинада Дәрігер кодексінде дәрігердің (практик пен ғалымның) кәсіптік қызметінің негізгі мақсаты перинаталдық және перинаталдық кезеңнен кейінгі кезеңде адам денсаулығы мен өмірін сақтау және қорғау, аурулардың профилактикасы және денсаулықты қалпына келтіру, сондай-ақ емделмейтін аурулар, туу және қайтыс болу кезінде азабын азайту болып табылады. Пациентке деген этикалық қарым-қатынас оның қайтыс болуынан кейін де тоқтатылмайды. Жаңа медициналық технологияларды (адам ағзалары мен тіндерін транспланттау, адам геномына, ұрпақты болу функциясына араласу және басқалар) қолдану кезінде дәрігердің іс-қимылы Украинаның этикалық-құқықтық және заңнамалық нормативтік құқықтық актілерімен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, ЮНЕСКО Биоэтикалық комитетінің ұсынымдары мен талаптарымен айқындалады.

Дәрігерлердің құқықтарын қорғау үшін Ресейде медицина қызметкерлерін қызметтік міндеттерін орындау кезінде күштеп қол сұғушылықтан сақтау туралы заң әзірленді.

Ауылдық жерлердің дәрігерлермен қамтамасыз етілу мәселелерін шешу үшін «Земский доктор» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды және 2018 жылдан бастап 2020 жылға дейін қолданыста болады, ол ауылдық жоғары білікті мамандар үшін жеңілдік жағдайларын көздейді.

АҚШ-та дәрігердің пациент денсаулығына зиян келтіргені үшін жауапкершілігі штаттың жалпы құқығымен белгіленеді. Елде дәрігердің кәсіптік жауапкершілігі туралы ұлттық (федералдық) заң немесе тиісті емес медициналық практика мәселелеріне (немесе дәрігердің немқұрайлығына) қатысты заң жоқ. Штаттың соттары жеке істерді қарау нәтижесінде қабылданған шешімдер негізінде жалпы құқық қағидаттарын (прецедентті құқық) белгілейді. Осындай қағидат басында ағылшын жалпы құқығынан келген (американдық отарлар аумағында АҚШ зайырлы мемлекеті құрылғанға дейін қолданыста болды); осылайша, бұл қағидаттар ағылшын отары болған Канада мен Австралияның аумағында қолданыстағы қағидаттардан айырмашылығы жоқ. Содан бері, жекелеген елдердің соттары заңнаманы дербес дамытуды жалғастырған, сондықтан әрбір елдің заң, ал АҚШ-та – әрбір штаттың өз ерекшеліктері бар. Оған қарамастан, оның негізінде пациентке зиян келтіргені үшін дәрігерің жауапкершілігі туралы шешім шығарылатын жалпы қағидаттар барлық штаттар үшін жалпы және жалпы және азаматтық құқық жүйелері бар мемлекеттерді қоса алғанда, батыс елдерінің аумағында қолданыстағы құқықтан айырмашылығы жоқ.

Дәрігерден зиянды өтеу алу үшін зардап шеккен пациент дәрігердің немқұрайдылығы фактісінің мынадай төрт белгісінің (талап-арыздың төрт элементін) болуын дәлелдеуі қажет:

1) дәрігердің пациентке қатысты сақтық сақтауға ресми міндетінің болуы;

2) дәрігер аталған жағдай үшін белгіленген науқасты диагностикалау мен емдеуге қатысты кәсіби стандартты бұза отырып, осы міндетті орындаған жоқ (кәсіби немқұрайдылығын көрсеткен);

3) пациенттің денсаулығына шын мәнінде зиян келтірілген;

4) пациент денсаулығына келтірілген зиян дәрігердің өз міндеттерін орындамауының (немқұрайдылығы) тікелей салдарлары болып табылады.


Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия

Халықаралық тәжірибе мемлекеттің өз функцияларын беруі өзара ынтымақтастық кезінде ғана табысты болмақ.

Мысалы, Германияда Федералдық Біріккен Комитет (ФБК) жұмыс істейді, ол құзыреті шегінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмектің барлық секторлары үшін директивалар жасайды. ФБК қабылдаған директивалар әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі барлық субъектілер үшін міндетті.

ФБК қаржыландыруды Федералдық парламент жүзеге асырады.

Директивалар ФБК пленарлық отырысында (пленум) қабылданады, ол жоғары басқару органы болып табылады. Пленум құрамына құрылтайшылар өкілдері: Неміс дәрігерлер палатасы және Германияның науқастар қауымдастығы (5), Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қауымдастығының өкілдері (5), тәуелсіз мүшелер (3) и пациенттер қауымдастығының өкілдері (5) кіреді.

Осылайша, ФБК шешім қабылдайтын кәсіби тұлғалардың (медицина қызметкерлері) және кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделері бар негізгі реттеуші болып табылады.

Мемлекет Германияның Неміс дәрігерлер палатасына мамандарды аттестаттау, сертификаттау, сондай-ақ дипломнан кейінгі үздіксіз дайындық жүйесінің ережелерін іске асыру мәселелерін қоса алғанда, кәсіби қызметтің барлық спектріне бақылау берді. Барлық дәрігерлер үшін міндетті мүшелік көзделген.

Ұлыбританияда 1858 жылдан бастап заңға сәйкес Біріккен Корольдікте General Medical Council (бұдан әрі – GMC) медициналық ұйымы жұмыс істейді, оған шамамен 200 мың практикалаушы дәрігер біріккен. Реттеу қағидаты квазиреттеу қағидатына негізделеді. Осындай ұйымдардың ерекшелігі тиісті саланы немесе нарық сегментін реттеу болып табылады.

GMC негізгі міндеттері:

- кәсіби қызмет стандарттарын белгілеу;

- ұйымдар мүшелерінің стандарттарды сақтауына мониторинг, стандарттарды бұзғаны үшін санкция қолдану;

- тұтынушылардың шағымдарымен жұмыс және дауларды шешу;

- мүшелер тізілімін жүргізу.

Ұқсас ұйымдар медицинаның әртүрлі салалары үшін құрылған: фармацевтика, қосалқы медицина персоналы, жекелеген медициналық кәсіптер.

Ұлыбританияның заңнамасына сәйкес аталған ұйымдарға кірмейтін дәрігерлердің денсаулық сақтау саласындағы практикасы болуы мүмкін. Алайда, британдық дәстүрлер және тарихи өткен шақ салдарынан аталған мамандарға деген сұраныс айтарлықтай төмен, бұл олардың жалақы төлеу деңгейінде байқалады. Статистика бойынша медиктердің 10%-ы ғана Ұлыбританияның тиісті кәсіби ұйымның мүшесі болмай-ақ өзінің қызметін жүзеге асырады.

Тағы да бір мысал Жапон медициналық қауымдастығы болып табылады. Ол 19146 жылы құрылған, кейін қазіргі түрінде 1947 жылы қайта құрылған, оның миссиясы дәрігерлердің қызметін басқаруды қамтамасыз ету және барлық жапондық азаматтар үшін жоғары медициналық стандарттарды ілгерілету болып табылады. Жапон медициналық қауымдастығына мүшелік 165 000 адамды құрайды немесе Жапониядағы барлық лицензияланған дәрігерлердің 60%-ы.

Жапон медициналық қауымдастығы мүшелердің жарналары есебінен жұмыс істейді, олар үкіметтен қаржылай тәуелсіз болып табылады. Өкілеттіктерді бөлу Жапония Денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігіне денсаулық сақтау саласындағы саясатты қалыптастыруға, ал медициналық қауымдастыққа пациенттерге медициналық көмек көрсету арқылы азаматтардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге және жапондық медиктердің білім деңгейін үздіксіз арттыруға мүмкіндік береді.

1987 жылы Дүниежүзілік медициналық қауымдастық Кәсіби дербестік туралы Мадрид декларациясын жариялады. Сол жылы Жапон медициналық қауымдастығы өзін-өзі реттеу негізінде кәсіби дербестік философиясы шеңберінде дәрігерлердің тиімді қатысуын қамтамасыз ету үшін медициналық білім білімнің біліктілігін арттыру бағдарламаларын енгізуді бастады.

Бұл жүйеде дәрігерлер ерікті және дербес клиникалық мүмкіндіктерін жақсартуға және денсаулық сақтаудың негізгі проблемаларын зерттеуге талпынады. Ұйымның мақсаттарының бірі медициналық қызмет көрсетудің жоғары сапасын сақтай отырып, дәрігерлер мен пациенттердің арасында сенімді қарым-қатынастарды қамтамасыз ету болып табылады.

Қауымдастықтың мақсаттарының бірі олардың кәсіби пікірі бойынша қауымдастық мүшелерінен денсаулық сақтау жүйесін байытуға немесе жақсартуға тиіс ақпарат жинау болып табылады. Нәтижесінде, бұл ақпарат үкіметке медициналық қызметтер саласында реформаларды іске асыру үшін беріледі. Оған қоса, елдің үкіметі арқылы осы жоспарларға қол жеткізу үшін қажетті және жеткілікті қаржыландыруды қамтамасыз ету өте маңызды болып табылады.

Жапон медициналық қауымдастығының қызметі этиканың негізгі қағидаттарын орындауға бағытталған. Денсаулық сақтау ұйымдарының міндеттері – ауруларды емдеу, адамдар денсаулығын сақтау және нығайту; және осы міндеттің маңызын түсіну негізінде дәрігер қоғам үшін қызмет етуі тиіс.

Жапон медициналық қауымдастығы Жапонияда денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жақсартуды ғана өзіне мақсат етіп қоймай, сондай-ақ World Medical Association және CMAAO арқылы халықаралық қызметке өзінің үлесін қосуды көздеп отыр.

АҚШ-та кәсіби медициналық қауымдастықтар денсаулық сақтау саласын дамытуда негізге рөлге ие. Олардың саны едәуір жоғары: ұлттық, өңірлік, қалалық қауымдастықтар, жекелеген мамандықтар бойынша қауымдастықтар және басқалары бар. Мемлекеттегі ең ірісі – Американдық медициналық қауымдастық, ол 1847 жылдан бастап жұмыс істейді, негізгі функциялары медицинадағы кәсібиліктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету,; дәрігерлер мен пациенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, медициналық білім беру саласындағы саясатты, этикалық саясатты қалыптастыру және басқалар болып табылады.

Ұқсас ұйымдар Франция, Италия, Австрия, Ұлыбританияда және тағы да басқа елдерде бар. Олардың маңызы өте жоғары, өйткені олар кәсіби медициналық қоғамдастықтың денсаулық сақтау саласын басқаруға, мемлекеттің қоғамдық және саяси өміріне қатысуын қамтамасыз етеді. Бұл ретте ұлттық министрліктерге денсаулық сақтау жүйесіне, емдеу мекемелерінің құрылысын басқаруға және оларды материалдық-техникалық қамтамасыз ету, медициналық қауымдастықтардың заңнамалық бекітілген міндеттерін орындауын бақылау функциялары жүктелген.

Шетелдердің тәжірибелерін талдау мемлекеттік функцияларды берудің және денсаулық сақтаудағы қоғамдық басқарудың институционалдық негізі ежелден пайда болғанын көрсетті. Сол уақыт аралығында көптеген дамыған елдер қоғамдық басқаруды мемлекеттік басқарумен қатар қолдану әдістерін практикада қолданған.

Нәтижесінде, шетелдік дәрігерлер өздерінің кәсіби қауымдастықтары арқылы әрекет ете отырып, медициналық қызметтер ұсынуды ұйымдастырудың жаңа жүйесінің баламалы басқару әдістерінен асып түсетініне сенімді.




жүктеу 182,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау