Ғылымы дамыған елдің болашағы зор



жүктеу 63,15 Kb.
Дата22.02.2018
өлшемі63,15 Kb.
#10548

Сақ Қайрат Өмірбайұлы.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

ф.ғ.к., доцент, ЕҰУ профессоры

ҒЫЛЫМЫ ОЗҒАН ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ ЗОР
«Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ.

Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза,

қылған хаж ешбір ғибадат орнына бармайды».

(Абай)
Ұлтымыздың ұлы ойшылы, хакім Абайдың оныншы қарасөзінен алынған осы тәмсілден-ақ ғылымның дүниелік маңызын бағамдауға болады. ХХІ ғасырда еліміз қазба байлықтармен ғана емес, үздік ақыл-ой жетістіктермен, озық технологияларды игерумен алға ұмтылуы керек екенін егемен еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың үздіксіз қадап айтып келе жатуының сыры да сонда деп білеміз. Елбасымыз Қазақстан Республикасы Парламентінің үшінші сессиясының ашылуында: «Тиімді индустриялық саясат инновацияларға, ең заманауи білім-білікке және технологияларға негізделуі тиіс. Сондықтан «Ғылым туралы» жаңа заң әзірлеп, қабылдау, онда отандық ғылым саласын дамытудың қағидаттарын айқындау керек»,– деп халық қалаулыларына нақты ұсыныс жасауы – еліміз ғылымына айрықша көңіл аударуының айқын айғағы.

Еліміз Парламенті Мәжілісі мен Сенатында қызу талқыланған «Ғылым туралы» заң жобасы – Елбасы тапсырмасының тиянақты орындалуының нақты жемісі. Бұл жаңа заң жобасы туралы қоғамда екі түрлі пікір қалыптасқанын жасыруға болмайды. Оның басты себебі – осы күнгі ғылым жүйесін түбегейлі реформалауды шұғыл жүзеге асырып, ғалымдарды дайындауды кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғату арқылы жүзеге асыруды шорт тоқтату, оның орнына еуропалық үлгіні, яғни философия (PhD) докторы, бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін енгізу асығыстық болмас па екен деген ойдан туындайды. Әрине, бұл өзекті мәселенің дұрыс шешім табуы алдағы күндер еншісінде.

Қоғам талқысына түскен «Ғылым туралы» заң жобасында ғылымды заман талаптарына сай жаңа бағытта дамытуға басымдық берілгені байқалады. Мұнда қолданыстағы заңда мүлде кездеспейтін жаңа ұғымдардың көптеп ұшырысуы соны айғақтайды. Атап айтқанда: «Ұлттық ғылыми кеңес», «ғылым жөніндегі ұлттық баяндама», «ғылыми-білім беру консорциумы», «мемлекеттік ғылыми грант», «ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама жөніндегі бас ұйым», «ғылыми, ғылыми-техникалық жоба және бағдарлама», «ғылыми инфрақұрылым», «ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған мемлекеттік тапсырма», «ғылым саласындағы уәкілетті орган», «ғылыми-техникалық ақпарат», «стратегиялық зерттеулер», «тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар», «зерттеу университеттері» «тәжірибелік өндіріс», «философия (PhD) докторы, бейіні бойынша доктор», т.б.

Осының өзі жаңа заң жобасында ғылым мазмұны, қызмет аясы, маңызы арта түскенін көрсетеді. Ғылымға мемлекет тарапынан қолдау көрсету механизмдерінің нақты іске қосылатындығын заң жобасының «Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік органдардың қызметі» атты жаңадан енгізілген 2-тарауы айғақтайды. Онда Қазақстан Республикасы Үкіметінің еліміздегі ғылым жүйесін ұйымдастыру мен басқарудағы іс-шаралары нақты айқындалған.

Ал заңның басты жетістігі – ғылыми жобаларды бағалайтын, сараптайтын және тиісті көлемде қаржыландыру туралы шешім шығару құқын иемденетін басым көпшілігі ғалымдардан тұратын Ұлттық ғылыми кеңестер құру жөнінде ұйғарым жасалуы (19-бап). Бұл ғылым саласындағы жобаларды бұрынғыдай әкімшілік жолмен емес, таза ғылыми негіздерде, көзқарастарда қарастыруға жол ашылады деген сөз. Осы арқылы ғылыми зерттеулер сапасын жоғарылатуға мүмкіндік туғызылатыны құптайтын жай. Бұған заң жобасында жаңадан қарастырылған Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы жүзеге асыратын Ұлттық орталық құру туралы талаптың да (20-бап) қосатын үлесі зор. Сонымен қатар ғылыми қызметті мемлекеттік бюджет тарапынан қаржыландырудың нақты үш жолы белгіленуі де жаңалық болып табылады. Олар: базалық, гранттық, бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру талаптары (24-бап). Мұны елімізде ғылымның дамуына мемлекет қолдауын нақтылайтын оң шешім деп бағалуға болады.

Сонымен бірге тұңғыш рет ғылымның жоғары оқу орындарында шоғырлануына басымдық берілуі , сөз жоқ, заң жобасының жаңалығы болып табылады. Заң жобасында бұған екі бап арналады. 9-бап «Жоғары оқу орындарының ғылыми қызметі», 10-бап «Зерттеу университеті» талаптарын айқындайды. Осылайша еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарына үлкен сенім артылуымен бірге, ерекше міндеттер мен жауапкершілік жүктеліп отыр. Бұл ғылымы дамыған елдер тәжірибесінен алынған үлгі. Сондықтан оның нәтижесі жоғары болатыны еш күмән туғызбауы тиіс.

Елордадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті осыған дейін де жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласында тыңғылықты зерттеулер жүргізіп, елеулі нәтижелерге қол жеткізіп келе жатқан Республикадағы маңдай алды жоғары оқу орны екенін ескерсек, енді осы жетістіктері заңдық қолдау негізінде үлкен табыстарға жетелейтіні өзінен-өзі түсінікті. Университетімізде 25 ғылыми-зерттеу институты – ғылыми мектептер шоғырланған. Олардың негізгілері: Ядролық технологиялар – салааралық ғылыми-зерттеу кешені (СҒЗК), Іргелі зерттеулер институты, Космостық технологиялар – космостық мониторинг және кескіндеме орталығы, Биотехнологиялар – эксперименталды биология және экологиялық жүйе ғылыми-зерттеу институты (ҒЗИ), Биоорганикалық химия ҒЗИ, Нанотехнология – физика және жоғары технологиялар ҒЗИ, Физика-техникалық институты, Ақпараттық технологиялар – математикалық модельдеу және инновациялық технологиялар ҒЗИ, Журналистика мәселелерін зерттеу институты, «Алаш» рухани және мәдени мұра институты, Конфуций институты, т.б.

Сонымен бірге Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті білім-ғылым әлеуетін көтеру мақсатында Елбасы сеніп тапсырған PhD бағдарламасын жүзеге асыру жобасына сәйкес әлемдік университеттердің таңдаулы ғалымдарын ортақ іске жұмылдыра алды. Шетелдік таңдаулы профессорлардың жетекшілігімен жас ғалымдарымыздың дүниежүзіне белгілі зертханаларда ғылыми тәжірибеден өтуін Қазақстан білім үшін маңызды деп есептейміз. PhD бағдарламасы төрт жыл қатарынан 13 мамандық бойынша жүзеге асырылып келсе, биылдан бастап ол 18 мамандыққа ұлғайып отыр. Соның ішінде «6D050400-журналистика» мамандығы бойынша философия (PhD) докторларын даярлау үстіміздегі оқу жылы университетімізде алғаш қолға алынып отыр. Бұл бағдарламаның сапасы шетелдік білікті ғалымдарды тартумен тікелей байланысты. Бүгінде осы бағытта Еуразия ұлттық университетінде әлемнің белігілі университеттерінің 143 ғалымы табысты жұмыс атқаруда.

Сондай-ақ соңғы жылдары Ресей Халықтар достығы университетімен, Томск, Новосібір (Ресей), Днепропетровск (Украина) университеттерімен бірлесіп қос дипломды мамандар даярлай бастауымыз инновациялық ізденіс аясын кеңейте түсуде. Бірлесе дайындайтын мамандықтарымыздың ішінде ғарыштық технологиялар да бар.

Жаңа заң жобасында елімізде алғаш ұлттық зерттеу университеттері мәртебесіне ие болатын жоғары оқу орындары білім беру жүйесін қазіргі заманғы ғылыми зерттеулерге негіздеп құру қажеттігі тайға таңба басқандай айқындалған. Мұндай ЖОО мамандықтарының оқу жоспарларында жобалық жұмыстар, тренингтер, өндіріс пен ғылыми-зерттеу ұйымдарындағы тәжірибе тәрізді білім беру формалары көрініс табуы қажет. Оқу үдерісінің технологиялық қамтамасыз етілуі ғылымның озық деңгейіне сәйкесуі шарт. Зерттеу университеттері инновациялық бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы ғылыми жұмыстардың сапалы деңгейіне қол жеткізіп, оларды оқу үдерісіне тиімді енгізе алуы тиіс. Сонымен қатар жаңашыл бағдарламалары арқылы мемлекет пен қоғамның қажетін толық қанағаттандырып, әр тарапты қаржылық қолдау тауып, экономикалық, әлеуметтік және ғылыми салалардың дамуына айтарлықтай үлес қоса алуы керек.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев университетіміздің он жылдық мерейтойына орай студенттер мен профессор-оқытушылар құрамына арналған дәрісінде: «Осы жылдар ішінде жаңа университет өзінің тарихын өнегелі бастамалармен, өміршең істермен жасай білді. Сөйтіп қазір ол іргелі ғылым ордасына, білімнің шын мәніндегі киелі шаңырағына айналып отыр»,-деген болатын. Ендеше, Елбасы осылай жоғары бағалаған Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ елімізде алғашқы болып Ұлттық зерттеу университеті мәртебесін иеленуге толық құқығы бар. Ірі ғалымдардың ғылыми мектептері, таңдаулы талапкерлер мен мыңдаған маңдай алды түлектер, магистрлар мен философия (PhD) докторлары шоғырланған, жоғары технологиялық зертханалар, сапалы білім беру үдерісі қалыптасқан оқу ордамыз – жаңашыл университеттің іргетасы.

Тілге тиек етіп отырған заң жобасының тағы бір тартымды тұсы – «Ғылыми ұйымдардың қызметкерлерін әлеуметтік қамсыздандыру шаралары» деген жаңа тарау енгізілуі және онда ғылыми қызметкерлерге ерекше қамқорлық қарастырылуы. Атап айтқанда, 14-бапта ғылыми ұйымдар, соның ішінде мемлекеттік жоғары оқу орындары ғылыми қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп негізінде тұрғын үймен қамтамасыз етілу, сонымен бірге жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін тегін алу, ғылыми ұйымдардың қызметкерлеріне және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне белгіленген тәртіппен тиісті денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық тегін қызмет көрсетілу құқықтары қарастырылған. Бұл осыған дейін әлеуметтік жағынан аз қорғалған ғалым-зерттеушілердің қоғамдағы мәртебесін көтеріп, ғылым жолын қуушы жастардың қызығушылығы мен ынта-жігерін арттыра түседі деген сенімдеміз.










жүктеу 63,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау