«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі жобасының тұжырымдамасы



жүктеу 182,51 Kb.
бет23/26
Дата18.05.2022
өлшемі182,51 Kb.
#38625
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Денсаулық туралы кодекс

Медицина саласындағы зерттеулер жүйесін дамыту және биоэтикалық сараптама сапасын арттыру

Кодекс жобасын әзірлеу кезінде жекелеген мәселелер бойынша сертификаттау және аккредиттеу негізінде биоэтика жөніндегі комиссиялар қызметінің сапасын арттыру бөлігінде шетелдік тәжірибе зерделенді және ескерілген болатын.

Биоэтика жөніндегі комиссиялар міндетіне адамның денсаулық пен өмірге құқығын қорғау мақсатында адамды тартумен жүргізілетін барлық ғылыми зерттеулерге тәуелсіз этикалық бақылау жүргізу кіретін арнайы құрылымдар болып табылады. Олар әлем бойынша жұмыс істейді, дамып келеді және өзара іс-қимыл жасайды.

Қазіргі уақытта биоэтика жөніндегі комиссияларды халықаралық аккредиттеу (немесе) сертификаттау бағдарламаларын ұсынатын бірқатар ұйымдар бар. Мысалы, Адамдарға жүргізілетін зерттеулерді қорғау бағдарламаларын аккредиттеу қауымдастығы Inc. (AAHRPP), Адамдарға жүргізілетін зерттеулерді қорғау бағдарламасы (ALION). Екі ұйым Америка Құрама Штаттарында құрылған. Бұл бағдарламалар этикалық комиссияларды ұлттық аккредитттеу/ сертификаттау жүйелерінің болуына ықпал етпейді, алайда адамдарға жүргізілетін зерттеулерді қорғау бағдарламаларына бағдарланған, сондай-ақ осы ұйым жүргізетін немесе қарайтын зерттеулерде субъектілердің құқықтарын қорғау бойынша міндеттері бар жекелеген адамдарды, комитеттер мен бөлімшелерді қамтитын ұйымдардың болуына ықпал етпейді. Бұл аккредиттеуші бағдарламалардың ауқымы этика жөніндегі комитеттердің шегінен тыс шығып отыр. Олар жалпы танылған этикалық нормаларға негізделеді.

Бұл бағдарламалар адамдарға жүргізілетін зерттеулерді қорғау бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға пайда тигізуі мүмкін. Алайда, адамдарға жүргізілетін зерттеулерді этикалық комиссияларды және тануды (аккредитттеу/ сертификаттау) қамтамасыз етуді ұлттық қадағалау жүйелерін алмастыруға талпынбайды.

Сонымен Канадада этикалық комиссиялар қызметінің сапасын бақылау мақсатында Комитет тағайындалды. Комитет этикалық комиссияларды аккредитттеу үшін жауапты болуы тиіс бірыңғай орталықтандырылған қадағалау жүйесі пайдасына тұжырымға келді. Комитет бұл функциялар жүйені тұрақты жақсартуы тиіс деген пікірге келді.

Австралия, Жаңа Зеландия және Ұлыбританияда біршама уақыт бақылау жүйесі, оның ішінде этика жөніндегі комитеттерді аккредиттеу жүргізіледі, сондай-ақ этика жөніндегі комиссиялардың қызметін бағалау жөніндегі комитеттер құрылған.

Кодекс жобасын әзірлеу кезінде жекелеген мәселелер бойынша биобанктердің қызметі бөлігінде шетелдік тәжірибе зерделенді және ескерілген болатын.



ХХ ғасырдың 90-жылдарына дейін биоматериалды жинаудың мамандандырылған әдістері, биоматериалды ұзақ мерзімді сақтау үшін үй-жайлары, деректерді кешенді іздеу және үлгілерді беру жүйелері бар мамандандырылған орталықтарды (биобанктерді) құруға кірісті, бұл зерттеу міндеттерін шешу үшін медициналық және ғылыми-зерттеу орталықтарының материалдарды пайдалануына мүмкіндік берді.

Әлемде ұлттық масштабтағы бірнеше ірі және жүзден асатын шағын биобанктер бар. Биобанктерде биологиялық сұйықтықтардың (қан, плазма, сілекей, несеп) және тіндердің, сондай-ақ ДНК, РНК және басқа биологиялық заттардың үлгілері сақталады. Мысалы, 17 өңірлік корея биобанктерімен интеграцияланған Ұлттық Корея биобанкінде (NBK) 525 мыңнан астам биоүлгі бар.



Биобанктер коллекциясы себептері әлі күнге дейін анықталмаған ауруларды зерттеу, диагностикалық және прогностикалық тесттерді жасау, аурулардың биомаркерлерін анықтау, сондай-ақ жаңа дәрілік заттарды әзірлеу үшін пайдаланылады. Сирек кездесетін ауруларға мамандандырылған банктер, егіз тіркелімдері, популяциялық зерттеулерге бағдарланған банктер бар, онда кең таралған аурулар пайда болған кезде ең алдымен гендердің қабілетін айқындау үшін халықтың әртүрлі топтарын генетикалық қарап-тексеру жүргізеді. Швецияның Ұлттық биоанктер бағдарламасы жыл сайын медициналық қарап-тексерулер барысында алынатын 3-4 миллиондық биоүлгілредің сақталуын қамтамасыз етеді. Британдық UK Biobank 2006 жылдан бастап 2010 жылға дейін 40-69 жас аралығындағы 500 мыңнан астам адамның медициналық деректер жинаған болатын.

Халықаралық деңгейде биобанктерге техникалық, заңнамалық, этикалық сараптама мен бақылауды осы мақсатта құрылған ISBER (International society for biological and environmental repositories) жүзеге асырады. Одан басқа, барлық процестердің тиісті сапасына кепілдік беретін, аккредиттеу, рұқсаттар және сертификаттауды жүзеге асыратын көптеген ұйымдар бар. Біздің елде биобанктеу бойынша ешқандай стандарттар мен қағидалар жоқ.

жүктеу 182,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау