Автор: Түлкі қорқып кетеді.
Түлкі: - Киімімді киейін.
Әтеш: - Ку-ка-ре-ку! Иығыма асқан шалғым бар, түлкіні шаппақ ойым бар. Кәне, түлкі табаныңды жалтырат.
Түлкі: - Тонымды киіп жатырмын.
Әтеш: - Ку-ка-ре-ку! Иығыма асқан шалғым бар, түлкіні шаппақ ойым бар. Кәне, түлкі табаныңды жалтырат.
Автор: Түлкі үйден атып шығып, орманға тұра қашады. Осыдан соң қоян өз үйіне қайтадан оралады.
6.1. Мәнерлеп оқу
Жүргізуші: Өлең оқу - өнердің бір түрі. Өлең оқуда оны жатқа айту аздық етеді. Өлеңді оқыған кезде, оны көрермен түсінетіндей, сезінетіндей, елестететіндей етіп оқу қажет. Дауыстың ырғағын дұрыс келтіріп, мәнерлеп оқу оңай шаруа емес. Сондықтан, бүгінгі біздің өлең оқитын бүлдіршіндерімізді қошеметтеп отыруды ұмытпаңдар. Әр өлеңді жеткізуде қатысушыларымыз өлең мазмұнына сәйкес көрініс туғызуға тырысады.
Жүргізуші:
Бастайын мен бүгінгі кешімізді,
Шақырып, ортамызға бүлдіршінді.
Арнайы жаттапты ол бүгінге өлең,
Тыңдайық, тамсанайық шын көңілден.
Ортада ... тобының тәрбиеленушісі ... .
Өлең: «Жолбарыстың інісі».
Таңнан ерте тұрады,
Беті қолын жуады.
Мысық деген мықты бар,
Тышқанды ол қуады.
Тіпті сыртқы түр түсі,
Жүрісі де, тұрысы.
Жолбарыстан аумайды.
Деген болар дұрысы
Жолбарыстың інісі.
(Бір бала мысық бейнесін сомдайды)
Жүргізуші:
Бүгінгі шарамызда қалжыңдар көп,
Көрермен, қалт жіберме зейінді төк.
Болмаса, күлген кезде барлығымыз,
Сен ұқпай қаларсың-ау бір өкініп.
Ортада ... тобының тәрбиеленушісі ... .
Өлең: «Жолбарыстың бейнесінде».
Ел қаһарманы
Жолбарыстың рөлін
Мысық ойнайды екен.
Жаумен шайқасар тұсында
-Мияу-у!- деп қоймайды екен.
(Бір бала мысық бейнесін сомдайды)
Жүргізуші:
Бес саусақ бірдей емес дейді қазақ,
Адамда мінез, қылық, әдет басқа.
Жаманнан жирену - болсын мақсат,
Жақсыдан үйренуге ұмтыл алға.
Ортада ... тобының тәрбиеленушілері ..., ... .
Өлең: «Еріншек».
Кеше:
Ағаш жар, деп ем;
Ертең! деді шегініп.
Бүгін:
Суға бар, деп ем;
Ертең, деді керіліп.
Сабақ оқып ал деп ем
Ертең деді жерініп.
Дәптеріңді сал, деп ем,
Ертең деді ерініп.
(Бір бала еріншекті сомдайды)
Ерте тұра алмайды,
Сабаққа өзі бармайды.
Жүру керек жетелеп,
Кеткен әбден еркелеп.
Мұрат ай, ұят ай!
(Бір бала еріншекті сомдайды)
Жүргізуші:
Ортаға тағы бала шыққалы тұр,
Жаттағанын айтуға ынталы тұр.
Сахнаға біз баланы шақырайық,
Аямай алақанды қол соғайық.
Ортада ... тобының тәрбиеленушісі ... .
Өлең: «Менің есімдерім».
Әжем мені «қозым» дейді
Атам «тарланбозым» дейді.
Папам сүйіп «құлыным» дер,
Апам: «жүйке, жұлыным» дер.
Бәрі «айым, күнім», дейді,
Сан толғанып, күлімдейді.
Содан нағыз есімімді,
Білмеуіңіз кешірімді.
Жүргізуші:
Ойыншықтар сөреде көп болғанмен,
Болады ішінде бір сүйіктісі.
Бір өзі саған ыстық басқасынан,
Бір өзі саған қымбат өзгесінен.
Ортада ... тобының тәрбиеленушісі ... .
Өлең: «Қуыршақ».
Сөзімді үнсіз тыңдайды,
Әсте қарсы шықпайды.
Қапталыма ықтайды,
Көзінде жоқ мұң, қайғы.
Бір ауыз сөз қатпайды,
Өзін үнсіз жақтайды.
(Қуыршақпен айтады)
Жүргізуші:
Бақа, бақа, балпақ,
Басың неге жалпақ?
Күн астында көп жатқам,
Басым содан жалпақ.
Ортада ... тобының тәрбиеленушісі ... .
Өлең: «Бақа».
Көрсең тарғыл бақаны,
Шалшық суда жатады.
Бара қалсаң жақындап,
Қоя берер бақылдап.
Содан тыным алмайды,
Жағы неге талмайды?
(Ойыншық бақамен айтады)
Жүргізуші:
Ағасы бардың, жағасы бар,
Інісі бардың, тынысы бар.
Апайың сенің ақылшың болар,
Сіңілің сенің қызығың болар.
Ортада ... тобының тәрбиеленушісі ... .
Өлең: «Інім неге бүлінді?».
Мақтаушы едім інімді,
Бала деп бұл білімді.
Жұмсап едім бір күні,
Алмай қойды тілімді.
Неге алмады тілімді,
Неге інім бүлінді?
Мақтауға әлде тойдың ба,
Артық мақтап қойдым ба?
(Кішкене баламен бірге шығып айтады)
Жүргізуші:
Сендердің қошеметтеріңмен бүгінгі өлең оқыған бүлдіршіндерді ортаға шақырғым келеді.
Бөленіп, алғыс пенен шапағатқа.
Тұрарсың басқа жолы сен сахнада,
Бұл шара соңғы емес, сен оны біл,
Тағы да жиналамыз, жақсылыққа.
Келесі кездескенше!
Достарыңызбен бөлісу: |