Халық ауыз әдебиетімен таныстыру арқылы балалардың тілдік қызметін жетілдіру. Әдістемелік құрал. Құрастырушы



жүктеу 2,47 Mb.
бет15/15
Дата14.11.2017
өлшемі2,47 Mb.
#377
түріСценарий
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

7.4. Ертеңгілік
Жүргізуші: Табиғат – наурызымен ажарлы,

Наурыз – мейрам ғажабы.

Ұлыстың ұлы күні біздерді қуанышқа, шаттыққа бөлеп отыр. Күн мен түн теңелген көктемнің шырайлы мейрамында халқымыз мол дастырқан басына барлық жұртты шақырған. Жеті дәмнен пісірілген наурыз көжені татып, ырыс, береке күткен. Бір-бірінің ренішін ұмытып, қол ұстасып төс қағыстырған.

Құтты болсын Ұлыстың ұлы күні,

Шаттандырған елімді Тәңір нұры.

Табиғатты түлеткен нұрландырып,

Құтты болсын Наурыздың жаңа күні.

Осы мерекеге бақыт қосқан екі жастың тойы да орайласыпты. Ендеше, құдаларымызды төрге шақырайық. (Балалар құда-құдағилар болып, әуен астында дөңгелек үстел басына келіп жайғасады).



Көрініс: «Шал мен кемпірдің тойға жиналуы»

Шал:

- Әй, кемпір, бүгін Бөгенбайдың ұлы үйленіп, келін түсіріпті. Той болайын деп жатыр. Тойға шақырған, жүр барайық.



Кемпір:

- Барсақ , барайық.

(Кемпір шашуын шашады, көршілер де кіріп құдалардың арасына жайғасады)

Жүргізуші:

Наурыз көже татысып,

Үйден үйге кірген күн

Ән мен биге қатысып,

Қауым боп ойнап-күлген күн.

Ән: «Қазақы дастарқан»

Тақпақтар:

Ата-бабам тойлаған

Наурызым, армысың!

Қызығына тоймаған,

Дарқан дала, қарлы шың.

Мерекені байырғы

Алды халқым қабылдап,

Ақ дастарқан жайылды

Ошақта от жалындап.

Қош келдің жаңа күн,

Наурызды қарсы алдық. Жарқырап тұр күніміз

Жайқалсын жас гүліміз

Бақта бұлбұл сайрасын

Сәнді көктем нұрымен.

Күн менен түн теңелді

Жер шуаққа кеңелді

Соны тойлар ел енді.

Ұлыс күні қазан толса

Ол жылы, ақ мол болар

Ұлы кісіден бата алсаң

Сонда ол жолы жол болар.

Кел, келіндер балалар

Түлеп, көктем әрленіп

Өлеңдерді тыңдаңдар

Наураз келді сәнденіп.

Наурыз жырын жырлаймыз

Оныменен тұрмаймыз

Шындақ қып жеткен бұл күнде

Ел дәстүрін сыйлаймыз.

Салт дәстүрмен жарыса

Қайта құрып жаңаша

Жарыса өнер көрсетіп

Той тойлаймыз тамаша.

Кел балалар, ойнайық

Наурыз тойын тойлайық

Баянды боп мереке

Қыр гүліндей жайнайық.

Наурыз тойы әдемі

Әжем еске түседі

Біздерге арнап әдемі

Наурыз көже пісірді.

Бидай, күріш тары бар

Бар сүр етпен шұжығы.

Ашшы құрты тағы бар

Көже елдің ырзығы.

Жүргізуші: құдасын сыйлаған қазақ халқы құдасына құйрық бауыр асатады.

Ана отырған бас құда

Мына отырған жас құда

Құйрақ бауыр асатайын

Ауызыңды аш құда.

Жүргізуші:

Ал, енді ,жастарымыз да келіп қалыпты.

(Қол ұстасып екі жас залға кіреді).

Жүргізуші: жастарымыз жайғассын. Ал, үлкендеріміз болса жастарға батасын бере отырсын.

Бата:

Ниеттерің ақ болсын

Наурыздың ақша қарындай

Бастарыңа бақ қонсын

Шаштарыңның санындай

Бақытты болыңдар



Жүргізуші: Құдаша қыздан ән шашу қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Наурызда оюлы

Ұлттық киім киеміз

Бастап ән-күй ойынды

Ән тыңдауды сүйеміз.

Ән: «Құлыншақ»

Жүргізуші: Ұлыс тойы күні әр түрлі ұлттық ойындарда ойналады.

«Көкпар» ойыны

Ойынның шарты: ол үшін екі баланы ортаға шақырамыз. Атқа мініп, ортада жатқан қойдың терісін алып қашады, өзара таластан кейін теріні қазанға түсіру керек.

Тағы бір ойынға кезек келген сияқты.



«Арқан тартыс»

Ән: «Наурыз думан»

Наурыз батасы:

Ұлыс оң болсын

Ақ мол блосын

Сапар шексең жол болсын



Наурыз нұры жебелеп,

Жамандықты кетірсін, Аумин.














8.1. Сайыс
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Бүгін баршамыз ересек топтар арасында өтетін сайысқа жиналып отырмыз. Сайыс «Санамақтар білеміз, жаңылтпаштар жаттаймыз» деп аталды. Бүгінгі сайыста бүлдіршіндеріміз санамақтар мен жаңылтпаштар айтып жарысады. Ендеше ортаға қатысушыларымызды шақырайық.

(Әр топтан қатысатын төрт баладан ортаға шығып, орындарына отырады)



Жүргізуші: Сайыс төрт кезеңнен тұрады:

  1. «Мен білемін»

  2. «Жатқа айту»

  3. «Тыңда және тап»

  4. «Дұрысын көрсет»

Жүргізуші: Сайыстың бірінші кезеңінде топтар санамақтар айтып жарысады.

Жауаптар:

Бір дегенің ­ білеу,

Екі дегенің ­ егеу,

Үш дегенің ­ үскі,

Төрт дегенің ­ төсек,

Бес дегенің ­ бесік,

Алты дегенің ­ асық,

Жеті дегенің ­ желке,

Егіз дегенің ­ серке,

Тоғыз дегенің ­ торқа,

Он дегенің ­ оймақ,

Он бір қара жұмбақ.


Бір дегенің ­ белің,

Екі дегенің ­ егін,

Үш дегенің ­ үкі,

Төрт дегенің ­ төл,

Бес дегенің ­ бекіре,

Алты дегенің ­ адам,

Жеті дегенің ­ жеміс,

Сегіз дегенің ­ сең,

Тоғыз дегенің ­ тоң,

Он дегенің ­ оң,

Он бір болады одан соң.

Жүргізуші: Екінші кезеңге жеттік, мұнда әр топ енді дайындап келген жаңылтпаштарын ортаға салады.

Жауаптар:

І

Омартаға балалар барар,



Балаларды аралар талар.
Үміт түбіт түтті,

Түбітті түтіп бітті.


Ғажап бояу жағады,

Ғали сурет салады.


Гүлжамила – бақташы,

Гүлге толы бақшасы.

ІІ

Далада Дана да ойнап жүр,



Далада Сана да ойнап жүр.
Жомартта бар әліппе,

Жомарт жетік әріпке.


Бұл, бұл – піл,

Бұл бір ірі піл.


Үйген жүгерілері,

Түгел ірі жүгері.


Бар, май шайқа,

Байқа, жай шайқа.


Жүргізуші: Сайыстың келесі кезеңінде топтар жаңылтпаштарды мұқият тыңдап, онда кездесетін сандарды анықтайды.

Жауаптар:

Бір қыз кесте тікті,

Кестесін түсте тікті,

Кеште тікті.


Екеуінін жасы шамалас,

Бірінің шашы – қарашаш,

Бірінің шашы – ақ шаш аралас.

Жүргізуші: Сайыстың соңғы кезеңінде топтар жаңылтпаштардың мазмұнында суреттердің қайсысы кездесетінін анықтайды.

Жауаптар:

Қапыда ит қапты,

Қатты қапты,

Қапты қатты.


Ошақта от жоқ,

Шоқ тап, от жақ.


Тұз – мұздай,

Мұз – тұздай.
Бұл, бұл – піл,

Бұл бір ірі піл.


Қазылар алқасының шешімі бойынша топтар марапатталады, әр қатысушыға естелік заттар табыс етіледі.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Қазақ жұмбақтары / Құраст. С.Аманжолов. – Алматы: «Ана тілі», 2011.

  2. Қазақ мақал-мәтелдері / Құраст. Ж.Малайсарин. – Алматы: «Ана тілі», 2010.

  3. Матайқызы Д. Ұрпағым, саған айтам. – Алматы: «Өлке», 2006.

  4. Әуесбаева П. Ертегінің эпикалық сипаты // «Қазақ тілі мен әдебиеті», №3, 2010.

  5. Исмайил О. Ертегілерде фантастика жасау тәсілдері // «Қазақ тілі мен әдебиеті», №3, 2001.

  6. Қажыбаева Г. Ертегі дастандардың қалыптасу жолдары // «Қазақ тілі мен әдебиеті», №12, 2002.

  7. Шәріпова Ж. Ертегіні оқытудың кейбір мәселелері // «Қазақ тілі мен әдебиеті», №10, 2002.

  8. Жұмағалиева И. Фольклор арқылы тәрбиелеудің педагогика-психологиялық ерекшеліктері // «Қазақстан мектебі», №7, 2010.

  9. Калиниченко В.Н., Винтеро О.В., Мишенина М.В. Воспитание посредством сказки духовно-нравственных чувств у детей дошкольного возраста // «Мектепке дейінгі білім», №1, 2012.

  10. Новгородова Н.И. Сказка в системе воспитания дошкольников // «Мектепке дейінгі білім», №3, 2010.

  11. Куспанова Ж.Р. Қазақ халқының салт-дәстүрі және халық шығаралары арқылы байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру // «Мектепке дейінгі білім», №3, 2010.

  12. Рахимова К. Халық ауыз әдебиетін оқыту // «Бала тәрбиесі», №9, 2010.

  13. Сопыбекова Г. Халық ауыз әдебиетінің маңызы // «Бала тәрбиесі», №11, 2010.

  14. Ғаббасов С. Халық педагогикасы мен психологиясының негіздері // «Бала тәрбиесі», №7, 2010.






жүктеу 2,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау