Хайруллина Рыскелді Орынбасарқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
№ 36 орта мектеп
Атырау қаласы
Бастауыш сыныптарда математикадан өзіндік жұмыс түрлерін қолдану
“Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында”
Н.Ә.Назарбаев
Жаңа ғасыр табылдырықтан аттап, мектебіміздің есігін айқара ашқан кезде «Бүгінгі күні заманымызға сай ұстасымыз қандац, мектебіміз қандай болу керек?» деген сан сұраулар көкейімізде тұрады. Ұстазсыз мектепті, мектепсіз ұстазды көз алдына елестету қиын.Сондықтанда осы сұрақтарға жауап іздеп, еліміздің ертеңі-болашақ жастарға білім мен тәрбие беруде бастауыш сынып мұғалімдерінің де еңбектері өте зор екенін айта кеткенім артық болмас.
Қай салада болмасын ондағы жұмыстың нәтижесі сапасымен өлшенеді. Мектептегі сан-салалы жұмыстың арасында білім сапасы бірінші орында тұратындығы даусыз. Өйткені, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдегі стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуіміз керек» деп атап көрсетті.
Ендеше оған қол жеткізудің бірден-бір жолы бүгінгі күн талабына сай туындаған жаңа технологиялар негізінде жұмыс жасау болып отыр.
Білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында блім беру жүйесі міндеттерінің бірі «Азаматтылық пен елжандылыққа өз Отаны-Қазақстан Рес-публикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу» деп атап көрсетілген. Демек, «Ел болсам десең-бесігіңді түзе» демекші мемлекеттің ертеңі, қауіпсіздігі бүгінгі мектеп парталарында отырған оқушылардың санасын қалыптастыру мақсатында олардың санасына қандай «дәннің» себілуіне байланысты. Ал дәл бүгінгі күн үшін «дән дегеніміз-оқулықтар, оны тиімді жолмен, әдіспен пайдалана білу, ұрпақтың ойын, санасын жетілдіру, ол қандай жолмен жетілдіреді,бұл мәселе мұғалімнің қолында.Бұрынғы дәстүрлі оқыту технологияларында қолданылған жылпылама әдіс-тақтамен жұмысты сыныптағы 3-4 оқушы орындайды, қалғандары оны көшіреді, ұқты ма, жоқ па әрі қарай сабақ жалғаса ереді. Бұл әдіс ескірді. Қазір оқу технологияларында пайдаланып жүрген әдістердің бірі өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыру.
Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек.Мұғалмнің қызметі-оқушы қиын жолдан қиналмай өтуі үшін керек білімді кешіктірмей керек кезінде беру, ол үшін өз бетімен істелетін жұмыс оқушының алған, меңгерген біліміне қарай шағын болуы тиіс. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруды бір ғана белгімен сипаттауға болмайды, оның негізгі шарты мыналар:
-Мұғалім нақты тапсырма беруі тиіс;
(Ол кеспе түрінде, деңгейлік тапсырма түрінде жеке тақырып бойынша, тарау бойынша, өтілген тақырыпқа сәйкес шағын тапсырма түрінде болуы мүмкін)
-Жұмыстың орындаудың уақытын белгілеу (2минут, 20минут, тіпті 45 минутта тапсырмалар иақсатқа сәйкес орындалады)
Өзіндік жұмыс міндетті түрде мұғалімнің басқаруымен орындалады, әр оқушының дербестігі және жұмысты өз еркімен істеуі қамтамасыз етіледі
Міндетті түрде тексеріледі, оның алған бағасы оқушының қызығушылығын арттырып, қанағаттанғандық-сезім тудырады және одан әрі құлшына жұиыс істеуге жетелейді.
-Оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары түріне олардың өз еркімен жаңа амал-тәсәлдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады. Оған мәселен 3-4 сыныптарда сөзжұмбақ, ребустар құрастыру, өрнектер, есептер құрастыру. Егер оқушы өзі берілген тапсырмаға жан-жақты талдау жасап бере алатын болса, ол оған «кішкентай» жаңалық ашқанмен бірдей әсер етеді.Соған сәйкес мұғалім де оның жігеріне жігер қосып, дұрыс, өте тамаша дәлелдедің, бұл мәселе жөніндегі білімің жоғарғы деңгейде деп мадақтаса, басқа оқушылар да оны естіп, тыңдап отырған сол оқушы да тиянақты орындап жауап беруге ұмтылады.Себебі, өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты-оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеті мен қызығушылығын арттыру, білімге құштарлығын ояту, олардың тереңде жатқан ойына түрткі жасап, дамытып,қабілеті әр түрлі баламен істелетін жұмыс түрін айқындау-мұғалімнің міндеті.
Выготский «Әр балаға берілетін тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықталып беріледі.Ір баланы өзінің даму зонасында жетілдіру керек» деген екен. Соған сәйкес технодогиялар аз емес. Қазіргі оқыту технологиясында профессор, ғалым Жауынбай Қараевтың «Деңгейлеп оқыту» әдісі де оқушыға білімді, бұрынғы білетін меңгерген білімдерін пайдалана отырып, жаңа сабақты өздігінен шығармашылық ізденіс үстінде меңгертуді көздейді. Нәтижесінде оқушылардың табиғи қабілеттері мен дарындылық қасиеттерінің ашылуына жағдай жасалады.
Баланың танымдық қабілеттерін дамыту мәселесіне бізге дейін ертерек ұлы ойшылдар бірнеше еңбектерін арнаған.
Адамның ақыл-ойын, қабілеттерін дамыту арқылы бақыт жолына жеткізу жлдарын көрсеткен шығыстың әйгілі ойшылы Әл-фараби болды. Бүгінгі жылдам қарқынмен дамып жатқан заманда елімізге қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешім қабылдай білетін, дүниетанымы кең адам қажет. Сондықтан сабақтарда тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жеке қасиеттерін. Танымдық қабілеттетерін-олардың қабылдауы мен түйсігін, зейіні мен есте сақтауларын және ойлау қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырған жөн.
Танымдық тапсрымалар өз дәрежесінде орындалып, тиісті нәтиже беруі үшін төмендегі шарттар орындалуы тиіс:
Баланың танымдық қабілеттерін дамыту ісін ерте бастан қолға алу керек
Тапсырмаларды дұрыс ұйымдастырудың ролі зор
Жаттығулар баланың ойлау мүмкіндігіне сай болуы керек
Бала әрекеттің әр түрімен айналысуға, тыңдауға деген еркіндіктің болуы
Бірақ балаға берілетін еркіндік үлкеннің қамқорлығын, көмегін талап етеді.
Бала бойындағы қабілетті шыңдайтын танымдық жаттығуларға мен түрлі сөзжұмбақтар мен ребустар,логикалық есептер мен психологиялық жаттығуларды, лабиринттерді топтастырдым.
Бұл тапсырмалар сабақ үстінде олимпиада жұмыстарында қолданыла береді.
Ойлаудың жоғары деңгейіне берілгендіктен сабақта орындай алмаған оқушыға төмен баға қойылмауы талап етіледі.
Енді танымдық жаттығулардың түрлері туралы айисақ, бұлардың өзіндік жасалу жолдары мен тәсілдері бар.
«Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» деп орыстың ұлы ағартушысы К.Д.Ушинский айтқан екен.
Оқушыларға жеңіл-желпі бірыңғай тапсырмалар бере бермей, оның орнына баланың тапқырлығын, зерделілігін дамытатын танымдық тапсырмалар орындату үлкен нәтиже береді.
Ағылшын философы Б.Шоу адамды қызған сайын кірпішке салыстырады. Сол сияқты қиындығы бар тапсырмаларды орындау баланың ақыл-ойын арттырып, шығармашылығын шыңдайды.
Оқудағы өз бетінше жұмыс - өзін-өзі оқыта білу, оқушыда оқу әрекетінің компоненттерін жоғары дәрежеде меңгеруді қалыптастырады. Бұл Ю.Н.Бабанскийдің, А.В.Усованың жеке т.б. авторлардың зерттеулерімен дәлелденген.
В.А.Ковалев, А.И.Кочетов, А.И.Рубинский өз бетімен жұмыстарды өзін-өзі тәрбиелеумен байланыстырады.
А.И.Выготский өз бетінше жұмыстың көріністерін оқушылардың іс-әрекетімен анықтайды. Оқушылардың өз бетінше әрекет етуі басқа адамның көмегінсіз, қадағалауынсыз жұмыс істеуі деп біледі. Бұл әрекет оқушыларды өзін қоршаған ортада ұстай білуге, өз жұмысын ұйымдастыра білуге, өзінің пікірін қорғай білуге үйретеді.
Л.Н.Лук өз бетінше жұмыс жасауды көрегендікке, қырағылыққа балайды, ақылдың алғырлығын, әрекетті сынай, бағалай білу қабілетін, болжай, іздене білу қабілеттерін атайды.
Т.С.Назаров: «Өз бетімен жұмысты оқушының оқытушымен өзі қалаған мәселелерді өзінің қабілеті мен еркі арқылы шешуі», деп санайды.
Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Н.А.Менчинская, А.А.Любменская сынды ғалымдар өз еңбектерінде оқушылардың өз бетімен ізденіп оқуы бағытына басым назар аударады.
«Өз бетінше жұмыс – оқушының берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындауы» - дейді Ө.Төлегенов.
Бұл пікірлерге сүйенсек, ортақ пікір: өзіндік жұмыстың ең басты қажеттілігі оқушыны ойға жетелеуінде, ойланта отырып, өзіндік қадам жасауында болмақ.
Төмендегі сынып оқушыларының оқуға деген қызығушылығын (мотивациясын), танымдық әрекет белсенділігін қалыптастыру тәсілдерінің бірі - өз бетінше танымдық әрекет жасау болып табылады. Бастауыш мектеп білім мазмұнында дайын үлгілер бойынша орындалатын тапсырмалардың үлес салмағы әлі де болса зор болып тұр. Мұғалімдер орындалатын тапсырмалардың санына ерекше тірек жасайды, бұл оқушылардың ғылыми білім негіздерін саналы түрде және бекем меңгеру мәселесін және оқуға деген қызығушылық проблемасын шешпейді, қайта мектеп оқушыларының шамадан тыс жүктелуіне алып келеді.
Оқушы оқу процесінде әртүрлі оқу тапсырмаларын өздігімен шешіп орындаудың тәсілдерін, өз әрекетін бақылап бағалауды, нәтижесін салыстыруды меңгереді. (Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламасы, 6-бет). Осы тапсырмаларды өзіндік жұмыс арқылы меңгерудің әдістерін үйрету бүгінгі таңдағы басты мақсаттың бірі. Ал, ол үшін мұғалімнің арнаулы осы мақсатта жұмыс жасауы талап етіледі. Мектеп тәжірибесіне бақылау жасау, бұл бағыттағы жұмыстардың өз деңгейінде емес екенін көрсетіп отыр.
Сонымен қатар, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасаудан осы тақырыптағы нақты материалдың тапшылығы көрініп отыр. Осылардан келіп тақырыптың өзектілігі шығады.
Бұл жұмыстың мақсаты: өз бетінше жұмыс арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастырудың теориялық шарттарын негіздеу, тиімді жолдарын анықтап, тәжірибеге енгізу, әдістемесін ұсыну.
Міндеттері:
Өз бетіндік жұмыс арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыруға арналған педагогикалық, психологиялық әдебиеттерге, бағдарламаларға, оқулықтарға, әдістемелік нұсқауларға және баспасөз материалдарына талдау жасау.
Оқушылардың танымдық белсенділігінің қалыптасу деңгейін анықтау.
Өз бетіндік жұмыс арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру бағытында қалыптастырушы эксперимент материалдарын дайындау.
Педагогикалық эксперимент жүргізіп, тиімділігін дәлелдеу, әдістемелік ұсыныс дайындау.
Өз бетіндік жұмысы арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастырудың теориясы талданып, осы бағыттағы математика пәнінің мүмкіндіктері қарастырылады.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық тәжірибелік эксперимент (2 сыныптың математика материалдары негізінде) материалдары берілді.
Ғылыми пікірлердің құндылығы, болжамдардың дұрыстығы айтылды.
«Таным – ойдың білмеуден білуге қарай, дәл емес білуден, неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой-өрісінің күрделі өрісі». Адам танымы бақылаудан, нақты аңғарудан заңды теория жүзінде ашуға, ал сонан кейін ол заңды, теорияны, практикада қолдануға қарай жүріп отырады. Таным заттардың адаммен практикалық байланысының мәні мен қасиеттерін ғана көрсетіп қоймай, заттардың өзара обьективтік байланыстарын және заңдылықтарын қоса анықтайды .
«Таным» - философиялық ұғым: «...........айналадағы материалдықтың адам санасында бейнеленуі». Негізінен қоршаған дүниені білу танымға байланысты. «Таным........өмірлік қызмет барысында іске асады».
Р. Қоянбаевтың «Қысқаша педагогикалық сөздік» кітабында танымға төмендегідей түсінік берілген: «Таным» - обьективті шындықты адамның ойында бейнелейтін және қайта жаңғыртатын қоғамдық іс-әрекет барысы. Ол заттардың мәніне дәлірек жетудегі күрделі және қарама-қайшылықты процесс барысы ретінде қаралады. Таным – ақиқатқа жетудің, обьективті шындықты танудың диалектикалық жолы - «нақты пайымдаудан абстрактілі ойлауға, одан тәжірбеге көшу» болып табылады. Таным үрдісінде ойлаудың түрлі тәсілдері пайдаланылады (анализ, синтез, дедукция, индукция, абстрактіліктен нақтылыққа көтерілуі және т.б.)». Танымның негізі және білімнің ақиқаттығының шарты – тәжірибелік іс-әрекет. Сол себепті оқушылардың оқу іс-әрекеті ретінде жүзеге асады. Себебі, оның оқу іс-әрекетінің нәтижесі оның таным өрісінің жаңа шеңберіне алып келеді, ол үшін жаңа білім, білік пен дағдылардың көзі ашылады. Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті – оқу. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойына жинаған асыл мұрасын, дағды тәжірибесін береді. Демек, оқыту - таным үрдісі. Өйткені, онда ілгері қарай қозғалыс болады, оқушы білмеуден білуге қарай жүріп отырады. Оқытудағы міндет – оқушыны табиғат, қоғам және адам дамуының жалпы және негізгі заңдарымен қаруландыру.
Бұл кезеңнің мақсаты – тәжірибе барысында алынған ғылыми мәліметтердің ақиқаттылығын тексеру. Бұл сатыда өте жоғары дәрежеде барлық танымдық процестер жұмыс істейді (сезіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу, ес, елестету т.б). Мектептегі таным процесі білім берушілік, тәрбиелеушілік дамытушылық сипатта болады. Білімді игеру барысында оқушының ақыл-ой қабілеттері мен пәнге қызығушылығы дамиды.
Таным процесі мұғалімнің басқарушылық әрі бағыттаушылық рөлімен, ынтымақтастық байланыста бірлескен қызметінде іске асырылады. Ғалым педагог Л.Занков: «Оқыту оқушылардың жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуі қажет» десе, көрнекті психолог Л.Выготский: «Жақсы оқыту деп, баланың дамуынан ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады» деп тұжырымдайды және оқу баланың өзіндік танымдық белсенділігі екенін анықтайды. Оқу – оқыту процесіндегі оқушылардың іс-әрекеті. Оқыту процесінің логикасы оның құрылымын анықтайды, ол құрылымға оқыту процесінің звенолары – танымдық іс-әрекетінің кезеңдерін енгізеді:
таным міндеттеріне жете түсіну;
жаңа материалды қабылдау;
ұғыну - жаңа оқу материалдарын түсініп жинақтау процесі;
білімді, іскерлікті және дағдыны практикада қолдана білу;
оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін және дағдысын тексеру, бағалау.
Бұдан шығатын қорытынды: таным міндеті түсінікті болса, оны оқушылар өз бетімен ізденіп, шешуге тырысады, оқыту процесінің әрбір звеносына жеке-жеке дайындалады. Енді оқыту процесінің звеноларына тоқталайық.
Қабылдау – адамға тікелей әсер ететін заттардың я құбылыстың адам санасында бейнелену процесі. Сабақ үстінде оқушылардың жаңа материалмен танысуы түйсіктен және қабылдаудан басталады. Ал түйсік – сананың сыртқы әлеммен байланысы. Сезім мүшелеріне әсер етіп, оның мида бейнелеуін түйсік деп атайды.
Ұғыну – бұл саналы түрде ғылыми білімді, заңдылықтарды ұғу, фактілерді жинақтау процесі, қорытынды шығару. Ұғыну процесінде оқылатын материал терең ойластырылады, дәлелденеді және бекітіледі.
Бекіту – бұл оқушылардың білімді берік ұғынуының тиімді тәсілі. Сабақта жаңа материалды алғашқы бекіту қолданылады. Өткен оқу материалын еске түсіру үшін мұғалім күнделікті қайталау жүргізіп отырады.
Оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін және дағдысын тексеру, бағалау бұл оқытудың кері байланыс процесі. Таным іс-әрекетінің бұл кезеңінде оқушылардың сабақ үстінде тек қана белгілі сұрақ бойынша білімін тексеріп бағалаумен шектелуге болмайды. Сондықтан оқушылардың барлық жетістіктерінің дәрежесін ескеріп, талдау жасап отырған жөн. Оның негізінде білім мазмұны анықталады, әділ баға беріледі.
Танымдық психикалық процестің (түйсік, қабылдау, зейін, сөйлеу, ойлау т.б.) дамуымен бірге баланың психикалық қасиеттері де (қабілет, бейімділік, мінез) қалыптаса бастайды. Осыған байланысты ойлаудың қабылдағыштық, бақылағыштық, білімге құмарлық, тапқырлық сияқты болымды жақтары да жетіле түседі. Р.М.Қоянбаев таным туралы: «Мұғалім баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, заттар немесе көрнекі құралдар мен техникалық құралдарды көрсетеді, ал оқушылар сол кезде тыңдайды, қызығады, қабылдайды, бақылайды, ойланады және т.б. таным әрекеттерін жасайды» - деп танымның оқушы өміріндегі маңызына тоқталған.
Өзара байланыстары
- қарапайым тапсырмаларды алдын ала таңдап, жоба тапсырмаларды тұжырымдайды;
- енгізу-шығару объектілерін анықтап, жобалау ортасының жабдықтарын барынша анықтайды;
- оқушыларға тапсырманы орындау кезінде кеңес береді;
- оқушылардың қарапайым жоба жасаудағы біліктіліктерін бақылайды;
- оқушылардың есебін қабылдайды.
|
- теориялық материалды негізге ала отырып, жобаның жеке модулдерін іске асыру дағдысын қолданып, жеке тапсырмаларды өз бетінше орындау;
- топта және топтар арасында өзара талдау, сонымен қатар оқытушыдан кеңес алу;
- берілген жобаны жүйелі түрде жасау, іске асыру – білім, іскерлік, дағдыларын бағалау, жетілдіру бағытындағы жұмыстар.
|
Өзара байланыста оқытушы кеңесі, есеп беру, есепті қабылдау және жоба жасауды бақылау арқылы іске асырылады.
|
Танымдық белсенділік
|
|
|
Мотивациялық-тұлғалық
|
|
Мазмұндық-амалдық
|
|
Процессуалды-жігерлік
|
|
|
|
Өзін-өзі тану
|
|
Өзіне-өзі сену, дамыту
|
|
Өзінің танымлық қабілетін дамытуға ұмтылу
|
|
Қызығуын қанағаттандыруға ұмтылу
|
|
Тіректік білім
|
|
Жалпы және дидактикалық және арнайы дидактикалық дағдылар
|
|
Білімін жетілдіру дағдысы
|
Танымдық іс-әрекет үрдісінде кездесетін қиындылықтарды жеңуге дайындық
|
|
Өз бетінше жұмыс істей алу дәрежесі
|
|
Танымдық белсенділікке ұмтылыс
|
Танымдық белсенділіктің әр бөлігі өзіне тән белгілі бір қызмет атқарады: мотивациялық-тұлғалық компонент қызығуды тудырады, оқу-танымдық белсенділікті оятады. Мазмұндық-амалдық компонент оны іске асыру үшін негіз жасайды және жүзеге асыруға мүмкіндік береді, процессуалды-жігерлік компонент оның аяқталуын қамтамасыз етеді. Әр бөлік өз қызметі арқылы оқу-танымдық белсенділіктің белгілі бір кезеңін жүзеге асырады.
а) оқу-танымдық белсенділіктің мотивациясы тұрақты болып, қызығудан қажеттілікке ауысатын болса;
ә) оқушылар негізгі интеллектуалды іс-әрекеттерді және өзіндік жұмыстарды жүзеге асыратын болса;
б) оқушының өзінің танымдық іс-әрекетін басқару сипаты сыртқыдан ішкі қажеттілікке ауысса;
в) оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті шығармашылық, зерттеушілік сипатқа ие болса, онда олардың танымдық белсенділігі қалыптасады деп саналады.
Осы жасалған теориялық моделдің негізінде танымдық белсенділіктің қалыптасу деңгейлерінің сипаттамасын, оның бөліктерінің қалыптасу деңгейлерін қарастыруға болады.
Оқушының өзіндік жұмысы – мұғалімнің қажетті нұсқалары бойынша жүргізілетін оқушылардың оқу жұмысының жеке-дара ұжымдық түрі. Бастауыш сыныптарда оқытудың маңызды мақсаттарының бірі оқушыларда өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Оқудағы өз бетінше жұмыс, өзін-өзі оқыта білу, оқушыда оқу әрекетінің компоненттерін жоғары дәрежеде меңгеруді қалыптастырады.
Г.Я.Мор өз тәжірибесін жүргізе келе көпшілік оқушыларда өз бетінділіктің болмауы, олардың көп жағдайда практикалық ойлау әдісінің жетіспеуінен деп көрсетті. Сондықтан Г.Я.Мор сыныпта оқушылардың белсенділігін арттырып, жіберген кемшіліктерін ескертіп, олардың танымдық өз бетінділігін қалыптастыру арқылы өз бетімен білім алу жүйесін жасауды ұсынады.
Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор, өйткені сол арқылы оқушылардың дербестігі артады.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән-мағынасы, оны ұйымдастырудың тәсіл-амалдары туралы педагогикалық әдебиеттерде әртүрлі пікірлер айтылады. Профессор Р.Г.Лембергтің пікірінше, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мына шарттарға байланысты:
оқушылардың істейтін жұмысының мақсатына айқын түсінуі;
жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы;
жұмысты оқушылардың өз еркімен, қалауымен орындауын көздеу
керек.
Ал, оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда мұғалімдер мынадай шарттарды қолдану керектігін Б.П.Есимов өзінің «Самостоятельные работы учащихся на уроке» атты еңбегінде көрсетеді:
өзіндік жұмыстың мазмұнын оқушы түсінуі тиіс;
оның орындалуы туралы оқушыға нұсқау беру керек;
жұмыстың орындалуын қадағалау керек;
оқушы жұмысын тексеру, қателерін анықтау;
оқушы өз жұмысына талдау жасау, байқау керек.
Бастауыш мектепте өз бетімен жұмысты ұйымдастыруға жол ашатын қолайлы жағдай – бұл оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік ерекшеліктері. Өйткені, бұл жастағы балалардың ойлау қабілеті жоғары және қиялдау, елестету, шығармашылық жұмысқа талпынысы басым болады.
Өз бетімен жұмысты сабақтың барлық кезеңінде іске асыруға болады. Өткен материалды қайталау, бекіту, жаңа материалды түсіндіру барысында, үй тапсырмасын орындауда да оқушы өздігінен жұмыс істеуі қажет.
Алайда тапсырма бала шамасына сай болуы керек. Оқушының өздігінен орындайтын жұмысының нәтижелілігі оның өтілген материалды қаншалықты меңгергендігіне, логикалық ойлау қабілетіне байланысты.
Бұдан шығатын қорытынды, оқушылардың өз бетінше жұмысы – олардың өзіндік ізденуіне, дамуына, өз бетімен білім алуына қажет практикалық ойлауын дамытатын жетекші әрекет.
Оқушылардың өз бетінше жұмысының педагогикалық тиімділігі мұғалімнің жұмысқа жасаған басшылығының сапасымен тікелей байланысты. Егер мұғалім жұмысты дұрыс ұйымдастырса, оқушының алдына қойылған мақсат айқын болса, онда орындалған өзіндік жұмыстың сапасы да ойдағыдай болады. Ол үшін мұғалім оқушыларда өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру керек.
Атап айтсақ: жаңа ұғымды, заңдылықты, ережені түсініп, тұжырымдау, есепті талдау, шығара білу, жаңадан өтілген ұғым бойынша өздігінен ой қорыта білу, өзінің іс-әрекетіне бақылау жасай білу т.б. Бұл іскерлікті қалыптастыру – оқу барысында мақсатты түрде ұйымдастырылған жұмыстар мен жаттығулар жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Өз бетінше жұмыстың ерекшелігі – оқушының берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындауы. Тапсырманы орындауда жақсы нәтижеге жету үшін, мұғалім оқушының іскерлік дағдысын, бақылай алу қабілетін, ойлауын байқап көреді. Егер тапсырманы өз бетімен орындауда қателер жіберілсе, онда мұғалім, ол қателерді оқушының өздері жөндеуіне мүмкіндік беріп, оқушының іс-әрекетін дұрыс жолға бағыттағаны жөн.
Өз бетімен жұмысты ұйымдастырудың мынадай артықшылықтарын анықтауға болады:
Оқушы өзінің білім алу құқын өз қажеттілігі, қабілеттері және
мүмкіндігіне сәйкес жүзеге асырады.
Оқушы өзінің жеке сапаларын дамытады.
Мұғалім оқушы қызметінің табысты болуын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |