Хайруллина Рыскелді Орынбасарқызы Бастауыш сынып мұғалімі



жүктеу 320,5 Kb.
бет3/3
Дата19.11.2018
өлшемі320,5 Kb.
#21571
1   2   3
Аулада 4 қоңыр мысық ұйықтап жатыр, ал гүлдердің арасында 6 қара мысық ойнауда. Айтыңдаршы, қай мысық көп, әрі барлығы қанша?

Танымдық тапсырмалардың тағы бір түрі-логикалық есептер:

1. Күшік пен балапандарда 44 аяқ, 17 бас бар. Неше күшік, неше балапан бар?

2.егер оқушы 11 дәптер сатып алса, онда 5 теңге қалады, ал 15 дәптер сатып алса, 7 теңге жетпейді. Оқушыда қанша ақша бар?

3. Су ағатын краннан 6 литр суды 5 литр және 7 литр ыдыстар көмегімен қалай құйып алуға болады?

4.Немерелеріне неше ай болса, әжесі сонша жаста, әжесі мен немерелерінің жастарының қосындысы 52.Әжесі нешеде? Немересі нешеде?

Өз бетінше орындауға берілген тапсырмалар

Мақсаты: математика сабағында оқушылардың өткен тақырыптар бойынша өз бетімен жұмыс жасау іскерліктерін тексеру.



  1. Бір таңбалы сандарды өсу ретімен жаз?

  1. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.

  2. 1, 3, 2, 4, 5, 6, 7, 9, 8.

  3. 1, 3, 2, 4, 5, 6, 7, 8, 9.

  1. Ең үлкен бір таңбалы санды тап:

    1. 8

    2. 9

    3. 10

  2. Ең кіші екі таңбалы санды тап:

    1. 10

    2. 90

    3. 9

  3. Қай сандардың қосындысы 9-ға тең?

    1. 6 + 2

    2. 5 + 4

    3. 3 + 5

  4. Қай санның айырмасы 3-ке тең?

    1. 10 – 4

    2. 9 – 6

    3. 7 – 5

  5. Дөңгелек ондықтарды кему ретімен жаз.

    1. 10, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90.

    2. 90, 80, 70, 60, 50, 40, 20, 30, 10.

    3. 90, 80, 70, 60, 50, 40, 30, 20, 10.

  6. Қай жауап дұрыс?

    1. 9 = 10

    2. 9 < 10

    3. 9 > 10

  7. Абзалдың 10 асығы бар. Ермектің үш асығы кем. Екеуінің асығы қанша?

    1. 17

    2. 16

    3. 7

  8. 9 ондық, 8 бірліктен тұратын сан:

    1. 99

    2. 89

    3. 98

  9. Қай жауап дұрыс?

    1. 62 2) 62 3) 62

+ 18 + 18 + 18

70 90 80
Танымдық белсенділіктің мотивациялық-тұлғалық бағытын қалыптастыру үшін оқушыларды өз бетінше жұмысқа қызықтыруға бағытталған тапсырмалар іріктеліп, ұсынылды.

1-тапсырма: Сөз жұмбақ шешу

Көлденеңнен: 1. 100 жыл

Тігінен: 1. 60 минут

2. 12 ай


с







а

ж




ғ

а

с

ы

р

а




л




т



II. Танымдық белсенділіктің мазмұндық-амалдық бағытын қалыптастыру үшін өз бетінше жұмысты орындауға нұсқаулар дайындау.

а) логикалық ойлауға берілген есептерді шешу үшін берілетін нұсқау үлгісі:

№2 (5) 4 бала екі доңғалақты және үш доңғалақты велосипедтер теуіп жүр. Егер велосипедтердің барлық доңғалақтарының саны 6 болса, екі доңғалақты велосипед нешеу, үш доңғалақты велосипед нешеу?

Нұсқау: Жаттығуда не туралы айтылғандығын анық, тұтас елестету. Барлық велосипедтер саны төртеу екендігі анықталады. Олардың екі немесе үш доңғалақты болуының мүмкін болатын жағдайларын қарастыра отырып, осы жағдайлардың әрқайсысына қатысты барлық доңғалақтар санын табуға болады.


Барлық велосипед саны

Екі доңғалақты велосипед саны

Үш доңғалақты велосипед саны

Барлық доңғалақтар саны

4

2

2

10

4

2

2

10

4

2

2

10

ә) Есепті талдауға үйрету үшін берілетін нұсқау.

№5 (51). Мына тапсырмалардың қайсысы есеп? Алдымен есепті шығар:

а) Аулада 36 үйрек және олардан 6-уы кем қаз жайылып жүр. Аулада қанша қаз жайылып жүр?

ә) Аулада □ қаз және олардан 6-уы кем артық үйрек жайылып жүр. Аулада қанша үйрек жайылып жүр?

б) Аулада □ үйрек және 30 қаз жайылып жүр. Үйрекке қарағанда қаздың нешеуі кем?

М. Осы тапсырмалардың арасында қандай байланыс бар?

- Екінші тапсырманы есепке қалай айналдыруға болады?

- Үшінші тапсырманы ше?

- Сен барлығы неше есеп шығардың?

- Олар өзара кері есептер болып табыла ма?

б) Математикалық тапсырмаларды орындау үшін берілетін нұсқау үлгісі.

№2 (51).


88-бен 92-нің арасындағы сандарды кему ретімен жаз.

1. Осы сандарды алдымен жазып шық.

2. Кему ретімен жаз.

3. Оларды салыстыр.

89 < 90, 90 > 91

4. Ұқсастығы неде?

5. Айырмашылығы неде?

- 8 ондық 9 бірлік

- 9 ондық 1 бірлік

бірлігі жоқ

№1 (44). Екі таңбалы санға 1 таңбалы санды қосуды үйрету үшін берілетін нұсқау.

Нұсқау: Екі таңбалы санды разрядтық бірліктерге жіктеңдер: 23, 20 және 3; 28, 20 және 8;

Бірліктерге бірліктерді қосады, бірліктерден бірліктерді азайтады. Ондықтарға ондықтарды қосады, ондықтардан ондықтарды азайтады.

26+2 20+(6+2)=28

Λ

20 6


28-2 20+(8-2)=26

Λ

20 8



45+4 40+(5-4)=49

Λ

40 5



49-4 40+(9-4)=45

Λ

40 9



Оқушыларға танымдық мақсаттардың мәнін түсіндірген соң, сол мақсаттарды бағындырудың көрсеткіштік картасы жасалады. Әр оқушы келесі «+» таңбасын алу жолында мақсатты жұмыс жасайды.

Екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосып алу.



Р/с

Оқушының аты-жөні

Білу

Түсіну

Қолдану

Талдау

Жинақтау

Бағалау

1

Азилхан Азамат

+

+

+










2

Сүйінбай Аружан

+

+













Өз бетімен жұмыс орындау барысында қатені қайта жібермес үшін, жіберген қатесіне талдау жасауға талпынатын оқушылар санының артқаны анық байқалады.

Сол сияқты үй тапсырмасына байланысты жағымсыз көзқарас жойылып, оқушылардың, үлгерім сапасы 8-ке көтерілді.

Өз бетінше жұмысты орындай алатын оқушылар саны көбейді. Оқушылардың оқу үлгерімі жақсарды. Ойын дәл, оның баяндайтын, ойлау процестерін меңгерген оқушылар саны өсті.

Оқушылар ізденуді үйренді, өз қатесін жіберілу себебін өзінше іздеп, қайталамау жолдарын қарастыратын болды.

Өз бетінше білім алуда танымдық белсенділіктің көрсеткіштері:



    1. өз бетінше білім алу қажеттілігінің пайда болуы;

    2. оқушының өз деңгейін аңғаруы;

    3. оқушының алдына мақсат-міндет қоя білуі;

    4. алған білім, білік, дағдыны іс-тәжірибеде қолдануы;

    5. өзін-өзі бағалауы, өзінің кемшілік жіберген тұстарын өздері аңғарады.

Бұл нәтижелер ұсынылған жүйенің тиімді екенін көрсетеді. Осыған орай оқушылардың танымдық белсенділігінің тұлғалық-мотивациялық, мазмұндық-амалдық, процессуалдық ерікті компоненттерін қалыптастыруға бағытталған өз бетіндік жұмысты ұйымдастырудың төмендегідей жолдарын ұсынамыз:

  1. Өз бетінше орындауға тұлғаның танымдық-мотивациялық белсенділігін оятатын қызықты, өзгеше тапсырмаларды жиі ұсыну;

  2. Оқушының өз бетімен орындауына қиындық тудыратын тапсырмаларды орындауға көмекші нұсқаулар дайындау;

  3. Оқушыларды танымдық мақсатпен жұмыс жасауға үйрету.

А.В.Луначарский: «Білім беру мектептің ғана ісі емес. Мектеп білім ашудың кілтін ғана береді. Мектептен тыс білім алу дегеніміз – бүкіл бір ғұмыр! Адам ғұмыр бойы білімін көтеріп отыруға тиіс» - дей келіп, өз бетімен білім алудағы өз бетінше жұмыстың ролін көрсетеді. Бұл пікірде өз еңбектерінде көрнекті педагог-психолог Д.И.Писарев, Н.А.Рубакин толықтырады.

К.Д.Ушинский: «Өзінің ойларын жақсы айтып бере алмау – кемшілік, бірақ өзіндік дербес ойлары болмау – одан да гөрі зор кемшілік, өзіндік дербес ойлар тек дербес түрде болған білімдерден ғана туындайды» - деп өз бетінше жұмыстың басты нәтижесін жеке тұлғаның дамуымен байланыстырады.

Бұдан шығатын қорытынды дидактикалық құбылыс сияқты өз бетінше жұмыс та өз алдына, бір жағынан оқу тапсырмасы, яғни оқушылардың орындауы қажет жұмыс, екіншіден, тиісті әрекет түрі: ес, ойлау, шығармашылық қиялы.

Оқушылардың өз бетінше жұмысының маңызын толығырақ түсіну үшін, оның атқаратын негізгі міндеттерін атап өткен жөн. Олар:



  1. Оқушылардың дербестік қасиетін мейлінше арттыру.

  2. Олардың алған білімінің саналылығы мен біліктілігін қамтамасыз ету.

  3. Оқушыларда оқуға деген біліктер мен дағдыларды қалыптастыру.

  4. Оқушылардың таным, ақыл-ой қабілеттерін дамыту.

  5. Оқушыларды сыныптан тыс және мектептен тыс дербес білім алуға әзірлеу.

  6. Оқушылардың оқуға ынтасын арттырып, үлгермеушілікті болдырмауға әсер ету.

  7. Үздіксіз білім алуды қамтамасыз ету.

Сонымен қатар өз бетінше жұмысты ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:

    • мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;

    • жұмысты орындауының және аяқтауының уақытын белгілеуі;

    • мұғалімнің басқаруы мен оқушылардың дербестігінің өзара байланысы;

    • оқушылардың жұмысты өз еркімен істеуі, оған әсер ететін мотивтер;

    • оқушылардың өзіндік жұмыстарына мұғалімнің тапсырмасы бойынша өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалауы.

Сонымен қатар, оқушылардың өз бетінше жұмысының жоғарғы формасына, олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары да жатады.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарының жеке оқушының, түгел сынып болып немесе топтарға бөлініп әрекеттенуіне қарай дара және фронтальды формалары болады. Осыған орай, оның ұйымдастыру формасын жеке және фронтальды деп топтастыруға болады.

А.М.Матюшкин, М.И.Махмудованың, Я.Лернердің жұмыстары өз бетіндік жұмыс дағдыларын қалыптастырудың мақсаттарын айқындай түседі. Өз бетімен жұмысты қалыптастыру үшін өзі атқаратын жұмыстың нақтылы мәнін ұғыну керек.

Бастауыш сынып жасында өз бетімен жұмысты қалыптастыру үшін төмендегідей біліктілік түрлері қажет:



  1. Белсенділік біліктілігі (білімге деген, сұрақ қоя білу, белгісізден белгіліні табу, басқа адамның көмегінсіз жұмысты орындау, өзін-өзі қадағалау);

  2. Ұйымдастыру біліктілігі (өзінің жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білу) күн тәртібі, жұмыс орнының тазалығы, өзіне қажетті құралдарды қамтамасыз ету;

  3. Саналы түрде әрекет ету біліктілігі. Жұмысты дұрыс жоспарлау, оқу мәселелерін шешу, өзінің білімі мен біліктілігін жаңа арнада қолдана білу.

  4. Ерік біліктілігі – оқу әрекетінде кездесетін қиындықтарды жеңе білу, жұмысқа тез кірісе білу және өзі ұзақ уақыт бойына белсенділік көрсетуге дағдыландыру.

Өз бетінше жұмыстың ең басты қажеттілігі – оқушыны ойға жетелеуінде, ойланта отырып өзіндік қадам жасатуында болмақ. Оқушылардың өзіндік қадамы, өзіндік ойының қалыптасуы оны шығармашылық жұмысқа жетелейді.

Оқушылардың өзіндік жұмысы білік пен дағды қалыптастырудың тиімді жолы болғандықтан В.А.Сухомлинский оқушылардың оқуға қажеттті білім деп дағдылар жүйесін меңгеруі қажет дейді.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарының бірінші тобына ғылым және оқыту әдістеріне байланысты іске асырылатын жұмыстардың түрлері жатады: оқулықпен, оқу құралымен жұмыс істеу, шығармашылық жаттығулар, бақылау, эксперимент т.б.

Оқушылардың дербестігінің даму дәрежесіне қарай, олардың өздігінен істейтін жұмыстары репродуктивтік және шығармашылық болып арнайы екі топқа бөлінеді. Репродуктивтік жұмыстарға оқушылардың дайын үлгіге еліктеу негізінде жасайтын жұмыстары (жай жаттығу, көшіріп жазу, мұғалімнің берген сұрақтарына кітаптан жауап беру, берілген жоспарға сәйкес оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеу, сабақта шығарылатын есеп типтес есепті үйде шығару т.б.) жатады.

Шығармашылық жұмысқа оқушылардың өздігінен шығармашылық өлең шығару, кострукциялық жұмыстар жасау т.б. жатады. Әрине, репродуктивтік және шығармашылық жұмыстар өзара байланысты болады, біріншісі екіншісіне ауысып отырады.

Келесі топқа – мұғалімнің тапсыруынсыз міндетті түрде емес, оқушылардың өз еркімен ықыласымен жасайтын жұмыстары жатады. Қосымша кітаптар оқуы, үйірмелер мен ұйымдардың жұмысына араласып, конкурс, олимпиадаларға қатысуы т.б.

Эстониялық ғалым-педагог О.А.Кельсон оқушылардың өзіндік жұмыстарын мынадай принциптерге қарай топтастырады:


  1. Психологиялық (ойлау амалдарын қолдануға байланысты);

  2. Психологиялық-дидактикалық (оқушылар жасайтын әрекетке байланысты);

  3. Дидактикалық (жұмыстың атқаратын функциясына байланысты);

  4. Дидактикалық-әдістемелік (проблемалы тапсырмалардың дәрежесіне байланысты);

  5. Әдістемелік (берілген хабар қандай құралдар, жағдайлар негізінде берілуге байланысты);

  6. Ұйымдастыру-әдістемелік (жұмыстың орындалуын басқаруға байланысты);

  7. Ұйымдастыру принципі (жұмысты ұйымдастыру формасына байланысты).

Оқушылардың өзіндік жұмыстарының, барлық топтарын мұғалім оқыту процесінде жүйелі түрде әрқайсысын өзіне тиісті жерінде қолдануға міндетті және оның бір ерекшелігі оқыту процесінің барлық кезеңдерінде (жаңа білім беру, оны бекіту, қайталау, бақылау және тексеру) қолдануға болады.

Оқушылардың оқу әрекетінің жемісті болуы оқу жұмысының тәсілдерін меңгеруге байланысты. Психологтар (Кабанова-Меллер т.б.) оқу жұмысының негізгі тәсілдерін екі топқа бөледі:



  1. Оқушының жалпы оқу жұмысын ұйымдастыруға байланысты қолданатын тәсілдер: жоспарлау, уақытты дұрыс пайдалану, оқу мен тынығу режимін ұйымдастыра білу, өз жұмысын білу, өз жұмысын бақылау т.б.

  2. Оқушының оқуына тікелей байланысты қолданылатын тәсілдерді, жаңа белгі мен дағдыларды меңгеру, өздігінен жұмыс істеу.

Осылардың ерекше орын алатыны – оқу материалымен жан-жақты жұмыс істей білу дағдысы: материалдың мазмұнын талдау, одан ең негізгі мәселені екінші бір мәселеден айыра білу, оларды салыстыру, топтастыру, жүйелеу, сызба қолдана білу тәсілдері. Оқушының мұндай тәсілдерді меңгеруі оны жан-жақты дамытады, оқуға деген көзқарасын өзгертеді. Ол тек білімді қабылдаушы емес, оқу әрекетінің белсенді қайраткері немесе басқаша айтқанда, оқу әрекетінің субъектісі болып саналады.

Өзіндік әрекеттің өте маңызды психологиялық ерекшелігі – ол оқушыларда алда тұрған жұмысқа жағымды мотивтер, қызығулар туғызады.

Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысы оқу жұмысының арнайы бір формасы болып табылады.

Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:



    • мұғалімнің тапсырманы нақты беруі;

    • жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;

    • өз еркімен, қалауымен істеуі;

    • оған әсер ететін мотивтер.

Математиканы оқыту оқушыларды тәрбиелеу және жан-жақты дамыту ісімен берік, тығыз байланыста болуы керек. Математика сабақтары балаларға ғылыми көзқарастың негіздерін қалыптастыруға, танымдық белсенділікті дамытуға, оқуға деген адал көзқарасын тәрбиелеуге себін тигізуі тиіс. Математика сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, сабақта оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне мүмкіндік жасау, жеке тұлғаны оқу әрекетінің субъектісі ретінде дамытудың басты шарты болып табылады.

Өз бетінше жұмыс арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру. Осы мақсатта сыныбымда төмендегі бағыттарда жүйелі жұмыстар жүргізілді.






Танымдық белсенділік







Тұлғалық-мотивациялық белсенділік




Мазмұндық-амалдық белсенділік




Процессуалды-еріктік белсенділік










Өз бетінше жұмыс арқылы




Қызықта, өзгеше тапсырмалар арқылы танымдық белсенділікке ынталандыру

Орындайтын амалдар реті көрсетілген нұсқаулар арқылы тапсырманы өз бетінше орындауға көмек беру

Оқушыларды танымдық мақсат қоюға, оны сатылап орындауға үйрету










Нәтижелері




Өз бетінше білім алу қажеттілігінің пайда болуы

Білім, білік, дағдыны қолдана білуі

Алдына мақсат, міндет қоя білуі










Өз деңгейін, кемшілігін аңғаруы

Өзін-өзі бағалауы







Жеке тұлғаның дамуы

Әрине, танымдық тапсырмаларды көптеп келтіруге болады.

Жаңа буын оқулықтары бұл мәселеге көңіл бөлінген. Математика оқулығында жасыл қоршаумен берілген шығармашылық тапсырмалар бар. Мысалы, 2-сыныпта 103 осындай тапсырмалар берілген екен. Осы тапсырмалардың 41-і «Ойлан, тапқа!» берілген ұқсас тапсырмалар. Оларды қызықты, өте күрделі емес танымдық тапсырмалармен алмастырса, бұл тапсырмаларды орындау кезінде өзбетінше орындайтын оқушылардың саны артады. Бұл нәтижелер ұсынған жүйенің тиімді екенін көрсетеді.

Бастауыш сыныпта оқушының белгілі бір көлемдегі білім, білік, дағдыларын қалыптастыру, оның жеке басының қасиеттерін жан-жақты дамыту. Бүгінгі күннің басты талабы болса, жалпы педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

Оқушылардың өз бетінше жұмыс ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін, түрлерін көптеген педагогпсихологтар зерттеген.

С.Н. Лысенкова оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге баулу, олардың білімге деген құштарлығын, талабын артыратын, алған білімдерін өз тәжірибесі арқылы зерттеген.

Жалпы өз бетінше жұмыс кез-келген нақты түрінде жатқан міндет-мәселе, оны шешпекші болып оқушының әрекет етуі.

Оқушы өз бетінше әрекет жасауы үшін мұғалім өз бетінше жұмыс жасаудың тиімді тәсілін қолданып, оны жетілдіруі керек. Ал өз бетінше орындатуға бағытталған тапсырмалар жүйесін қарап, оқушының өз бетінше жұмыс ұұйымдастыруда белсенділік мүмкіндіктері бар екенін көреміз.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Начальная школа / №2, 2009 ж /

2.Бастауыш мектеп / №8, 2004ж, №12, 2001 ж. №7, 2006ж. №9, 2003 ж. /

3. Қазақстан мектебі /№2, 2003 ж/

4.С.Ахметов. «Бастауыш сыныптарда білім берудің тиімділігін арттыру жолдары». Алматы «Рауан» 1994ж.

5. Қараев Ж.А. «Оқу-тәрбие үрдісінде деңгейлеп оқыту технологиясы»

6. Педагогический вестник, 2003, №6, с.19.

7. ШҚО «Педагогикалық жаршысы» 2005, №4, с.65.

8. ШҚО «Педагогикалық жаршысы» 2008, №4, с.34.






жүктеу 320,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау