Х. Хх-хх-2013 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс


Елдімекен территорияларындағы қала құрылысын кешенді қайта жаңғырту



жүктеу 0,78 Mb.
бет6/26
Дата14.11.2018
өлшемі0,78 Mb.
#20013
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Елдімекен территорияларындағы қала құрылысын кешенді қайта жаңғырту


5.2.1 Жоспарлы құрылымды қайта ұйымдастыру



5.2.1.1 Елдімекендердің жоспарлы құрылымын қайта құруды урбанизацияланған территориялардың: түрлі санаттыға көшелер, негізгі транспорттық күре жолдардың жиегіне орналасқан, көгалдандырылған белдеулер мен су акваторийлері, табиғи ландшафтары бар жоғарғы тығыздылықтағы тұрғын үй, өндірістік және қоғамдық құрылыстар жоспарлық каркас негізінде оптимальды сәйкестігі есебінен қалыптастыру қажет.

5.2.1.2 Елдімекендердің жоспарлы құрылымын қайта құруды төмендегідей жағдайлар негізінде жүзеге асыру керек:


  • елдімекендер шекарасы мен қала маңы аймағы территориясында функционалды аймақтың теңестірілген дамуы;

  • территориялық ресурстарды тиімді пайдалану есебінен елдімекендерді жобалауды рационалды ұйымдастыру;

  • тұрғындардың аз жұмылдырылған топтарының түрлі қажеттіліктеріне жауап беретін тіршілік қызметі ортасын жасау;

қоршаған ортаны қорғау, тұрғындарды, территорияны төтенше жағдайлардан сақтау, бейбітшілік және соғыс жағдайында тарихи-мәдени құндылығы бар нысандарды қорғау іс-шараларын жасау.

5.2.1.3 Елдімекендердің жоспарлы құрылымын қайта құруды урбанизацияланған территориялардың: түрлі санаттыға көшелер, негізгі транспорттық күре жолдардың жиегіне, темір жол бойында, электртасымалдау линиялары мен көгалдандырылған белдеулер мен су акваторийлері, табиғи ландшафтары бар ландшафты-рекреациялық территорияларда орналасқан, жоғарғы тығыздылықтағы тұрғын үй, өндірістік және қоғамдық құрылыстар жоспарлық каркас негізінде оптимальды сәйкестігі есебінен қалыптастыру қажет.

5.2.1.4 Тарихи қалыптасақна елдімекендерде қала құрылысы мәдениетінің ұлттық ерекшеліктері мен дәстүрлерін сақтау мақсатында архитектуралық келбет пен жоспарлы құрылымды тарихи аймақтарды реконструкциялау мен регенрациялаудың кешенді бағдарламалары мен жобаларына және 15 бөлімдегі талаптарға сәйкес сақтау қажет.

5.2.1.5 Ірі және үлкен қалаларда олардың территорияларын жобаланған мерзімде теңестірілген әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында келесі жобалық аймақтарды бөліп көрсету қажет: қала мен қала маңы аумағындағы орталық, орта, шеткі аймақтар.

5.2.1.6 Жаңа құрылысқа территория таңдау кезінде елдімекендердің қалыптасқан құрылымдық-жоспарлық ұйымдастырылуын ескеріп, қазіргі таңда бар инженерлік, транспорттық және әлеуметтік нифрақұрылым мүмкіндіктері мен жылу-энергетикалық, су ресурстары бар екендігі, қоршаған орта жағдайы, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың түрлері мен пада болу мүмкіндігі, өрт сөндіру бөлімдерінің орналасқан аймақтан қашықтығы назарда болуы тиіс. Елдімекеннің шағын жоспарлық құрылымын дамыту ең бірінші кезекте қала аймағының перспективалы шекарасында бар бос территориялармен қамтамасыз етілуі керек.

5.2.1.7 Қала маңы шекарасын әрбір нақтылы жағдайда елдімекеннің перспективалық дамуы, оған тұрғындарды орналастыруға байланысты анықталып, оның территориясының функционалды пайдаланылуы мен онымен шекаралас әкімшілік аудандардағы жер ресурстарының табиғи кешенінің жағдайы Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне сай жүзеге асады.

5.2.1.8 Ірі және үлкен қалалар маңы шекарасында қала шаруашылығының қызметін жүзеге асыратын тұрғын үй, өндірістік, қоғамдық құрылыстарға, көгалдандылыған жерлерге арналған территорияларды сақтап қою керек.

5.2.1.9 Қала маңы аймақтарын жоспарлау мен оларға құрылыс салуда:


  • бұрыннан бар елдімекендерді дамытуға арналған абаттандырылған қала құрылысы жағдайлары, ауыларалық транспорттық және инженерлік желілер мен құрылыстарды пайдалану, ауылдық, орман, су шаруашылықтарын тиімді ұйымдастыру, ландшафты-рекреациялы қолданыстағы нысандарды көшіру

  • елдімекен мен оның табиғи аумағын тұрақты дамыту мақсатында экологиялық тиімді жағдайлар жасау;

  • қаланың шаруашылық қызметінен оның айналасындағы аудандарға келетін зиянды мейлінше төмендету;

  • қала мен оның айналасындағы аудандардың тариғи және инженерлік ресурстарды бірлесе отырып тиімді пайдалануын қамтамасыз етуі тиіс.


Функционалды аймақтар территорияларының реконструкциясы
5.2.1.10 Функционалды аймақтар реконструкциясы қолданыстағы нормативті-құқықтық актілерге сәйкес, елдімекендерде қалыптасқан әлеуметтік, инженерлік және транспорттық инфрақұрылымдарды пайдаланудың тиімділігін арттыратын тұрғынжай, қоғамдық және өндірістік-іскерлік территориялар арқылы жүзеге асыру керек.

5.2.1.11 Функционалды аймақтар реконструкциясына байланысты іс-шаралар үлес салмағы жоғары әбден ескірген, тұрығын үйлерінің, қоғамдық және өндірістік-іскерлік қорының (ескі, жылу-энергетикалық ресурстарды шамадан тыс қолданатын, ғимараттар мен құрылыстардың температура-ылғалдылық режимдері бұзылған) техникалық жағдайлары нашар аймақтық және қалалық бағдарламаларға сәйкес жоспарлануы тиіс.


5.2.1.12 Тарихи-мәдени құндылықтары жоғары нысандары бар елдімекендерді олардағы нысандардың сақталу деңгейін анықтай отырып, тарихи құрылыс аудандарын құрылымдық-жоспарлау ерекшеліктерін, қазіргі заманға лайықты қолданысын, әлеуметтік, инженерлік, транспорттық қызмет көрсету жүйесін қайта жаңғырту қоршаған орта жағдайын жақсарту, құрылыстың архитектуралық-көркемдік келбетін 15 бөлімге сәйкес сақтап функционалды аймақтар реконструкциясын жасау керек.

5.2.1.13 Функционалды аймақтар реконструкциясын қазіргі таңда бар тұрғын үйлер мен қоғамдық, өндірістік ғимараттар, инженерлік-транспорттық инфрақұрылым, бір уақыттық қайта ұйымдастыру мен инженерлік құрал-саймандардың пайдаланылуы негізінде жүзеге асыру қажет.

5.2.1.14 Елдімекендердің функционалды аймақтары реконструкциясына қатысты іс-шараларды жоспарлауда аяқталған жоспарлық элементтер (модульдер) тұрығн үй, қоғамдық немесе өндірістік-іскерлік құрылыстарды ескеріледі.

5.2.1.15 Функционалды аймақтарды дамыту шарттарының бағасы негізінде кешенді қала құрылысын реконструкциялау үшін келесі талаптар мен тыйымдарды бекіту қажет:


  • түрлі функционалдық мақсаттағы жоспарлы элементтерді тиімді пайдалану негізінде территориялардың функционалдық мақсаттағы өзгерісі мен сақталу дәрежесі анықталады;

  • реконструкцияланатын жоспарлы элементтердің қызметтік және қайта құрылымдық сипаты мен қаланың басқа да аймақтарының өзара байланысы;

  • өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, территориялар мен тұрғындарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау, азаматтық қорғаныс саласындағы талаптар.

5.2.1.16 Кешенді қала құрылысын реконстукциялауды жүзеге асыру барысындаелдімекен территориясын тиімді пайдалану үшін санитарлық-гигиеналық, инженерлік-құрылыстық талаптарға жауап беретін барлық территориялық ресурстарды пайдалану керек, оның ішінде:


  • қазіргі заманға қала құрылыс нормативтері мен құрылыс салу тығыздылығына, тіршілік қызметінің сапасына жауап бере алмайтын тұрғын үйлер территориялары;

  • өз мақсатына сәйкес тиімді пайдаланылмайтын өндірістік, коммуналды-қоймалық құрылыстар мен транспорттық, инженерлік инфрақұрылым территориялары;

  • рекультивацияланғаннан кейінгі жерлер мен бұрын ыңғайсыз саналған территориялар;

  • қала сыртындағы бау-бақшалық серіктестіктер мен саяжай құрылыстары территориясы.

5.2.1.17 Тұрғын үй және қоғамдық территорияларда кешенді қала құрылысын реконструкциялауда ескеретін бірінші кезектегі іс-шаралар:


  • қазіргі заманғы тұтынушылық сапасына жауап бермейтін, жылуэнергетикалық сипаты төменгі деңгейдегі моральды ескірген тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар қорының бар болуы;

  • потенциалды инвесторларға (жеке және заңды тұлғалар) арналған реконструкцияланатын жоспарлық элементтерге деген қаржылық қызығушылық;

  • жасалып жатқан құрылысты тығыздандыру мүмкіндігі мен сыйымдылық көрсеткіштерін нормативті деңгейге жеткізу;

  • электрмен, газбен және сумен қаптамасыз етуге арналған қосымша қуаттылықтың болуы;

  • ғимараттарға өрт сөндіру депосымен қызмет көрсетудің нормативті радиусын және олардағы өрт сөндіруге арналған апаттық-құтқару техникасының санын осы құрылыс нормасы сай қамтамасыз ету .

5.2.1.18 Кешенді қала құрылысын салуды реконструкциялауда құрылыстардың тығыздылығын төмендегідей іс-шараларды орындау барысында жүзеге асыруға болады:


  • бұрын бар ғимараттардың қабаттарын көбейту, оның ішінде мансард қабаты да бар;

  • бұрыннан бар ғимараттар арасына қыстырма құрылыс салу;

  • қосымша құрылыстар арқылы бұрыннан бар ғимараттарды кеңейту;

  • құрылымдық-жоспарлық элементтер шеңберінде реконструкцияланатын тұрғын үй, қоғамдық ғимараттар (модульдер) орналастыру;

  • жеке тұрған усадьбалық үйлерді тұйықталған құрылыстарға;

  • әкімшілік мақсаттағы өндірістік ғимараттарды көшіру.




  1. ТҰРҒЫНҮЙ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ-ІСКЕРЛІК АЙМАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТАЛАПТАРЫ




    1. Тұрғын үй аймағы



6.1.1 Тұрғынжай аймақтарын тұрғындарға ыңғайлы, салауатты, қауіпсіз тіршілік ортасына айналдыратын жағдайлар жасау мақсатында бөлу керек. Тұрғынжай аумақтарында осы норманың талаптарына сай емес қызметтермен айналысатын нысандар салуға рұқсат етілмейді.

6.1.2 Тұрғынжай аймақтарын жоспарлауды елдімекеннің қала құрылысын салу жіне табиғи ерекшеліктеріне орай басқа да қызметтік аймақтарының құрылымдарымен байланыста ұйымдастыру қажет. Мұнда тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттар, құрылыстар, жол-көшелік желілер, желпы қолданыстағы көгалдандырылған аймақтар және т.б. нысандарды тұрғынжай территориясына орналастыруда санитарлы-эпидемеологиялық нормалар мен қауіпсіздік талаптары ескеріледі.

6.1.3 Тұрғынжай аймақтарын жоспарлы ұйымдастыру ондағы салынатын ғимараттардың қабаттары, тығыздылығы, тарихи-мәдени, табиғи-климаттық және т.б. жергілікті ерекшеліктерін ескеріп, дифференциалды құрылыс типтеріне байланысты жүзеге асады. Тұрғынжай құрылысының типі мен қабаты тұрғынжай аймағын қалыптастыратын әлеуметтік-демографиялық, ұлттық-тұрмыстық, сәулет-композициялық, санитарлы-эпидемеологиялық талаптарға сәйкес және инженерлік инфрақұрылымды дамыту және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне қарай анықталады.

6.1.4 Тұрғынүй құрылыс көлемі мен типінің есептік көрсеткіштері тұрғындардың болжалды әлеуметтік-демографиялық жағдайлары мен табыстарына қарай жасалуы керек. Егер қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, тұрғын үйлердің, пәтерлердің ауданы мен саны, типтері мен әртүрлі жайлылық дәрежесі ҚР ҚН 3.02.01 нормаларына сәйкес іске асырылады.

6.1.5 Тұрғынжай аймақтары ауылшаруашылығы машиналарының қозғалысына арналған І,ІІ,ІІІ категориядағы жолдармен шектеспеуі керек.

6.1.6 Жалпы бөлшектік меншіктегі серіктестік-көп пәтерлі үйлердегі тұрғын үй иелерінің (кондоминимум) баспанасы орналасқан жер телімдерінің шекаралары мен өлшемі, қолдану тәртібі ҚР Жер Кодексіне сәйкес қала құрылысын салу құжаттарында көрсетіледі.

6.1.7 Тұрғынжай кварталдарын (мөлтек аудандар) тұрғынжай аудандары құрамындағы автономды аудан ретінде-қала құрылысын салудың қалалық желілерінен 1,5 км қашықтықта орналастыру қажет. Егер бұл көрсеткіш көтерілетін болса, онда жобалау тапсырмасына орай қосымша қызмет көрсету түрлері қарастырылады.


Кварталдар (мөлтек аудан) территорияларын жалпы қалалық және аудандық мақсаттағы күрежолдармен бөлуге тыйым салынады.

6.1.8 Мектепке дейінгі мекемелерге қажеттілік жоба алдындағы зерттеулер көрсеткішіне сәйкес нақты демографиялық жағдайларға байланысты анықталады. Мектепке дейінгі мекемелерді жобалау ҚР ҚНжЕ 3.02-­24 сәйкес жүзеге асады..

6.1.9 Тұрғын үйлердің жертөлелерінде немесе оған жалғанып салынған құрылыстарда мектепке дейінгі балаларды уақытша тәрбиелеу орындарын жобалау жоспарға берілген тапсырма негізінде жасалады.

6.1.10 Жалпы білім беретін мекемелерді ҚР ҚН 3.02-11, ҚР ҚН 3.02-01 талаптарына сәйкес оқшауланған территориларда жоспарлау керек. Жалпы білім беру мекемелеріне деген қажеттілік демографиялық жағдай мен әр түрлі жастағы балалардың сол мекемелерге деген қажеттілік көрсеткіштерімен анықталады.

6.1.11 Кварталдарда (шағынаудандарда) көшелер мен жолдарды орналастыру 11 бөлімге сәйкес жүргізіледі.

6.1.12 Көп қабатты автомобиль тұрақтарын орналастыруда 11 бөлімдегі кестелер талаптары басшылыққа алынады..

6.1.13 Квартал (шағынаудан) территорисының бір бөлігі ретіндегі жекелеген жер территорияларын жоспарлау құжаттарын дайындауда орналастырылатын нысандар онымен шектесетін құрылыс нысандарымен сәйкес болып, тұрғындарға әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету деңгейінде болуы қажет.

6.1.14 Тұрғынжай аймағының кварталдарында (шағынаудандарда) жалпы қалалық мақсаттағы нысандар орналастырылмайды.

6.1.15 Ортақ кеңістік (аула) арқылы біріктірілген тұрғын үйлер тобы территориясында транзитті өткелдер құрылымына тыйым салынады..

6.1.16 Функционалды-жоспарлық тұрғынжайлар усадьбалық құрылыстардан тұруы мүмкін.

Аулалық құрылыстарды:


  • ауылдық елдімекендерде;

  • қала аумағынан тыс жерлерде-бос территорияларды, басқа типтегі құрылыстарды салуға ыңғайсыз территорияларды, қалалық сипатты сақтайтын жерлерде;

  • қала маңы аймақтарында-жасыл белдеу территориясынан тыс қала көлеміне кіретін резервті территориялар;

- қаладан транспортпен қатынағанда жерлердегі жаңа дамып келе жатқан елдімекендер.

6.1.17 Ауылдық елдімекендердегі тұрғынжай аймағын жоспарлау өндірістік нысандармен байланыста, санитарлық-эпидемеологиялық және экологиялық талаптарға сай анықталады.



6.1.18 Ауылдық елдімекендерде бір-екі пәтерлі усадьбалық типтегі тұрғын үйлер мен көп пәтерлі, аз қабатты , жер телімдері бар тұрғын үйлерді (пәтерлерді) қарастыру керек.

6.1.19 Негіздемеге сәйкес орта дәрежелі қабаты бар көп пәтерлі үйлер салуға болады.

6.1.20 Аулалық құрылыс салуды қаланың болашағы бар көп қабатты үйлерін орналастыруға жоспарланған аудандарында, жалып қалалық архитектуралы-жоспарлық остер шеңберінде орналастыруға болмайды.

6.1.21 Елдімекендерді жоспарлау мен оларда құрылыс салуда оның аумағынан тыс жерлердегі бақшалық, саяжайлық серіктестіктер территориясы реконструкциялауға жататын аз қабатты құрылыс ауданы ретінде қарастырылады.

6.1.22 Аулалық құрылыс аудандарын көгалдандыру, абаттандыру, территорияларды инженерлік құралдармен қамтамасыз ету, оларға күнделікті қызмет көрсету мекемелері мен өндірістерін орналастыру ҚР ҚН 3.01-02 нормаларына сай жүйелі қызмет көрсететін негіздемелерге сәйкес жүзеге асады.

6.1.23 Аула жаны мен пәтерлер маңындағы жер телімдерін анықтауда тұрғындардың демографиялық құамын, әртүрлі көлемдегі елдімекендердің жағдайлары мен қала құрылысын салу ерекшеліктерін, тұрғынжай құрылысының сиаптын, онда тұрғындарды орналастыру шарттарын ҚР Жер кодексі және басқа да құқықтық-нормативтік актілер [1] негізінде жүзеге асады.


Аула жаны және пәтер маңындағы, жеке құрылыстағы, жеке шаруашылықтағы жер телімдерінің көлемі ҚР ҚН 3.01-02 пен жоғарыда көрсетілген құқықтық-нормативтік актілер негізге алынады


жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау