Гуманитарные и педагогические науки



жүктеу 0,56 Mb.
Pdf просмотр
бет10/20
Дата28.11.2017
өлшемі0,56 Mb.
#2116
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20

536

4.   Планк М.Н. Картина мира.  М.; 1987.



Түйін

Орыс 


және 

неміс 


тілдері 

кафедрасының

оқытушысы 

А.С.


Алдабергенованың 

«Әлем 


бейнесіндегі 

жарық


пен

қараңғылықтың

символдары» (қазақ, орыс тіліндегі әдебиеттері негізінде), мақаласы жазушылар

шығармаларындағы әлем  бейнесін  жарық пен қараңғылық символдарын

қабылдау  мәселелеріне  арналған.  Мақалада

әлем  бейнесі  жарық

пен

қараңғылық символдары қазақ тілі  және  орыс  тілі  шығармаларында  да әлемді



тану, олардың өмірлік, тарихи және мәдени тәжірибесін байқатады.

Summary

The article “Symbols of light and darkness in the world (on materials of works

in Russian and Kazakh literature)” written by A.S. Aldabergenova the teacher of the

Chair  of  Russian  and    German  Languages  is  devoted  to  perception  problem in  the

works  of  different  writers.  Where  the  symbols  of  light  and  darkness,  both  Russian

and Kazakh, contain the world ideology of two nations and their life, historical, cul-

tural experience.

ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ АСЫЛ ҚАЗЫНАСЫ – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Алиакбаров М.Н.,

Қоғамдық кәсіби факультетінің деканы

 «Адам


ұрпағымен  мың

жасайды»


-  дейді

қазақ


мәтелі.

Ұрпақ


жалғастығымен  адамзат  баласы  мың емес,  миллиондаған  жылдар  жасап  келеді

және ол сәт сайын өзгеріп, өрлей дамыған саналы тірлік. Адамзат еншісіне ғана

тиісті  сол  тірлік  дамуының бағбаншысы -  тәрбие.  Демек, ұрпақ тәрбиeci - қай

заманның,  қай қоғамның болмасын  көкейтесті  мәселесі  болып  келгендігі,

баршаға мәлім.

Жас ұрпаққа қашанда  сапалы  бiлiм  мен  жүйелі  тәрбие  берудi  мақсат

еткен  көпшiлiк қауым,  ата-бабаларымыз  сан ғасырлар  бойы  сақтап-жинақтап

келген  халық педагогикасының асыл  мұралары  негiзiнде  саналы  тәрбие  берудi

әрқашан  жадынан  тыс қалдырған  емес. Қазіргі  таңдағы өтіп  жатқан  түрлі

ғылыми  форумдарда  немесе Қазақстан  Республикасының заңдарында және  де

басқа  зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде  халқымыздың асыл  мұрасы  боп

табылатын  этнопедагогика  мұраларының назарға  ілінуі –  аталмыш  мәселенің

өзектілігін  айқындап  отыр. Өмірдің  барлық салаларындағы ұлттық және

дүниежүзілік  жетістіктерді қабылдап,  оларды  дамытуға қабілетті,  рухани  және

адамгершілік әлеуметті  бай  тұлғаны қалыптастыру,  ең алдымен  тәрбие үрдісін

ізгілендіру арқылы ғана асатыны белгілі.




537

Өскелең  ұрпаққа  тәрбие  беру  ісі  сонау  алғашқы қауымдық  құрылыстан

бастап, қазіргі  күнге  дейін үнемі  даму,  ілгерілеу үстінде  болса  да, әр  заманда

уақыт  талабына  сай,  сан  алуан  пікірлер  айтылса  да,  түйіні  мен  түйіткілі  көп

мәселелердің бірі.

Адам  баласында  жан,  тән  және  рух  деген үш  жүйе  бар.  Осы үш  жүйені

тәрбиелеп, өсіргенде ғана  «толық адам,  нұрлы  ақыл» деп  Абай  армандаған

түпкілікті  нәтижені  аламыз.  Жас  кезiнде  адам  тез  елiктегiш  келедi,  сондықтан

адамды  жастайынан  жақсы әдет-ғұрыпқа, салт-дәстүрге,  мәдениеттiң ізгілікті

жағына  тәрбиелеу  хақ.

Тамырын  тереңге  жайған,  діңгегі  жуан,  зәулім

бәйтерекке қарағанда, жаңа отырғызылған жас шыбық өзіне қажетті қоректі аз

сұрайды, және ол баптауға да тез көнеді. Сол себепті, б

ұрынғы біздің халқымыз

ана құрсағындағы  тәрбие  дегенге қатты  мән  берген.  Көптеген  аналар

құрсағындағы баланы парасаты мен түйсігі арқылы тәрбиелеген. Мысалы, Абай

секілді  данышпандар  ана құрсағында  жүрек  тәрбиесінің оянуымен  туған

жандар. Әйтпесе, үш кластық медреселік біліммен, Шыңғыстаудай иен даланың

бөктерінде  туған  Абай  университеттік  білімі,  университеттік  ортасы  болған

Гете мен Пушкиннен кем болмады.

Халқымыз  сонау  ерте  заманнан  бастап  ер  баламен қыз  баланың  өзіндік

тәрбиесіне ерекше  көңіл бөлген. Бұл ретте абзал аналарымыз бала тәрбиесінде

ұлттық дәстүрді тәрбиенің негізі ретінде қабылдады. Мәселен, ұлды мал бағуға,

отын  шабуға,  тас қашауға,  аң аулауға,  мерген  болуға, қол өнер  шеберлігіне,

жауынгерлікке үйретсе,  етегін  жиып  есейе  бастаған қыз-  балаға үй  сыпыру,

төсек жинау, кесте тігу, ас пісіру, кілем тоқу, тон пішу сияқты отбасының ішкі

жұмыстарына баулыған.

М.Жұмабаев:  «Әрбір  тәрбиешінің  қолданатын  жолы - ұлт  тәрбиесі»,-

деген.   Ы.Алтынсарин  болса,  орыс-қазақ мектептеріне  арнап, ұлттық бай

мұрамызды  орыс  тіліне  аудару  арқылы қазақтың халық  педагогикасын  басқа

ұлт өкілдеріне  жеткізді.  Абай ұлттық  тәрбие  мәселелеріне  арнайы  тоқталмаса

да, қазақи  тәлім-тәрбие  дүниесінің ерекшеліктерін

өзінің жыр  жолдары  мен

қара сөздері арқылы шебер жеткізе білген.

Ұлттық

тәрбие 


бабаларымыздың

сөздерінен, 

ақын-жыраулар

шығармаларынан,  аңыз-ертегілерден,  жыр-эпостардан  нақтылы  тарихи-мәдени

құбылыстардан  айқын  көрiнiс  табады.  Сонымен қатар  туған  жер,  ата-қоныс,

елдiк  пен  ерлiк,  азаматтық пен  адамгершiлiк,  имандылық пен  парасаттылық

ұғымдарын паш еткен шынайы іс-әрекеттер де ұлттық тәрбиеге үлкен әсер еттi.

Ұлттық тәрбиені  жолға қоюда  басты құрал  ретінде  пайдаланатын

ауқымды материалдарды, біз өткен дәуірден келіп жеткен ғұлама-ғалымдардың

еңбектерінен  іздеп  тауып, қазіргі  заман  талаптарына  сай  пайдалану  жолдарын

қарастыруымыз –  бүгінгі  күн  талабы.  Жас  мамандарды  оқыту  мен  тәрбиелеу

мәселесіне  ерекше  мән  беру  туралы  айта  келіп  Н.Назарбаев:  «Жастар  тәрбиесі

басты мақсат екенін көрсетіп, алдағы отыз жыл ішінде мемлекетіміздің қандай

бағытта  даму  керек  екендігін  белгілеп  берді.  Осы  міндетті  болашаққа  іске

асырушылар –  жастарымыз» –  деген  еді.  Бұдан  басқа  кейінгі  кезде ұлттық

құндылықтарды өмірге  алып  келу  және  оны  халыққа  тарату  мақсатында

қабылданған  «Ұлттық мәдениет»  туралы  заңда:  «Қазақстан  Республикасы



жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау