64
4.4. Олимпиадаға ұсынылған материалдар олимпиаданың мақсаты мен
міндетіне сәйкес болуы тиіс.
5. Заманауи сабақ
- сабақ жоспары толық, қазіргі заман талаптарына сай болу;
- заманауи талаптары: «Рухани жаңғыру» бағдарлама, көптілділікті
қолдану;
- жаңартылған білім беру мазмұнының тілдік түйінді идеяларын
айқындау;
- мұғалімнің инновациялық құралының тиімділігі мен шығармашылығын
көрсету;
- сабақта критериалды бағалауды пайдалануды ескеру;
- тапсырманы орындауда оқушылардың жас ерекшеліктерін нұсқаулық
бойынша сәйкестігін ескеру;
- сабақта тапсырмаларды орындауда уақытты дұрыс бөлу;
- сабақта оқушылардың белсенділігінің көп түрлілігін көрсету;
- сабақтың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі тұрғысынан
жетістіктерін байқау;
- сабақтың креативтілігі мен тартымдылығын байқату;
- әр түрлі тапсырмалар орындау кезінде оқушылардың белсенділігін және
мұғалім жұмысын көрсететіндей бейнематериал жоғары сапалы нысанда
болуы тиіс.
6. Олимпиаданың жұмыс органдары
6.1. Олимпиаданы дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын
үйлестіру және жүзеге асыру үшін қалалық білім бөлімінің бұйрығымен
ұйымдастыру комитеті құрылады.
6.2. Қалалық ұйымдастыру комитетінің төрағасы білім бөлімінің басшысының
орынбасары болып табылады.
6.3. Қалалық ұйымдастыру комитеті «Қостанай қаласы әкімдігінің білім
бөлімі» ММ әдістемелік кабинеті ұйымдастырады:
1) олимпиаданың барлық кезеңдерін өткізудің жалпы тәртібін анықтайды;
2) олимпиадаға тікелей басшылық жасауды жүзеге асырады;
3) олимпиаданы өткізудің қажетті ғылыми-әдістемелік деңгейін қамтамасыз
ету үшін пәндер бойынша әдістемелік комиссияларды құрады;
4) пәндік қазылар алқасының жұмысын ұйымдастырады;
5) қатысушылардың жұмысын бағалауда даулы сәттерді талқылайды және
қажетті жағдайда тиісті ішінара түзетулер енгізеді, қалалық олимпиаданың
қорытындысын талқылайды және қорытындылайды.
Қала,
аудан
Қатысушының
аты-жөні, тегі
(толық)
Жұмыс
орны
Білімі
Санаты
Жұмыс
өтілі
Байланыс
телефоны
65
7. Олимпиаданың қазылар алқасы
Қалалық олимпиаданың пәндік қазылар алқасы төрағадан (төрайымнан) және
оның мүшелерінен тұрады. Олимпиаданың қазылар алқасының төрағасы
(төрайымы) мен оның мүшелерін қалалық ұйымдастыру комитетінің
ұсынысымен білім бөлімі бекітеді.
8. Олимпиада қатысушыларының тапсырмаларды орындауына
талдау жүргізу тәртібі туралы
Жұмыстарды бағалауда барынша әділдікті қамтамасыз ету үшін әрбір
кезеңнен кейін барлық олимпиада қатысушыларымен тапсырмалардың
талдауы жүргізіледі. Мақсаты – жұмыстарды бағалауда олимпиадаға
қатысушылар мен қазылар алқасы мүшелерінің арасында толық өзара
түсінушілікке қол жеткізу болып табылады.
9. Олимпиаданың қорытындысын шығару және қатысушыларды
марапаттау
9.1. Қалалық олимпиаданың жеңімпаздары пәндік қазылар алқасының шешімі
бойынша қалалық білім бөлімінің дипломдарымен, мадақтау қағаздарымен
марапатталады.
«ҮЗДІК ЖҒБ КӨПТІЛДІ МҰҒАЛІМ»
ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ
ЕРЕЖЕСІ
Оқушыларды
оқытудағы
көптілділік
идеяларын
іске
асыратын
шығармашылық, талантты мұғалімдерді анықтау мақсатында «Үздік ЖҒБ
көптілді мұғалім» қалалық сайысы өтеді; мұғалімнің оң әлеуметтік және
кәсіби имиджін қалыптастыру, педагогикалық инновацияларды қолдау және
ынталандыру; педагогикалық тәжірибені жалпылау нысандарын жетілдіру.
1. Байқауды өткізу нысаны, ережесі, мерзімі
Байқау 2019 ж. қазан айында үш кезеңде өткізіледі:
1 кезең – Жаңартылған білім беру мазмұны аясында көптілділік енгізу
бойынша мұғалім жұмысының презентациясы.
байқау тапсырмасы: байқауға қатысушыларының өз презентациясы
Өткізу мерзімі: 2019 жылғы қазан
2 кезең – «Ұстаздық шеберлік»
байқау тапсырмасы – өз мектебінің сыныбында ашық сабақ
Өткізу мерзімі: 2013 жылғы 13 қыркүйек
2 кезең – «Ұстаз шеберлігі» (таныс емес сыныпта ашық сабақ өткізу).
Өткізу мерзімі: 2013 жылғы 18 қыркүйек
3 кезең – өз педагогикалық тәжірибесі басылымы (дайджест)
Сайыстық тапсырма -
66
Байқауға қатысушылар
Сайысқа мемлекеттік және орыс тілінде оқытылатын қала мектептерінің
бастауыш сынып және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пән мұғалімдері өз
еркімен қатыса алады (еңбек өтіліне байланысты) сайыскерлер үш аталым
бойынша қатысады :
«Үміт» аталымына – педагогикалық жұмыс өтілі 3 жылдан 5 жылға дейін ;
«Шеберлік шыңы» аталымына – педагогикалық жұмыс өтілі 6 жылдан 15
жылға дейін ;
«Шоқ жұлдызы» аталымына – педагогикалық жұмыс өтілі 16 жылдан
жоғары.
2. Ұйымдастырушы комитет және байқаудың әділ қазылар алқасы
Сайысты дайындау және өткізу үшін білім бөлімінің және қала
мектептерінің өкілдерінен ұйымдастырушы комитет құрылады. Сайысқа
қатысушылардың еңбегі екі құрамынан құралған әділ қазылар алқасымен
бағаланады (өзін-өзі таныстыру тіліне байланысты).
Сайыстың әділ қазылар алқасы жоғары оқу орындарының тәжірибелі
ұстаздарынан, мектеп басшылары мен тәжірибелі ұстаздарынан, білім
бөлімінің өкілдерінен құрылады.
Сайыстың әділ қазылар алқасы:
- түскен мәліметтерге сараптама жүргізеді
- ұстаздың әрекетін, өзіндік қасиетін, жұмысының нәтижесін бағалайды.
3. Байқау мазмұны.
Сайыстың барлық кезеңдерінде әділ қазылар алқасы сайыскерлерді
бағалайды:
- кәсіби шеберлігін
-
мұғалім жұмысының жүйесін
- мұғалім әрекетінің тиімділігі мен нәтижелігін
- жеке қасиеттерін (педагогикалық көкейкөздігі, суырып салмалылығын,
ұйымдастырушылық қабілеттері және жаңашылдығы қаралады)
Бірінші кезең
1 сайыс тапсырмасы: «Өз презентациясы»
Мақсаты : сайыстың педагогикалық кредосы мен қатысушының тұлғалық
әлеуетін паш ету. (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде)
Сайыстық тапсырмаларды бағалау критерийлері:
1) өздерінің педагогикалық қызметіндегі мәселелерді, міндеттерді және
нәтижелерді қалыптастыру қабілеті;
2) Ақпараттың жеткіліктілігі, қысқаша (қысқа уақыт ішінде өздерінің
педагогикалық іс-әрекеттерінің негізгі идеяларын сипаттау)
3) мұғалімнің жеке бейнесі (әдемілік, өз абыройын көрсете білу қабілеті)
Әр қатысушының визиткасының ұзақ уақыты 7 минутқа дейін.
Екінші кезең
Достарыңызбен бөлісу: |