№
|
Жобаның бабы, тармағы, тармақшасы
|
Қолданылып жүрген редакция
|
Ұсынылған редакция
|
Негіздеме/түсініктеме
|
1. «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына
|
1
|
23-тармақ, бірінші абзац
|
23. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор ретінде тіркеуде есепте тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ тұлғаға, резидент еместі қоса алғанда, заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін, арнайы қаржы компаниясы облигацияларының шығарылымын қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банк шоттарын, резидент емес заңды тұлғалардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың жинақ шоттарын, шетелдік корреспондент банктердің корреспонденттік шоттарын, мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер алуға арналған банк шоттарын қоспағанда, банктер банк шоты ашылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті мемлекеттік кіріс органын хабарламаларды кепілдікпен жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, көрсетілген шоттардың ашылғаны туралы хабардар етеді.
Техникалық проблемаларға байланысты осындай электрондық арналар арқылы көрсетілген шоттарды ашу туралы хабарлау мүмкін болмаған кезде хабарлама салық төлеушінің орналасқан (тұратын) жері бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде қағаз тасымалдағышпен жіберіледі.
|
23. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін, арнайы қаржы компаниясы облигацияларының шығарылымын қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банк шоттарынан, бейрезидент заңды тұлғалардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың жинақ шоттарынан, шетелдік корреспондент банктердің корреспонденттік шоттарынан, мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банк шоттарынан басқа, бейрезидентті қоса алғанда, заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор ретінде тіркеуде есепте тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ тұлғаға банк шоты ашылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей банктер мемлекеттік кірістер органын хабарларды кепілдікпен жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, көрсетілген шоттардың ашылғаны туралы хабардар етеді.
|
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында.
|
2
|
43-тармақтың
1) тармақша
|
1) шоттың:
заңды тұлға клиентті таратуға немесе қайта ұйымдастыруға;
жеке және заңды тұлғаның шотында бір жылдан астам уақыт ақша болмауына;
жеке және заңды тұлғаның шотында бір жылдан астам уақыт ақша қозғалысының болмауына;
клиенттің банк шоты ашылған банктің таратылуына;
жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензиядан айырылған жағдайда клиенттің банк шоты ашылған банктің қайта ұйымдастырылуына байланысты жабылған жағдайларды қоспағанда:
банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың банк шотына қойылған орындалмаған талаптары, оның ішінде өкімдері, сондай-ақ уәкілетті органдардың немесе клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар лауазымды тұлғалардың шешімдері (қаулылары);
|
1) шоттың:
заңды тұлға клиенттің таратылуына немесе қайта ұйымдастырылуына;
жеке және заңды тұлғаның шоттарында бір жылдан астам уақыт ақша болмауына;
жеке және заңды тұлғаның шоттарында бір жылдан астам уақыт ақша қозғалысының болмауына. Банк шот иесіне шотта ақша қозғалысының жоқ екендігі және хабарланған күннен бастап үш ай аяқталған соң оның жабылатындығы туралы хабарлайды. Егер хабарланған күннен бастап үш ай ішінде шоттың иесі шот бойынша операцияларды қайта қалпына келтірмесе, банк шоты шартын банк біржақты тәртіппен бұзады және ақша қалдығын Азаматтық кодекстің 291-бабына сәйкес нотариус депозитіне аудара отырып, шотты жабады;
клиенттің банк шоты ашылған банктің таратылуына;
жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензиядан айырылған жағдайда, клиенттің банк шоты ашылған банктің қайта ұйымдастырылуына;
Банктер туралы заңда көзделген тәртіппен банктің ислам банкіне конвертация нысанында қайта ұйымдастырылуына байланысты жабылған жағдайларды қоспағанда, банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың банк шотына қойылған орындалмаған талаптары, оның ішінде өкімдері, сондай-ақ уәкілетті органдардың немесе клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар лауазымды тұлғалардың шешімдері (қаулылары).
|
СК 1-тармағына негіздемені қараңыз.
|
2. «Банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 13 қазандағы № 395 қаулысына
|
3
|
тақырыбы
|
Банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру нұсқаулығын бекіту туралы
|
Қазақстан Республикасының аумағында банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
|
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында.
|
4
|
1-тармақ
|
1. Қоса беріліп отырған Банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру нұсқаулығы бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап екі апта өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.
|
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
|
СК 3-тармағына негіздемені қараңыз.
|
5
|
тақырыбы
|
Банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру нұсқаулығы
|
Қазақстан Республикасының аумағында банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидалары
|
СК 3-тармағына негіздемені қараңыз.
|
6
|
1-тармақ
|
1. Осы Нұсқаулық екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - банктер) Қазақстан Республикасының аумағында клиентке банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыруын, сондай-ақ ақшаның осындай төлемі мен аударымына қатысушыларға қойылатын талаптарды нақтылайды.
|
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банктер) Қазақстан Республикасының аумағында клиентке банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
|
СК 3-тармағына негіздемені қараңыз.
|
7
|
3-тармақтар
|
3. Осы Нұсқаулық банктен тыс қолма-қол ақшаны нақты берумен байланысты қатынастарды реттемейді.
|
3. Қағидалар банктен тыс қолма-қол ақшаны нақты берумен байланысты қатынастарды реттемейді.
|
СК 3-тармағына негіздемені қараңыз.
|
8
|
4-тармақтар
|
4. Осы Нұсқаулықта «Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Төлемдер туралы заң) 3-бабында және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1155 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Төлем тапсырмаларды, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысында көзделген негізгі ұғымдар қолданылады.
|
4. Қағидаларда «Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер туралы заң) 3-бабында және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1155 тіркелген «Төлем тапсырмаларды, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысында (бұдан әрі – № 179 нұсқаулық) көзделген ұғымдар пайдаланылады.
|
СК 3-тармағына негіздемені қараңыз.
|
9
|
8-тармақ
|
8. Төлем хабарламаларында осы Нұсқаулықтың 11-тармағында белгіленген міндетті деректемелер болуы тиіс. Осы тармақта көзделген нормалар коммуналдық қызмет көрсету ақысын төлеуге арналған шот-хабарламаларға, жеке тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың бюджетке төленетін төлемдерді төлеуіне арналған түбіртек-хабарламаларға, сондай-ақ зейнетақы жарналарын аударуға және әлеуметтік аударымдарды төлеуге арналған түбіртек-хабарламаларға қолданылмайды.
|
8. Төлем хабарламаларында Қағидалардың 11-тармағында белгіленген міндетті деректемелер болады. Осы тармақта көзделген нормалар коммуналдық қызмет көрсету ақысын төлеуге арналған шот-хабарламаларға, жеке тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың бюджетке төленетін төлемдерді төлеуіне арналған түбіртек-хабарламаларға, сондай-ақ зейнетақы жарналарын аударуға және әлеуметтік аударымдарды төлеуге арналған түбіртек-хабарламаларға қолданылмайды.
|
СК 3-тармағына негіздемені қараңыз.
|
10
|
13-тармақ
|
13. Жеке тұлға бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламаны осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы бланктерде, дара кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы немесе адвокат осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы бланктерде ұсынады.
Заңды тұлға бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламаны осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы бланктерде ұсынады. Заңды тұлға өзінің филиалдары (өкілдіктері, құрылымдық бөлімшелері) үшін бюджетке төлемдер төлеген кезде «ақша жөнелтуші» бағанында заңды тұлға филиалының (өкілдігінің, құрылымдық бөлімшесінің) атауы көрсетіледі, «БСН» бағанында филиалдың (өкілдіктің, құрылымдық бөлімшенің) бизнес - сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі, «ақша жөнелтушінің мекенжайы мен телефоны» бағанында заңды тұлғаның мекенжайы және телефоны көрсетіледі.
Көлік құралдарына салық төлеу кезінде «Төлем атауы» бағанында көлік құралының сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Бұл деректеме төлем хабарламасының «Төлем атауы» бағанында «Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салық» жазуының астында мынадай ретпен көрсетіледі: «VIN» сөзі, көлік құралының сәйкестендіру нөмірі, «/V» символдары.
Салық төлеушінің алушы-банкке қолма-қол ақша енгізу күні ақша жөнелтушінің бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламада көрсеткен күнімен сәйкес келеді. Бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламада оның атауына сәйкес келетін бюджеттік жіктеу коды көрсетіледі. Жөнелтуші бенефициар деректемелерінің және бюджеттік жіктеу кодының дұрыс көрсетілуін қамтамасыз етеді.
Зейнетақы жарналарын аударуға арналған түбіртек-хабарлама осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы бланктерде ұсынылады.
Әлеуметтік аударымдарды төлеуге арналған түбіртек-хабарлама осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы бланктерде ұсынылады. 50-ден астам позициядан (аты-жөннен) тұратын осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасы екінші бөлігі алушы-банкке электрондық тасымалдауыштардағы көшірмесі қоса беріле отырып ұсынылады. Алушы-банк қажет болған жағдайда, егер бұл алушы-банктің ішкі құжаттарында белгіленген болса, 50 және одан аз позициядан (аты-жөннен) тұратын осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасы екінші бөлігінің электрондық көшірмесін ұсынуды талап етеді.
|
13. Жеке тұлға бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламаны Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы бланкіде, дара кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы немесе адвокат Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы бланкілерде ұсынады.
Заңды тұлға бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламаны Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы бланкіде ұсынады. Заңды тұлға өзінің филиалдары (өкілдіктері, құрылымдық бөлімшелері) үшін бюджетке төлемдер төлеген кезде «ақша жөнелтуші» деген бағанда заңды тұлға филиалының (өкілдігінің, құрылымдық бөлімшесінің) атауы көрсетіледі, «БСН» деген бағанда филиалдың (өкілдіктің, құрылымдық бөлімшенің) бизнес - сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі, «ақша жөнелтушінің мекенжайы мен телефоны» деген бағанда заңды тұлғаның мекенжайы және телефоны көрсетіледі.
Көлік құралдарына салық төлеу кезінде «Төлем атауы» деген бағанда көлік құралының сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Бұл деректеме төлем хабарламасының «Төлем атауы» деген бағанында «Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салық» деген жазудың астында мынадай ретпен көрсетіледі: «VIN» сөзі, көлік құралының сәйкестендіру нөмірі, «/V» символдары.
Салық төлеушінің алушы-банкке қолма-қол ақша енгізген күні ақша жөнелтушінің бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламада көрсеткен күнімен сәйкес келеді. Бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламада оның атауына сәйкес келетін бюджеттік жіктеу коды көрсетіледі. Жөнелтуші бенефициар деректемелерінің және бюджеттік жіктеу кодының дұрыс көрсетілуін қамтамасыз етеді.
Зейнетақы жарналарын аударуға арналған түбіртек-хабарлама Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы бланкіде ұсынылады.
Әлеуметтік аударымдарды төлеуге арналған түбіртек-хабарлама Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы бланкіде ұсынылады. 50-ден астам позициядан (аты-жөннен) тұратын Қағидаларға 5-қосымшаның екінші бөлігінде көзделген хабарлама (әлеуметтік аударымдарға арналған) алушы-банкке электрондық тасымалдағыштардағы көшірмесімен қоса ұсынылады. Алушы-банк қажет болған жағдайда, егер бұл алушы-банктің ішкі құжаттарында белгіленген болса, 50 және одан аз позициядан (аты-жөннен) тұратын Қағидаларға 5-қосымшаның екінші бөлігінде көзделген хабарламаның (әлеуметтік аударымдарға арналған) электрондық көшірмесін ұсынуды талап етеді.
|
СК 3-тармағына негіздемені қараңыз.
|
11
|
15-тармақтың бірінші бөлігі
|
15. Ақша жөнелтушіден төлем хабарламасын қабылдаған кезде алушы банк оны акцептейді және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген мерзімде орындайды.
|
15. Ақша жөнелтушіден төлем хабарламасын қабылдаған кезде алушы банк оны акцептейді және Төлемдер туралы заңда белгіленген мерзімдерде орындайды.
|
СК 3-тармағына негіздемені қараңыз.
|
12
|
19-тармақтың бірінші абзацы және 1) тармақшасы
|
19. Банк ақша жөнелтушiнiң төлем хабарламаларын қабылдаудан мынадай жағдайларда бас тартуы тиiс:
1) төлем хабарламасы осы Нұсқаулық және (немесе) ақша аудару шарты белгілеген талаптарды бұза отырып толтырылғанда және (немесе) берілгенде;
|
19. Банк ақша жөнелтушінің төлем хабарламаларын қабылдаудан мынадай жағдайларда бас тартады:
1) төлем хабарламасы Қағидаларда белгiленген талаптарды және (немесе) ақша аудару шартының талаптарын бұза отырып толтырылғанда және (немесе) берiлгенде;
|
СК 3-тармағына негіздемені қараңыз.
|
13
|
19-3-тармақтың бірінші абзацы
|
19-3. Ақша жөнелтуші бюджетке төлемдерді электрондық терминалдар арқылы жүзеге асырған кезде чекте осы Нұсқаулықтың 19-2-тармағында көзделген деректемелерден басқа мынадай деректемелер болуы тиіс:
|
19-3. Ақша жөнелтуші бюджетке төлемдерді электрондық терминалдар арқылы жүзеге асырған кезде чекте Қағидалардың 19-2-тармағында көзделген деректемелерден басқа мынадай деректемелер болуға тиіс:
|
СК 3-тармағына негіздемені қараңыз.
|
14
|
19-5-тармақ
|
19-5. Электрондық терминалдар арқылы қолма-қол ақша қабылданғаннан және осы Нұсқаулықтың 19-2 және/немесе 19-3-тармақтарының талаптарына сәйкес жасалған чектер берілгеннен кейін банкте ақша жіберушінің алдында бенефициардың пайдасына төлем немесе ақша аударымын жүзеге асыру бойынша міндеттеме туындайды.
|
19-5. Электрондық терминалдар арқылы қолма-қол ақша қабылданғаннан және Қағидалардың 19-2 және/немесе 19-3-тармақтарының талаптарына сәйкес жасалған чектер берілгеннен кейін банкте ақша жөнелтушінің алдында бенефициардың пайдасына төлемді және/немесе ақша аударымын жүзеге асыру бойынша міндеттеме туындайды.
|
СК 3-тармағына негіздемені қараңыз.
|
15
|
24-тармақ
|
24. Ақша аудару үшiн ақша жөнелтушi банк қабылданған төлем хабарламасы немесе құрылған төлем хабары негiзiнде орындалуын Қазақстан Республикасының заң актілері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілері көздеген тәсiлдермен және тәртiппен жүзеге асатын тиiстi төлем тапсырмасын ресiмдейдi
|
24. Ақша аударымын жүзеге асыру үшін ақша жөнелтушінің банкі қабылданған төлем хабарламасы немесе құрылған төлем хабары негізінде орындалуы Төлемдер туралы заңда және № 179 нұсқаулықта көзделген тәсілдермен және тәртіппен жүргізілетін тиісті төлем тапсырмасын ресімдейді.
|
СК 3-тармағына негіздемені қараңыз.
|
16
|
28 -тармақтар
|
28. Банк бенефициарға төлем жасалғанын растайтын және ақша жөнелтушi төлем хабарламасының талаптары бар құжатты беруге мiндеттi.
|
28. Банк бенефициарға төлемнің жүзеге асырылғанын растайтын және ақша жөнелтушінің төлем хабарламасының талаптары бар құжатты береді.
|
СК 3-тармағына негіздемені қараңыз.
|
17
|
29 -тармақтар
|
29. Қолма-қол ақшаны алған кезде бенефициар аты-жөнiн, әкесiнiң атын (егер ол бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттың деректерiн, сондай-ақ алынған ақша сомасын, төлем валютасын мiндеттi түрде көрсете отырып банктiң тиiстi құжатында қол қоюға мiндеттi.
|
29. Қолма-қол ақшаны алған кезде бенефициар тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін, сондай-ақ алынған ақша сомасын, төлем валютасын міндетті түрде көрсете отырып банктің тиісті құжатына қол қояды.
|
СК 3-тармағына негіздемені қараңыз.
|
18
|
8-тарау
|
8. Тараптардың жауапкершілігі
38. Төлемдер туралы заңның және осы Банк шотын ашпай ақша аударуды жүзеге асыру нұсқаулығының, орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін осындай ақша аударуға қатысушылар 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексімен (Ерекше бөлімі), 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексімен, 1995 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген тәртіппен жауап береді.
|
8-тарау алып тасталсын
|
Заң техникасы
|
19
|
1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы
|
Банк шотын ашпай қолма-қол
жасалмайтын ақша төлемі мен
аударымын жүзеге асыру
нұсқаулығына 1-қосымша
Нысан
|
«Қазақстан Республикасының аумағында
банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын төлемдер
мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына
1-қосымша
Нысан»
|
СК 3-тармағына негіздемені қараңыз.
|
20
|
2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы
|
Банк шотын ашпай қолма-қол
жасалмайтын ақша төлемі мен
аударымын жүзеге асыру
нұсқаулығына 2-қосымша
Нысан
|
«Қазақстан Республикасының аумағында
банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын төлемдер
мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша
Нысан»
|
СК 3-тармағына негіздемені қараңыз.
|
21
|
3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы
|
Банк шотын ашпай қолма-қол
жасалмайтын ақша төлемі мен
аударымын жүзеге асыру
нұсқаулығына 3-қосымша
Нысан
|
«Қазақстан Республикасының аумағында
банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын төлемдер
мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына
3-қосымша
Нысан»
|
СК 3-тармағына негіздемені қараңыз.
|
22
|
4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы
|
Банк шотын ашпай қолма-қол
жасалмайтын ақша төлемі мен
аударымын жүзеге асыру
нұсқаулығына 4-қосымша
Нысан
|
«Қазақстан Республикасының аумағында
банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын төлемдер
мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына
4-қосымша
Нысан»
|
СК 3-тармағына негіздемені қараңыз.
|
23
|
5-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы
|
Банк шотын ашпай қолма-қол
жасалмайтын ақша төлемі мен
аударымын жүзеге асыру
нұсқаулығына 5-қосымша
Нысан
|
«Қазақстан Республикасының аумағында
банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын төлемдер
мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына
5-қосымша
Нысан»
|
СК 3-тармағына негіздемені қараңыз.
|
3. «Банктердің арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 қарашадағы № 428 қаулысына
|
24
|
тақырыбы
|
Банктердің арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережесін бекіту туралы
|
Банктер, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесін бекіту туралы
|
СК 3-тармағына негіздемені қараңыз.
|
25
|
1-тармақ
|
1. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережесi бекітілсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
|
1. Қоса беріліп отырған Банктер, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесі бекітілсін.
|
СК 3-тармағына негіздемені қараңыз.
|
26
|
тақырыбы
|
Банктердің арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережесi
|
Банктер, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесі
|
СК 3-тармағына негіздемені қараңыз.
|
27
|
1-тармақ
|
1. Банктердің арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi (бұдан әрі - банктер) мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының (бұдан әрі - банктік емес ұйымдар) арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережесi (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының банктерінің (бұдан әрі - банктер) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - банктік емес ұйымдар) теңгемен корреспонденттік шоттарды ашу, жүргізу және жабу ерекшеліктерін, сондай-ақ банктер мен банктік емес ұйымдардың төлемдері мен ақша аударымдарының көлеміне белгіленген лимитті есептеу тәртібін белгілейді.
|
Банктер, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы банктерінің (бұдан әрі – банктер) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банктік емес ұйымдар) теңгемен корреспонденттік шоттарды ашу, жүргізу және жабу ерекшеліктерін, сондай-ақ банктер мен банктік емес ұйымдардың төлемдері мен ақша аударымдарының көлеміне белгіленген лимитті есептеу тәртібін белгілейді
|
СК 3-тармағына негіздемені қараңыз.
|
28
|
21-тармақтың екінші бөлігі
|
Банк және/немесе банктiк емес ұйым үшін белгіленген лимит «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық, жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрi - Орталық) төлем жүйелері арқылы өткен айда жүзеге асырылған қолма-қол жасалмайтын жіберілген төлемнің жалпы көлемінің проценттік қатынасына есептеледі. Орталық арқылы жүзеге асырылған қолма-қол жасалмайтын жiберiлген төлемнiң жалпы көлемiне Орталықтың банкаралық ақша аудару жүйесi арқылы жүзеге асырылған қолма-қол жасалмайтын жiберiлген төлемдерiнiң көлемi және Орталықтың клиринг палатасының клиринг нәтижелерi бойынша дебеттiк таза позиция сомасын шегерiп тастағандағы Орталықтың клиринг палатасы арқылы жүзеге асырылған төлемдер кiредi.
|
Банк және/немесе банктiк емес ұйым үшін белгіленген лимит «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрi – Орталық) төлем жүйелері арқылы өткен айда жүзеге асырылған қолма-қол ақшасыз жіберілген төлемнің жалпы көлемінің пайыздық арақатынасымен есептеледі. Орталықтың төлем жүйелері арқылы жүзеге асырылған қолма-қол ақшасыз шығыс төлемдерінiң жалпы көлемiне банкаралық ақша аудару жүйесi арқылы жүзеге асырылған шығыс төлемдерінiң көлемi және банкаралық клиринг жүйесіндегі клиринг нәтижелерi бойынша дебеттiк таза позиция сомасы шегерiле отырып, банкаралық клиринг жүйесі арқылы жүзеге асырылған шығыс төлемдерінің көлемі кiредi.
|
СК 3-тармағына негіздемені қараңыз.
|
29
|
21-1-тармақ
|
21-1. Лимитті орындау жөніндегі талап Орталықтың төлем жүйелерінің пайдаланушылары болып табылмайтын банктік емес ұйымдарға қолданылмайды.
|
21-1. Лимитті орындау жөніндегі талап банкаралық ақша аудару жүйесінің және/немесе банкаралық клиринг жүйесінің қатысушылары болып табылмайтын банктік емес ұйымдарға қолданылмайды.
|
СК 3-тармағына негіздемені қараңыз.
|
30
|
22-тармақтың 1) тармақшасы
|
1) Орталықтың төлем жүйелері арқылы корреспонденттік шоттарға/корреспонденттік шоттардан ақша аудару;
|
1) банкаралық ақша аудару жүйесi немесе банкаралық клиринг жүйесі арқылы корреспонденттік шоттарға (корреспонденттік шоттардан) ақша аудару;
|
СК 3-тармағына негіздемені қараңыз.
|
4. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы операторы болатын төлем жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 265 қаулысына
|
31
|
тақырыбы
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы операторы болатын төлем жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
|
Қазақстан Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы оператор ретінде әрекет ететін төлем жүйелерінің жұмыс iстеу қағидаларын бекіту туралы
|
СК 3-тармағына негіздемені қараңыз.
|
32
|
1-тармақ
|
Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы операторы болатын төлем жүйелерінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
|
Қазақстан Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы оператор ретінде әрекет ететін төлем жүйелерінің жұмыс iстеу қағидалары бекітілсін
|
СК 3-тармағына негіздемені қараңыз.
|
33
|
тақырыбы
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы операторы болатын төлем жүйелерінің жұмыс істеу қағидалары
|
Қазақстан Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы операторы болатын төлем жүйелерінің жұмыс iстеу қағидалары
|
СК 3-тармағына негіздемені қараңыз.
|
34
|
1-тарау
|
1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы операторы болатын төлем жүйелерінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) немесе оның еншілес ұйымы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Орталық) арқылы операторы болатын төлем жүйелерін жұмыс істеу тәртібін белгілейді.
2. Қағидалар Орталықтың банкаралық ақша аудару жүйесі арқылы, сондай-ақ клиринг жүйесі арқылы ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыруға байланысты қатынастарға қолданылмайды.
3. Қағидаларда «Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) төлем жүйесі - төлем жүйесінің қатысушылары арасында ақша төлемі мен аударымын жүргізуді қамтамасыз ететін рәсімдердің, технологиялардың, инфрақұрылымдардың, құжаттардың және ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың жиынтығы;
2) төлем жүйесінің операторы (бұдан әрі - оператор) - төлем жүйесінің жұмыс істеуін, оның ішінде техникалық қызмет көрсетуді, төлем жүйесінің қатысушыларымен жасалған шарттар негізінде олардың арасындағы ақпараттық және технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін Ұлттық Банк немесе оның еншілес ұйымы;
3) төлем жүйесінің қатысушысы - жасалған шарттарға сәйкес белгілі бір төлем жүйесі шеңберінде ақша аударымы мен төлемін жүзеге асыру жөніндегі құқығы немесе міндеттемесі туындайтын жеке немесе заңды тұлға.
4. Төлем жүйелеріндегі төлемдер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүзеге асырылады.
|
1. Осы Қазақстан Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы оператор ретінде әрекет ететін төлем жүйелерінің жұмыс iстеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) немесе оның еншілес ұйымы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық) арқылы операторы болатын төлем жүйелерінің жұмыс істеу тәртібін белгілейді.
2. Қағидалар банкаралық ақша аудару жүйесі, банкаралық клиринг жүйесі арқылы төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға байланысты қатынастарға қолданылмайды.
3. Қағидаларда «Ақша төлемдері мен аударымдары туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) төлем жүйесі – төлем жүйесінің қатысушылары арасында төлемдер және ақша аударымдарын жүргізуді қамтамасыз ететін рәсімдердің, технологиялардың, инфрақұрылымдардың, құжаттамалардың және ұйымдық-техникалық іс-шаралардың жиынтығы;
2) төлем жүйесінің операторы (бұдан әрі – оператор) – төлем жүйесінің жұмыс істеуін, оның ішінде оған техникалық қызмет көрсетуді, сондай-ақ төлем жүйесінің қатысушыларымен жасалған шарттар негізінде олардың арасындағы ақпараттық және технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін Ұлттық Банк немесе оның еншілес ұйымы;
3) төлем жүйесінің қатысушысы – жасалған шарттарға сәйкес белгілі бір төлем жүйесі шеңберінде төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру жөнідегі құқық немесе міндеттеме туындайтын жеке және заңды тұлға.
4. Төлем жүйелеріндегі төлемдер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүзеге асырылады.
|
СК 3-тармағына негіздемені қараңыз.
|
5. «Қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 257 қаулысына
|
35
|
7-тармақтың 1) тармақшасы
|
1) банктің банкаралық ақша аудару жүйесі, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының клиринг жүйесі арқылы жүргізген төлемдерінің, электрондық банктік қызметтер нарығындағы (банк жүйесінде) төлемдерінің, банк пен оның қарсы агенттері арасында халықаралық ақша аударымы жүйесі арқылы ашылған корреспонденттік шоттар арқылы жүргізілген төлемдері мен аударымдары (бұдан әрі - қолма-қол ақшасыз төлемдер) жалпы сомасының банктердің қолма-қол ақшасыз төлемдерінің жиынтық көлеміндегі үлесі (К6);
|
1) банктің банкаралық ақша аудару жүйесі, банкаралық клиринг жүйесі арқылы жүргізген төлемдерінің, электрондық банктік қызметтер нарығындағы (банк желісінде) төлемдерінің, банк пен оның қарсы агенттері арасында ашылған корреспонденттік шоттар, халықаралық ақша аударымы жүйесі арқылы жүргізілген төлемдері мен аударымдары (бұдан әрі – қолма-қол ақшасыз төлемдер) жалпы сомасының банктердің қолма-қол ақшасыз төлемдерінің жиынтық көлеміндегі үлесі (К6);
|
СК 3-тармағына негіздемені қараңыз.
|