ТАРАТУ ҮШІН
Баспасөз релизі
HSBC Bank Plc еншілес ұйымын сатып алу жөніндегі мәміленің аяқталуы және Қазақстан
нарығында жаңа заңды тұлға - «Altyn Bank» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕБ) өз жұмысын
бастайтыны туралы
3 желтоқсан
2014 жыл
Қазақстанда HSBC Bank plc (бұдан әрі – «HSBC») және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі –
Халық банкі) арасындағы HSBC Қазақстандағы еншілес ұйымы «HSBC Банк Қазақстан» АҚ ЕБ
акцияларының 100%-н сатып алу жөніндегі мәміле аяқталды. 2014 жылғы желтоқсан айының басынан
Қазақстанның қаржы нарығында жаңа заңды тұлға - «Altyn Bank» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ
Еншілес банкі), (бұдан әрі – Банк), өз жұмысын бастады.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова: «Өтіп бара жатқан 2014 жылдың
маңызды кезеңдерінің бірі - еліміздің банк секторындағы шоғырлану үдерісінің басталуы, - деп атап өтті, -
Жылдың басында біз HSBC-мен оның Қазақстандағы еншілес банкін сатып алу туралы келісім жасадық. Көп
еңбекті талап еткен, тиянақты әрі ұзақ уақыт бойы жасалған жұмыс пен дайындықты жүргізу нәтижесінде,
реттеушінің мақұлдауын алғаннан кейін, мәміле сәттілікпен аяқталды. Бүгінгі күні Халық Тобы аса ірі
халықаралық қаржы конгломератының бизнес тәжірибесі бар тағы да бір құнды активке ие болды».
Халық Банкі Басшысының пікірі бойынша жасалған мәміле Қазақстанның банктік нарығындағы Халық
Банкінің жетекші жайғасымын нығайту, бөлшек сегментте, ірі ұлттық және Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік
компаниялар арасында жаңа клиенттерді тарту мүмкіндігін беріп, private banking және интернет-банкинг одан әрі
дамуына түрткі береді.
«Altyn Bank» АҚ Басқармасы Төрағасы Асқар Смағұлов «Мәміле аяқталғаннан кейін бас банктің
басшылығы жаңа банк бөлек заңды тұлға ретінде жұмыс істейтінін растады, - деді, - Бұл ең алдымен Банк
клиенттерінің мүддесінде жасалады, өйткені, біздің ойымызша, меншік иесі мен атауының ауысуы, олар үшін
үйреншікті болып қалған қызмет көрсетудің жоғары сапасына ешқандай әсер етпеуі тиіс. Біз, «Altyn Bank» АҚ
клиенттері бұл қадамға лайықты баға беретініне, және біздің Банк, басқа да еншілес компаниялармен қатар,
«Халық» қаржылық тобының кірісті әрі табысты компаниялар құрамына кіреді дегенге сенеміз.
Қазіргі уақытта Altyn Bank өз қызметін әмбебап банк ретінде іске асырып, өнімдер мен қызметтердің кең
ауқымын бөлшек, сондай-ақ корпоративтік клиенттерге ұсынады. Банк қызметінің негізгі бағыттары:
корпоративтік банкинг, жеке тұлғаларға арналған қызметтер, қазынашылық операциялар және жаһандық
нарықтар.
Бұрын хабарлағанымыздай, 2014 жылғы 26 ақпанда Халық Банкі HSBC Bank plc-мен Халық Банкінің
HSBC Қазақстандағы еншілес ұйымы – «HSBC Банк Қазақстан» АҚ ЕБ акцияларының 100%-н сатып алу туралы
келісім жасады. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Халық Банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
12.09.2014 жылғы №173 Қаулысына сәйкес «HSBC Банк Қазақстан» АҚ еншілес банкін сатып алуға Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің 15.09.2014 жылғы №114 рұқсатын алды. Бұған қоса, Халық Банкі Ұлттық Банктің
12.09.2014 жылғы №174 Қаулысына сәйкес Банктің банк холдингі мәртебесін алуға реттеушінің келісімін алды.
2014 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Банктің активтері 217.6 млрд. теңгені, міндеттемелері – 191.9
млрд. теңгені, меншікті капиталы – 25.7 млрд. теңгені құрды. Банк Алматы, Астана, Ақтау және Атырау
қалаларында клиенттерге қызмет көрсетеді.
***
Қазақстан Халық Банкі» клиенттер базасы және таралу желісі ең үлкен болатын Қазақстандағы жетекші
қаржы тобы және жетекші бөлшек банк болып табылады. Банк әмбебап қаржы тобы ретінде дамып келеді және өзінің
бөлшек сауда клиенттеріне, шағын және орта бизнестегі клиенттеріне, корпоративтік клиенттерге қызметтердің кең
ауқымын (банк қызметтері, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтерді және активтерді басқару жөніндегі қызметтерді)
ұсынуда. Сонымен бірге Банк өз операцияларын Ресейде, Грузияда және Қырғызстанда іске асырады.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
Баспасөз қызметі,
Ермек Койчебаев,
тел. +7 727 2 590 816,
www.halykbank.kz