Есірткілік заттар – ҚР-ның заңына сәйкес ҚР-ның бақылауында болатын есірткілік, психотроптық заттар тізіміне кіретін, синтетикалық немесе табиғи өсімдіктерде, препараттарда болатын заттар.
Жарамдылық мерзімі – дәрілік зат тиісті Мемлекеттік стандартының барлық талаптарын толық қанағаттандыру ағымын құрайтын мерзім
Қосалқы заттар – дайын дәрілік пішіндер өндіру процесінде, оларға қажетті қасиеттер беру үшін қолданылатын, табиғаты органикалық немесе бейорганикалық болатын заттар
Орама материалдар – дайын дәрілік заттарды мөлшерлеу, сақтау үшін арналған материалдар
Психотроптық заттар - ҚР-ның заңына сәйкес ҚР-ның бақылауында болатын есірткілік, психотроптық заттар тізіміне кіретін, синтетикалық немесе табиғи материалдарда, препараттарда болатын заттар.
Субстанция – фармакологиялық активтілігі бар және дәрілік препараттарды өндіру және жасап шығару үшін қолданылатын, шығу тегі табиғи, жануар тектес, микробты немесе синтетикалық болатын заттар.
Суспензия – рәсімделген дәрілік форма – құрамы дисперсті фазасы бір немесе бірнеше ұсақталған ұнтақ тәрізді дәрілік заттардан тұратын сұйық дисперстік ортада таралған сұйық дәрілік форма.
Достарыңызбен бөлісу: |