Биологиялық белсенді заттар – жануар және адам ағзасының физиологиялық функцияларының өзгерісін тудыратын және дәрілік құралдардың потенциалды шикізат көзі болып табылатын, табиғаты әртүрлі заттар.
Биоэквиваленттік – бірдей дозада және бірдей жағдайда енгізілгеннен кейін, бірдей биотиімділігін (сіңірілу жылдамдығы және дәрежесі) растайтын, олардың бірдей тиімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, екі дәрілік құралдың салыстырмалы сипаттамасы.
Гомеопатиялық дәрілік құралдар - өте аз мөлшерде өсімдік, жануар, минералды заттардан арнайы технологиямен дайындалған немесе 9 шығарылған, дәстүрлі емес емдеу тәсілі бойынша гомеопатия ережесіне сай қолданылатын, бір немесе көп компонентті дәрілік құралдар.
Достарыңызбен бөлісу: |