Тағайындалуына байланысты рецептуралық, стационарлық және материалдық таралар болып бөлінеді. Рецептуралық тара науқастарға дәрілік препараттарды босатуға арналған. Олар сыйымдылығы үлкен емес және қолдануға ыңғайлы болып келеді.
Сұйықтықтар сыйымдылығы 5-тен 500,0 г құтыларда, шаншуға арналған ерітінділер резина тығынмен және металл қалпақпен бекітіліп, жабылған нейтралды шыныдан жасалған құтыларда босатылады. Қою және жағармай тектес консистенциялы дәрілік препараттар шыныдан, фарфордан, пластмассадан және басқа материалдан, сыйымдылығы 5,0-ден 500,0 г банкаларда босатылады.
Достарыңызбен бөлісу: |