Дәрілік құралдар – ауруларды, сонымен қатар ағза функцияларының және күйінің өзгерулерін алдын-алуға, диагностикалауға, емдеуге арналған фармакологиялық белсенді заттар немесе құрамына фармакологиялық белсенді заттар кіретін құралдар.
Дәрілік құралдарға: дәрілік зат, дәрілік субстанция, табиғи дәрілік шикізат, дәрілік ангро– және балкөнімдер, дәрілік препараттар, иммунбиологиялық медициналық препараттар жатады. Дәрілік құралдарға, сонымен қатар, ауруларды диагностикалау, алдын-алу және емдеу мақсаттарымен қолданылатын парафармацевтиктер, медициналық техника және медицинада қолданылатын бұйымдар (контакты және көзді коррекциялауға арналған линзалар, бұйымдар және материалдар, инструменттер, қондырғылар, аспаптар, аппараттар) теңестіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |