Кез келген кен орындағы қолданылып жатқан технологиялық процестер биосфераның ластануының негізгі көзі болып табылады.
Бұл “қоршаған отаны қорғау” бөлім толығымен мұнай өнеркәсібіне арналып жазылған.
Объектің негізгі технологиялық процестері: өндіру, кәсіпорынның жинау жүйесіндегі пайлану, газды өңдеу. Көмекші объекттер: жөндеу қызметтері, лабораториялар, материалдар мен реагенттерді сақтау және т.б.
Көпшілік кәсіпорындар қоршаған табиғи ортаны мына себептердің нәтижесінде ластайды:
1. Мұнай және газ кен орындарын өндіру мен игеру процесінде ілеспе газды факелдерде жағу;
2. Булану аймағына ілеспе қабат суларын төгу;
3. Кен орнын игеру кезінде ұңғы өнімін жер бетіне төгу;
Мұнай және газ өнеркәсібінің ірі кешендердің және тұрғылықты жерлердің барлығында табиғаттың барлық компоненттері бар (ауа, су, өсімдіктер әлемі, жануарлар әлемі және т.б.). Су қоймасы және жер сфераларына жыл сайын 3 млрд.тоннадан аса қатты өндірістік қалдықтар, 500 км3 қауіпті су ағындары және 1 млрд. т. шамасында химиялық құрамы мен көлемі бойынша әр түрлі аэрозолдар төгіледі.
Мысалы: газды жағу факелдарын жою үшін көп өндірістерде ілеспе газды өңдейтін кішігірім зауыттар салынады.
5.1 Атмосфераны, литосфераны, гидросфераны ластану көзі ретінде технологиялық процестерді талдау
Біздің қарастырып отырған кен орындағы қоршаған табиғи ортаны ластайтын көздер газ өңдеу зауыты, кәсіпорынның жинау жүйесі, мұнай тауар парктері, сораптар, реагенттер қоймасы, тазалау құрылымдары, газ турбинды станциялары, резервуар парктері, газбен жанатын пештер болып табылады.
Ластауға әсер ететін көздердің бірі Жетібай мұнайгаз өңдеу зауыты болып табылады, оның негізгі технологиялық процестері мыналар:
Мұнайды 1-ші және 2-ші сатыда сепарациялау;
Мұнайды дайындау қондырғылары;
резервуарлы парктер;
Ілеспе газды қысу;
Моноэтаноламин ерітіндісімен газды күкірт сутек пен көмір қышқылдан тазарту;
Сілті әдісімен гшазды меркаптандардан тазарту;
Газды диэтиленгликолмен кептіру;
Жай күкіртті алу;
газды дайындау қондырғысы.
Кәсіпорынның жинау жүйесіне сепараторлар, факелдар жүйесі, дренажды ыдыстар кіреді, сондай-ақ олар атмосфераны ластайды.
5.1.1 Атмосфераның ластану себептері
Негізгі ластайтын заттар күкірт сутек, көмір сутек, меркаптандар, күкірт шаңдары, диэтаноламин (ДЭЛ), метил спирті, күкірт сутек тотығы, марганец қосылыстары, кремний қосылыстары, фторидтер, қаракүйе.
Мұнай кен орны, пештер және т.б. ластанудың 4-ші категориясына жатады. Мұнай дайындау және жинау пунктері 2-ші немесе 3-ші категориясына жатады.
Атмосфераның ластану көздеріне мыналар жатады: пайдалану ұңғылары, өлшеу қондырғылары, мұнай резервуарлары, сепараторлар, пештердің түтін шығатын трубалары, сораптар.
Негізгі тікелей ластануға қатысы барлар мыналар: газды жағу факелдар, пештерден шығатын трубалар, резервуардың қысымды және вакуумды шығаратын клапандары.
Ластануға тікелей қатысы жоқ бөлініп шыққан заттар – көмір сутек және күкірт сутек.
5.1.2 Гидросфераның ластану себептері
Мұнай кәсіпшілігі қабат суларына және жер беті суларына үлкен әсерін тигізеді.
Мұнай кәсіпшілігінде мынадай ағын сулар пайда болады:
● Мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған өндірістік сулар;
● Органикалық заттармен ластанған шаруашылық сулар;
● Қабат және жер беті суларының ластану себептері:
1. Тазаланбаған немесе жартылай тазаланған өндірістік және тұрмыстық ағын сулары;
2. Жер беті ағын сулары;
3. Дренажды ағын сулары;
4. Булану аймағына жоғары минералданған ілеспе қабат суының төгіліуі;
5. Құбырлардан, ыдыстардан және басқа да құрылымдардан улы сұйық материалдардың фильтрленгендері;
6. Ластайтын заттардың атмосфераға түсуі, яғни рельефтер және су объекттерінің бетіне қонуы;
7. Қалдықтар мен материалдарды сақтау орны, тасымалдау алаңы;
8. Төгілген мұнайлар, газ тазарту өнімдері, реагенттер және т.б.
5.1.3 Литосфераның ластану себептері
Литосфераға мұнай өндіру кешендерінің тигізетен кері әсері:
● Ескі нашар цементтелген ұңғылардан күкірт сутегінің жер қабатына жайылуы.
● Мұнайдың жерге төгілуі және материалдар мен қалдықтардың сақталуы.
5.2 Ұйымдастырылған шаралар
Қоршаған табиғи ортаны қорғау бойынша өтетін шараның жауаптысы қоршаған ортаны қорғау инженері. Табиғатты қорғау шарасының барлық жауапкершілігін өндірістің 1-ші жетекшісі атқарады.
Кәсіпорын аймағындағы экологияның бұзылуының азаюы бойынша ұйымдастырылған шараларға мыналар кіреді:
● Өндірістегі режимдер мен шикізаттарға бақылаудың автоматты жүйесін енгізу;
● Жұмысшыларды оқыту және үйрету;
● Ортаны және тастанды қалдықтарды бақылау жүйесін құру;
Бақылауды қажет ететіндер:
1. Өндірістің аса тиімді прцестерін, аз қалдықты және қалдықсыз технологиялық процестерін қолдану;
2. Табиғи қорларды тиімді пайдалану;
3. Жер беті және қабат суларын өндірістік қалдықтармен ластаудың алдын алу шаралары;
4. Авариялық ағын суларының алдын алу бойынша инженерлік шараларды іске асыру және өндіріс объектілерін экологиялы қауіпсіз пайдалану;
5. Өндіріс өнімдерінің және соған сай ластандырғыш заттардың өндіріс алаң бетіне түсуін болдырмау.
Жобалау және экологиялық тазалау технологиясын енгізуден, жаңа тазарту системасын енгізуден, экологиялық өнімді шығарудан басқа әрдайым табиғатты қорғау шаралары қажет.
5.3.1 Атмосфераны қорғау
Атмосфераның зиянды заттармен ластануын азайту үшін қауіпсіздік техникасын сақтау қажет және қондырғылардың бұзылмауын, беріктігін қадағалау қажет. Сондай-ақ ластануды шектеу бойынша технотогиялық шешім енгізу қажет.
Атмосфераның ластануын шектеу бойынша жобада келесі негізгі технологиялық шешімдер қарастырылады:
ТУ-39-РК1168001-97 сәйкесінше мұнай өнімінде күкірт сутектің құрамы аса шектеулі болуы керек.
5.1 кестесінде ауа атмосферасында зиянды заттардың ПДК мәні көрсетілген, сол арқылы жобаның қазіргі технологиялық процестер қарастырылған:
1. газды тазарту;
2. ілеспе газдың алдын ала тазартырылуы;
Зауыт тоқтап, қондырғыны ауыстырған кезде газдың күкірт сутегімен бірге шығуын және сақтандырғыш клапандардан газдың шығуын алдын алу үшін жанғанда ыс шығармайтын факел қарастырылған.
5.1 – кесте Ауа атмосферасындағы зиянды заттардың ПДК-сы
Заттардың атаулары
|
Тұрғылықты жерде
|
Жұмыс зонасында
|
Азот диоксиді
|
0,085 // 0,04 мг/м
|
2,0 мг/м
|
Азот оксиді
|
0,085 // 0,04 мг/м
|
5,0 мг/м
|
Аммиак
|
0,2 // 0,04 мг/м
|
20,0 мг/м
|
Бензапирен
|
0,1 мкг/100м
|
0,00015 мг/м
|
Достарыңызбен бөлісу: |