Сабақтың жоспары:
Экзогендік процестердің жалпы сипаттамасы
Гипергенез және үгілу қыртысы
Желдің геологиялық әрекеті
Жер бетіндегі ағын судың геологиялық әрекеті
1. Экзогендік процестердің негізгі энергия көзі, жоғарыда айтылғандай, Күннің жылу энергиясы және гравитациялық күштер болып саналады. Олар төрт топқа: 1) үгілу; 2) үгілу өнімдерінің жаңа орынға тасымалданып көшуі, яғни орын ауыстыруы; 3) аккумуляция (шоғырланып жиналу); 4) диагенез (шөгінділердін, тасқа айналуы болып ажыратылады.
Үгілу (выветривание — немісше “веттер” — ауа райы деген мағынада) процесі деп, жер қыртысын құрайтын алғашқы заттардың (магмалық, метаморфтық және шөгінді жыныстардың) жер бетінде табиғи жағдайда үздіксіз жүріп жататын (физикалық, химиялық және биохимиялық) әр түрлі әрекеттердің нәтижесінде (ыстық ауа мен салқын ауаның кезек алмасуы, жауын-шашын, су мен жел, ауадағы оттегі мен көмір қышқыл газының және әр түрлі қышқылдардьщ химиялық әсері, күн радиациясы, тірі организмдер мен өсімдіктердін, әрекеттері) байқалатын өзгерістердін, жиынтығын айтады.
Денудациялық (латынша “денудацио” — ашылу) процесс — үгілу заттарының денудациялық агенттердің (гравитациялық күштер, мұхиттар мен теңіз сулары және атмосфералық сулар мен құрлық сулары, мұздықтар мен соққан жел әрекеттері) күшімен жаңа орынға тасымалданған тау жыныстарының орын ауыстыру әрекеттерін қамтиды. Бұл әрекеттердің нәтижесінде жер беті тегістеліп, тегіс пішінді бедер түрлері калыптасады.
Аккумуляциялық, (шөгінді қабаттардың жиналуы) процестердің нәтижесінде, алғашқы жыныстардың (магмалық, метаморфтық) үгілу заттары жер бедерініқ ойыс немесе шұңғыл аудандарында (өзен аңғарларында, көлдер мен батпақтарда, мұхиттар мен теңіздерде) тұнбалар түрінде шөгінді қабаттар түзіледі.
Диагенез — борпылдақ шөгінді қабаттардың цементтеліп, шөгінді тау жыныстарына айналуына әсерін тигізетін термодинамикалық күрделі процесс. Мысалы, құмнан — құмтас, жұмырланған малта тастан — конгломерат, су жәндіктерінің қалдықтарынан — қабыршақтас (ракушняк), өсімдіктер қалдықтарынан — торф, тас көмір қабаттары пайда болады, ал құмға араласқан ізбесті лайдан ізбестас түзіледі.
Экзогендік геологиялық процестердің барлығы да бір-бірімен өте тығыз байланысты. Бұл әрекеттердің қарқындылығы әр түрлі геологиялық, физикалық-географиялық және т. б. көптеген факторларға тәуелді.
Олардың ішінде жер қыртысының тектоникалық қозғалыстары, климаттық жағдайы мен геологиялық құрылыс ерекшеліктері, бедер пішіндері және уақыт мерзімдері маңызды роль атқарады. Экзогендік процестердің арқасында жер қыртысының топырақ қабаты және әр түрлі пайдалы қазбалар құралады. Пайдалы қазбалардың дүниежүзілік мөлшерінің ~60%-і экзогендік процестерге байланысты түзілген кен-орындарынан өндіріледі.
Сонымен қатар өзен, көл және теңіз жағалауларының бұзылуы, құлама жарқабақтардың опырылып құлауы немесе сырғып жылжуы, қар көшкіндері, тау беткейлерінің бұзылып шайылуы, терең сайлардың ұлғаюы және кейбір аудандардың батпаққа айналуы секілді қолайсыз жағдайлар экзогендік геологиялық процестердің нәтижесі болып саналады. Әрине, мұндай күтпеген оқиғалардың халық шаруашылығына тигізетін зияны орасан зор.
2. Гипергенез деп, жер бетіндегі және жер қыртысының жоғарғы бөліктерін құрайтын минералдық заттардың физикалық-химиялық әрекеттердің нәтижесінде өзгеруін айтады. Бұл әрекеттер атмосфераның, гидросфераның және тірі организмдердің қатысуымен жүріп жатады.
Гипергендік процестерге байланысты химиялық ажырау, еру, гидратация (су қосып алу, жұту), карбонаттану (көміртегімен қосылу) процестері байқалады. Үгілу қыртысының, тотығу зонасының, топырақ қабатының пайда болуы, өзен, көл, теңіз, мұхит суларының химия лық құрамының қалыптасуы, хемогендік (химиялык туындылар) және биогендік шөгінділердің түзілуі гипергендік процестермен тікелей байланысты. Бұл процестердің жүруіне химиялық ортаның қышқылдығы мен сілтілігі, тотығу мен тотықсыздану көп әсерін тигізеді. Бұлармен қатар сорбция (жұтып бойға сіңіру), гельдердің кристалдануы, қайта тұну, иондық алмасу, биохимиялық әрекеттердің маңызы зор. Бұл кұбылыстардың климат ерекше ліктеріне байланыстылығын алғаш рет В. В. Докучаев айтқан еді.
1-сурет. Қатты жыныстардыц жұмсақ (борпылдақ) түрге айналуы.
Үгілу қыртысы — жер бетіндегі тау жыныстарын құрайтын минералдардың өзгеру, бұзылу немесе ыдырау әрекеттеріне байланысты құралады (1-сурет).
процестері физикалық (механикалық), химиялық және биохимиялық болып ажыратылады.
Физикалық үгілу кезінде тау жыныстары мен минералдардың жарықтары мен жарықшақтарындағы судың қатуы, су құрамындағы тұздардың кристалдануы көп әсерін тигізеді. Химиялық үгілу судың ауа құрамындағы оттегі және көмір қышқыл газы, сонымен бірге, әр түрлі органикалық қышқылдар мен организмдердің тіршілік әрекетімен тығыз байланысты.
Су минералдарды, тау жыныстарын ерітеді; гидротациялық құбылыстарды туғызады. Оттегі тотығуды күшейтеді; көмір қышқылы судың химиялық активтігін және сутегі иондарының концентрациясын арттырады. Осындай әрекеттердін, нәтижесінде жаңа минералдар түзіледі. Мысалы, дала шпаттары — каолинитке, слюдалар — гидрослюдаларға айналады.
Аридтік, биік таулық, полярлық аймақтарда физикалық үгілу, ал қоңыржай-ылғалды, субтропиктік зоналарда — химиялық үгілу басым келеді. Үгілу заттары борпылдақ, кесек бөлшектерден құралған немесе сазды жыныстардан тұрады. Жасына карай үгілу қыртысы көне және қазіргі жас қабаттар болып ажыратылады.
Жер асты суларынын, деңгейінен төмен жатқан үгілу қыртысы — тереңдік (0,5—1,0 км) үгілу деп аталады. Үгілу аймағында байқалатын әрекеттер гипергендік процестер, ал үгілу аймағы — гипергендік зона деп аталады.
Үгілу қыртысы жердің даму тарихының барлық кезеңдерінде орын алған, әсіресе мезозойда күшті дамыған. Протерозойлық үгілу қыртысы — Қарелияда, ал мезозойлық — Батыс Украинадан Қиыр Шығысқа дейін және Солтүстік Мұзды мұхиттан Орта Азия тауларына дейін созылып жатыр.
Үгілу қыртысында кен-орындары жиі кездеседі. Физикалық (механикалық) үгілу әрекеттеріне байланысты керек бөлшектер арасында кездесетін, химиялық үгілуге байланысты инфильтрациялық (қалдық) кен-орындары түзіледі. Қалдық кен-орындары латериттер, темір және марганец рудалары, күкірт және бор кендерінің бетінде кездесетін ашудас (NаСІ) пен гипс (СаSО4-2Н2О) қабаттары түрінде кездеседі.
Инфильтрациялық кен-орындары, үгілу заттарының суда еріп, басқа жыныстармен алмасу реакцияларына араласуы нәтижесінде құралады. Бұған мысал ретінде фосфорит, борат, ванадий, уран, темір, марганец, радий, барит, гипс, магнезит, исландия шпаты және т. б. атауға болады.
3. Желдің атқаратын геологиялық қызметі эолдық процестер (ескі грек аңыздары бойынша “Эол” — жел құдайы деген мағынада) деп аталады. Бұл процестердің нәтижесінде тау жыныстары қажалып, бұзылады немесе үгіліске ұшырайды. Ал үгілу заттары желдің әсерінен (үрлеу күшіне) бір орыннан екінші бір орынға ұшып қонады. Желдің геологиялық әрекеті әр түрлі процестермен сипатталады.
Корразия (латын тілінде “корразио” — қажаймын деген мағынада) деп, жел айдап ұшырған ұсақ құм түйіршіктердің жер бетіндегі жар тастарды мүжіп, тау жыныстарына тигізетін механикалық әсерін айтады.
Дефляция (латын тілінде “дефлятцио” — үрлеу деген мағынада) деп, үгіліске ұшыраған борпылдақ жыныстардың ұсақ құм түйіршіктерінің (желдің үрлеу күшіне қарай) жаңа орынға ұшып-қонуын айтады. Ал желдің үрлеу күші, оның, жылдамдығымен анықталады.
Дефляциялық әрекет шөлді аймақтарда жиі байқалады. Дефляция жазық жерге қарағанда жел өтінде орналасқан белесті үстірттерде күшті дамиды. Мұндай әрекеттерге байланысты әр түрлі пішіндегі скульптуралық бейнелер (саңырауқұлақ немесе бағана т. б. тәрізді) қалыптасады.
Сазды, құмды жыныстан құралған шөлді далалар мен шөлейт жерлерде дефляциялық шағын ойыстар жиі кездеседі. Олар желдің құйындап соғуынан пайда болады.
Ауаның қозғалыс жылдамдығы артқан сайын желдің геологиялық әрекеті де күшейе түседі. Мысалы, ауаның қозғалыс жылдамдығы 4,5 м/с — 6,5 м/с болған жағдайда, ірілігі 0,25 мм-ге дейінгі үгілу заттары қозғалысқа ұшырайды; 10—11 м/с болғанда ірілігі 0,5— 1 мм-лік түйіршіктер қозғалысқа араласады; 20—30 м/с-ке жеткенде 4 мм-лік кейде одан да ірі кесек бөлшектер домалай қозғалып, орын ауыстырады; жел жылдамдығы 30 м/с немесе одан да жоғары болған кездері ағаштар тамырымен қопарылып жатады, ал 50—80 м/с жылдамдықпен қозғалған кездері апатты жағдайға ұшыратады. Жел дауыл боп соққанда үгілу заттарының зор массасы шаң-тозаңдар түрінде ауаға көтеріліп, алыс жерлерге көшіп қонады.
Бұл әрекеттердің жиі байқалатын орындары — құрғақ және ыстық климаттық аймақтар. Сонымен қатар өсімдік өспейтін жалаңаш тасты тау-жоталары, өзендер мен теңіз жағалауы болып саналады.
Коррозия мен дефляциялық процестер бір-бірімен өте тығыз байланысты. Бұл процестердін, нәтижесінде жер бедері әр түрлі пішінде қалыптасады. Мысалы, мұнара, бағана, саңырауқұлақ, сүйіртас, сандықтас секілді пішіндер жиі кездеседі. Кейде олардың сыртқы көрінісі адамның немесе жануарлардың кескініне ұқсас болып келеді.
Бедердің дұрыс пішіндері берік жыныстардың арасында, ал бұрыс пішінді бедер түрлері жұмсақ, борпылдақ жыныстар арасында жиі байқалады.
Желдің тасымалдау әрекеті нәтижесінде ірілігі 1 мм-ге дейінгі құм және шаң-тозаң түріндегі үгілу заттары басқа орындарға ұшып қонады. Ал үгілу заттарының бұдан ірілеу бөлшектері тек дауылды жел соққанда ғана орын ауыстырып, көшіп-қонуы мүмкін.
Жел үрлеген үгілу заттары жер бетімен домалай қозғалады, ал ауа қабатына ұшып көтерілген жағдайда желдің соғу бағытына қарай қозғалады. Мысалы, Африка шөлдерінің шаң-тозаңы Атлант мұхитының жағалауларына дейін (2100—2500 км-ге дейін) көшіп-қонады; Оңтүстіктен соққан жел Сахараның шаң-тозаңын Италияға, кейде Германия жеріне дейін жеткізетіндігі белгілі. Сонымен, эолдық шөгінділер осылайша да жиналады.
Желдің аккумуляциялық қызметіне байланысты құмды шөгінділер бір орынға жиылып өзіндік бедер пішіндері қалыптасады. Олар жылжымалы (дюналар, бархандар) және бекіген (қырқалы, төбешікті) құм шоғырлары түрінде жиі кездеседі.
Жылжымалы құм шоғырлары (өсімдік тамырлары арқылы бекімегендіктен) сусымалы келеді. Олар қатты жел соққанда оп-оңай қозғалып көшіп-қонады, әр түрлі дыбыс шығарады.
Дюналар желдің құмды үйіре суырып үрлеу әрекеттеріне байланысты жер бедерінің ойлы-қырлы аудандарында белгілі бір тосқауылдарға тіреліп, немесе өзендер мен көлдердің және теңіздердін, жағаларында биіктігі 20—40 м-дей адырлы құм үйінділері (дөңдер) түрінде жиналады. Дюналар әр түрлі климаттық жағдайларда кездеседі.
Бархандар (кұм шағылдар) сыртқы көрінісі қол орақ немесе тағаның ізі тәрізді болып келген асимметриялы құм-төбелер түрінде түзіледі (VI. 2-сурет). Олардың сүйірлеу шеті желдің жиі байқалатын негізгі бағытын айқындайды. Құмды шөлдерде олар тізбектеле топталып, желдің басымырақ соғатын бағытына көлденең орналасады. Оқшау орналасқан құмды төбелер мен төбешіктер өте жылжымалы болып келеді. Олар жылына 5—6 м-ден 50—70 м-ге дейінгі жылдамдықпен қозғалады. Мұндай құмдардың қозғалысы өте қауіпті. Өйткені олардың зор массасы қозғалысқа ұшырап, көшіп-қонған жағдайларда егістік жерлерді, каналдарды, жолдарды, жеке үйлерді, тіпті елді мекендерді түгелдей басып қалады.
2-сурет. Жекелеме бархандардың тік қимасы мен үстінен қарағандағы көрінісі (планы).
Бекіген құмды-таулар шөлейтті аудандарда жиі кездеседі. Олар (биіктігі 10 — 20 м-дей) қырқалы құмдар түрінде белгілі бір бағытта созыла орналасады. Құмды төбелер мен төбешіктер (биіктігі 10 м-дей ғана) жайпак беткейлі болып келеді. Олардың жылжып көшіп-қонуына өсімдіктер жамылғысы тосқауыл болады.
Шаң-тозаңдардан түзілген шөгінділер шөлден тысқары аймақтарда лёсс түрінде жиі кездеседі.
Лесс-түсі ашық сары, құрамы біртекті келген, қабатсыз орналасқан шаң-тозаңдардан (0,01 — 0,05 мм) , борпылдақ жыныстар болып саналады. Оның негізгі құрамы ұсақ түйірлі каолиниттен тұрады. Әрине, қосымша, ірілеу бөлшектерден құралған кварц, дала шпаттары, слюдалар, сонымен қатар кальций-магнийлі конкрециялар, моллюскалар мен өсімдіктер қалдығы бірге кездеседі. Гранулометриялық (ірілі-ұсақтық) құрамы жағынан лёсс саздақтар (балшықтар) мен ауыр құмдақтарға сәйкес келеді. Оның құрылысында кеуек қуыстар жиі байқалады.
Лёсс және лёсс тәрізді жыныстар шетелдерде — Европа, Азия, Солтүстік Америка, Аргентина елдерінің қоңыржай белдеулерінің шөлді және шөлейтті аудандарында, біздің елімізде — Орта Азияда, Батыс Сібірде, Украинада, Солтүстік Кавказда, Карпат сыртында, Қазақстанда — Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауында, Талас, Қаратау және Шу өңірлерінде, Сарыарқа мен Торғай далаларында жиі кездеседі. Лёсс қалыңдығы бірнеше метрден ондаған метрге, кейде 70 — 100 м-ге дейін (мысалы, Іле Алатауының тау-алды беткейлерінде) жетеді. Олардың түзілуі әр түрлі геологиялық процестермен байланысты түсіндіріледі. Мысалы, неміс ғалымы Ф. Рихтюфен лёстердің түзілуі субаэралдық, ал орыс ғалымдары В. А. Обручев — эолдық, Л. С. Берг — топырақтық деп санайды.
Қазіргі кездегі көзқарас бойынша, лёсс формациясы эолдық, элювийлік, пролювийлік, аллювийлік, мұздық, көлдік, флювиогляциалдық жыныстардан құралады.
Лёсс формациясынан түзілген топырақ қабаттарының құнарлылығы өте жоғары. Лёсті шөгінділер халық шаруашылығында құрылыс материалы ретінде (күйдірілген кірпіштер дайындауда) кеңінен пайдаланылады.
4. Атмосфералық жауын-шашын, жер бетіндегі ағын сулар жер бедерін үздіксіз өзгертіп отырады, яғни соның әсерінен жер бетінін, бедері үнемі өзгеріп тұрады. Ағын сулар жер бетінің еңістігін қуалай қозғала отырып, бір-бірімен қосыла келе иірмелерге, олар көбейе келе жіңішке жылғашаларға, бірнеше жылғашалар бір-бірімен қосылып, жылғаларға айналады. Олар ең соңында өзендер құрайды. Ағын сулар, жолындағы борпылдақ жыныстарды оп-оңай шайып әкетеді де, өзен арнасы қалыптасады. Судың белгілі бір жазықтықта байқалатын бұзушылық әрекеті — жазықтық эрозия (шаю) деп аталады. Ағын сулардың эрозиялық әрекетіне байланысты топырақ қабатының бұзылуы — топырақ эрозиясы деп аталады. Бұл әрекеттердін, ауыл шаруашылығына тигізетін зияны өте зор.
Атмосфералық жауын-шашын (жаңбыр мен қар) суларының бұзушылық әрекеті делювийлік (латынша “делюо” — шаю деген мағынада) процесс деп аталады. Бұл әрекеттердің нәтижесінде атмосфералық сулар ұсақ түйірлі жыныстардан құралған үгілу заттарын өзімен ілестіріп әкетеді. Осындай жолмен тау беткейлерінде шоғырланып жиналған (ірілі-ұсақты) тау-жыныстарының кесек бөлшектері делювий шөгінділері деп аталады (3-сурет). Бұл терминді бірінші болып академик А. П. Павлов қолданды.
Делювийлік процестердің нәтижесінде таудың биік бөліктері аласарады, ал ойдымдау келген бөліктері делювий шөгінділерімен толып, биіктей түседі. Сонымен, делювийлік шөгінділер тау беткейін тегістеп отырады. Олардың негізгі құрамы көбінесе саз балшықтардан тұрады.
3-сурет. Делювийдіқ пайда болу схемасы:
1 — тау беткейінің алғашқы беті; 2 —жазықтықтық шайылудан туған тау беткейінің төмендетілген беті; 3 — делювий.
Жыралардың пайда болуы. Тау беткейлерінде жиі кездесетін әр түрлі ой-шұңқырларға атмосфералық су қалдықтары жиналады. Олар асып төгіліп төмен қарай сарқылады. Тау беткейін құрайтын жыныстар эрозиялық шайылу әрекеттеріне ұшырайды. Соның нәти жесінде жыралар пайда болады (4-сурет).
4-сурет. Жыраның пайда болу схемасы.
“Регрессиялық эрозия” заңдылығы бойынша, алғашқы жыра беткейді бойлап, жоғарылап өсе береді. Жыраның көлденең қимасы V тәрізді болып келеді. Одан ары қарай жыра біртіндеп тереңдей түседі. Оның сағасы аңғардың деңгейіне дейін жетеді. Жыраның бұл деңгейі “эрозия базисі” деп аталады. Жыра эрозия базисінен төмен тереңдей алмайды. Соған байланысты оның түбінің көлденең қимасы тегістеле түсіп, біртіндеп кеңейе келе U тәрізді пішін қалыптасады. Мұндай жыраның беткейлері біртіндеп құлай келе, шөгінді жыныстарға тола бастайды, сөйтіп ең соңында сайға айналады. Егер жыраның түбі жер асты суларының деңгейіне дейін жетсе, үздіксіз ағып жататын жылға пайда болады. Бұл жағдай жыраның одан әрі тереңдеуіне себепші болады да, ақырында өзен аңғарына айналады. Жыралар халық шаруашылығына елеулі нұқсан келтіреді. Пайдаланылатын жерлердің біразын істен шығарады. Жыралардың пайда болуына қарсы алдын ала күрес жүргізуге болады. Ол үшін беткейлерін жыртпау керек.
Беткейлерді бойлай және жыраларды айнала көп жылдық шөптер мен өсімдіктер өсіру, сол секілді бау-бақшаларды көбейту арқылы жыралардың ұлғайып дамуына қарсы тосқауыл жасауға болады.
Солифлюкця деп, коллоидты ерітінділерімен қаныққан сазбалшықты жыныстардың салмағы ауырлап, өз салмақ күштері әсерінен тау беткейімен төмен қарай жылжу әрекеттерін айтады. Бұл процесс (қатаю мен жібу әрекеттері) ерімей тоң болып қатып жатқан жазықтық беті арқылы кезектесе жүріп жатады. Жылжу жылдамдығы жылына бірнеше см-ден бірнеше м-ге дейін, ал кейде (апатты жағдайларда) сағатына жүздеген м-ге жетеді.
Солифлюкция көпшілік жағдайда полярлық аймақтардың (солтүстік және полярлық Урал, Шығыс Сібір, Қырғызстан, Чукот, Аляска, Шпицберген жерлері), қоңыржай белдеудің биік таулы аймақтарында көп жылдар бойы тоң болып қатып жатқан аудандарда кең таралған. Солюфлюкция 2—3° ендіктен басталып, 8— 15°-қа жеткенде қарқынды түрде дамиды. Бұл әрекеттердің нәтижесінде террасалар, белестер, шлейф баспалдақтары секілді микробедер пішіндері қалыптасады.
Селді тасқындар. Сел дегеніміз, зор екпінмен жүйткіген, жойқын күшті балшық пен тас аралас сұрапыл су тасқыны. Биік таулы аймақтарда кар мен мүз суларыныц орасан мол қорлары бар екендігі бәрімізге де белгілі. Олар өте ыстық жаз айларында қар мен мұздың тез еруіне байланысты, нөсер жаңбыр жауған кездері, кішіпрім тау өзендерін балшық пен тас аралас қоймалжың лай тасқындарымен толтырып, өте тез жылдамдықпен шың-құздардан құлай аққан сарқырамаға айналып, ары қарай сай-саланы бойлап немесе жыраларды қуалай ағады.
Тарихи деректер бойынша жойқын күшті мұндай селді тасқындар Тяиь-Шань тауларында 1841 жылдан бері мәлім. Мысалы, 1887 жылы Іле Алатауында болған жер сілкінуі кезінде, Ақсай және Алматы өзендерінде селді-тасқын болған; 1921 жылы июль айында болған селді-тасқын кезінде сол кездегі Верный қалашығы (қазіргі Алматы қаласы) зардап шегіп су астында қалған. Ал 1963 жылы 7 июльде болған сел-тасқыны кезінде биіктаулық Есік көлі сарқырамаға айналып шарасынан асып төгілді де, қас қаққандай аз уақыт ішінде жоқ болды.
Бұдан он жыл өткен соң, 1973 жылы 15 июльде Іле Алатауының Медеу шатқалында сел тасқыны болғаны көпшілікке белгілі. Бірақ қопарылыс жасау арқылы бұрынырақ қолдан салынған тасты бөгет селді тоқтатып, қаланы апаттан сақтап қалды. Бұл әрине, селге қарсы күрестің дүние жүзінде алғашкы жасалынған эксперименті болды. Соңғы жылдары Іле Алатауында және т. б. жерлерде сел тасқынына қарсы темір бетонды және тасты бөгеттер көптеп салынуда.
Ғалымдардың есебі бойынша, сел тасқыны 3,8 млн. текше метрден астам балшық пен тас аралас қою массаны тасты бөгетке әкеп тіреген екен. Қазіргі уақытта Медеудегі тасты бөгеттің биіктігі 200 м-ге дейін көтерілді.
Сонымен, Медеу шатқалында салынған тасты бөгет, селге қарсы күрестің үлгісі ретінде дүниежүзіне белгілі болды. Бүрыннан атақты Медеу мұз айдынының даңқы онан сайын арта түсті.
Сел тасқындары қалай пайда болады және олардын, болу себептері қандай деген сұраққа жауап берейік, Селді тасқындар — лайлы-тасты,сулы-тасты және лайлы болып үш түрге ажыратылады. Олардың биіктігі ондаған м-ге, ені километрге дейін жетеді.
С. М. Флейшманның пікірі бойынша, Іле Алатауында байқалатын селді тасқындар нөсер жаңбырмен байланысты (1841, 1921, 1940 жылдардағы селдер). Таулы аймақтарда жауған нөсер жаңбыр негұрлым күшті болса, оның зардабы да соғұрлым зор болады. Нөсерлі жаңбыр кезінде, өзен алқабына келіп қосылатын құрғақ сайлар балшық пен тас аралас қою массаға толып кетеді.
Сел қаупі, әсіресе ыстық жаз айларында (шілде, тамыз) өте күшті. Қейде селді тасқындар жаңбыр жаумай, ыстық болмай-ақ мұздық белдеулерде жер астындағы көлдер жер бетіне бұзып шығатын жағдайларда да болып тұрады. Мысалы, 1979 жылы 19 июльде Орта Талғар өзенінің бас жағында осындай жолмен сел тасқыны болды.
Сонымен селдің болуы үш жағдайға тікелей байланысты: 1) атмосфералық ылғалдың (қар мен жаңбырдың) мол болуы; 2) биік таулық бедердің болуы; 3) үглу заттарының көп болуы.
Тау бөктерлерінде жыл маусымдарына байланысты кенеттен болатын тасқын сулардың (қатты нөсер жаңбыр, селді тасқын, еріген қар мен мұз сулары) әрекеттері нәтижесінде тасымалданып ысырынды конус түрінде жиналатын тау жыныстарының мүжілген кесек бөлшектері мен борпылдақ жыныстардың жиынтығы пролювий деп аталады.
Пролюийдік ысырынды конустар бір-бірімен бірігіп тұтасқан шлейфтер кұрайды.
Ысырынды конустың басталған жері мен тауға таяу аралығында дөңбек қой тастар мен малта тастар көбірек кездеседі; жазыққа қарай ұсақ малта тастар, құмдар, ал ағын су әрекеті баяулайтын жерлерде лёстер және құмдар мен саздар жиналады, одан ары қарай (ең шеткі аймақтарда) гипсті, тұзды болып келетін ағын сулардан (қысқа уақыт аралығында) алевритті-балшықты жыныстар түзіледі. Шөгінділердін, тасымалдану жолы қысқа болған жағдайда пролювийлік жыныстар іріктелмеген үшкір қырлы кесек бөлшектерден құралады.
Пролювийлік жырынды конустарда Алматы, Әндіжан, Қоқан және Кавказдыд кейбір қалалары орналасқан.
Өзен шөгінділері аллювий деп аталады. Өзен аңғарларында және өзен арнасында жиналатын кесек бөлшектерден және борпылдақ жыныстардан құралған (дөңбек тас, малта тас, қиыршық тас, құм, құмайт, балшық, саздық) шөгінділер аллювийлік болып саналады. Олар аққан судың екпіні мен бағытына қарай ірілі-ұсақты бөлшектерге жіктеліп отырады. Жайылмалық аллювий шөгінділері ұсақ түйіршіктерден тұрады. Олар су деңгейінің маусымдық өзгеруіне байланысты түзіледі. Өзеннің ескі арналық бөлігінде ескі арналық аллювий шөгінділері кездеседі. Ал жайылма сыртында аллювийлік-де-лювийлік шөгінділер жиналады. Олардың арасында әр түрлі пайдалы қазбалар (алтын, алмас, платина және т. б.) кездеседі.
Аллювийлік шөгінділер (қүм, малта тастар) құрылыс материалдары ретінде өте бағалы кен-орындарын кұрайды.
Кесек бөлшектерден құралған шөгінді тау жыныстарының жіктелуі
Кесек бөлшек-терінң аттары (ірі-лі-ұсвқтығына қар-ай)
|
Кесек бөлшек-терінің мөлшері, (мм)
|
Цементтелген
түрлері
|
Цементтелген
түрлері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Псефиттер (ірі
кесектерден
тұрады) 1мм
Псаммитер
( құмдар,
құмтастар)
1-0,1 мм
Аленриттер
(шаң-тозаңдар)
Пелиттер
(сазды
жыныстар)
|
100
1000-100
1000
10-1
1-05
0,5-0,25
0,25-0,1
0,1-0,01
0,01
|
Жақпартас
(жартас)
Дөңбектас
(қойтас )
Малтас
(шағындытас)
Қыршықтас
( шөгіртас)
Ірі түйіршікті
құм
Орта түйіршікті
құм
Ұсақ (майда)
түйіршікті
құм
Алеврит,
Лесс
Саз, балшық
|
Конгломерат
(жұмыртас )
Брекчия
(женттас)
Ірі түйіршікті
Құмтастар
Орта түйіршікті
құмтастар
Ұсақ (мйда)
Түйіршікті
құмтастар
Алевролит
Аргиллит
|
№5 дәріс тақырыбы: Эндогендік геологиялық процестер
Сабақтың жоспары:
Магматизм
Вулканизм
Интрузивтік және эффузивтік тау жыныстары
1. Магматизм — жер қыртысының құралуында атқаратын ролі зор, ең маңызды эндогендік геологиялық прси цестердің бірі больщ саналады. Жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының 95%-і магмалық процестердің нәтижесінде пайда болады.
Магматизм — өте күрделі геологиялық процесс. .
Бұл процесс магманың жер қыртысында (немесе одан да терен, қабаттарда) пайда болып, кейінірек жоғары қабаттарға немесе жер бетіне көтеріліп (біртіндеп суына келе), кристалдық денелер түрінде магмалық тау жьшыстарьшьщ түзілуімен аяқталады.
Сонымен магма (грекше “магма” — қою май, қамыр деген сөз) дегеніміз еріген газдармен қаныққан, негізгі құрамы силикаттық балқыған қою заттар. Магманың құрамында жер қыртысын қүрайтын химиялық элементтердің (оттегі, кремний, алюминий, темір, кальций, магний, калий, натрий) барлығы да кездеседі. Әсіресе, ұшпалы (жеділ) компоненттердің (су буы, күкіртті қосын-дылар, көмірқышқыл газы, хлорлы және фторлы сутегі, хлорлы аммоний, сутегі, азот және т. б.) көптігімен сипатталады. Олар жердің ішкі терең қойнауында байқалатын өте жоғары қысым күштеріне байланысты еріген күйде кездеседі. Бұл жағдай магманың қоюлырын азайтып, онын, қозғалу немесе жылжу жылдамдығынын, (химиялық активтігі) өсуіне әсерін тигізеді. Эксперименттік зерттеулер бойынша, магманың құрамындағы ұшпалы компоненттердің мөлшері 12%-ке дейін жетеді.
Магмалық ошақтар және олардың пайда болу жолдары. Қазіргі кездегі көзқарас бойынша, жер қыртысын немесе мантия қабатын құрайтын заттар термодинамикалық жағдайлардын, (қысым және температура) өзгерістері нәтижесінде белгілі бір аймақтарда периодты түрде әлсін-әлсін балқу әрекеттеріне ұшырап отырады. Жер қойнауына тереңдеген сайын температура белгілі бір заңдылық бойынша, біртіндеп артып отыратындығы белгілі. Мысалы, 100 км-лік тереңдікте температура 1300—1500°С шамасына дейін көтеріледі. Осы жағдайда, егер қысымның шамасы атмосфералық қысымға тең келетін болса, тау жыныстары балқыған - күйде болар еді. Бірақ, мұндай тереңдікте байқалатын қысымның шамасы тау жыныстарының балқу температурасынан әлдеқайда жоғары болғандықтан (мыңдаған мегапаскаль), олар балқыған күйге ауыса алмайды. Белгілі бір аудандарда тектоникалық ірі жарықтардың пайда болуына байланысты қысымның кенеттен күрт төмендеуі немесе басқа себептермен температураның жоғарылауы заттардың сұйық күйге ауысып, магмалық ошақтардың пайда болуына әкеледі. Әдетте, алғашқы (түпкі) магмалық ошақтар жер қыртысының төменгі қабаттарында немесе жоғарғы мантияның астеносфера қабатында астенолиттер түрінде құралады. Олар жер қыртысының жоғарғы қабаттарына қарай көтеріліп, қайта қалыптасқан жағдайда аралық магмалық ошақтар пайда болады. Сонымен, магматизм әректтёрі тектоникалық қозралыстармен тікелей байланыста болып, геосинклиналдық аймақтарда жиі байқалады.
Жер қойнауында температураның жоғарылауы әр түрлі физикалық-химиялық әрекеттермен байланысты түсіндіріледі: 1) радиоактивті элементтердің ыдырауы , нәтижесінде бөлінетін жылу мөлшеріне; 2) гравитациялық жіктелу кезінде және т. б. химиялық реакциялар } кезінде бөлінетін жылуға байланысты.
Магманың жоғарғы қабаттарға көтерілуі, гидростатикалық қысым күштерімен және тау жыныстарының (қатты күйден балқыған күйге ауысқан жағдайда) жалпы көлемінің ұлғаюымен байланысты деп саналады.
Магманың түрлері. Магмалық ошақтар әр түрлі термодинамикалық жағдайда және әр түрлі тереңдікте әр түрлі заттар негізінде құралады. Соған байланысты жер қыртысында кездесетін магмалық тау жыныстарынын, алуан түрлі болатындығы ең алғашқы магмалық ошақтардың түрлері мен құрамы қандай болған? — деген заңды сұрақ туғызады.
Бұл сұраққа тікелей жауап беретін ортақ пікір геология ғылымында әлі қалыптаса қойған жоқ. Қейбір ғалымдар
(В. Н. Лодочников) химиялық құрамы әр түрлі магмалық жыныстардың жеке топтарына сәйкес келетін алғашқы магманың өзіндік жеке түрлері болады деп санаса, басқа бір ғалымдар тобы
(Н. Боуэн, А. Н. Заварицкий) табиғатта тау жыныстарының барлық түрлері алғашқы құрамы негізді (базальттық) ортақ магмадан құралады деп санайды.
Жер бетінде көптеп кездесетін эффузивтік (базальтты) жыныстар алғашқы базальттық магманың өзгермеген түрі деп саналса, ал интрузивтік граниттер алғашқы базальттық магманың біртіндеп өзгеруіне, жіктелуіне байланысты түзіледі деп түсіндіріледі.
Қазіргі кездегі зерттеушілердің көпшілігі ғалым Ф. Ю. Левинсон — Лессингтің (1920) пікіріне сәйкес, алғашқы магма құрамына қарай екі түрлі болып (базальттық және граниттік) кездеседі. Олар бір-бірінен химиялық құрамына және физикалық қасиеттерінің ерекшеліктеріне қарай ажыратылады. Қышқыл (граниттік) магма негіздік (базальттық) магмаға қарағанда, жеңілірек, қоюырақ және ұшпалы компоненттерге (газдарға) бай болып келеді. Базальттық магма ошақтары жоғарғы мантия қабатында, ал граниттік магмалар жер қыртысында түзіледі деп санайды. Американ ғалымы А- Холмстың пікірі бойынша, алғашқы магма құрамына қарай базальттық, граниттік және перидотиттік болып үш түрге бөлінеді.
Перидотиттік магманың болу мүмкіндігі жер қыртысының жеке аудандарында кездесетін ультранегізді белдеулерді зерттеу негізінде дәлелденеді. Олардың химиялық құрамы базальттық магма негізінде құралған ультранегізді жыныстармен салыстырғанда, өзіндік ерекшеліктерімен ажыратылады.
Магмалық тау жыныстарының әр түрлі болу себептері. Қазіргі кезде магмалык, жыныстардын, жалпы жер бетінде таралу мөлшерін көрсететін деректер (бүкіл жер шарын түгел қамтитын) әлі де толық емес.
Ең ірі екі мемлекетте (АҚШ, ТМД) жүргізілген есептеулер бойынша, магмалық жыныстардың таралуы 2-кестеде көрсетілген.
2 – кесте Магмалық жыныстардың басты түрлерінің АҚШ және ТМД территориясында таралу (%) көрсеткіші (А. Н. Заварицкий)
А. Б. Ронов пен А. А. Ярошевскийдің есептеулері бойынша, жер қыртысының жалпы көлемінің 10,4%—граниттер; 11,2% — гранодиориттер мен диориттер; 42,2% — габбро, базальттар және т. б. құрамы негіздік жыныстар; 0,4%—сиениттер мен нефелинді сиениттер; 0,2%—дуниттер мен перидотиттер құрайды. Бұл деректерге қарағанда құрамы қышқыл және негіздік жыныстардың жер қыртысында ең көп таралғандығын көруге болады. Олардың ішінде қышқыл жыныстардың арасында интрузивтік жыныстар (граниттер мен гранодиориттер), ал негіздік жыныстардың арасында эффузивтер (базальттар) жиірек кездеседі.
Қазіргі уақытта тау жыныстарының алуан түрлілігІ алғашқы магманың дифференциациялық (жіктелу), сонымен қатар ассимиляциялық және гибридизациялық процестерімен тікелей байланысты деп түсіндіріледі.
Магманың дифференциациялык, жіктелуі деп, біртекті алғашқы балқыманың химиялық құрамы әр түрлі фракцияларға бөлініп, соған сәйкес олардан минералдық құрамы өзгеше әр түрлі тау жыныстарының түзілуін айтады.
Магманың жіктелуі алғашқы кристалдардың түзілуіне дейін де (ликвация) және кристалдардьщ түзілу барысында да (кристаллизациялық жіктелу) жүріп жатады.
Ликвациялық процесс кезінде магма құрамына және меншікті салмағына қарай өзара араласпайтын екі түрлі фракцияға ажырайды: ауыр салмақты темірлі-магнийлі қосындылар төмен қарай ағып ығысады, ал салмағы жеңілірек қышқылды қосындылар жоғары қабаттарда жиналады.
Кристаллизациялық дифференциация магманын, кристалдарға жіктелуімен аяқталады. Магманық салқындап суыну барысында, оның жоғарғы бөліктерінде ең алдымен балқуы қиын, температурасы жоғары және салмары ауыр силикаттар (темірлі-магнийлі силикаттар және негіздік плагиоклаздар) кристалдар түрінде түзіледі. Кейінірек, оңай балқитын жеңіл салмақты силикаттар (калийлі дала шпаттары және кварц) кристалданады Кристалдану барысында ауыр салмақты минералдар балқыманық төменгі қабаттарына ауысады, ал қалдық магманын, құрамында темірлі-магнийлі қосындылар азайып, кремнийлі қосындылар көбейеді. Сонымен, гравитациялық жіктелуге байланысты, негізді магманын, кристалдануы нәтижесінде, төменгі қабаттарда ультра-негізді жыныстар, ал жоғарғы қабаттарда диорит, сиенит, кейде граниттер де түзіледі.
Дифференциациялық процестер терең қабаттарда (магмалық ошақтарда) және жер қыртысынын, жоғарғы бөліктерінде де жүріп жатады.
Магмалық ошақтарда байқалатын дифференциациялық жіктелу нәтижесінде алғашқы магмадан бөлініп шыққан заттар құрамы әр түрлі жыныстар түрінде кристалданып өзіндік пішіні бар ірілі-ұсақты денелер құрайды.
Ал жер қыртысынын, жорарры бөліктерінде, магмалық камерада байқалатын дифференциациялық жіктелу кезінде, тау жыныстарының қатқабат массивтері құралады. Мұндай қабатталран массивтерді құрайтын тау жыныстарьшың негізділігі төменнен жоғары қарай барытта біртіндеп азайып отырады.
Магмамен жапсарлас және кездейсоқ жыныстардын. (ксенолит) магма қызуына ұшырап, сонын, нәтижесінде балқып қатая келе қайтадан кристалдануы ассимиляция деп аталады. Бұл процестердің нәтижесінде алғашқы магма өзінің бастапқы құрамын өзгертіп, тау жыныстарының жаңа түрлері пайда болады.
Гибридизация деп, магмамен жапсарлас жыныстардың ыстық магма әсеріне байланысты жартылай балқьш әр түрлі өзгерістерге ұшырауын айтады. Бұл процестердің барысында будандастырылған жыныстар түзіледі. Олардың құрамы таза магмалық жыныстармен салыстырғанда өзгеше болып келеді. Көпшілік жағдайда жапсарлас жыныстардың кесек бөлшектері ерімеген күйінде қалдық жыныстар (ксенолиттер) түрінде бірге кездеседі.
Магмалық денелердің сырт көрінісі әр түрлі болып келеді. Әсіресе, интрузивтік денелер алуан түрлі пішінде кездеседі. Тау жыныстарының кеңістікте орналасу жағдайына қарай олардың қандай генетикалық топқа жататындығын анықтауға болады.
Эффузивтік жыныстар жер бетінде лава тасқындары мен лавалық жамылғылар түрінде түзіледі немесе лавалық күмбездер мен конус пішінді шыңдар құрайды.
Интрузивтік жыныстар жер қыртысынын, терең (абиссалдық) қабаттарында кристалданған жағдайда, қоршаған ортаны құрайтын жыныстарды бұзып-жарып, немесе жолында кездескен басқа жыныстарды ығыстырып, бұрыс жатысты ірі денелер (батолит, шток түрінде) түзіледі. Ал гипабиссалдық жағдайда, олар айнала қоршаған ортаны құрайтын көне жыныстардьщ жатыс жағдайына сәйкес орналасқан денелер (лакколит, лополит, факолит, силл түріндегі қабатаралық интрузиялар) құрайды. Сонымен қатар бұрыс жатысты кішігірім денелер де (дайка, желі, некк) жиі кездесіп отырады.
Құрамы негізді сұйық магма жер бетіне жақын аудандарда шөгінді қабаттардың жапсарларын бойлай көтеріліп сәйкес пішінді денелер қалыптасқан жағдайда — силдер деп аталады. Мысалы, Сібір платформасында кеңінен таралған силдер (карбон және пермь жүйелерін құрайтын) шөгінді жыныстардьщ қабатаралық жапсарларында қабаттаса орналасьщ “сібір траптары” деген атпен белгілі болды.
Лакколиттер (грек тілінде “лакос” — шұңқыр деген мағынада) шөгінді қабаттар арасында диаметрі жүз метрден бірнеше километрге дейін жететін саңырауқұлақ пішінді денелер құрайды. Әдетте, олар құрамы қышқыл қою магмадан суына келе қатайып астыңғы жағы тегіс, ал үстіңгі жағы дөңес пішінді болып қалыптасады. Мұндай пішіндер Солтүстік Кавказда (Машук, Бештау атты таулы аудандарда), Қырымда (Аю-Даг, Кастель және т. б. таулар) және баска таулы аймақтарда кеңінен таралған.
1-сурет. Батолит пен шток:
1-апофиздер; 2 — ксенолитер
в
2-сурет. Интрузиялық денелердің схемалық көрінісі:
а — лакколит; б — лополит; в — факколит, г — силл.
Лополиттер (грек тілінде “лопос” — табақ деген мағынада) шөгінді жыныстар арасында құрамы негізді магмадан суына келе қатайып жайпақ пішінді, табақ тәрізді қабатаралық денелер түрінде қалыптасады. Олар жүздеген км-ге дейін созылып жатады. Мысалы, Бушвельд лополитінін, (оцтүстік Африка) ұзындығы 300 км-ден астам.
Факолиттер (грек тілінде “факос” — жасымық немесе жасымық дәні деген мағынада) көбінесе қатпарлы құрылымдардың (антиклиналь немесе синклиналь) иілімдерінде қол орақ тәрізді пішінде қалыптасып, кішігірім денелер құрайды. Олардың кұрамы негізді магмадан тұрады.
Батолиттер (грек тілінде “батос” — тереңдік деген мағынада) қатпарлы тау жыныстарыныд орталық бөліктерінде ондаған кейде жүздеген мың шаршы км-ге созыла орналасқан интрузиялық ен, ірі денелер құрайды. Олардың негізгі құрамы көбінесе граниттер мен гранодиориттерден тұрады, ал шеткі бөліктері диориттер мен сиениттерден кұралады. Бұрынғы (ескі) көзқарас бойынша батолиттік денелер түпсіз болып келеді немесе магмалық ошақтармен тұтаса жалғасып жатады. Соңғы жылдары жүргізілген геофизикалық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде олардың (тік бағыттағы) қалыңдығы 5—10 км-ден аспайтындыры анықталды.
Батолиттердің пайда болуы жөніндегі проблема — осы уақытқа дейін шешімін таппай жүрген, талас пікір тудыратын күрделі мәселелердің бірі болып саналады. Кейбір пікірлер бойынша, магманың (жоғары қарай) көтерілу барысында оның жолында кездескен тау жыныстары опырылып құлап түсіп, магманың ішінде біртіндеп ери келе, ассимиляциялық және гибридизациялық әрекеттер байқалады. Соның нәтижесінде пайда болған бос кеңістік магмалық заттармен толып, интрузиялық ірі денелер (батолиттер) қалыптасады.
Басқа бір көзқарас бойынша, тау құралу барысында қатпарлы тау жоталарының жаппай көтерілу (орогенез) сатысының соңына қарай олармен ілесе көтерілген магмалық ерітінділер үстіңгі қабатты құрайтын жыныстарды ығыстырып, батолиттер түрінде қалыптасады; қоршаған ортаны құрайтын жыныстардың жатыс жағдайлары бұзылмай бұрыңғы күйінше сақталады. Соңғы көзқарастарда көпшілік ғалымдар батолиттердің жаратылысы гранитизациялық және метасоматикалық әрекеттермен тығыз байланысты деп санайды.
Басқаша айтқанда, жер бетіне жақын орналасқан бір кездегі шөгінді жыныстар мен вулкандық лавалар және туфтар кейінірек, жер қыртысының терен, қабаттарында жаңа термодинамикалық (жоғары қысым, жоғары температура) жағдайда метаморфтық өзгерістерге ұшырап, қайта кристалданады. Сонымен қатар, ман-тиялық ыстық ерітінділер (флюидтер) жер қыртысының жарықтары мен жарықшақтарын бойлап жоғарғы қабаттарға көтеріліп (шөгінді жыныстардың жатқан жеріне) магмалық немесе метасоматикалық орын алмасу процестері байқалады. Бұл әрекеттер жалпы айтқанда гранитизациялык, процестер деп аталады. Олар метаморфтық әрекеттерден соң, ал кейде қатар жүріп жатады. Осындай процес-тердің нәтижесінде, ең соңында кұрамы магмалық жыныстарға ұқсас, ал құрылымы өзіндік ерекшеліктерімен сипатталатын гранитоидтар тобы, пайда болып батолиттер түріндегі ірі денелер қалыптасады.
Штоктар цилиндр пішінді, кейде бұрыс пішінді интрузиялық денелер құрайды. Олардың көлемі батолиттерден кіші болып келеді. Штоктың көлденең қимасының ауданы әдетте жүз шаршы км-ден аспайды. Олар әр түрлі бағыттағы тектоникалық жарықтардың қиылысқан зоналарында жиі кездеседі. Штоктарды құрайтын тау жыныстарының құрамы әр түрлі (қышқыл топтағы жыныстардан ультранегіздік жыныстарра дейін) болып келеді.
Кейде штоктар, ірі батолиттердің тармақтары мен тарамдарын құрайды, ал көпшілік жағдайда жер бетіне жақын қабаттарда магмалық диапирлер түрінде түзіледі.
Дайкалар (шотландия тілінде “дайка” — қабырға деген мағынада) жер қыртысынын, жарықтары мен жарықшақтарын толтыра өскен тау жыныстары түрінде тік қабырғалы интрузиялық кішігірім денелер құрайды. Олардың құрамы әр түрлі болып келеді. Дайкалардың қалыңдығы бірнеше сантиметрден ондаған м-ге, кейде жүздеген м-ге дейін өзгеріп отырады, ал ұзындығы ондаған м-ден ондаған км-ге дейін жетеді. Мысалы, Зимбабве жеріндегі Ұлы дайканың ұзындығы 540 км, ал орташа қалыңдығы 5 км екендігі белгілі. Қейде минералдық заттар бұрыс пішінді жарықтармен жарықшақтарды толтыра өсіп, ирелеңдеген жіп тәрізді магмалық желілер құрайды.
Нектер (ағылшын тілінде “некк” — мойын деген мағынада) диаметрі бірнеше м-ден 1,5 км-ге дейін жететін ескі вулкандық аппараттардың өзегін толтыра өскен магмалық заттардан құралады. Олардың құрамында кейде шөгінді жыныстардьщ кесек бөлшектері бірге кездеседі.
Интрузиялық денелер әр түрлі тереңдікте қалыптасады. Мысалы, батолиттер мен батолиттік штоктар әдетте терең қабаттарда түзіледі. Оларды абиссалдық деп, ал қалғандары жер қыртысының жоғары қабаттарында түзілетін болғандықтан гипабиссалдық денелер деп аталады.
2. Эффузивтік (латын тілінде “эффузио” — тасып төгілу деген мағынада) магматизм немесе вулканизм (латын тілінде “вулканус” — от құдайы деген мағынада) магманын, жер бетіне тасып төгілуімен байланысты процестерді түгел қамтиды.
Магманың алғашқы құрамындағы ұшпалы компоненттер жердің терең қабаттарында (өте жоғары.қысым күштеріне байланысты) ерітінді түрінде кездеседі.
3-сурет. Жарықшақтық вулканның (жанартаудың) схемалық кұрылысы.
Олар магманың жорары қабаттарға көтерілу барысында (тектоникалық жарықтарды бойлап) біртіндеп газға айналып ауа қабатына ұшып кетеді. Сондықтан да жер бетіне тасып төгілген магманың құрамында (алғашқы магмамен салыстырғанда) ұшпалы компоненттер өте аз мөлшерде ғана кездеседі. Мұндай магма лава (грек тілінде “лава” — су басу деген мағынада) деп, ал вулкан атқылау процесі эруптивтік (латын тілінде “эруптиус”— лақтырып тастау деген мағынада) әрекетте деп аталады.
Лавалар жер бетіне орталық ірі жарықтар немесе тектоникалық жарықшақтар арқылы ақтарылады (3-сурет). Бұл процестердін, нәтижесінде жанартаулар пайда болады.
Вулкандық лава орталық өзек арқылы атқылайтын жағдайда конус пішінді жанартаулар (күмбездер, тасқындар), ал тектоника-лық жарықшақтар арқылы тасып төгілгенде лава жамылғылары (жабын) түрінде түзіледі. Вулканнын, құрылымдық элементтері мына төмендегідей (4-сурет): 1) әрбір вулканның өзіндік кана-лы (өзегі) болады; 2) вулкандық өзектің жер бетіне шығып жатқан аузын (сағасын) кратер деп атайды;
4-сурет. Вулканның схемалық құрылысы:
1 — конус, 2 — кратер; 3 — көмейі (жерло), 4 — бүйірлік жанама конус, 5 — магмалық отты ошақ.
5-сурет. Кальдераның көлденең қимасы:
1 — кальдера; 2 — конустық еқ алрашқы жағдайы; 3 — вулкандық конустың қазіргі жағдайы.
3)Кейбір ірі вулкандардың орталық өзегіне қосымша кейде бүйірлік каналдар кездесіп отырады, олар паразиттік вулкандар деп аталады; 4) вулкандық қопарылыс кезінде вулкан кратерінің опырылып құлауына байланысты, оның орнында кең көлемді (диаметрі 15 км-ге дейін), дөңгелек пішінді апан-шұңқырлар пайда болады. Олар кальдера (италья тілінде қазан шұңқыр деген мағынада) деп аталады (5-сурет).
Қазіргі кезде орталық (вулкандық) аппараттар түрінде түзілген жанартаулар жер бетінде кең таралған. Ал тектоникалық жарықшақтар арқылы тасып төгілетін вулкандар саны өте аз (Исландияда Лаки вулканы, Камчаткада Толбачик вулканы және т. б.). Олар зор аймақты алып жатады. Мысалы, Исландияда (1873 ж.) ұзындығы 32 км-лік жарықшақ арқылы тасып төгілу нәтижесінде құралған базальт жамылғысының аумағы 557 шаршы километр екендігі белгілі.
Вулкандық заттар сұйық, қатты және газ күйінде кездеседі.
Сұйық күйдегі вулкандык, заттар (лавалар) температураға және химиялық құрамының ерекшеліктеріне (ең алдымен кремний тотығының мөлшеріне) қарай қышқыл, орта, негізді және өте негізді (ультранегізді) болып ажыратылады. Олардың қоюлығы мен тұтқырлығы, жылжымалылығы және т. б. физикалық қасиеттері вулкан атқылау процестерінің маңызды көрсеткіштері болып есептеледі. Мысалы, негізгі құрамы темірлі-магнийлі қосындыларға бай болып келетін, ал кремний тотығы аз мөлшерде кездесетін, температурасы жоғары (1200°С) ультранегізді және негізді лавалардың (базальттық және пикриттік) тұтқырлығы аз болғандықтан, олар тез қозғалғыштық қасиетімен сипатталады.
Соған байланысты мұндай лавалар ағыны қатты тасқындар мен жамылғылар құрап, кең аймақты алып жатады. Құрамы қышқыл және орта (липариттік, андезиттік), температурасы 750—1000°С лавалардың тұтқырлығы жоғары болғандықтан (базальттық лавалармен салыстырғанда), олар баяу қозралады. Сондықтан мұндай лавалар (кратерден шығысымен-ақ) тез қатайып ұзындығы өте қысқа тасқындар түрінде немесе конус пішінді күмбездер мен мұнаралар құрайды. Вулкандық лавалар қатая келе эффузивтік тау жыныстарын түзеді.
Қатты күйдегі вулкандық заттар пирокластикалық заттар (грек тілінде “пир” — от, “кластикос” — бөл-шектенген деген мағынада) деп аталады. Олар вулкандық қопарылыс кезінде атмосфера қабатына лақтырылған ыстық лаваның кесек бөлшектері мен (ірілі-ұсақты) шаң-тозаңдардан немесе күл-топырақтардан және кратерді құрайтын тау жыныстарының сынық бөлшектерінен құралады. Осындай жолмен пайда болған заттар қабатталып, жинала келе пирокластикалық (отты кесек бөлшектерден құралған) жыныстар түзіледі.
3. Магмалык, тау жыныстары интрузивтік (жердің ішкі қабат-тарында) және эффузивтік (жердін, беткі қабатында) болып екіге бөлінеді. Олар бір-бірінен құрылымдық және орналасымдық ерекшеліктеріне қарай ажыратылады.
Интрузивтік тау жыныстары жердің ішкі қойнауында (әр түрлі терендікте.) алғашқы магманың біртіндеп суынып, қатаюы нәтижесінде әр түрлі мөлшердегі (үлкенді-кішілі) кристалданған денелер түрінде пайда болады.
Олар тереңдігіне қарай: тереңдік (абиссалдық), жартылай тереңдік (гипабиссалдық) жыныстар және желілі дайкалар (тау жыныстарының ірілі-ұсақты жарықтары мен жарықшақтарын толтыра өскен) болып бөлінеді.
Жердің терең қабаттарында магма өте баяу суиды. Ал минералдардың түзілуі газдар мен су буынын, қаты-суымен байланысты өтеді. Осы жағдайда түзілген интрузивтік тау жыныстарын құрайтын минералдардық кристалдық пішіндері толық жетілген түрде болады.
Эффузивтік жыныстар жердің бетіне ақтарыла төгілген магмадан (лавадан) қатайып, пайда болады. Лаваның суынып-қатаюы өте тез. Оның құрамындағы газдар мен су буы тез ұшып кетеді де, ал минералдық қосындылар кристалдар құрап үлгермейді. Сондықтан эффузивтер көпшілік жағдайда, шала кристалданған немесе кристалданбаған біртектес шынылы массалар құрайды. Дегенмен, кейде олардың арасында жекеленген ірі кристалдар кездесіп қалады. Мұндай жағдайда порфирлі құрылым құралады.
Эффузивтік тау жыныстары кеуек түтіктер мен қуыстар түріндегі (көбікті, миндалинді-тасты) және флюидалдық текстуралар құрайды.
Кеуекті немесе көбікті текстура вулкандық лаваның суынып-қатаюы кезінде, оның алғашқы құрамындағы ұшпалы жеңіл компоненттердің тез арада ұшып кетуіне байланысты қалыптасады. Осындай жолмен пайда болған кеуек түтіктер мен қуыстар, кейінірек кварц және кальцит сияқты (екінші рет пайда болған) минералдармен толып қалыптасқан жағдайда миндалинді-тасты текстура құралады. Ал, кейде эффузивтік тау жыныстарын құрайтын минералдық түйіршіктердің белгілі бір бағытта созыла орналасуы алғашқы лаваның қозғалыс бағытын көрсетеді. Мұндай текстура флюидалдық деп аталады.
Кристалдану дәрежесіне қарай магмалық тау жыныстары толық кристалданған және жартылай кристалданған болып ажыратылады. Минералдық түйіршіктердің (ірілі-ұсақты) салыстырмалы көрсеткіштеріне қарай, олар біркелкі түйіршікті (минералдық түйіршіктері бірдей болып келген жағдайда) және әркелкі түйіршікті құрылымдар болып бөлінеді. Сонымен қатар, минералдық түйіршіктердің ірілі-ұсақты абсолюттік мөлшері бойынша: ірі (>5 мм), орта (2—5 мм) және ұсақ түйіршікті (2 мм-ге дейін) құрылымдарға ажыратуға болады. Ал минералдық түйіршіктердің кристаллографиялық пішіндерінін, өзара қарым-қатынастарына қарай, олар идиоморфтық (жан-жағы толық шектелген дұрыс пішінді кристалдар) және ксеноморфтық (жан-жағы көрші кристалдармен шектелгең бұрыс пішінді кристалдар) болып ажыратылады. Минералдық түйіршіктердің идиоморфтық дәрежесінің жоғары болуы минералдардьщ кристалдану жағдайы мен кристалдану қабілетіне тікелей бағынышты.
Химиялық құрамына қарай (кремний тотығының мөлшеріне) тау жыныстары: қышқыл (>65% SЮ2), орта (65—52%), негізді (52—45%) және ультранегізді немесе өте негізді (<45%) топтарға ажыратылады.
Қышқыл тобына жататын тау жыныстарының құрамындағы кремнийдің артық мөлшері кварц минералы түрінде түзіледі. Егер тау жынысының құрамында оливин минералы көп болса, онда ол ультранегізді жыныс болып саналады.
Орта топтағы жыныстарда ашық түсті дала шпаттары көптеп кездеседі, ал түсті минералдардан слюдалар, алдамшы мүйізше (роговая обманка); негізді жыныстарда лабрадор, авгит секілді минералдар жиі кездеседі.
Магмалық жыныстарды түр-түсіне қарай да ажыратуға болады. Мысалы қышқыл жыныстар — ашық түсті (лейкократты); негізді және ультранегізді жыныстар қою көк немесе қара түсті (меланократты); орта қыш-қылды жыныстар ашық сұр және сұр түсті болып келеді. Тау жыныстары тығыздығына қарай да ажыратылады. Олар қышқыл жыныстарынық ультранегізді жыныс-тарына қарай 2,6—2,7-ден 3,3-ке дейінгі аралықта өзгереді.
Интрузивтік тау жыныстары
Жердің ішкі терең қабаттарында кристалданған магмалық тау жыныстары (интрузивтік) ең алдымен құрылымдық (толық кристалданған) және орналасымдық ерекшеліктерімен (тығыз орналасқан массивты ерекшеліктерімен) ажыратылада. Одан ары қарай, олар химиялық (кремний тотығының мөлшеріне қарай) және минералдық құрамы бойынша жеке топтарға жіктеледі (3-кесте).
Желілік жыныстар (мысалы, аплит, пегматит) тамыр-секілді тарамдальш, интрузивтік массивтердін, маңайында (көпшілік жағдайда) жер қыртысынын, жарықтарм мен жарықшақтарын бойлай түзіледі. Аплит өте ұсақ түшрішктерден тұратын, тақталанып жұқа плиталар түрінде құралған, құрамы граниттік (кварц, дала шпаттары және слюдалар) ашық түсті жыныстар.
3-кесте Интрузивтік тау жыныстарының жіктелуі.
Ал пегматит дала шпаттары, кварц және слюдалардың (мусковит, кейде биотит) өте ірі кристалдарынан тұратын, өзіндік (пегматиттік) ерекше құрылы-мымен сипатталатын тау жынысы.
Эффузивтік тау жыныстары
Жер бетіне шығып ақтарыла төгілген вулкандық лаваның суынып-қатаюынан пайда болған эффузивтік тау жыныстары жартылай кристалданған құрылымымен және кеуек-қуысты (көбікті, миндалинді-тасты) флюидальдық орналасымымен ажыратылады.
Порфирлі құрылым құрайтын эффузивтік жыныстар (интрузивтік жыныстар секілді) химиялық және минералдық құрамына қарай жеке топтарға жіктеледі. Олардың ішінде кайнотектік (құрамы мен құрылысы өзгеріске ұшырай қоймаған, жас) және палеотектік (өзгерістерге ұшыраған, ескі) түрлері ажыратылады ( 4-кесте).
4 – кесте Тау жыныстарының түрлері
Интузивтік тау
жыныстары
|
Эффузивтік тау жыныстары
|
кайнотенктік
|
палеотетік
|
Гранат
Стенит
Диорит
Габбро
|
липарит
( риолит)
трахит
андезит, базальт
|
липаритті порфир
трахиттті порфир
андезитті порфирит
базальтты порфирит
|
Палеотектік жыныстар порфир немесе порфирит деп аталады. Оған қосымша кайнотектік жыныстардық атауы қосыла айтылады. Порфирлі құрылым құрайтын эффузивтік тау жынысының құрамында калийлі дала шпаттары (ортоклаз) болған жағдайда порфир деп, ал болмаған жағдайда порфирит деп аталады.
Жасырын кристалды (немесе микрокристалды) минералдық түйіршіктер фельзиттік құрылым құрайды. Мысалы, фельзит және базальт. Олар түсіне қарай оңай ажыратылады: фельзит құрамы қышқыл, ашық түсті жыныс; базальттың құрамы негіздік, қою қара-көк түсті болып келеді.
Құрылымы шынылық болып келетін жыныстарға мысал ретінде обсидианды және пемзаны айтуға болады.
Обсидиан (вулкандық шыны) — құрамы көбінесе қышқыл түсі әр түрлі (сұр, сұрғылт, қара-қоңыр және қара түсті) болып келетін, сынығы ұлу қабыршағы секілді жыныстар.
Пемза — ашық түсті, құрамы қышқыл, кеуекті түтіктер түрінде кездесетін өте жеңіл жыныстар.
Пирокластикалық тау жыныстары
Вулкан атқылауы кезінде атмосфера қабатына ыстық лаваның ірілі-ұсақты кесек бөлшектері (вулкандық шыны, әр түрлі минерал-дардың кристалдары) және кездейсоқ кездескен жыныстардың кесек сынықтары (орасан-зор мөлшерде) лақтырылып тасталады. Осындай жолмен пайда болған материалдар қабатталып жинала келе пирокластикалық (отты-кесек бөлшектерден құралған) жыныстар түзіледі. Кесек бөлшектердін, ірілг-ұсақты мөлшеріне қарай олар бес топқа бөлінеді: 1) вулкандық күл (1 мм-ге дейін); 2) вулкандық құм (1— 2 мм); 3) вулкандық қиыршықтар (2—10 мм); 4) лапиллилер (вулкан атқылауы кезінде ауа қабатында қатайып пайда болған лаванын, 10—30 мм-лік бөлшектері); 5) вулкандық бомбалар (көлденең қимасы 5—10 см-ден бірнеше м-ге дейін жететін ірі кесектер).
Вулкандық күл-топырақтар тығыздала келе вулкандық туфтарра айналады, ал әр түрлі мөлшердегі (ірілі-ұсақты) вулкандық материалдардың бірігіп цементтелуінен вулкандық брекчия (женттас) құрылады.
№ 6 дәріс тақырыбы: Кембрийге дейінгі /криптозойлық/ кезеңдегі палеогеографиялық өзгерістер
Лекция тезисі:
Палеогеография - өткен геологиялық дәуірлерде болған жер бетінің физикалық-географиялық өзгеру жағдайларын зерттейді.
Палеогеография – географиялық және геологиялық ғылым болып табылады. Өткен геологиялық уақытта болған физикалық-географиялық жағдай мен ландшафттық-климаттық жағдайды қалпына келтірумен тарихи геологияның құрамына кіретін негізгі ғылыми пән – палеогеография айналысады. Палеогеографиялық зерттеулер процесінде атмосфераның, гидросфераның, литосфераның жоғарғы бөлігі мен биосфераның құрамы реконструкцияланады, палеогеографиялық процестер анықталады, геологиялық өткеннің ландшафт жағдайы қалпына келтіріледі, климаттық белдемділік пен климаты сипаты реконстукцияланады.
Палеогеографиялық құжаттар. Геологиялық заман тарихының жалғыз ғана құжаты тау жыныстары. Кейінгілердің кезектес жүйелерін, бір-бірімен ара-қытынастарын зертейтін геология ілімінің саласын стратиграфия деп атайды. Бұл табиғаттың ұлы кітабы – тау жыныс қабаттарының қайсысы астында, қайсысы орта шенінде, ал қайсысы үстінде екенін анықтап және құрамына қарап, қабаттарды жалғастыруға сүскіндік береді.
Тау жыныстарының қабатталу заңдылығын 1669 жылы Николаус Стено көрсеткен еді. Ол заңдылық – төмен жатқан қабаттың жасы, керісінше, үстіңгі қабат астыңғысынан гөрі жас. Сөйтіп, тау жыныстарының салыстырмалы жасын айырып бұл әдісті салыстырмалы стариграфия дейміз.
Шөгінді тау жыныстары ішінен өсімдіктер мен жануарлардың тасқа айналған қалдықтарын табуға болады. өсімдіктер дүниесі (флоралар) мен жануарлар (фауналар) қалдықтарына қарап, оларды жүйелеә келе тау жынысы қабаттарының салыстырмалы жасын анықтау палеонтологиялық әдіс деп аталады.
Геологиялық кезеңдердің қысқаша сипаттамасына тоқталайық: Жердің геологиялық дамуында 5 эра бар (архей, протерозой, палеозой, мезозой, кайназой).
Архей жыныс қабаттары арасында шөгінді, әсіресе магмалық жыныстар бар. Олардың барлығы дерлік жоғарғы мен қысым әсерінен күшті метаформизмге ұшыраған.
Жыныстары ішінен микроскопта ғана көзге ілінетін балдырлар мен бактериялар табылды. Олардың ең ежелгісі Оңтүстік Африкадан табылған абсолюттік жасы 3,2 млрд. жыл екен. Архей эрасы бұдан 4,5 млрд. жыл бұрын басталып, 2,6 млрд. жыл бұрын аяқталды.
Протерозой эрасының жыныстары археймен салыстырғанда кемірек метаморфандаған және түрлі-түрлі. Қабаттың ішінде балдырлар қалдықтарынан түзілген әктастар, көмір, теміртектес жыныстар бар.
Палеотектоникалық және палеогеографиялық жағдайлар. әртүрлі пікірлер бойынша, Жердің кембрийге дейінгі даму циклінде, палеопротерозойдың басталуы қарсаңында қазіргі континенттік қыртыстың жартысынан ¾ ширегіне дейінгі бөлігі қалыптасқан.
Қазақстанда рифей мен венд құрамында бірқатар сериялар бөлінеді. Ең терең және ұзақ дамыған ойыстардың бірінде (Ерейментау-Шу-Іле) жоғарғы протерозой кешендерінің барлығы эвгеосинклиндерге тән вулканогенді (диабаз), яшма кварцитті және кремнийлі тау жыныстармен, хлорит-серицитті тақтатастармен толған, олардың жалпы қалыңдығы 10 шақырымдай.
Байқоңырдан Кіші Қаратауға дейін, одын әрі Теріскей Алатауға асатын протерозой геосинклин ойысындағы қалың қабаттар шөгінді-вулканогендік тау жыныстардан тұрады. Біраз өлкелерде, соның ішінде Жоңғар Алатауында, Қаратауда, Ұлытауда мұарт шөгінділері – тиллиттер табылды. Ас тұзы мен сульфатар кездеседі. Ендеше атмосфера мен гидросфера қалыпқа келіп, қазіргідей климаттық белдеулер болғаны.
№ 7 дәріс тақырытары: Палеозой эрасы кезінде жер қыртысында болған палеогеографиялық өзгерістер.
Палеозой эрасы кембрий, ордовик, силур, девон, таскөмір, пермь кезеңдерінен тұрады.
Кембрий (организмдердің каңқа қалдығы алғаш табылған орынның аты). Ауа райы қоңыржай, топырақ болмағандықтан тіршілік, негізінен, сулы ортада дамыды. Құрлықта тек бактериялармен көк-жасыл балдырлар тіршілік еткен. Өсімдіктерден жасыл, диатом, алтын түсті балдырлар теңіздерде еркін жүзіп, қызыл, коңыр балдырлар теңіз түбіне бекініп тіршілік еткен. Кембрийдің бас кезінде құллықтан шайылған тұздар теңіз суының тұздылығын арттырған. Әсіресе теңізде кальций, магний тұздарының концентрациясы көбейе бастаған. Теңіз жануарлары минералды тұздары денесіне еркін сіңірген. Буынаяқтылардың ертедегі өкілі – осы күнгі құрлық шаянына ұқсас (мокрица) трилобиттер пайда болған. Денесіне сіңген минарлды тұздардан денесінің сыртында хитинді сауыт түзілген. Трилобиттердің денесі хитинді-сауытты, 40-50 бунаққа бөлінген, теңіз түбінде жорғалап жүріп тіршілік етеді. Кембрийде – губкалардың түрлері, коралдар, былқылдақденелілер, теңіз лилиясы, кейініректе теңіз кірпісі пайда болды. Кембрийді – омыртқасыздардың даму кезеңі дейді.
Ордовик (қазба қалдықтар табылған жерді мекендеген тайпалардың аты). Теңізде қоңыр, қызыл балдырлар, трилобиттер тіршіліктерін жалғастырып дами береді. Қазіргі сегізаяқ, кальмарлардың туысы – алғашқы басаяқты былқылдақденелілер (ұлулар) пайда болды. Сонымен бірге иықаякты, бауыраяқты былқылдақденелілер тарала бастады.
Геологиялық қабаттардан қазіргі минога, миксиналардың арғы тегі болып саналатын жақсүйексіз омыртқалылардың қаңқасы табылған. Денесі мен құйрық бөлімі қалың қабыршақтармен қапталған.
Силур (тайпаның атауы) кезеңінде тау түзілу процесі қарқынды болғандықтан құрлықтың көлемі артты, ең алғашқы омыртқалылар пайда болды. Буынаяқтылардан ұзындығы 2 метрге жететін 6 жұп аяқтары бар алып ракоскорпиондар дамыды. Оның ауыз айналасына орналасқан аяқтарының ең алдыңғы жұбы қорегін ұстап бөлшектеу үшін қысқышқа айналған. Силурда ішкі қаңқасы шеміршекті, сырты қалқаннан тұратын сүйекті сауытпен қапталған ең алғашқы омыртқалы жақсүйексіз жануарлар – сауытты балықтар пайда болды. Сауытты балықтар жұп жүзбе қанаттары болмағандықтан, ұқсағанымен, шын мәнінде, жақсүйексіздер (дөңгелекауызылар) класына жатқан. Өте баяу қозғалу әрі қарай дамуға қабілетсіз етті, ақырында жойылды. Осы күнгі дөңгелекауыздылар – минога мен миксина сауытты балықтардың жақын туысы.
Судың азайып саяздануынан ең алғаш құрлыққа шыққан өсімдік – псилофиттер (риниофиттер). Оның құрылысы көп жасушалы жасыл балдырларға ұқсаған, нағыз жапырақтары болмаған. Жіңішке жіп тәрізді өскіншілері арқылы топыраққа бекініп, су мен минералды тұздарды сіңірген. Өсімдіктердің құрлыққа шығуы – эволюцияның ең негізі кезеңі. Бактерия мен көк-жасыл балдырлардың әрекетінен кұрлықта псилофиттер қорек корын алатын биогенді қабат – топырақ түзілді. Ең алғаш құрлыққп псилофиттермен қатар осы күнгі сарышаянға ұқсас өрмекшітектестер де шықты. Силурдың соңында қаңқасы шеміршектен тұратын жыртқыш балықтар пайда болды. Жақ сүйегінің болуы омыртқалы жануарлардың дамуына зор әсер етті. Өсімдіктер мен жануарлар құрлықты мекендей бастады.
Девон (Оңтүстік Англияның Девоншир графтық атағының құрметіне аталған). Девонды балықтар кезеңі дейді. Теңіздің көлемі азайып, саязданып, ауа-райы құрғап, шөлді-шөлейтті жерлер көбейді. Теңіздерде шеміршекті (осы күнгі аққулар, скаттар, химералар) және сүйекті балықтар пайда болды. Жүзбе қанаттарының құрылысына қарай сүйекті балықтар сәулеқанаттылар (жүзбе қанаттары желпуіш тәрізді) және саусаққанаттылар (жүзбе қанаттары саусаққа ұқсайды) деп бөлінеді. Саусаққанатты балықтардың жүзбе қанаттары етті, қысқа болған. Екі көкірек, екі кұрсақ жүзбе қанаттарының көмегімен жүзіп қана қоймай, суы құрғай бастаған көлдерден су іздеп жорғалап жүрген. 1938 жылы Оңтүстік Африканың мұрайжайына ұзындығы 1,5 метр, салмағы 50 кг балық тапсырылған. Балық мұражайы қызметкері К. Латимер ханымның есімімен латимерия деп аталған. Девонның соңында саусаққанатты балықтардан алғашқы қосмекенділер – стегоцефалдар шыққан.
Девонда өсімдіктен – споралы қырықбуындар, плаундар, қырықжапырақтар пайда болды. Тұқымды қырықжапырақтар көптеп тарала бастады. Құрлық өсімдіктері ауаны оттекпен байытып, тазартып, жануарларды қорекпен қамтамасыз етті.
Тас көмір (жерде тас көмірдің қалың қабаты болғандықтан атаған). Ауа райы ылғалды, жылы болып батпақты жер аумағы көбейген. Биіктігі 30 – 40 м, ені 1 – 2 м ағаштектес плаундар – лепидодендрон мен сигиллярия, каламиттер қалың орман болып өскен.Тас көмірдің орта кезеңінде жер бетінде өсімдіктер әлемі ерекше қаулап өсіп, дами бастаған. Тұқымды қырықжапырақтардан ашықтұқымдылар таралып, эволюцияда тұқыммен көбею жолы пайда болды. Девонның соңында пайда болған стегоцефалдар (сауытбастылар) кең тарала бастады. Стегоцефалдардың дене пішіні тритон мен саламандарға ұқсаған, уылдырық шашып көбейген. Итшабақтарды суда дамыған әрі желбезекпен тыныс алғандықтан қосмекенділердің дамуы осы күнге дейін сумен байланысты. Алғашқы космекенділер мен жорғалаушылардың арасын 50 млн жыл бөліп тұр.
Пермь кезеңі (қаланың аты). Пермьде тау сілемдері түзіліп, құрлық көлемінің ұлғаюы климаты да өзгертті. Экваторда ылғалды тропиктік, одан солтүстікке қарай ыстық, құрғақ климат болды. Батпақты, ылғалды жерде өскен ормандар, қырықбуындар, қырықжапырақтар, плаундар азайып біртіндеп жойылды, орнын тұқымды өсімдіктер басты. Ең алғашқы тұқымды өсімдіктер – ашықтұқымдылар болды. Жануарлар дүниесінде де едәуір өзгерістер байқалды. Трилобиттер, палеозой қоралдары, құрғақ климатқа төзе алмаған қосмекенділер де жойылды. Тек бақа, құрбақа, тритон, саламандра, аяқсыз бақалар ғана сақталып қалды. Жойылған қосмекенділердің орнына құрлыққа жақсы бейімделген бауырымен жорғалаушылар пайда болды. Құрлыққа бейімделудің негізгі кезеңі: терісінің мүйізді қабыршақпен қапталуы; сырты қатты қабықпен қапталған сарыуызға бай жұмыртқа салып көбеюі; тыны салу (судың қажеті жоқ), қанайналым мүшелерінің жақсы жетілуі, т.б. Осындай белгілердің арқасында бауырымен жорғалаушылар жер бетіне кең таралды. Бауырымен жорғалаушылардың ішінде қосмекенділердің аралық формасы – бақакесіртке дамиды. Бақакесірткенің ұзындығы 25 см, денесі кесірткеге, басы бақаға ұқсаған, балықпен қоректенген. Қазбадан табылған аңтісті кесірткеден сүтқоректілер шыққан.
Пермьдегі ароморфоз.
Жұмыртқа салып көбею (жұмыртқаның ішіндегі сұйықтық ұрықты кеуіп кетуден сақтайды). Жұмыртқа жасушасының аналық организмнің ішінде ұрықтануы.
Дененің мүйізді қабыршақпен қапталуы (кеуіп кетуден сақтайды)
Омыртқа жотасының мойын бөлімінің қозғалмалы болуы, басын еркін бұрып, сыртқы ортада болып жатқан әрекеттерге тез жауап қайтаруы.
Бұлшық еттері, тыныс алуы, қанайналым жақсы дамып, ми қыртысы бастамасының біліне бастауы.
Денесін аяқтарының жерден көтеріп ұстап тұруы (тез қозғалуға қажет).
№ 8 дәріс тақырытары: Мезозой эрасы кезінде жер қыртысында болған палеогеографиялық өзгерістер.
Мезозой эрасы 3 кезеңнен (триас, юра, бор) тұрады. Триаста Жер үстінде құрлық үстем болды, климат жылы, құрғақ. Маржандар пайда болып, алғашқы сүтқоректілер пайда болды. Қарағай, шырша тез өсті. Жердің магнит өрісі бағыт алды. Юра теңіз үстем болды.лимат жылы-ылғалды. Динозаврлар пайда болды. Бор кезеңінде теңіз үстем болды. Гүлді өсімдіктер - шамшат (бук), емен, қайың, тал, лавр, магнолия дамыды. Алып динозаврлар жойылады.
Триас — ("үш" деген саннан шыққан) Оңтүстік Германиядан табылған пермь кезеңінің үстіңгі жағындағы қабаттардың санына байланысты койылған атау. Мезозой заманын бауырымен жорғалаушылар мен ашық тұқымды өсімдіктердің заманы деп те атайды. Өсімдіктерден — алып қырықжапырақтар, ағаштектес қырықбуындар мен плаундар біржола жойылып, ашық тұқымды өсімдіктер кең таралды.
Бауырымен жорғалаушылар — динозаврлар, ихтиозаврлар, тасбақалар, ертедегі қолтырауындар, т.б. түрлері кеңінен таралды. Ұзындығы (дене тұрқы) 10—12 м денесінің сыртында мүйізді қабыршықтары жоқ, тұмсығы дельфинге, тісі қолтырауынға, басы кесірткеге, жүзбеқанаттары китке, құйрығы балыққа ұқсаған ихтиозаврлар теңіздерде мекендеген.
Бірақ олар өкпемен тыныс алған. Ихтиозаврлардың ұрпақтары аналығының денесінен жұмыртқаны жарып сыртқа тірідей туылған. Қазбадан табылған ихтиозавр қаңқасының ішінен "ұрпақтарының" қаңқасы шыққан.
Триас кезеңінен бері қарай тасбақалар мен гаттериялар тіршілік етіп келеді. Жаңа Зеландияның аралдарында казіргі кезде таралған гаттерия нағыз "тірі қазба" болып саналады. Соңғы 200 млн жылда гаттерия шамалы ғана өзгерген. Оның ата тегінде болған бас сүйегінің қақпағындағы үшінші төбе көзі әлі күнге дейін сақталған. Осы күнгі бауырымен жорғалаушылардың ішінен ешкіемер мен батбат кесірткелерде де үшінші көздің қалдығы бар. Бауырымен жорғалаушылардың құрылым деңгейі күрделенгенімен, бірақ олардың дене температурасының тұрақсыздығы байқалады.
Юра кезеңі — Франция мен Швейцарияның шекарасында орналасқан қаланың атымен аталады. Бұл кезеңді — динозаврлар (корқынышты кесірткелер) кезеңі деп атайды. Бұл кезенде ауада да, теңізде де құрлықта да бауырымен жорғалаушылар кеңінен тарады. Қазіргі кезде ертеде тіршілік еткен динозаврлардың 250 түрі белгілі болып отыр.
Динозаврлардың ішінде денесі ірі, басы кішкене, мойны мен кұйрығы ұзын, дене тұрқы 30 м, салмағы 50 т алып брахиозаврлар тіршілік еткен. Юра кезеңінде жәндіктердің түрлері де көп таралды және алғашқы құс — археоптерикс пайда болды.
Археоптерикстің басы кесірткенің басына ұқсаған, денесі мүйізді қабыршақтармен қапталған, жақ сүйектерінде тістері бар, құйрығы 18—20 омыртқадан түзілген, тырнақтары ұзын. Оның құсқа ұксаған белгісі — басынан басқа жері түгелдей қауырсынмен қапталған. Бұл кезеңнің ауа райы жұмсақ болғандықтан жабық тұқымды өсімдіктер кеңінен өсе бастады. Бұл өсімдіктер эволюциясындағы ең ірі ароморфоздық өзгеріс болып саналады. Тұқымның жеміспен қапталып жабық болуы, ұрығын колайсыз жағдайдан қорғап өте алыс алқаптарға таралуына мүмкіндік береді.
Бор кезеңі (бақалшақтар мен ұсақ теңіз жануарларынан түзілген бор қабаты қалың болғандықтан солай аталған). Бұл кезеңде гүлді өсімдіктер кеңінен таралды.
қайың Бор кезеңінде пайда болған
Бұл кезеңдегі өсімдіктер әлеміндегі өзгерістерге: үйеңкі, терек, емен, эвкалипт, тал, қайың, т.б. жалпақ жапыракты ағаштардың пайда болуы жатады. Гүлді өсімдіктердің дамуы оны тозаңдандыратын жәндіктердің және жәндікпен қоректенетін құстардың пайда болуына себепші болды. Бор кезеңінің соңында ауа райының суынуына байланысты су жағалауындағы өсімдіктердің таралу алқаптары азайып, өсімдікқоректі және жыртқыш динозаврлар жойылды. Ірі бауырымен жорғалаушылар (колтырауындар) тек тропиктік белдеулерде ғана сақталып калды. Бор кезеңінде құстар мен сүтқоректілердің қарапайым топтары пайда болды. Бұл кезеңде жылықанды жануарлар құрлықта кеңінен таралып, ұшпайтын алып құстар пайда болды.
Сүтқоректілердің шығуына себеп болған ароморфоздық белгілер.
1. Жүйке жүйесінің күрделенуі, алдыңғы ми сыңарларының дамуы жануарлардың мінез-қылығының өзгеруіне, қоршаған орта жағдайларына бейімделуіне әсерін тигізді.
2. Омыртқа жотасы айқын бөлімдерге жіктелді әрі аяқтары денесінің бүйір жағынан бауыр жағына орналасты.
3. Ұрық аналық организмнің денесінде дамып, арнайы мүше — жатырда жетілді әрі ұрпағын сүтпен қоректендірді.
4. Денедегі жылуды қалыпты сақтау үшін түкті жамылғы пайда болды.
5. Газ алмасу қарқындылығын күшейтетін көптеген көпіршіктерден тұратын өкпе дамыды.
Кайнозой эрасы палеоген, неоген, төрттік (антропоген) тұрады, Палеогенде құрлықта сүтқоректілер басым, маймыл тектілер пайда болды. Мамонттар, піл отрядттары пайда болды. Неогенде жас тау жүйелері -Альпі, Карпат, Қырым, Кавказ, Памир, Гималай шыңдары қалыптасты. Антропоген әлі аяқталған жоқ. Ерекшелігі сол кезде жер шарын мұз басты. Төрттік кезеңнің ең басты оқиғасы – адамзат пайда болып, оның сатыдан өтіп дамуы.
№ 9 дәріс тақырытары: Кайнозой эрасы кезінде жер қыртысында болған палеогеографиялық өзгерістер.
Кайнозой, кайнозой эрасы, кайнозой эратемасы (грек. kaіnos – жаңа, zoе – өмір) – Жердің геологиялық дамуының соңғы 65 млн. жылын қамтитын уақыт мерзімі және соған сәйкес келетін тау жыныстарының қабаты. Кайнозой эрасы төменнен жоғары қарай палеоген, неоген және төрттік кезеңдеріне бөлінеді (кестені қ.). Кайнозой эрасында құрлықтар, олардың жер бедері осы күнгі қалыпқа келді. Палеоген кезеңінде тектоник. белсенділік артқан. Оның басты себебі – оңтүстіктен ығысқан микроконтиненттердің (қазіргі Иран, Ауғанстан, Үндістан аумағы) Еуразия құрлығымен соқтығысуы. Мұхиттардың нобайы қазіргіге жуықтап, деңгейі палеогеннің аяғында күрт төмендеген (қазіргіден 400 м шамасында төмен болған). Ол тек миоценнің ортасында ғана қазіргі деңгейге жеткен. Палеоцен мен эоцен дәуірлерінде Гренландия Еуразиядан бөлініп, су асты жотасы бойымен бір-бірінен алшақтаған. Құрлықтардың барлығында терең регрессиялар байқалған. Теңіз Шығасыр Еуропаның оңтүстігінде (Қара теңіз алабы), Кавказ алды аумағында және олардың шығысында, Каспий сырты (Тұран) аудандарында сақталған. Ежелгі теңіз алаптарының жүйесі – Тетис біртұтас мұхит алабы ретінде өмір сүруін тоқтатып, Атлант және Үнді мұхиттарымен жалғасқан Жерорта т. (Ион, Левантия) және шығыс пен Солтүстік жағындағы Паратетис алаптарына бөлініп кетті. Паратетис батысында – Альпі, Карпат және Динар тауларының етегінен басталып, шығысында – Каспий мен Аралға дейін созылған. Эоценнің соңы мен олигоцен дәуірінде Жердің құрылымдық сұлбасы, құрлықтардың нобайы мен мұхиттардағы орт. жоталардың орналасуы қазіргі түрге жақын келген. Миоценде Альпі – Гималай тау белдеуінің қалыптасуы жалғасып, олардың көптеген шыңдары 7 мың м-ге дейін, ал ең биік деңгейлерге төрттік кезеңде жетті. Миоценнің соңында Үлкен және Кіші Кавказ тау жүйелері, Батыс Сібір тақтасы мен Торғай ойысы пайда болды. Қарқынды көтерілімдер Тянь-Шаньда, Қазақстанның шығысында, Алтай – Саян алқабында, Байкал алды және Байкалдың Оңтүстік мен солтүстігінде, Становой жотасы мен Охотск массивтерінде орын алды. Жер бетіндегі күрделі өзгерістер климаттың өзгеруіне әкелді. Палеоген кезеңінде экватор, екі тропиктік және екі субтропиктік белдеулер қалыптасқан, ал олигоцендегі салқындау кезеңінде оларға екі қоңыржай белдеу қосылған. Солтүстік жарты шарда аридтік климат Батыс Сібірдің оңтүстігінде, Солтүстік Африкада, Таяу және Орта Шығыста, Солтүстік Азияда, Оңтүстік Қазақстанда, Моңғолияның батысында, АҚШ-тың Оңтүстік мен Мексикада басым болған. Миоцендегі салқындау бірінші кезекте полюс және қоңыржай ендіктерді қамтыған. Антарктидада жабын мұздықтар ұлғайып, Солтүстік жарты шарда тау мұздықтары пайда болған. Плиоцен дәуірінде экваторлық, тропиктік, субтропиктік, қоңыржай және суық климат белдеулері қалыптасқан. Төрттік кезеңде құрлықтық мұзбасулар (Солтүстік жарты шарды қамтыған) орын алған. Мұзбасу орталықтары Балтық және Канада қалқандарында орналасқан, олардағы мұздың қалыңд. 3 км-ге дейін жеткен. Мұз қабаттары Альпі, Карпат, Кавказ, Тянь-Шань, Алтай, Орал, Гималай тауларының етегіне дейін басып жатқан. Альпіде төрт мұзбасу: гюнц, миндель, рисс және вюрм кезеңдері болған. Мұзбасулар мұхит деңгейіне өте үлкен әсер еткен. Ең жоғары мұзбасу кезінде мұхит деңгейі 150 м-ге төмендеп, ал мұз еріген кезде сол шамаға көтерілген.
Достарыңызбен бөлісу: |