Дәріс № 12
Тақырыбы: Жалпы географиялық шолу карталары.
Дәрістің мазмұны.
1. Жалпы географиялық карталарының мәні және элементінің мазмұны.
2. Жалпы географиялық карталардағы жер бедерінің бейнеленуі.
Дәрістің мақсаты: Студенттерге жалпы шолу географиялық карталары туралы сипаттама беру және оның мазмұнының элементтерімен таныстыру.
1. Жалпы географиялық карталар дегеніміз ландшафт элементтерін құрайтын су объектілері, жер бедері, өсімдік және топырақ жамылғысы, сонымен қатар әлеуметтік-географиялық элементтерді құрайтын елді-мекенді пункттер, жол қатынастары және байланыс құралдары, саяси-әкімшілік элементтер, эконмикалық және мәдени элементтер бірдей дәрежеде бейнеленіп жалпылама негізде сипатталатын карталарды айтады.
Жалпы шолу карталарының масштабы ұсақ болғандықтан жер бетіндегі географиялық объектілерді бейнелеуде және оларды орналастыруда үлкен дәрежедегі жинақтаумен қорытуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, масштабтың ұсақтығы жалпы географиялық карталар топтарында табиғи және әлеуметтік-географиялық элементтерді бейнелеуде топографиялық карталармен салыстырғанда саны жағынан аздаған мөлшермен шектеледі.
Жалпы географиялық шолу карталарының мазмұнына табиғи ландшафтары элементтерінен су объектілері, жер бедері, жағалау сызықтары, ал әлеуметтік-географиялық элементтерден елді-мекенді пункттер, жол қатынастары және территорияның саяси-әкімшілік бөлнуін көрсететін шекаралар кіреді. Сонымен қатар, кей жағдайда, бірақ сирек өсімдік жамылғысының (ормандар), грунттар, мәдени және шаруашылық объектілерінің кейбір элементтерін көрсетеді.
2. Жер бетінің пішіні ірі көлемде болғандықтан, оны жазықтықта бейнелеу, сонымен қатар картада жер бедері құрлықтағы басқа элементтердің мазмұнын алмауы қажет. Сондықтан географиялық картада құрлықтың жер бедерін көрсету күрделі жұмыстардің бірі.
Картографияда жер бедерін бейнелеу үшін бірнеше әдістер құрастырылған. Бірақ, бұл әдістердің біреуіде толық қанағаттандыра алмайды. Сондықтан қазіргі кезеңде жалпы географиялық және тақырыптық карталарда жер бедерін бейнелеу үшін бірнеше әдісті пайдаланады, соның ішіндегі бастылары гипсометриялық әдіс және шаю әдісі (отмывка).
Жоғарыда аталған әдістердің әрбіреуінің белгілі-бір жетістіктерімен қатар кемшіліктеріде болады.
Достарыңызбен бөлісу: |