Дәрістің мазмұны.
1. Географиялық карталардың масштабына және территорияны қамтыу дәрежесіне байланысты классификациялануы.
2. Географиялық карталардың мазмұнына байланысты классификациялануы.
Дәрістің мақсаты: Студенттерге картографиялық шығармаларды классификациялаудың жалпы принциптері жөнінде мағұлматтар беру.
1. Географиялық карталардың көп түрлілігі, оларды классификациялаудың қажеттілігі туады, яғни белгілі-бір белгілеріне қарай отырып карталарды топтарға (түрлерге) бөлу. Карталардың ғылыми классификациясы: карталардың бөлек түрлерін оқып үйренуге және қасиеті мен заңдылықтарын белгілеуге жағдай жасайды; картографиялық өндірісті ұйымдастыруға және оны тиімді жолға қоюға септігін тигізеді; картолардың каталогон жасау үшін және оларды жүйелі түрде карта сақтайтын жерлерге орналастыру, сонымен қатар картографиялық ақпараттарды іздеуге және өңдеуге қажет етеді; классификацияның маңызы соңғы кезеңдерде ақпаратты-картографиялық қызметке автоматтандыруды енгізуге байланысты жедел түрде өсуде.
Карталар төмендегідей белгілеріне байланысты ажыратылады: масштабына, территорияны қамту дәрежесіне, тақырыбына (яғни пәннің мазмұнына), қолданылуына, математикалық негізіне, кезеңіне, тіліне және т.б. Осы аталған белгілері ішіндегі бастылары алғашқы төртеуі, карталардың мазмұны мен сипатын анықтайды. Басқа белгілері бойынша классификациялау көмекші бағытта болады, оны арнайы мақсаттарда қолданады.
Карталардың масштабы бойынша классификациялаудың маңызы картаның мазмұнына және қолдану ерекшелігіне масштабтың әсерімен анықталады. Картографияда масштабына байланысты карталар; ірі масштабты (1: 200 000 және ірілері), орта масштабты (1: 200 000 ұсақтары 1: 1 000 000 – ға дейінгілер кіреді), ұсақ масштабты (1: 1 000 000 ұсақтары).
Географиялық карталарқолдану тәсіліне байланысты жар, стол және текстік карталар болып бөлінеді. Жар карталары – жарға ілінетін карталар, стол карталары бөлек жинақ және оқулықтың соңында қосымша жинақ карталары түріндегі оқу құралы ретінде басылып шығады, ал текстік карталар бұл оқулықта белгілі-бір тақырыптағы текстпен бірге беріледі.
2. Карталарды мазмұны (тақырыбы) бойынша классификациялауда карталар жалпы географиялық және тақырыптық болып бөлінеді. Карталарды қолданылуы бойынша классификациялауда арнаулы карталарға бөледі, олар белгілі-бір тұтынушыларға арналады және белгілі-бір міндеттерді шешеді, мысалға оқу карталары, саяхат навигациялық карталар және т.б. Арнаулы карталар қатарына кейбір жалпы географиялық карталар (мысалға, саяхат) және тақырыптық карталар (мысалға, оқу; климат, өсімдік, экономикалық және басқалар) бола алады.
Жалпы географиялық карталарға территорияның сыртқы көрнісі бейнеленген карталар жатады, яғни табиғи жағдайы, елді-мекенді пункттері, транспорттық жолдар және кейбір басқа да шаруашылық, мәдени объектілері бейнеленеді. Жалпы географиялық карталарға топографиялық және топографиялық шолу карталары да жатады. Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарды да шолу карталары деп те атайды.
Тақырыптық немесе арнаулы карталар деп бір немесе бірнеше табиғи немесе әлеуметтік-географиялық элементтер тереңде және жоғарғы дәлдікпен беріліп сол картаның тақырыбын көрсететін географиялық карталарды айтады.
Тақырыптық карталар мазмұнына байланысты физикалық географиялық немесе табиғи көрністерді беретін және әлеуметтік-географиялық көрністерді беретін карталар болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |