Дәріс № 13
Тақырыбы: Тақырыптық карталар.
Дәрістің мазмұны.
1.Тақырыптық карталардың ерекшеліктері.
2. Тақырыптық карталарды картографиялау әдістері. Ареалдар әдісі. Түрлі-түстік әдіс.
3. Нүктелік әдіс. Қисық сызықтар (изолиний) әдісі.
Дәрістің мақсаты: Студенттерге тақырыптық географиялық карталары туралы сипаттама беру және оның мазмұнының элементтерімен бейнелеу әдістерімен таныстыру.
1. Тақырыптық карталар шартты түрде екі бөлікке бөлінеді, олардың әрбіреуі қолдану бағытымен ерекшеленеді. Бірінші, негізігі бөліміне картаның тақырыбына байланысты бейнеленген құбылыстар жатады. Мысалы, метерологиялық картада бейнеленген құбылыстарды көрсететін арнаулы мазмұнын изобарлар, изобарлар арасындағы түрлі-түсті бояулар және желдің бағытын көрсететін стрелкалар құрайды. Ал тақырыптық картаның тақырыбына қатысы жоқ барлық қалған мазмұны, оның географиялық негізін құрайды. Жоғарыда айтылған метерологиялық картаның географиялық негізіне мұхиттың жағалау сызықтары, теңіздер және көлдер, сонымен қатар өзендердің бейнеленуі, елді-мекенді пункттерді көрсететін пунсондар, олардың жазылған аттары және мемлекеттік шекаралар жатады.
Кез келген тақырыптық картаны жалпы географиялық картамен салыстырғанда тақырыптық карталарда кұбылыстар негізінен тар шеңберде ғана бейнеленеді. Бірақ, тақырыптық картадағы бейнеленген көрністің ерекшелігін ашуы кең көлемде болады. Әсіресе мұндай айырмашылық ұсақ масштабты жалпы географиялық және тақырыптық карталарда көрінеді. Мысалы, жалпы географиялық карталарда жер бедері негізінен жер бетінің пішіндері және теңіз деңгейінен биіктіктері көрсетілсе, ал жер бедерін бейнелейтін тақырыптық карталарда жер бедерін құрайтын пішіндердің пайда болу факторлары, құрлықтың белгілі-бір сапасына қарай аудандастыру, жер қыртысының вертикальды бағытта қозғалуын және жер бедерін халық шаруашылығында пайдалану көрністері берледі.
2. Тақырыптық карталарда құбылыстардың ерекшеліктерін бейнелеу үшін әр түрлі картографиялық бейнелеу әдістерін қолданады., олар ареалдар, түрлі-түсті, нүктелік, изосызық, белгілік, шоғырланған диаграммалар, картограмма, картодиаграмма, сызықтық белгілер және қозғалыс белгілер.
Ареалдар әдісі (бұл латын сөзінде аудан, участок деген ұғымды береді). Бейнеленетін картографиялық құбылыс таралатын ауданды ерекше белгімен бөлектеу арқылы картада береді. Бұл әдіспен тақырыптық карталарда мәдени өсімдіктер мен өсімдіктердің жабайы түрлерінің және жануарлардың таралуын т.б., құбылыстарды беруге болады. Ареалдық әдіс құбылыстың кеңістікте орналасуын сандық сипатынсыз береді.
Достарыңызбен бөлісу: |