Дәрістің мазмұны.
1. Картографиялық жинақтаудың факторлары мен мәні.
2. Жинақтау түрлері.
3. Географиялық картадағы жазулардың түрлері.
Дәрістің мақсаты: Студенттерді картографиялық жинақтаудың факторлерімен, түрлерімен және әдістерімен, картадағы жазулардың түрлерімен таныстыру.
1. Географиялық карталардың басты қасиеті, бұл кеңістіктегі ұзындық және аудандық көрністі оқып үйренуге жағдай жасайды. Мысалы, ауданның, областың, елдің, материктің және бүкіл Жер бетін тұтас алғанда қарастырады. Олар картографиялық проекцияларды қолдану және басқада картографиялық бейнелердің ерекшеліктеріне негізделеді: олар объектілерді кішірейтіп жинақтап береді және зерттейді.
Картографиялық жинақтаулар – бұл картадағы бейнеленген объектілердің қолданылуына, масштабына, мазмұнына және картаға түсірейін деп отырған территорияның ерекшеліктеріне байланысты сұрыптау және тұжырымдау болып табылады. Жинақтаудың мәні негізінен бұл картада объектілердің типтік көрнісін, ерекшеліктерінің сипатын және бір-бірімен байланысы алынады.
Жинақтаудың өзінің анықтамасында негізгі факторлері көрсетілген, оған әсер ететіндер: картаның қолданылуы, оның масштабы және картографиялық шындықтың ерекшеліктері, сонымен қатар оған картаның тақырыбын қосуға болады.
2. Картаның түрлі типтері әр түрдегі жинақтауларға ие болады. Бұлардың ішіндегі дәлірегі инвентаризациялық типтегі аналитикалық карталар, ал көбірек тұжырымдалған және жинақталған бұл синтетикалық карталар (мысалға, аудандастыру карталары) осы карталар тұжырымдауымен, ойды қортуымен ерекшеленеді.
Картаға түсіретін объектінің ерекшелігі (немесе территорияның). Бұл фактордың картадағы берлетін объектінің немесе территорияның негізгі көрністерін және басты элементтерін беруді талап етеді. Мысалға, құрғақты далалардағы немесе шөлейтті аудандарда басты берілетін объектілер барлық кіші-гірім көлдер тіпті бұларды жинақтаған кезде үлкейтіп көрсетеді.
Объектінің зерттелуі. Объектінің жан-жақты зерттелуі (картаның масштабы және қолданылуы) бейнеленген кезде дәл болуы мүмкін, ал фактілік материалдың жетіспеуі схемалық қарапайым тұжырымдалған түрде болады.
Картаның безендірлуі. Көп бояулы карталар, бір түсті карталарға қарағанда көп санды белгілерді бере алады. Картаны жақсы басылуында және дұрыс түсті бояуларды, изосызықтарды, белгілерді таңдағанда, бір картада оқылуына кедергі жасамайтын бір-бірін жапайтын алты түрлі белгіге дейін бейнелеуге болады. Бір түсті картада немесе бояуы шектелген карталарда бұндай көрністі беру мүмкін болмайды, яғни мазмұнын жинақтауды талап етеді.
3. Жазулар географиялық картаның негізгі басты элементтерінің бірі болып табылады.
Картаның басты қолданылуы, бұл географиялық атаулардан арылған тілсіз карталарға қарағанда анықтама алу қызыметін атқарады. Картографиялық атаулар картада жалпы көрнісінде және картаның жеке бөліктері мен элементтерін оқып үйренгенде қажет болады. Олар карта бойынша жол серік қызыметін атқарады. Атаулар жергілікті жерде картамен жұмыс жасаған кезде ерекше маңызға ие болады.
Жазулар картаны байытады, бірақ оқлуын төмендетуі мүмкін. Жазулар көп болған жағдайда карта бетінде түрлі шұбарлы көрністер береді де, картаның негізігі мазмұнын екінші кезекке ығыстырады. Сондықтан картаны жасақтаған кезде тек қана қажетті жазулармен ғана шектелген маңызыды.
Достарыңызбен бөлісу: |