«геодезия және картография өндірісінің экономикасы және оны ұйымдастыру»



жүктеу 0,91 Mb.
бет15/15
Дата16.01.2020
өлшемі0,91 Mb.
#26919
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

 

Реддиннің үш осьтік кестесі

Реддин кестесінде Блэйк торын қосымша үшінші фактормен толықтырады – нәтижелікпен. Реддин осы үш фактордың комбинациясынан менеджменттің 8 стилін бөліп алды:

- міндеттерге бағдарланған (жоспарлаумен, ұйымдастырумен және бақылаумен сипатталады,

- қарым-қатынастарға бағдарланған,

- нәтижелік – менеджердің талаптарға сай болу дәрежесі. Төрт стиль - миссионер, автократ, келіскіш және дезертир- тиімділігі төмен, қалған төрт стиль - прогрессист, мейірімді автократ, администратор және бюрократ –тиімділігі жоғары.

1. Администратор – жағдайды есебке алыпғ маңызды міндеттерді орындауға және қарым-қатынастардың жоғары деңгейіне бағдарланған менеджер.

2. Келіскіш – Оны талап етпейтін жағдайда міндеттерге және қарым-қатынасқа бағдарланудың жоғары дәрежесін қолданатын менеджер. Тиімділігі төмен. Сыртқы ықпалға бейім.

3. Мейірімді автократ – жағдай сәйкес болғанда міндеттерге бағдарлануы жоғары , ал қарым-қатынасқа бағдарлануы төмен болатын менеджер. Тиімділігі жоғары

4.Автократ – жағдайды есебке алмай, міндеттерге бағдарлануы жоғары, ал қарым-қатынасқа бағдарлануы төмен болатын менеджер. Тиімділігі төмен.

5. Прогрессист - жағдай сәйкес болғанда міндеттерге бағдарлануы төмен, ал қарым-қатынасқа бағдарлануы жоғары болатын менеджер. Тиімділігі жоғары. Адамдарды дамытуға тырысады.

6. Миссионер - жағдайды есебке алмай, міндеттерге бағдарлануы төмен, ал қарым-қатынасқа бағдарлануы жоғары болатын менеджер. Тиімділігі төмен.

7. Бюрократ - жағдай сәйкес болғанда міндеттерге де, қарым-қатынасқа да бағдарлануы төмен болатын менеджер. Тиімділігі жоғарырақ. Жұмысты дұрыс орындауға тырысатын адамға тән.

8. Дезертир – жағдайды есебке алмай міндеттерге де, қарым-қатынасқа да бағдарлануы төмен болатын менеджер. Тиімділігі өте төмен.


3. Жоспарлау түсінігі, оның түрлері, әдістері



  Жоспарлау – бұл мақсаттарды анықтау және оларға жету тәсілдерін таңдау процесі.

Бұл процестің алгоритмі:

1.   Ағымдағы жағдайды анықтау және оны талдау. Құрал ретінде STEP және SWOT-талдау қолданылады. Негізгі міндеті кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын анықтау.

2.   Мақсаттарды таңдау. Міндеті – мүмкіндіктерді және қауіптерді зерттеп, нысандарды анықтау.

3.  Мақсатқа жету тәсілдерін анықтау. Міндеті – жүретін жол мен қажет құралдарды табу.

Жоспарлау цикл сайын қайталанатын процесс ретінде қарастырылады :

Мақсаттарды анықтау Шешімді қабылдау Іске асыру Бақылау


Түзету Ауытқуларды талдау

 

  Жоспарлардың жіктелуі:

-   қолдану өрісіне қарай – жалпы және жарым-жартылай,

-   мазмұнына қарай (кәсіпкерлік саясат аспектіде) стратегиялық, тактикалық және оперативті

-   жоспарлау затына қарай- мақсатты, қорларды жоспарлау, бағдарламалық жоспарлау және іс-әрекеттерді жоспарлау

-   қызмет ету өрісіне қарай - өткізуді жоспарлау, өндірісті жоспарлау, персоналды жоспарлау, жабдықтауды жоспарлау, инвестициялық жоспарлау, қаржыны жоспарлау және кеңейтілген жалпы жоспарлау

-   жоспарлау тереңдігіне қарай - глобальды, контурлы, бөлшекті,

-   мерзіміне қарай –қысқа мерзімді, орташа мерзімді, ұзақмерзімді

-   құрылымдық ұйымдастыру тұрғысынан жалпы жоспарлау, кәсіпорынның орналасуын жоспарлау, қызмет өту өрісін, жеке бөлімдерде және учаскелерді жоспарлау

-   уақытқа қарай жеке жоспарларды координациялау бойынша - жүйелі және біруақыттық

-   мәліметтердіғ өзгеруін есебке алу бойынша – қатал және икемді жоспарлау

-   уақыттағы реті бойынша – реттелген, ағымдағы жоспарлау, ауыспалы жоспарлау және кезектен тыс, эвентуальды жоспарлау.

Жоспарлаудың әдістері:

a)   Төменнен жоғарыға қарай жоспарлау (down- up).

b)    Жоғарыдан төменге қарай жоспарлау (up- down).

c)   Қарама-қарсы жоспарлау (bottom– up).

Жоспарлау жүйесі деп бір-бірімен байланысқан, үйлестірілген және тәуелді болатын жоспарлау процестерінің жиынтығын айтады.

Стратегиялық жоспарлаудың міндеттері:

1. Жағдайды талдау.

2. Ұйымның дамуының негізгі мақсаттарын және міндеттерін анықтау.

3. Қорларды шоғырландыру стратегиясын анықтау.

Стратегиялық жоспарлауда бірнеше аналитикалық тәсілдер қолданылу мүмкін. Олардың ең маңыздылары келесі:

1. Шаруашылық және өнім қоржындарын талдау.

2. Жағдайлық талдау.

3. Таңдалған стратегияның пайдалылық деңгейіне әсер етуін талдау (PIMSthe Profit Impact of Market Strategy).

Талданатын аса маңызды көрсеткіштің бірі ретінде нарықтық үлес көрсеткіші анықталады.

Жалпы алғанда кәсіпорынның нарықтық үлесі неғұрлым жоғары болса, оның пайда көлемі солғұрлым жоғары болады. Алайда нарықтық үлес және пайда арасындағы корреляция әрқашанда жоғары болмайдығ кейде байланысы өте әлсіз де болуы мүмкін.

Өте жиі Бостонның кеңестік топ матрицасы қолданылады. Мұндағы графикте әртүрлі өнімдерге салыстырмалы нарықтық үлес және нарықтың салыстырмалы өсу жылдамдығы көрсетіледі.

Бұл матрица бойынша 4 жағдай болуы мүмкін: жоғары нарықтық үлес және жоғары нарықтық өсу жағдайында – «жұлдыздар» (оларды бекітіп, дамыту керек, көп инвестиция қажет етеді), жоғары нарықтық үлес және төмен нарықтық өсу – «сауылмалы сиырлар» (қаржы көзі ретінде қолданылады. Төмен нарықтық үлес және жоғары нарықтық өсу – «қиын балалар» (арнайы зерттеледі, инвестициялар салып, жұлдыздарға айналу мүмкіндігі қарастырылады. Төмен нарықтық үлес пен өсу жағдайы – «иттер» - кәсіпорынға шығын әкелетін өнімдер.

Бұл матрицаны қолданғанда кейде үшінші көрсеткіш қолданылады және ол өнімнің графиктегі орнын белгілетін нүктенің сыртына сызылған шеңбердің радиуысын сипаттайды. Бұл көрсеткіш ретінде өткізу көлемі немесе пайда көрсеткіші қолданылады.

Бұл матрица жеке нарықтарға және жалпы нарыққа салынады.

Берілген матрицаның көптеген кемшіліктері болады. Біріншіден, нарықтық үлес және оның өсуі жөнінде ақпарат жинау қиындығы. Екіншіден, бұл матрица шаруашылық қызметтің статикалық көрінісін береді және болашақта қандай өзгерістер болуын болжауға мүмкіндік бермейді. Бұл кемшілікті жою үшін бұл матрицаны әрбір уақыт мерзімі сайын қайталап салу керек, сонда өзгерудің бағытын анықтауға мүмкіндік туады.

Тағы бір кемшілік ретінде бұл матрицаның бизнестің жеке түрлерінің өзара тәуелділігін (синергетикалық эффектіні) есебке алмайды. Сонымен қатар, тек қарастырылған екі көрсеткіш арқылы қарастырылатын бизнестің жағдайына толық баға беруге болмайды. Сондықтан да осы екі көрсеткіш бойынша көп критериальды баға жасауға болады, мысалы General Electric (GE) матрицасы бойынша.

GE матрицасы, немесе Мак-Кинзи матрицасы жеке шаруашылық бірліктерінің қызықтырғыштығын бағалау үшін қолданылады: Х осі фирманың саладағы орнын сипаттайды, ал Y осі саланың қызықтырғыштығын көрсетеді. Олар өздері бірнеше параметрлер бойынша анықталады.

Фирма позициясының күші салыстырмалы нарықтық үлеске, оның өзгеру динамикасына, алынатын пайда мөлшеріне, имиджге, бағаға, өткізу нәтижелігіне, географиялық артықшылықтарға, қызметкерлер жұмысының нәтижелігіне тәуелді анықталады. Бұл күштің үш градациясы болуы мүмкін: күшті, орташа, әлсіз. Сала қызықтырғыштығы индексы нарықтың көлеміне, алуан түрлілігіне, өсу жылдамдығына, бәсекелес санына, пайданың орташа салалық мөлшеріне, сұраныс циклдығына, салалық шығындардың құрылымына, баға саясатына, заңдылыққа, еңбек қорларға тәуелді анықталады. Оның үш түрі бар: жоғары, орташа, төмен. Суреттен осы екі көрсеткіштің байланыстары үш зонаны құрайды: ұйым инвестиция жасау керек зонасы; ұйым инвестицияларды бұрынғы деңгейде сақтау қажет зонасы және максимальды мүмкін пайданы алып, шығып кету қажет зонасы болады.

Әр квадратқа арналған стратегиялар:

1 Инвестиция жасау және күшті жақтарын сақтау арқылы нарықтағы орнын сақтау және оны бекіту.

2. Лидерлік үшін күреске инвестиция жасау.

3. Таңдамалы өсуді қамтамасыз ету

4. Ең қызықты нарықтық сегменттерге ірі инвестиция жіберу.

5. Нарықтық қызметтің бар бағдарламаларын қорғау.

6. Қызметті кеңейтуді шектеу.

7 Позицияны сақтау және қызметті басқа нысанға бағыттау

8. өнімді модернизациялау, инвестицияларды азайту және аса пайдалы сегменттердегі позицияларды сақтау арқылы ақша табуға бағдарлану.

9. Нарықтан шығу

Қоржынды талдаудың тағы бір құралы ретінде Shell/DPM матрицасын көрсетуге болады (DPMDirect Policy Matrixбағытталған саясат матрицасы). Бұл матрицада GE матрицасына қарағанда бизнестің сандық көрсеткіштеріне негіз жасалынған. Сонымен, БКТ матрицасында стратегиялық таңдау белгісі ретінде ағымдағы ақша ағыны болса (яғни қысқа мерзімді жоспарлау), GE матрицасында керісінше инвестицияларға (яғни ұзақмерзімді жоспарлауға) көңіл бөлінеді. Ал Shell/DPM моделі осы екі көрсеткішке бірден негізделіп стратегиялық шешім қабылдауды ұсынады.

Бұл модель, көбінесе сала тұрғысынан шектелген, тек капитал сіңіргіштігі жоғары салаларға тән (химиялық, мұнай өңдеу, металлургия).

Shell/DPM моделі жетекшілерді ақша массасын туындыратын бизнес-облыстардан ақша ағындарын болашақта қайтарылымы жоғары болатын бизнес-облыстарға инвестиция түрінде қайта бөлуге бағдарлайды.

Аталған матрицалардың кемшіліктері ретінде олардың күрделілігін, қымбат болуын және кейбір көрсеткіштерді олардың көмегімен өлшеу қиындығын атйтуға болады. Сонымен қатар, олар болашақ жөнінде ақпарат бермейді, тек ағымдағы жағдайды көрсетеді.

Жағдайлық, немесе «SWOT-талдау» (Strengths— күшті жақтар; Weaknesses — әлсіз жақтар; Opportunities — мүмкіндіктер; Threats — қауіптер, тәуекелдер).

Күшті және әлсіз жақтарды талдау ұйымның ішкі ортасын зерттеумен байланысты болады, яғни фирманың маркетингтік, қаржы, өндірістік және кадрлық-ұйымдастырушылық бөліктерін.

Сыртқы ортаны зерттеу арқылы ұйым мүмкін қауіптерді және жаңа мүмкіндіктерді анықтайды.

SWOT-талдау әдістемесі фирманың күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктер мен қауіптерді зерттеп одан кейін осы сипаттамаларының арасындағы байланыстарды зерттейді.

Байланыстарды матрица түрінде көрсетуге болады. Сол жақтан күшті және әлсіз жақтар көрсетіліп, үстіден мүмкіндіктер мен қауіптер жазылады.

Олардың қиылысу бөліктерінде 4 жағдай пайда болады: «КЖМ» (күш және мүмкіндік); «КЖҚ» (күш және қауіп); «ӘЖМ» (әлсіздік және мүмкіндік); «ӘЖҚ» (әлсіздік және қауіп). Әрқайсысына сәйкес стратегия құрастырылады.

Берілген әдістеме бойынша, сондай-ақ, әр пайда болған мүмкіндікті және қауіпті жеке зерттеу үшін мүмкіндіктер және қауіптер матрицалары жасалыну мүмкін. Бұл матрицаларда мүмкіндіктердің және қауіптердің болу ықтималдылықтары (жоғары, орташа, төмен) және ұйымға әсер ету дәрежесі (жоғары, орташа, төмен) жазылады және олардың өзара қиылысуын зерттейді.

Мүмкіндіктерді және қауіптерді үш бағытта зерттеу керек: нарық, өнім және өнімді мақсатты нарықта өткізу қызметі бойынша.

PIMS-талдау, немесе таңдалған стратегияның пайдалылық деңгейін анықтау. Бұл талдау стратегиялық өзгермелі шамалардың (нарықтық үлес, өнім сапасы, вертикальды интеграция) және жағдайлық өзгермелі шамалардың кең диапазонын (нарықтың өсу жылдамдығы, саланың даму кезеңі, капитал ағынының жылдамдығы) пайдалылық шамасымен салыстыратын моделді құруға негізделген. Мақсаты – бірнеше варианттың ішінен ең тиімді стратегияны таңдау.

Көп шамалық регрессия теңдеулері құрастырылады, мұнда пайдалылық көрсеткіштері әртүрлі өзгермелі шамалармен байланыстырылады. Бұл әдісті қолданғанда 37 фактор есебке алынды. Өзгермелі шамалар 5 класка топтастырылды:

1. Нарықтық жағдайлардың қолайлығы:

саланың ұзақмерзімде өсу жылдамдығы (4 — 10 жыл);

саланың қысқа мерзімде өсу жылдамдығы (3 жылға дейін);

өнімнің өмірлік циклының кезеңі.

2. Бәсекелестік позициялардың күші:

нарықтық үлес;

салыстырмалы нарықтық үлес;

салыстырмалы өнім сапасы;

өнім линиясының салыстырмалы тереңдігі.

3. Инвестицияларды пайдалану тиімділігі:

инвестициялардың интенсивтілігі (сату көлеміне саналған жалпы инвестициялар);

негізгі капиталдың интенсивтілігі (сату көлеміне қатынасы);

вертикальды интеграция (қосылған құнның сату көлеміне қатынасы);

қуатты пайдалану пайызы.

4. Бюджетті келесі бағыттарда қолдану:

маркетинг шығындарының сату көлеміне қатынасы;

ғылыми бағыттағы шығындардың сату көлеміне қатынасы;

жаңа өнімдерге шығындардың сату көлеміне қатынасы.

5. Нарықтағы алатын орынның ағымдағы өзгерістері:

нарықтық үлестің өзгеруі.

Миссия - ұйымның қызмет етуінің нақты айтылған себебі. Миссия – кәсіпорынның барлық мақсаттарын байланыстыратын нысан.

Миссияны құрастырғанда келесі факторлар есебке алынады:

1. Ұйымның пайда болу және даму тарихы, имиджы.

2. Меншік иелерінің, жетекшілердің қызмет етуінің стилі, әрекет ету тәсілі.

3. Бар қорлар.

4. Қоршаған орта.

5. Ұйымның ерекше жақтары.

Миссияда ұйымның барлық халық топтары алдындағы жауапкершілігі көрсетіледі.

Ұйымның миссиясы ынталандырғыш сипатта болу керек, көбінесе ол әлеуметтік сипатта болған дұрыс.

Миссияның негізінде стратегиялық мақсаттар құрылады:

1. нарықтық үлестің нақты белгіленген шамаларын қамтамасыз ету. 2. инновациялық мақсаттар

3. Қорларға қатысты мақсаттар. 4. Қызмет нәтижелігін көтеру мақсаттары. 5. Әлеуметтік мақсаттар. 6.  Нақты белгіленген пайда мөлшерін алу.

Мақсаттардың келесі түрлері болады :

1. Монетарлы – ақшалай көрінісі бар мақсаттар.

2. Маркетингтік: айналымды, сатуларды, табысты өсіру.

3. Рентабельділік бойынша: пайданы өсіру, барлық рентабельділік түрлерін жақсарту

4. Қаржы-экономикалық: ликвидтілікті өсіру, капитал құрылымын жетілдіру, шығындарды азайту

5. Монетарлы емесақшалай көрінісі жоқ мақсаттар.

Монетарлы емес мақсаттар

А) Экономикалық: нарық үлесін өсіру,  өнім сапасын өсіру, қоршаған ортаны қорғау, инновацияларды жақсарту, сервисті жақсарту

Б) Әлеуметтікжұмыскер табысын өсіру, әлеуметтік қауіпсіздікті өсіру,  жұмыстан қанағаттану, әлеуметтік интеграция, персоналды дамыту

В) Бедел мақсаттары: дербестік, бедел мен имидж, саяси ықпалы, қоғамдық ықпалы

Барлық мақсаттар кәсіпорын мақсаттарының жүйесін құрайды

Мақсаттардың бір-біріне қатынасы келесі түрде болады.

-         Комплиментарлы мақсаттар, бір мақсатқа жету басқа мақсатқа жетуге көмектеседі.

-         Бәсекелі мақсаттар, бір мақсатқа жету басқа мақсатқа жетуге кедергі жасайды.

-         Индифферентты мақсаттар, бейтарап мақсаттар.

    Мақсаттардың иерархиялық деңгейі:

Жоғарғы деңгейлі мақсаттар, орташа деңгейлі мақсаттар,  төменгі деңгейлі мақсаттар.

Стратегия деп іс-әрекеттің басты бағытын, ұйым миссиясын орындаудың негізгі жолын айтады.

Барлық кәсіпорындарға жалпы базистік стратегиялар болады. Оларды құрастыру үшін екі координата қолданылады: нарық және өнім, нәтижелер матрица түрінде көрсетіледі.

Даму кезеңінде болатын ұйымдарға мынадай стратегияларды ұсынуға болады (Ансофф матрицасы).

Игерілген нарықтағы орнын кеңейту – егер ұйымда технологиялық немесе өндірістік артықшылықтар бар болса нәтиже береді. Жаңа технологияларға салымдар жасалынады және бағаларды азайтады.

Өнімді дамыту стратегиясы - жаңа өнімдерді шығаруды көздейді. Ол үшін фирмада дамыған ғылыми-өндірістік, конструкторлық база мен персонал болу керек.

Жаңа нарықтарды дамыту стратегиясы – жаңа нарықтарды іздеп, оны игеру үшін инвестиция жұмсалады.

Диверсификация стратегиясы - жаңа өнімдерді жаңа нарықтарға жіберуді көздейді. Бұл стратегияны, көбінесе өте бай ұйымдар жүргізе алады.

Құлдырау кезеңінде орналасқан ұйымдарға келесі стратегияларды ұсынуға болады.

Астықты жинау стратегиясы. Ұйым барлық артық шығындарын (маркетинг, жарнама, өткізу) күрт азайтып, өткізу көлемі азайса да пайда көлемін максимальды етуге тырысады.

Нарықтық орнын қысқарту стратегиясы. Әртүрлі себептерге байланысты (бәсеке, заңның өзгеруі, және с.с.)

Өнім номенклатурасын қысқарту стратегиясы. Егер кейбір өнім түрлерінің бәсекелестік қабілеті төмен болса.

Бизнесті тоқтату стратегиясы – барлық сатуларды тоқтатады (барлық операцияларды тоқтату арқылы немесе өз орнын сату арқылы.

Сонымен қатар бәсекелестік күрес стратегиялары болады.

Шығындар бойынша лидер болу стратегиясы өнімді бәсекелестерге қарағанда төмен бағамен сату. Жалпы нарықта

Шығындарға назар аудару стратегиясы. Шығындарды үнемдеуді көздейді. Нақты нарықтарда.

Дифференциальды артықшылықтар бар стратегия. Тұтынушыға максимальды пайда әкелу көзделеді (сапа, сервис және т.с.с). Жалпы нарықта

Дифференциацияға назар аудару стратегиясы. Нақты нарықтарда.

 Базистік стратегияларды бөлшектегенде олар келесі стратегияларға айналу мүмкін:

·         жұтып алу стратегиясы, компания ұтылған бәсекелесті өзіне қосып алады;

·         қосылу стратегиясы; бірнеше компаниялар өте мықты жаңа компанияны құрайды;

·         елде немесе шетелде филиал ашу стратегиясы;

·         басқа компания акцияларын сатып алу стратегиясы;

·         басқа компаниялармен әртүрлі өрістерде іскерлік байланыстар жасау (ғылыми, өндірістік, коммерциялық және т.с.с.;

·         вертикальды интеграция.

2 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫ ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛАР
Практикалық сабақтардың мақсаты ретінде студенттерде кәсіпорынның қызмет етуінің экономикалық механизмін зерттеу негізінде экономикалық ойлау қабілетін қалыптастыру болады

Практикалық сабақтарға дайындалу барысында студент сабақтың жоспарын тыңғылықты зерттеп, дәрістер конспектісін оқып, ұсынылған әдебиетті оқуға міндетті.

Ұсынылған әдебиетті зерттегенде студент оқыған материалдың негізгі түйінін конспектілеп, басты мәселені көрсете білу керек.

При изучении рекомендуемой литературы студенту желательно конспектировать основной смысл изложенного, выделять главное. Ерекше назарды біздің елемізде шыққан немесе шығарылып жатқан заңдарды, ҚР Президентінің Жарлықтарын, экономикалық реформаларды енгізу және іске асыруға байланысты жоспарлар, бағдарламалар мен басқа да нормативтік актілер мен мәліметтерді зерттеуге аудару қажет.

СӨЖ бойынша барлық тапсырмалар семинарларда берілетін болады. Студенттердің семинарлық және практикалық сабақтарға қатысу формаларына келесі жатады: баяндама оқу, диалогтар, пікір таластар, реферат жазу және есеп шығару. Осы аталған барлық формалар әр студентке қол жетерлік болады және оның дамуына мүмкіндік жасайды. Студенттер үшін қажет шарт ретінде семинарлық сабақтарға дұрыс дайындалу. Әр семинарлық сабаққа негізгі сұрақтар тізімі беріледі және негізгі мен қосымша әдебиет ұсынылады
ӘДЕБИЕТ

Негізгі әдебиет

1. ҚР 2003-2015 жылдарға арналған индустриальды-инновациялық даму Стратегиясы // ҚР Президенті мен Үкіметінің шығарған актілерінің Жинағы, 2003, № 23-24.

2. 2010 жылға дейінгі экономикалық саясаттың негізгі бағыттарының Стратегиялық жоспары. Егемен Қазақстан, 4.12.2001 ж.

3. ҚР ПРезидентінің Қазақстан халқына жолдауы «Бәсекелеске қабілетті Қазақстанға, бәсекелеске қабілетті экономикаға, бәсекелеске қабілетті ұлтқа», 19 наурыз 2004 ж., Астана.

4. ҚР ПРезидентінің Қазақстан халқына жолдауы «Қазахстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңартулар жолында», 18 ақпан 2005 ж., Астана

5. ҚР заңы «Жеке дара кәсіпкерлік туралы» 19 маусым 1997 ж

6. ҚР заңы «Табиғи монополиялар туралы» Егемен Қазақстан, 1998, 24 қараша.

7. ҚР заңы «Заңсыз бәсеке туралы» 9 маусым 1998ж.

8. ҚР заңы «Бәсеке және монополиялық қызметі шектеу туралы» 19 қаңтар 2001 ж.

9. ҚР заңы «Акционерлік қоғамдар туралы» 13 мамыр 2003ж.

10. ҚР заңы «Жаупкершілігі қосымша және шектелген серіктестіктер туралы» 2 сәуір 1998ж.

11. ҚР заңы «Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы» 24 мамыр 2002ж.

12. ҚР Президентінің Жарлығы «ҚР мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған шаралар туралы» 30 қыркүйек 2004 ж.

13. ҚР заңы «Инновациялық қызмет туралы» 3 шілде 2002ж.

14. ҚР заңы «Инвестициялар туралы» 28 ақпан 2003ж.

15. ҚР бюджеттік кодексы, 28 сәуір 2004 жыл.

16. ҚР кодексы «Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы», Алматы, 2001.

17. Волков О. И., Скляренко В.К. Экономика предприятия. – М.: ИНФРА-М 2002.

18. Грузинов В.П. и др. Экономика предприятия. М.: Банки и биржи ЮНИТИ, 1999.

19. Непомнящий Е.Г. Экономика и управление предприятием. Таганрог: ТРТУ, 2003.

20. Оқулық /Под ред Сафронова Н.А. М., 2001

21. Брыкин П.А. Экономика, организация и планирование топографо – геодезического производства: 3-е изд., перераб и доп. – М.: 1988.

22. Экономика предприятия и предпринимательства./ Грузинов В. М., 2000

23. Экономика предприятия . Швандар В.А.. М., 2000.

24. Экономика предприятия. Под ред. проф. В. Я. Горфинкеля, проф. В.А.Швандара. М.: ЮНИТИ - ДАНА, 2000

25. Экономика предприятия. Под ред. Н.А. Сафронова. М., 2000

26. Экономика предприятия. Тесты, задачи, ситуации. / Под ред. проф. В.А. Швандара.- М.: ЮНИТИ - ДАНА, 2001.

27. Экономика предприятия. М.: «Издательство ПРИОР»,2000.

28. Экономика предприятия. Под ред. В.Я. Хрипача. М.,2000

29. Герчикова И.Н. Менеджемент, - М., 2000

30. Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент. – М., 2000

31. Кабушкин Н.И. Основы менеджмента. – М., 1996.

32. Мескон М. и другие Основы менеджмента. – М., 2002.


Қосымша әдебиет

1. Большой экономический словарь./Под ред. Л. II. Азрилияна М.: Институт новой экономики, 2002.

2. Мамыров Н.К., Ихданов Ж. Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана (теория, опыт, проблемы): Учебное пособие - Алматы, 1998.

3. Гольдштейн Г.Я. Основы менеджмента. Таганрог: ТРТУ, 1995.


4. Корсаков М.Н. Экономика предприятия. Таганрог: ТРТУ, 2002.

5. Герчикова И.Н. Менеджемент, - М., 1996.

6. Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент – М., 1998

7. Веснин В.Р. Основы менеджмента. – М., 1996.

8. Мамыров Н.К. Менеджмент и рынок: казахстанская модель. – Алматы, 1998.

9. Каренов Основы менеджмента. – Караганда, 1995.

10. Кузнецов Ю., Подлесных В. Основы менеджмента, - М., 1997.

11. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия. – Алматы: Экономика, 1998.

12. Жиделева В.В., Каптейн Ю.Н. Экономика предприятия: Учебное пособие - М.: ИНФРА-М, 2001.

13. Калдыбаев О., Темирбаев А. Экономика предприятия (фирмы). Алматы, «Санат», 1997.

14. Мокий М. С., Скамай Л. Г., Трубочкина М.И. Экономика предприятия: Учебное пособие - М.: ИНФРА-М, 2000.

15. Эванс Дж.М., Берман Б. Маркетинж. М.: Экономика, 1993.

16. Осипов Ю.М. Основы предпринимательского дела. М.: изд-во 1992.

17. Кобринский Н.Е., Майминас Е.З., Смирнов А.Д. Экономическая кибернетика. М.: Экономика, 2004.

18. Попов Г.Х. Эффективное управление. М.: Экономика, 2005.

Семинарлық сабақтардың жоспарлары





Тақырыбы

Мазмұны

Бақылау сұрақтары

Сатаө мақсаты

Ұсынылған әдебиет

1

Геодезия мен картография өндірісінің кәсіпорны

Курстың оқыту заты, әдісі мен мазмұны. Геодезиялық өндірісінің жалпы экономикадағы алатын орын, рөлі. ҚР геодезиялық және картографиялық саласының қазіргі жағдайы. Топографиялы-геодезиялық жұмыстардың халық шаруашылығы жүйесіндегі орны. Кәсіпорындардың негізгі түрлері мен ұйымдастырушылық формалары.

Кәсіпорын дегеніміз не? Оның негізгі міндеттеріне не жатады?

Кәсіпорының ішкі ортасына кіретін негізгі құрамдас элементтер?

Кәсіпорынның сыртқы ортасы элементтері?

Кәсіпорындардың жіктелуін атаңыз.

Кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары: серіктестіктер, қоғамдар, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар, кооперативтер, бизнестың басқа формалары

Кәсіпорынның заң алдындағы міндеттемелері және құқықтары.

Кәсіпорындарды тіркеу тәртібін сипаттаңыз.


Изучить место и роль топографо – геодезических и картографических работ в системе народного хозяйства; организационные формы и виды предприятий.

Непомнящий Е.Г. Экономика и управление предприятием. Таганрог: ТРТУ, 2003.

Оқулық /Под ред Сафронова Н.А. М., 2001

Брыкин П.А. Экономика, организация и планирование топографо – геодезического производства: 3-е изд., перераб и доп. – М.: 1988. 13б.


2
Кәсіпорынның негізгі қорлары

Негізгі қорлардың мәні мен қолдану мақсаты. ПӨҚ бағалау әдістері. Геодезия мен картография саласын-дағы НӨҚ құрылымы. НӨҚ тозуы мен амортизациясы. НӨҚ пайдалануды сипаттайтын көрсеткіштер. НӨҚ қайта өндірісі. Инвестициялар, инвестициялардың тиімділігін есептеу әдістері

Негізгі өндірістік қорлар, түсінік беру және құрамы.

Негізгі қорларға баға беру.

Негізгі қорлардың тозуы, ұдайы өндірісі

Негізгі қорлардың амортизациясы

Негізгі қорларды пайдалануды сипаттайтын көрсеткіштер

.


Изучить Основные фонды предприятия

Непомнящий Е.Г. Экономика и управление предприятием. Таганрог: ТРТУ, 2003.

Оқулық /Под ред Сафронова Н.А. М., 2001

Брыкин П.А. Экономика, организация и планирование топографо – геодезического производства: 3-е изд., перераб и доп. – М.: 1988.161 б


3
Кәсіпорынның айналым қаржылары

Айналым қаржысының құрамы мен жіктелуі. Кәсіпорынның айналым қаржыдағы қажеттілігін анықтау. Айналым қаржыларын нормалау әдістемесі. Айналым қаржыларын пайдалануды сипаттайтын көрсеткіштер. Қорларды басқару. Кәсіпорындағы айналым қаржылардың айналымдылығын жеделдету жолдары

Айналым қаржысы туралы түсінік.

Айналым қаржының қалыптасу көздері

АҚ пайдалану тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер

Айналым капиталын басқару

Қорларды басқару модельдері

Изучить Оборотные средства предприятия



Непомнящий Е.Г. Экономика и управление предприятием. Таганрог: ТРТУ, 2003.

Оқулық /Под ред Сафронова Н.А. М., 2001

Брыкин П.А. Экономика, организация и планирование топографо – геодезического производства: 3-е изд., перераб и доп. – М.: 1988.167 б


4
Еңбек өнімділігі және еңбекті төлеу

Кәсіпорын персоналы. Кадрларды даярлау және олардың біліктілігін өсіру. Еңбек өнімділігі, есептеу әдістемесі. Еңбек өнімділігін өсірудің негізгі факторлары. Еңбекті тарификациялау. Еңбекті материалдық ынталандыру әдістері. Жұмысшылар еңбегін уәждеу әдістемесі

Фирманың еңбек қорларының құрамы және құрылымы

Жұмыс күшінің қажеттілігін анықтау әдістері

Еңбек өнімділігін өсіру мәселелері

Изучить производительность и оплату труда



Непомнящий Е.Г. Экономика и управление предприятием. Таганрог: ТРТУ, 2003.
Корсаков М.Н. Экономика предприятия. Таганрог: ТРТУ, 2002.
Экономика предприятия. Оқулық /Под ред Сафронова Н.А. М., 2001

Экономика предприятия. Под ред. В.Я. Хрипача. М.,2000



5
Бағалар және бағаны жасау

Бағаның мәні. Баға жасаудың міндеттері. Бағалардың функциялары. Бағалар жүйесі. Геодезиялық және картографиялық қызметтер тарифтерін анықтау әдістемесі. Кәсіпорынның баға, тариф саясаты. Баға стратегиясын таңдау. Баға жасау әдістері. Бағаларды геодезия мен картография өндірісінде қалыптастыру ерекшеліктері. ҚР-ның ерекшеліктері. Тарифтерді құрастырудағы әлемдік және сыртқы сауда тәжірибесі

Баға жасау қағидалары

Баға жасау әдістері

Баға және баға жасау саясатының механизмы


Изучить сущность цены, задачи ценообразования, функции цен, систему цен.

Непомнящий Е.Г. Экономика и управление предприятием. Таганрог: ТРТУ, 2003.
Корсаков М.Н. Экономика предприятия. Таганрог: ТРТУ, 2002.
Экономика предприятия. Оқулық /Под ред Сафронова Н.А. М., 2001

Экономика предприятия. Под ред. В.Я. Хрипача. М.,2000



6
Өндіріс шығындары және оларды анықтау

Кәсіпорын шығындарының түсінігі және түрлері. Шығындардың негізгі жіктелуі. Геодезиялық және картографиялық жұмыстардың шығындар сметасын құрастыру әдістемесі. Шығындарды экономикалық элемент және шығын баптары бойынша топтастыру. Жұмыстардың шығындарын төмендетудің басты жолдары

Шығындардың жіктелуі. Шығындарды экономикалық элемент және шығын баптары бойынша топтастыру. Өзіндік құнды анықтау. Шығынды азайту факторлары
Изучить Издержки производства и себестоимость продукции.



Непомнящий Е.Г. Экономика и управление предприятием. Таганрог: ТРТУ, 2003.
Корсаков М.Н. Экономика предприятия. Таганрог: ТРТУ, 2002.
Экономика предприятия. Оқулық /Под ред Сафронова Н.А. М., 2001

Экономика предприятия. Под ред. В.Я. Хрипача. М.,2000



7
Кәсіпорынның табысы, пайдасы және рентабельділі-гі

Қызметтерді, жұмыстарды өткізуден түскен табыс. Геодезиялық және картографиялық өндіріс кәсіпорындардағы жалпы табысты есептеу әдістемесі. Фирманың таза пайдасы. Оны бөлу әдісі және жолдары. Пайданың рөлі, оны өсіру жолдары. Рентабельділік, оның түрлері. Қызметтің шығынсыздығын анықтау

Өнімді өткізуден түскен табыс. Жалпы пайда, таза пайда.

Пайданың бөлінуі, өсіру жолдары. Рентабельділік түрлері



Изучить понятия выручка, прибыль, рентабельность предприятия

Непомнящий Е.Г. Экономика и управление предприятием. Таганрог: ТРТУ, 2003.
Корсаков М.Н. Экономика предприятия. Таганрог: ТРТУ, 2002.
Экономика предприятия. Оқулық /Под ред Сафронова Н.А. М., 2001

Экономика предприятия. Под ред. В.Я. Хрипача. М.,2000



8
Сапа, бәсекелестік қабілет, стандарттау және сертификаттау

Қызмет сапасының және бісекелестік қабілетінің түсінігі және көрсеткіштері. Сапаны басқару әдістемесі. Геодезиялық және картографиялық өрістегі стандарттау және сертификаттау жұмыстары. Сапаның халықаралық стандарттары және жүйелері.

Өнім сапасы туралы түсінік беру

Өнім сапасы көрсеткіштері

Өнім сапасын бақылау әдістері

Стандарттау, сертификаттау жүйелері

Халықаралық стандарттар жүйесі

Тұтынушылардың құқықтары және оларды қорғау ерекшеліктері




Изучить качество, конкурентоспособность, стандартизация и сертификация продукции

Непомнящий Е.Г. Экономика и управление предприятием. Таганрог: ТРТУ, 2003.
Корсаков М.Н. Экономика предприятия. Таганрог: ТРТУ, 2002.
Экономика предприятия. Оқулық /Под ред Сафронова Н.А. М., 2001

Экономика предприятия. Под ред. В.Я. Хрипача. М.,2000



9
Топографиялы-геодезиялық және картографиялық өндірістегі еңбекті ұйымдастыру және нормалау

Топографиялы-геодезиялық өндірістегі еңбекті ұйымдастырудың бригадалық формасы. Еңбекті техникалық нормалау. Жұмыстар процестеріне арналған уақыт және өнім өңдіру нормалары. Еңбекті ұйымдастырудың бригадалық формасы бойынша уақыт және өнім өңдіру нормаларын құрастыру

Уақыт нормасы

Нормалау әдістері

Еңбек шығындарын анықтау әдістері

Еңбекті төлеуді ұйымдастыру

Жұмыс орындарын ұйымдастыру

Еңбек жағдайларын оңтайландыру



Изучить организацию и нормирование труда в топографо – геодезическом и картографическом производстве

Брыкин П.А. Экономика, организация и планирование топографо – геодезического производства: 3-е изд., перераб и доп. – М.: 1988. 171 б

10
Топографиялы-геодезиялық өндірісті ұйымдастыру

Өндірістік процесс және оны ұйымдастыру қағидалары. Өндіріс түрлері және олардың техникалы-экономикалық сипаттамасы. Өндірісті далалық бөлімшелерде ұйымдастыру – экспедицияларда, бригадаларда

Жұмыстарды камеральды өндіріс цехтарында ұйымдастыру. Далалық бөлімшлердің камеральды өндіріс цехтарымен байланысы

Техникалық бақылау және жұмыстарды қабылдау. Кәсіпорында қосымша көмекші өндірістерді ұйымдастыру. Далалық бөлімшелерді жабдықтауды ұйымдастыру. Геодезиялық, топографиялық және картаға түсіру жұмыстарын ұйымдастыру


Өндірістік процесті және операцияны сипаттайтын көрсеткіштерді қалай табады?

Өндірістің қандай түрлерін сіз білесіз?

Операциялар бойынша эксплуатациялық шығындарды есептеу, оңтайлы қозғалыс түрін таңдау?


Изучить Организацию топографо – геодезического производства

Брыкин П.А. Экономика, организация и планирование топографо – геодезического производства: 3-е изд., перераб и доп. – М.: 1988. 171 б

11
Геодезиялық, топографиялық және картографиялық жұмыстарға техникалық сметаларды және шығындар сметаларын құрастыру

Техникалық жобаларды және сметаларды құрастыру бойынша жалпы ережелер

Техникалық жобалардың мазмұны, негізгі міндеттері мен әдістемесі.

Әр техникалық жобаның шығындар сметасын құрастыру әдістемесін зерттеу


Техникалық жоба

Кіріспе,


Объектінің физикалы-географиялық сипаттамасы;

Объектінің топографиялы-геодезиялық зерттелуі

Жұмыстарды жобалау, қауіпсіздік техникасы, сметалық есептеулері, қосымшалары


Изучить основные положения по составлению технических проектов и смет, содержание технических проектов



Брыкин П.А. Экономика, организация и планирование топографо – геодезического производства: 3-е изд., перераб и доп. – М.: 1988. 171 б

12

Менеджменттің мәні, мақсаттары мен міндеттері

Басқарудың басты функциялары мен әдістері. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымдары.
Фирма қызметінің саясаты және басқаруға қойылған нормативтік талаптар

Менеджменттің негізгі функцияларын атаңыз

Ұйымдастырушылық құрылым түрлері, сипаттау

Персоналды еңбекке уәждеу әдістері


Изучить цели и задачи, функции и методы менеджмента

Кабушкин Н.И. Основы менеджмента. М., 1996.

Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент М., 2000.

Мескон М.и др. Основы менеджмента. М., 2002 ж.



3 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛАР
Студенттердің өздік жұмысы берілген курс бойынша аудиторлы сабақ түрінде диалог режимінде және аудиториядан тыс түрінде кеңес беру арқылы жүргізіледі.

Дәріс материалдары мен оқу құралдарымен қатар студенттер біздің еліміздің мерзім сайын шығатын басылымдарды, сондай-ақ, экономикалық журналдар мен салалық журнал мен газеттерді жүйелі түрде оқып отырған дұрыс болады. Осының бәрі курс материалын дұрыс меңгеруге мүмкіндік береді. Ерекше назарды біздің елемізде шыққан немесе шығарылып жатқан заңдарды, ҚР Президентінің Жарлықтарын, экономикалық реформаларды енгізу және іске асыруға байланысты жоспарлар, бағдарламалар мен басқа да нормативтік актілер мен мәліметтерді зерттеуге аудару қажет

Берілген курс бойынша арнайы оқу-тәжірибелік құрал дайындалған. Бұл құралда берілген курс бойынша оқылатын тақырыптарға арналған бақылау сұрақтары, есептер және тесттік тапсырмалар және өзін-өзі тексеру сұрақтары енгізілген. Берілген құралдың соңында студентке есеп шығарғанда қажет болатын барлық формулалар келтірілген және нақты әдебиет ұсынылады. Берілген тапсырмаларды студенттер аудиторлы және аудиториядан тыс уақытта орындау қажет. Есептерді шығарғанда студенттер оның нәтижелерін жеке дәптерге енгізуге тиіс. Оны оқытушы семестр аяғында тексереді.

Аудиторлық СОӨЖ сабақтарда пікір талас, диспуттар, әртүрлі көзқарастарды тыңдау, талқылау түрінде жүргізіледі, аудиториядан тыс СОӨЖ рефераттар мен баяндамалар түрінде тапсырылады және оқытушы оларды сұрау арқылы тексереді;

СӨЖ тапсырмалары жазбаша немесе ауызша түрінде беріледі, ол пәнің жұмыс бағдарламасында келтірілген талаптарға тәуелді болады;

СӨЖ бойынша жазбаша тапсырмаларды А4 форматтағы қағаздарда орындалуға тиіс (компьютермен), бет параметрлері: 2:2:2:2. Кегль 14 Times New Roman, интервал 1,5.

Студенттердің өздік жұмыстарына топографиялық және геодезиялық өндірістерінің қазіргі жағдайына, үрдістеріне және даму болашағына қатысты сұрақтар шығарылады. Аудиториялық сабақтарда талқыланатын сұрақтар жеке көрсетілген. Сонымен қатар, әр студент берілген курс бойынша міндетті түрде ғылыми-зерттеу жұмысын орындауға қажет, ол реферат түрінде жазылады, рефераттар көлемі 5-7 бет болу керек.


СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАР ТІЗІМІ

СОӨЖ сабақтарының жоспары



Тақырып аты

СОӨЖ

аудиторлық

аудиториядан тыс

1

2

3

Геодезия мен картография өндірісінің кәсіпорны

Геодезиялық және картографиялық өнеркәсіптің жалпы халық шаруашылығындағы орны.


Кәсіпорын түрлеріне байланысты реферат жазу
Кәсіпорынның негізгі қорлары

НӨҚ пайдалану көрсеткіштерін анықтауға есеп шығару. Инвестициялар тиімділігін есептеу

Кәсіпорынның инновациялық және инвестициялық қызметіне байланысты конспект жазу
Кәсіпорынның айналым қаржылары

Айналым қаржының нормаларын және нормативтерін анықтауға есеп шығару

Айналым қаржыны басқару әдістеріне дайындалу
Еңбек өнімділігі және еңбекті төлеу

Кадрлар құрамы мен құрылымы, еңбек өнімділігін анықтауға есеп шығару

ҚР еңбек нарығы. Еңбек қорларының қозғалысы. Баяндама дайындау
Бағалар және бағаны жасау

Баға шегерімдерінің түрлері. Тарифтің құрамдас бөліктері. Есеп шығару

Инконтермс базистік шарттарын атау
Өндіріс шығындары және оларды анықтау

Геодезиялық жұмыстардың шығындарын есептеуге арналған тапсырмаларды орындау

«Шығындарды басқару» тақырыбына реферат жазу
Кәсіпорынның табысы, пайдасы және рентабельділі-гі

Фирманың шығынсыздық нүктесін анықтауға есеп шығару

Геодезия, картография саласында пайда, рентабельділік көрсеткіштерін өсіру жолдарын зерттеу

Сапа, бәсекелестік қабілет, стандарттау және сертификаттау

Өнімнің сапасы, бәсекелестік қабілеті түсініктерін салыстыруға пікір талас жүргізу

ИСО 9000 стандарттарын ҚР қолдану мүмкіндіктері мен шарттарын зерттеу
Топографиялы-геодезиялық және карто-графиялық өндірістегі еңбекті ұйымдастыру және нормалау

Еңбек уақытын хронометраждау мәлімететрі бойынша нормаларды есептеу

Геодезия мен картография өндірісіндегі еңбекті қорғау баптары мен ережелері

Топографиялы-геодезиялық өндірісті ұйымдастыру

Геодезиялық және картографиялық жұмыстарды ұйымдастырудың қағидаларын және көрсеткіштерін анықтау

Жұмыс орындарын аттестациялау және жаңарту
Геодезиялық, топографиялық және картографиялық жұмыстарға техникалық сметаларды және шығындар сметаларын құрастыру

Техникалық жобаларды құрастырғанда экономикалы-математикалық есептер қолдану. Мысал есеп шығару

Шығындар сметасын құрастыру

Менеджменттің мәні, мақсаттары мен міндеттері

Тапсырма: Бизнестің қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі

Эссе: «Менеджментті ерекше қызмет түріне жатқызу қажет пе, әлде онымен жалпы түрде айналысуға бола ма?»

Тапсырма «Ұйымның ұйымдастырушылық және өндірістік құрылымы»


Реферат: Менеджер және оның функциялары.

Тапсырма «Менің ұйымым»



Өзіңізге белгілі кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымын көрсетіп, оған сипаттама жасаңыз, оны қолдану қажеттігін дәлелдеңіз



жүктеу 0,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау