Газет 940 жылғы қарашадан бастап шығады №13 (6364) Сенбі, 12 наурыз, 2022 жыл



жүктеу 2,6 Mb.
Pdf просмотр
бет24/25
Дата20.04.2023
өлшемі2,6 Mb.
#42245
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
10. 12 наурыз №13 (6364) compressed

Медет ИСМАЙЛОВ,
Ұлытау ауданы ТЖ бөлімінің
аға инженері, азаматтық
қорғау капитаны.
ТҰРМЫСТЫҚ ГАЗДЫ ҚОЛДАНҒАНДА АБАЙЛАҢЫЗ!
Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді!


8
«Ұлытау аудандық «Ұлытау» газеті редакциясы» 
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
ГАЗЕТТІҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ: жеке тұлға Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ
Газетте жарияланған мақала 
авторларының пікірі редакцияның 
көзқарасына сәйкес келе бермейді.
Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат 
комитетінің Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды 
есепке қою туралы 04.02.2022 жылы №KZ80VPY00045634 куәлігі берілген.
Хабарландыру мен құттықтаулардың 
мазмұнына редакция жауап бермейді. 
Мақалалардың нақтылығы үшін автор жауапты.
Газет «Ұлытау» редакциясының компьютер орталығында беттеліп, Қарағанды қаласындағы 
«Типография Арко» ЖШС баспаханасында басылды. Сәтбаев көшесі, 15 үй.
МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: инд: 101500
Қарағанды облысы, Ұлытау 
ауданы, Ұлытау селосы, Абай
көшесі, 22-үй. 
Тел: 2-13-72; 2-11-22
эл.пошта: ulytau-oniri@mail.ru
Газет аптасына бір рет шығады, 
Таралымы - 1200 дана
Көлемі - 4 баспатабақ
Тапсырыс - 10
Директор 
Ақжол
ҚҰРМАНСЕЙІТ
Кезекші редактор – Жасұлан АЯШЕВ
12 наурыз, 2022 жыл
№13 (6364)
Бас редактор 
Альмира 
ОСПАН
Емші сипаттаған
ТЫЛСЫМ ТҮН
Ұлытау аңыздарының ақиқаты
Телефон тұтқасын көтерген Ай
-
сұлу «қазір ем жүргізіп жатыр едім. 
Кезектегі адам қарасы қалың, кеш
-
ке босағаннан кейін хабарласай
-
ықшы» деді орыс тілінде. Кешкісін 
ел орнына орныққан уақытта қайта 
телефон шалдым. Мен әңгіменің 
мән-жайын барынша түсіндіріп ай
-
тып жатырмын. Себебі «қарсылық 
таныта ма?» деген ой басымы
-
рақ. Бірақ олай болмады. Бірден 
бір-бірімізді бұрыннан танитын 
адамдай әңгімеміз жарасып сала 
берді. Ол маған «тек бір өтінішім 
бар. Мен емшімін ғой, маған Ұлы
-
тауда көп нәрсе көрінді. Негізінде, 
оны жай адамдардың көбі қабыл
-
дай алмайды. Мен көргенімнің 
бәрін бүкпесіз айтсам, сіз оны 
дұрыс түсінсеңіз» деді. Әрине, «өз 
жүрегін бағындыра білгенге бүкіл 
әлем бағынады» демеуші ме еді? 
Сондықтан Құдайдың берген қаси
-
етіне пенде қарсы тұрмас болар. 
«Ойыңызды ашық жариялағаныңыз 
абзал» дедім.
Сондағы Айсұлудың айтқан
-
дары: «Мен Қостанай қаласында, 
нақтырақ айтсам, қаладан 5 шақы
-
рым жердегі Заречный кентінде 
тұрамын. Негізі, Қарасу ауданының 
қызымын. Халықаралық сертифи
-
каты бар халық емшісімін. Емші 
болғаннан кейін жылына бір рет 
қасиетті жерлерге барып тұрамын. 
Ресейдің көптеген өңірін арала
-
дым. Шетелдерге көп шықтым. 
Архаимда, Башкирияда болдым. 
Халықаралық емші ретінде 140 
елге шығуға мүмкіндігім бар. Бірақ 
Қазақстанда Түркістаннан басқа 
сондай қасиетті жер барын біл
-
меппін. Түркістанға баруға да жол 
түспей қойды. Биыл бармақшы 
отырғанымда құрбымның келінінен 
Ұлытау жайлы естідім. Аяқ-астынан 
сонда баруға ниет еттік. Билет 
алғаннан кейін маған жоғарыдан 
басқаша ақпараттар келіп жатты. 
Бұл өзі тылсым дүние ғой. Сер
-
мелген қылыш, домалаған бастар. 
Шайқас өтіп жатқандай. Түсініксіз
-
деу оқиғаларды көріп, «бұл қалай 
болғаны?» деп ойлаумен болдым. 
Ұлытауда Әулиетау деген тау бар 
екенін, онда адамдар емделетінін
тілектер қабыл болатынын да 
естідім. Сонда барып, рухани та
-
заруға, Жаратқаннан тілек тілеуге 
ниеттендім.
Қасымда қасиетті орындарға 
үнемі бірге барып жүрген Сәуле 
мен Эльвира атты құрбыларым 
бар. Біз пойызбен Қарағанды 
арқылы жүрдік. Ал Қарағандыдан 
Айнара, Жұпар және Жұпардың 
інісі Елнұр ілесті. 
Бізге тарихи орындарды ара
-
лату үшін Жұпар алдын ала киелі 
жерлердің тарихын жақсы білетін 
Ұлытау селосының тұрғыны Сағдат 
есімді жас жігітпен келісіп қойған 
екен. Ол бізді Жезқазған вокза
-
лынан күтіп алды. Алтауымызды 
машинасына салып алып, вокзал
-
дан шыға бергенде, бір дөңгелегі 
жарылды да қалды. Ол дөңгелегін 
жасағанша біз әдемі сібірлеп қана 
жауған майда жаңбырдың астында 
қаланы аралап қайттық. Жезқазған
-
нан таңғы асымызды ішіп, Ұлытау 
бағытына жолға шықтық. Кештетіп 
Ұлытауға таяна бергенде «Ел бір
-
лігі мен мемлекет тұтастығы мо
-
нументіне» келіп тоқтадық. Онда 
суретке түстік. Монумент ортасын
-
дағы ошақтасты құшақтап тұрып, 
тілектерімізді айттық. Одан шығып, 
Ұлытау селосындағы «Саумал ор
-
талығы» деп аталатын үлкен жер 
үйге келіп орналастық. Мазарларды 
аралап келгендіктен киімдерімізді 
жуып-жайып, ас қамына кірістік. 
Дастархан басында кім не көргенін, 
қандай сезімде болғанын айтып жа
-
тырмыз. Әлден уақытта жолбасшы
-
мыз Сағдат тұрып: «бізде көбі Әу
-
лиетаудың басына шығып түнейді. 
Сіздердің тау басына түнегілеріңіз 
келмей ме?» деді. Бәрі қолдай кет
-
ті. «Әрине, тау басына қонған да 
қызық қой» деп бәрінің барғысы 
келді. Сол сәтте маған «бүгін тауға 
барма» деген ақпарат түсті. Мен 
бірден «жоқ мен бүгін бара алмай
-
мын» деп едім, бәрі «жарайды, бар
-
май-ақ қояйық» деп келісе кетті. 
Сонымен демалуға жаттық. 
Жұпар мен Айнара бір бөлмеде, біз 
Эльвира, мен Сәуле үшеуіміз бір 
бөлмеде, ал Ернұр бөлек бір бөл
-
меге жайғасты. Сағдат таңертең 
ерте келетінін айтып, үйіне кетті.
Біз жатқан бөлменің есігі шыға
-
беріс есікке қарсы орналасқан еді. 
Ал мен болсам, бөлме есігіне қарсы 
төрде жатырмын. Кенет маған бөл
-
меде бөгде біреудің жүргені сезілді. 
Қорыққанымды өзгелерге білдірме
-
ген болып, «дәліздің жарығы жанып 
тұра берсін» дедім. Бәрі ұйқыға 
кеткендей, бір мезет өлі тыныштық 
орнады. «Жолдан қатты шаршаған 
екен ғой» деп ойладым да қойдым. 
Менде ұйқы жоқ, бір қорқыныш бой
-
ымды билеп барады. Болмаған соң 
қыздарға «мен қорқып жатырмын, 
біреуің менің жаныма жатыңдар
-
шы» дедім. Менің төсегім екі адам
-
дық еді. Сөйтсем, қасымдағы екі 
қыз да қорыққандарынан ұйықтай 
алмай үнсіз жатыр екен. Сәуле 
«менде де ыңғайсыз жағдай, қа
-
сымда бір суық жел айналып жүр» 
дейді. Эльвира «менде де бір түрлі 
түсініксіз жағдай» деп, бірден менің 
қасыма келіп жатып алды. Енді ұй
-
ықтайын десем, көзім жұмылмай
-
ды. Көзімді жұмуға бір тылсым күш 
рұқсат етпейді. Амал жоқ, көзімді 
ашсам, дәлізде қолына асатаяқ 
ұстаған үлкен бір ата тұр. Сол ата 
маған Әулиетау сияқты көрінді. 
Әулиетаудың рухы. Адамдарды 
емдейтін де, тілектерін орындай
-
тын да сол үлкен асатаяқты ата 
екенін түсіндім. Атаның екі жағы 
жарқ-жұрқ етіп, найзағай ойнаған
-
дай ұшқын шашып тұр. Өте қалың 
ұшқын. Өте көп энергетиканың 
тұрғанын сездірді. Сол энергетика 
менің қасымдағылардың бәріне 
көрінді және бәріне берілді. Сәуле 
де қорқып, «мені біреу тұншықты
-
рып жатқандай» деп, менің қасыма 
келіп алды. Мен ортада, үшеуіміз 
бір төсекке жатырмыз. Кенет мен 
өзімнен өзім сөйлеп кеттім. Қа
-
сымдағы қыздардың мен білмейтін, 
еш уақытта естімеген сонау бала 
күндерінен бастап, бар тарихын ай
-
тып беріппін ғой. Олар қандай сұрақ 
қойса да жауап беремін, маған 
жаңағы ата бәрін айтып тұрды. Аса
-
таяқты ата тағы да «Әулиетаудың 
басында жеті әулие жатыр. Сендер 
де ертең Әулиетауға жетеу болып 
шығасыңдар, жетеуіңнің де тілек
-
терің қабыл болады» деді. Ал біз 
алты адамбыз. «Қалай жетеу?» деп 
ойланып кеттім. Ақпараттың көптігі 
сондай менің басым ауыра баста
-
ды. Басым болғанда да үшінші тыл
-
сым көзімнің орны, екі қасымның 
арасы мен көк желкем. Олай еш 
уақытта ауырып көрген емес. Әл
-
ден уақытта бұлттар үйіріліп, қасқы
-
рдай ұлыған желмен бірге найзағай 
ойнап, жаңбыр жауды да кетті. Мен 
адам емдеп жүргенде, аруақты 
адамдар келе жатқанда осылай ауа 
райының бұзылатыны бар еді. Бір 
кезде ас үйдегі ыдыс-аяқтар сыңғы
-
рлай бастады. Бәріміз естіп жатыр
-
мыз. Ас үйде біреулер су ішіп жүр
-
гендей әсердеміз. Демімізді ішімізге 
тартып, қорқыныш құшағында қал
-
дық. Таң алдында ғана қалжырап 
ұйқыға кеттік. Таңертең ерте оян
-
дық. Таңғы ас үстінде көрген-біл
-
генімізді айтып жатырмыз. Сәуле 
«ұйықтап кеткеннен кейін де келіп, 
менің тамағымнан қылқындырып 
кетті» десе, басқа бөлмеде жатқан 
Жұпар «тұруға қорқып жаттым, 
көзімді де жұма алмадым. Ауа райы 
бұзылған бетте бір елес мені айна
-
лып ұшып жүрді» дейді. Ішімізде 
дым сезбей ұйықтаған Елнұр ғана 
екен. Таңертең жолбасшы Сағдат 
келгенде біз жуынып-шайынып, 
ғұсыл дәрет алып дайын отырған
-
быз. Түнімен қорыққан бәріміздің 
көзіміз шарасынан шығып кеткен. 
Ұйқы шала. Түрімізді көрген Сағдат 
«не болды?» деп сұрап жатыр. Біз 
оған болған жайды қысқаша баян
-
дап, тауға қарай аяңдадық. Жол
-
дағы Ембұлақтан су алдық. Кеше 
кешкісін Сағдат «Мен тауға шығып 
жүрмін ғой, ертең шығатын жерін 
көрсетемін де етекте қаламын. Бір 
шаруаларым шығып тұр. Асықпай 
аралап, түсіп келе жатқанда хабар
-
ласасыздар ғой» деген. Тау ете
-
гіне барғанда Сағдатқа «сенің де 
шыққаның дұрыс болар еді» дедім. 
Бірден келісе кетті. Тауға өрмелеп 
келеміз. Қарасам, кешегі асатаяқты 
ата айтқандай жетеу болып кө
-
теріліп келеді екенбіз. Таңқалмасқа 
амалым қалмады. Тауға Елнұр мен 
Жұпар бірінші болып көтерілді. Біз 
Сәуле екеуіміз екі жарым сағат
-
та шықтық. Бізден кейін сәл кеш
-
тетіп, көлік апатынан кейінгі отадан 
шыққан Айнара мен жоғары қан қы
-
сымы бар, жасы да ұлғайып қалған 
Эльвира және оларға көмектесіп 
келе жатқан Сағдат үшеуі көтеріл
-
ді. Тауға шығу оңай емес екен. Біз 
де аз қиналған жоқпыз. Ал Айнара 
мен Эльвира қатты қиналып, үлкен 
төзіммен, ерлікпен шықты. Біз Әу
-
лиетаудың ортасынан аса бергенде 
әуеден саңқылдаған дауыс естілді. 
Қарасақ, төбемізде керегедей жа
-
зып алған қанатын бір қақпастан, 
әдемі қалықтай айналып, жалғыз 
бүркіт ұшып жүр. Біраз демалып 
алдық та, әрі қарай жылжыдық. 
Біз Әулиетау басына шыққанша 
әлгі бүркіт кеткен жоқ, аңда-саңда 
бір «саңқ» етіп қойып, айналды да 
жүрді. Тау басына жеткенде үл
-
кендеу екінші бүркіт пайда болды. 
Айналып ұшып жүрген қос бүркітті 
жақындаған тұста бәріміз суретке 
түсіріп әлекпіз. Бірақ, бір қызығы
телефонмен суретке түсіруге ны
-
санаға алғанда, ZOOM арқылы 
жақындатқанда анық көрініп тұрған 
бүркіттер түсірілген суретте жоқ бо
-
лып шығады. Табиғат тылсымына 
қайран қалдық та қойдық. 
Ауа райы керемет! Аспан шай
-
дай ашық. Күн ыстық. Түндегі 
нөсердің ізі де байқалмайды. Мен 
Жаратқанға сыйынуды бастаға
-
нымда ашық аспанға ақша бұлттар 
жиналып, зеңгір көкте неше түрлі 
фигуралар пайда бола бастады. 
Көз, аю бейнесі, тағы басқа бірне
-
ше фигураларды көрдім. Бұлттар
-
дан шыққан фигуралардың біразын 
суретке түсірдік. Аспаннан маған 
біреу қарап тұрғанын сезіндім. Ал 
Эльвиралардың тобы көтеріліп, тау 
басына жетіп 5-10 минут демалды 
ма, жоқ па, ап-ашық тұрған аспан
-
ды қара бұлт торлай бастады. Бұлт
-
тардың бәрі бізге қарай жылжып, 
әп-сәтте біз тұрған Әулиетау ба
-
сына жиналды. Аспанның қалған 

жүктеу 2,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау