8
23 сәуір 2016 жыл
АудАндық ХІ
СпАртАкиАдА бАСтАлды
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің
ұйымдастыруымен мәдениет үйі жанындағы спорт залында
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына
арналған қол күресі мен кір тасын көтеруден аудандық ХІ спар-
такиадасы өткізілді. Аудан бойынша 18 жастан жоғары барлық
селолық округтеріндегі мекеме қызметшілері мен жастар және
жергілікті тұрғындар арасында 70, 80, +80 жоғары салмақ
дәрежесі бойынша қол күресі мен кір тасын көтеруден жарыстар
өткізілді. Қарқаралы, Егіндібұлақ, Теректі, Қоянды, Балқантау,
Бүркітті, Қ.Аманжолов, Қайнарбұлақ, Бесоба, М.Мамыраев
командалары келіп қатысты. Ал жақын маңдағы Қарағайлы кенті,
Тегісшілдік, Қаршығалы, Ынталы, Бақты командалары қатысқан
жоқ.
Жарысты Қарқаралы ауданының дене шынықтыру және спорт
бөлімінің басшысы Н.Касимов ашып, қатысушыларға құттықтау
лебізін білдірді, сонымен қатар жарыстың бас төрешісі Н.Бай-
туллин спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарыстардың қорытындысы бойынша қол күресінен 70 кг
салмақ бойынша І орын иеленген Алибаев Арғын, ІІ орын Ыбы-
рай Еркебулан, ІІІ орын Қуанышбаев Ержан, 80 кг салмақта І
орын иеленген Темірханов Мейірболат, ІІ орын Мұғыжан Диас, ІІІ
орын Досжанов Рүстем, +80 кг жоғары салмақта І орын иеленген
Серікбаев Мұратбек, ІІ орын Александров Павел, ІІІ орын
Төлеубаев Мұхаммед иеленді.
Кір тасын көтеруден 70 кг салмақ бойынша І орын алған Али-
баев Арғын, ІІ орын Қоппаров Ернұр, ІІІ орын Қуанышбаев Ержан,
80 кг салмақта І орын алған Баймұрынов Ерік, ІІ орын Байсмақов
Ернияз, ІІІ орын Досжанов Рүстем, +80 кг жоғары салмақта І
орын иеленген Қорабаев Мейрам, ІІ орын Исатай Мәди, ІІІ орын
Бороновский Илья иеленді.
Жеңімпаздар Қарқаралы ауданының дене шынықтыру және
спорт бөлімінің мақтау қағаздарымен бағалы сыйлықтарын ме-
дальдарын иеленді. Бірінші орын иеленген жеңімпаздар
Қарағанды қаласында өтетін ХХХ облыстық «Сарыарқа-2016»
Спартакиадасында аудан намысын қорғайды.
Е.Иксанов,
аудандық дене шынықтыру
және спорт бөлімінің бас маманы.
СПОРТ
ВОЛЕйБОЛШыЛАР РЕСПУБЛИКАЛыҚ
ОйыНғА ЖОЛдАМА АЛды...
Иә, аудандық волейболшылар құрама командасы
республикалық ойынға жолдама алды. Бірақ, бақтары жанып осы
ойынға қатыса ала ма жоқ па?! Біздің құрама команданың бұл бі-
рінші жеңісі емес, қатарынан соңғы екі-үш жылда жеңіс
тұғырынан көрініп жүрсе де, сәті түсіп үлкен ойындарға жолы
түспей жүр. Облыс деңгейінен әрі аса алмай жүрген
ойыншыларымызға не кедергі?! Осы араға келгенде айтылар
уәж, таусылмайтын себеп-салдар көбейіп кетеді. Бұл жөнінде
аудандық денешынықтыру спорт бөліміне де сөз салғанбыз. Об-
лыста шешілетін мәселе дегенге саятын сияқты. Алайда
“жыламаған балаға кім не береді?”... Ауданымызда спорт саласы
дамып келеді, спортшыларымыз спорттың қай түрінен болмасын
жеңіссіз, жүлдесіз оралып көрген емес. Әрине, көбінесе
жаттықтырушылардың еңбегі, ата-аналар мен демеуші
қолдаушылардың арқасында деуге болады.
Тіпті шетел асып аудан ғана емес, облыстың Қазақстанның
даңқын көтеріп, байрағын желбіреткендер аз емес. Ондай спорт
майталмандарын туғызған жерде, елде қасиетті.
Ұландарымыз мерейімізді үстем қылып, дүбірлі, додалы жары-
старда жеңіспен оралып жатса, бөркімізді аспанға атқандай“
қуаныш, алақайлап, әп, бәрекелді айтысып мақтаныштан жер-
көкке сыйғызбаймыз. Бірақ, тағы да бірақ. Осы жеңіс оларға
қаншалықты қымбатқа түскенін, қалай барды, қандай қиындық-
кедергілерден өтті, ол жағына мән бере білмейміз. Бір кем дүние
осында жатыр...
Ауданда өркен жайып келе атқан волейбол спорт ойыны
қалыптасып, әр ауыл, қала, кентте өз командалары тұрақты ойын
көрсете бастағалы біраз уақыт өтті.
Ойын шеберліктерін шыңдап жетілдіру мақсатында жиі кезде-
сулер өткізіп, облыс деңгейінде өтетін жарыс-турнирлардан
қалып көрген емес. Көш бастап жүрген Қарағайлы, Балқантау,
Абай, Нұркен командаларының жүлделі жеңістері бұл күндері
қалыпты жағдайға айналғандай. Қарағайлы кентінде наурыз ме-
рекесіне орай оқушылар арасында өткен аудандық волейбол жа-
рысына 11 команда қатысты. Салтанатпен ашылған аталмыш
жарыс спортшыларға сәттілік әкеліп, ІІІ-орынды Тоқтар
ауылының командасы, ІІ-орынды Көктас ауылы, І-орынды
Қарағайлы кенті командалары иеленген болатын. Күн райының
қолайсыздығы алыс елдімекендегі командалардың келуіне ке-
дергі болды. Болса да жарыс өте тартысты өтті. Әр ауылдың
спортшы ойыншылары мен команда құрамына қарап волейбол
ойынына деген қызығушылықтың жоғары сатыда екенін ерісіз мо-
йындайсыз.
Осы ретте спортшыларды жаттықтырып, оның қыр-сырына
үйретіп жүрген Балқантау, Қарағайлы кентінің жаттықтырушы
ұстаздары Ардақ Құсайынов, Берік Кушенов, Жандос
Күрішбаевтардың еңбегін атамай кету мүмкін емес. Үздік ойын-
шылар мен жеңімпаз командалар марапатталып, сый-сияпат
көрсетілді. Осындай сан кездесу жарыс-додаларда шыңдалған
оқушылардың аудандық құрама командасын жаз айында өтетін
республикалық ойын лигасында көре алсақ деген үмітіміз бен се-
німіміз мол.
Сондықтан қол байлау кедергілермен командалардың жолы
байланбаса екен деген тілегіміз бар.
Бану Мұқашева.
ЖОБА
Облыстық мәслихат
ШЕШІМІ
№ ___ «___»_________ 2016 ж.
Қарқаралы ауданының
елді мекендерінде қаңғыбас
иттер мен мысықтарды аулау
және жою қағидаларын
бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы
Қазақстан Республикасы Заңының 6-
бабының 2-2 тармағына сәйкес Қарағанды
облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Қарқаралы
ауданының елді мекендерінде қаңғыбас
иттер мен мысықтарды аулау және жою
қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
Облыстық мәслихаттың хатшысы.
ПРОЕКТ
РЕШЕНИЕ
областного маслихата
№ ___ от «___»_________ 2016 г.
Об утверждении
Правил отлова и уничтожения
бродячих собак и кошек в
населенных пунктах
Каркаралинского района
В соответствии с пунктом 2-2 статьи 6 За-
кона Республики Казахстан от 23 января
2001 года "О местном государственном
управлении и самоуправлении в Республике
Казахстан" Карагандинский областной мас-
лихат РЕШИЛ:
1. Утвердить прилагаемые Правила отлова
и уничтожения бродячих собак и кошек в на-
селенных пунктах Каркаралинского района.
2. Настоящее решение вводится в дей-
ствие по истечении десяти календарных
дней после дня его первого официального
опубликования.
Председатель сессии,
Секретарь областного маслихата.
ЖОБА
Қарағанды облыстық
мәслихатының
2016 жылдын «___»___________
№___________________
шешімімен бекітілді
Қарқаралы ауданы елді мекендерінде
қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау
және жою қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Қарқаралы ауданы елді мекендерінде
қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және
жоюдың осы қағидалары (бұдан әрі –
Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі
басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы
Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-
2 тармағына,және 2002 жылдың10 шілдедегі
«Ветеринария
туралы»
Қазақстан
Республикасының Заңының 10-бап 1-
тармағының 23 тармақшасына сәйкес
қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын
реттеу, сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету және денсаулығын сақтау
мақсатында әзірленді.
2. Осы Қағидалар аудан елді мекендерінде
қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және
жою тәртібін айқындайды.
2. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды
аулау және жою
3. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау
және жоюды аудандардың, облыстық
маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы
органдары Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен құрған
мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар
жүзеге асырады.
4. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау
және
жою
жұмыстарына
мiндеттi
медициналық
тексерiп-қараудан
өткен,құтыруға қарсы алдын-ала екпелерін
алған
(вакциналаудан
өткен),
психоневрологиялық және наркологиялық
диспансерлерде есепте тұрмаған тұлғалар
жіберіледі.
5. Жалпы пайдаланудағы қоғамдық орын-
дарда (көшелерде, аула аумақтарында,
саябақтарда, скверлерде және басқа орын-
дарда) адамдардың алып жүруінсіз жүрген
иттер мен мысықтар, иелері байлап
қалдырғандарынан басқа, қаңғыбас деп
есептеліп, аулануға және жоюға жатады.
6. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау
және жою жоспарға сай және жеке, заңды
тұлғалардың өтініштерінің негізінде жүргізіле
алады.
7. Қаңғыбас иттер мен мысықтар:
олардың санын реттеу:
иелеріне қайтару;
оларды орналастыру мақсатында аула-
нады.
аулауға рұқсат етілген құралдарға: құрық.
тиісті сертификаты бар пневматикалық қару,
торлар,тор қақпандар сондай -ақ жануар-
ларды аулау кезінде олардың өліміне жол
бермейтін басқа да қүралдар мен
құрылғылар жатады
Қаңғыбас иттер мен мысықтарды жансыз-
дандыру дәрілік жолмен, Қазақстан
Республикасының заңнамасында тыйым
салынбаған препараттармен жүзеге асыры-
лады.
8. Иттер мен мысықтардың өлекселерін та-
сымалдау қаңғыбас иттер мен мысықтарды
аулау және жою функцияларын жүзеге асы-
ратын
мемлекеттік
ветеринариялық
ұйымдардың
арнайы
жабдықталған
автокөлігімен жүзеге асырылады.
9. Қаңғыбас иттер мен мысықтардың
өлекселерін жою мал қорымдарында
(биотермиялық шұңқырлар), инсинератор-
ларда (өлекселерді өртейтін пеш) жүзеге
асырылады.
10. Жол берілмейді:
тұрғын үй-жайларда, жеке тұрғын үй
қорындағы
үйлердің
қоршалған
аумақтарында,
иелерінің
өтініштерін
қоспағанда, иттер мен мысықтарды аулауға
және жоюға;
қаңғыбас иттер мен мысықтардың
өлекселерін лақтырып тастауға және оларды
рұқсатсыз көмуге.
3. Осы Қағиданың талаптарын бұзғаны
үшін жауапкершілік
11. Қағиданы бұзған айыпты тұлғалар
Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес жауапкершілікке тартылады.
ПРОЕКТ
«Утвержден» решением сессии
Карагандинского областного маслихата
от « »________2016 года
№_________________
Правила отлова и уничтожения бродя-
чих собак и кошек в населенных пунктах
Каркаралинского района
1. Общие положения
1. Настоящие Правила отлова и уничтоже-
ния бродячих собак и кошек в населенных
пунктах Каркаралинского района (далее -
Правила) разработаны в соответствии с
пунктом 2-2 статьи 6 Закона Республики Ка-
захстан от 23 января 2001 года «О местном
государственном управлении и самоуправ-
лении в Республике Казахстан», подпунктом
23 пункта 1 статьи 10 Закона Республики Ка-
захстан от 10 июля 2002 года «О Ветерина-
рии» в целях регулирования численности
бродячих собак и кошек, а также обеспече-
ния безопасности и охраны здоровья насе-
ления.
2. Настоящие Правила определяют порядок
отлова и уничтожения бродячих собак и
кошек в населенных пунктах района.
2. Отлов и уничтожение бродячих собак
и кошек
3. Отлов и уничтожение бродячих собак и
кошек осуществляется государственными ве-
теринарными организациями, созданными
местными исполнительными органами рай-
онов, городов областного значения в по-
рядке, установленном законодательством
Республики Казахстан.
4. К работе по отлову и уничтожению бро-
дячих собак и кошек допускаются лица, про-
шедшие объязательный медицинский
осмотр, получившие профилактические при-
вивки( вакцинации) против бешенства, не со-
стоявшие на учете в психоневрологическом
и наркологическом диспансерах.
5. Собаки и кошки, находящиеся в обще-
ственных местах общего пользования (ули-
цах, дворовых территориях, парках, скверах
и других местах) без сопровождающих лиц,
кроме оставленных владельцами на при-
вязи, считаются бродячими и подлежат от-
лову и уничтожению.
6. Отлов и уничтожение бродячих собак и
кошек может проводиться на основании об-
ращений физических и юридических лиц.
7. Бродячие собаки и кошки отлавливаются
в целях:
регулирования их численности;
возвращения владельцам;
их обустройства.
К средствам и приспособлениям для прове-
дения отлова бродячих животных (петли,
пневматическое оружие, сети, сачки-ловушки
а также другие средства и приспособления
не приводяшие к гибели животных в момент
отлова животных)
Умерщвление бродячих собак и кошек осу-
ществляется медикаментозным путем, пре-
паратами,
не
запрещенными
законодательством Республики Казахстан.
8. Транспортировка трупов собак и кошек
осуществляется на специально оборудован-
ном автотранспорте государственных вете-
ринарных организаций, осуществляющих
функции отлова и уничтожения бродячих
собак и кошек.
9. Утилизация трупов бродячих собак и
кошек осуществляется на скотомогильниках
(биотермические ямы), в инсинераторах (тру-
посжигательные печи).
10. Не допускается:
отлов и уничтожение собак и кошек в жилых
помещениях, огороженных территориях
домов индивидуального жилищного фонда,
за исключением обращений владельцев;
выбрасывание трупов бродячих собак и
кошек и их несанкционированное захороне-
ние.
3. Ответственность за нарушение тре-
бований настоящих Правил
11. Лица виновные в нарушений требований
настояших правил несут ответственность в
соответствии законодательством Республики
Казахстан.