Газет 930 жылғы қарашаның жұлдызынан шыға бастады Аудандық қоғамдық-саяси газет



жүктеу 3,3 Mb.
Pdf просмотр
бет1/11
Дата19.11.2018
өлшемі3,3 Mb.
#20901
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


Газет 1930 жылғы қарашаның 

7 жұлдызынан шыға бастады

Аудандық қоғамдық-саяси газет

№33-34

(11468)

Сенбі

23 сәуір

2016  жыл

аудан әкімдігінде

ҚұҚыҚ бұзушылыҚ

пен салыҚ Жинау

басты назарда

Сейсенбі күні кеңейтілген аппарат жиыны болып

өтті.

Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат



қызметкерлері, дербес бөлімдер мен мекеме бас-

шылары,  қала,  кент,  және  ауылдық  округтердің

әкімдері, құқық қорғау  органдары, жергілікті поли-

ция қызметкерлері қатысты.

Кеңейтілген аппараттық жиынды бастамас бұрын

аудан әкімі Х.Мақсұтов 20-наурызда  өткен ҚР Пар-

ламенті  Мәжілісінің  және  жергілікті  мәслихаттар

сайлауына белсене атсалысқан бір топ “Нұр Отан”

партиясының мүшелерін “Нұр Отан” партиясының

төрағасы  Н.Назарбаевтың,  “Нұр  Отан”  партиясы

төрағасының 

бірінші 


орынбасары

А.Мырзахметовтың,  облыстық  сайлау  алды

штабының төрағасы А.Базарбаевтың “Алғыс хатта-

рымен” марапаттады.  

Аппарат  жиынында  екі  мәселе  атап  айтқанда

құқық  бұзушылықтың  алдын  алу  шаралары,

Қарқаралы қаласының орталық көшелеріне  бейне

бақылау камераларын орнату және қала басында

ерікті  топ жасақшыларының жұмысын жандандыру,

екінші,  Қарқаралы  ауданының  салық  базасын

кеңейту туралы мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша жергілікті

полиция қызметінің басшысы Р.Құрамысов,  екінші

мәселе 


бойынша 

мемлекеттік 

кірістер

басқармасының басшысы Ғ.Бейсенбаевтар хабар-

ламалар жасады. 

Хабарламалар тыңдалып талқыланғаннан кейін,

аудан әкімі Халел Мұқатайұлы тиісті  тапсырмалар

берді.


Атап  айтқанда,  биылғы  бірінші  тоқсанда

атқарылған  жұмыстардың  бұрынғы  полициямен

салыстырғанда қандай елеулі өзгерістер бар деген

сауалға  жергілікті  полиция  қызметінің  басшысы

Р.Құрамысов  толыққанды  жауап  бере  алған  жоқ.

Себебі істелінген жұмыстар деп  қаншама цифр-

ларды  тізбектегенімен  ауылдардағы  учаскелік

инспекторлардың жұмысы туралы нақты талдау де-

ректері  жоқ.  Қай  ауылдың  учаскелік  инспекторы

жақсы жұмыс істейді, қайсысының жұмысы нашар

деген сауалдар  ашылмай қалды. Сондықтан, аудан

басшысы  жергілікті  полиция  құрылғалы  бері

бұрынғы  ескі  сарынмен  жылдағы  көрсеткіштерді

қуалап  сандық  көрсеткіштерді  көбейте  бермей,

нақты нәтиже үшін жұмыс істеуді қатаң тапсырды.

Ал екінші, салық жинау мәселесі туралы жергілікті

бюджеттің болжамды жоспарын орындауда салық

түсімдерінің жоғары қарқынды өсуіне және облыс

әкімінің салық базасын кеңейту туралы  қаулысын

орындау,    салықтар  мен  төлемдерді  түсіруде

аудандық экономика және кәсіпкерлік бөлімдерімен

тығыз бірлікте жұмыс жасау, ауыл әкімдері және

жер қатынастары бөлімімен бірлесе отырып жер те-

лімдерін арнаулы мақсатқа сай емес қолдану фак-

тілерін анықтау, ауыл әкімдерімен және ішкі істер

бөлімімен  бірлесе  отырып  жеңіл  және  жүк

көліктерімен кіріс басқармасына тіркелмей қызмет

көрсетіп, табыс тауып жүргендерді анықтау, сондай-

ақ ғимараттарды және тұрғын үйлерді жалға беріп

пайда  тауып  отырған  жеке  тұлғаларды  анықтап

заңға сәйкес шара көруді тапсырды.

р.смағұлов.

Құрметті

ҚарҚаралылыҚтар!

9  мамыр  Ұлы  Жеңіс  мерекесіне  орай,  аудан

орталығында  Қарқаралыдан  майданға  аттанып,

бүгінде ортамызда жоқ аға-әкелеріміздің портреттер

шеруі өтеді.

Ұлы  Отан  соғысындағы  Ұлы  Жеңістің  71

жылдығына арналған шеру 9 мамыр күні аудандық

қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің алдынан баста-

лады.

Шеруді уақытында бастау үшін портрет ұстаушы



ұрпақтарынан (бір адам) осы мекеменің алдындағы

жол бойына сағат 8.30-да жиналуларын сұраймыз.

Елінің  ертеңі  үшін  ауған-тәжік  шекарасына

барып  жауынгерлік  міндеттерін  абыроймен

атқарып  келген  жерлестеріміздің  ерлігі  ел

есінде  мәңгі  сақталады.

ТМД-ның ұйғарымымен ішкі

тұрақтылықты 

сақтау,

қауіпсіздікті қамтамасыз ету



мақсатында 

Тәжікстан

елінің Ауғанстанмен шекте-

сетін қорғаусыз қалған ше-

карасын  күзетуге  барған

қазақстандықтар арасында

Қарқаралы ауданының аза-

маттары да болды. Зиянды

заттарды арлы-берлі шека-

радан өткізуге әрекет еткен

содырлармен 

айқасқан


жауынгерлердің 

ерлігі


бүгінде  ескеріліп,  жаңа

сипат  алуда.  Қанша  адам

ерлікпен 

қаза 


тапса,

қаншасы  жарым-жан  боп

елге  оралды.  Ал  Алланың

қалауымен  бүгінде  ара-

мызда аман-сау жүргендері өздерінің қарулас

жолдастарын 

әсте

естен шығарған емес.



Қолдарынан келгенше,

сол бір қасіретті жыл-

дарды еске алып, қаза

болған жолдастарына

дұға 

бағыштауды



өздерінің 

азаматы


алдындағы  адамдық

борышы  деп  түсінеді.

Міне,    осындай  ізгі

шара,  атаулы  мереке

қарсаңында 

жүзеге


асты. Тәжік ауған ше-

карасында болған жа-

уынгер 

азаматтар



қарулас  досы,  сол

жерде қаза тапқан Ис-

каков 

Берікбол


Заруханұлының  үйіне  мемориалдық  тақта

қойды. Елінің ертеңі үшін, Отан алдындағы мін-

детін аброймен атқарған азаматты ардақтауға

арналған шараны аудан әкімі Х.Мақсұтов ашып,

тағлымды  шараның  мән-маңызына  тоқтала

келе, елі арқа сүйер азаматтары бар жігерлерін

соғыста емес, бейбіт елдің өркендеуі жолында

шыңдасын деген ізгі тілегін жеткізді.   Келесі ке-

зекте сөз алған Қарағанды облысы бойынша

Тәжік-Ауған 

шекарасында 

жауынгерлік

қимылдарына  және  әскери  қақтығыстарға

қатысушылардың  бі-

рінші  төрағасы  қазіргі

уақытта Қазақстан Рес-

публикасы 

бойынша


тәжік-ауған  ардагерлер

одағының төрағасының

орынбасары 

 

Ш.



Қ ұ л ж а н б е к о в

“Елбасымыздың  сын-

дарлы 

саясатының



арқасында, 

елімізді


сырттан келетін зиянды

заттардан 

қорғау

мақсатында 



жүзеге

асқан 


осы 

бір


операцияға  біздің  елі-

мізден  де  8  мыңнан

астам 

жауынгер


қатысты.  Олардың  бі-

разы 


сол 

жердегі


қақтығыстарда 

қаза


тапса,  біразы  елге

оралды. 


Бүгінде

олардың шекара күзетіндегі ерен еңбектері ес-

керіліп, құрметке лайық деп танылып жатыр.

Арада қанша жылдар өтсе де, сол жылдардың

жаңғырығы ұмытылар емес. Өткенді ескере от-

ырып,  тарихты  жасауға  мүмкіндік  туады.

Жерінің бүтіндігі, елінің тыныштығы жолында

жан  алып,  жан  беріскен  адал  да  батыл

азаматтарымыздың арқасында бүгінде еліміз

алдыңғы қатарлы дамыған 50 елдің қатарына кі-

руге  батыл  қадам  жасауда.  Егемен  еліміздің

алғашқы  жылдарында  нық  қадам  жасауына

негіз болған есіл ерлеріміздің ерлігінің ескеру-

сіз қалмағандығы біз үшін үлкен қуаныш, зор

құрмет» дей келе,  Б. Искаковтың жауынгерлік

медалін    әкесі  Зәрухан  атамызға  тапсырды.

Өткенді  жаңғыртып,  перзентінің  есімін  есте

мәңгі  қалдыру  мақсатында  жұмыла  жұмыс

жасаған  азаматтарға  Зәрухан  атамыз  әкелік

алғысын 


айтып,

ризашылығын білдірді.

Ер 

ерлігін


насихаттауға арналған

өнегелі 


шара

аудандық  мәдениет

үйінде 

жалғасын


тапты. 

Алдымен


жиналған 

қауымға


тәжік-ауған  шекара-

сында  орын  алған

жайттар  жөнінде  ар-

найы бейнеролик пен

ауданнан 

қатысқан


жауынгерлердің фото-

суреттерінен слайдтар

көрсетілді.  Сонымен

қатар, Тәжік-Ауған ше-

карасында  жауынгер-

лік қимылдарына және әскери қақтығыстарға

қатысушылар 

одағының 

Қарқаралы

ауданындағы филиалының төрағасы Е.Ерма-

нов мазмұнды баяндама жасап,

аталмыш  шараның  өтуіне

қаржылай  көмек  көрсеткен

“Қарағайлы 

байыту

фабрикасының” ұжымына алғыс



айтты. Осы бір ауыр күндердегі

сынақты  сүрінбей,  қайыспай

көтерген қарулас жауынгер до-

старын арнайы құттықтауға кел-

ген  Тәжік-Ауған  шекарасында

жауынгерлік қимылдарына және

әскери 

қақтығыстарға



қ а т ы с у ш ы л а р д ы ң

республикалық 

қоғамдық

бірлестігінің Қарағанды облысы

бойынша  төрағасы  Т.Испаев

өзінің құттықтау лебізін жеткізіп,

тәжік  ауған  шекарасында  қаза

тапқан  Б.Искаковты  еске  алу

кешін ұйымдастыруға қол ұшын

беріп, 


көмек 

көрсеткен,

ұйымшылдықпен  атсалысқан

аудан әкімі Х.Мақсұтов, орынба-

сары С.Әлиұлына мерекелік медальдарды тап-

сырды.  Жиын  барысын  мәдени-сауық

орталығының 

өнерпаздары 

патриоттық

әндермен әрлеп отырды.  



сағыныш Әбілова.

т.Хамитов (Фото).

Құрмет

Жауынгерге ескерткіш

таҚта Қойылды


жүктеу 3,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау