Газет 930 жылғы қарашаның жұлдызынан шыға бастады Аудандық қоғамдық-саяси газет



жүктеу 3,3 Mb.
Pdf просмотр
бет4/11
Дата19.11.2018
өлшемі3,3 Mb.
#20901
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

4

23 сәуір 2016 жыл

Ұрпаққа ұран болған Ұлы жеңіс

Балатонда қаза Болған 

жауынгер

Жауынгер Кәрімжан Икебаев туралы осындай деректерді

оның ұлы Жеңіс Икебаев арқылы білдік. Редакцияға келіп, тың

жаңалықтарымен бөліскен ағамыздан майдангерге қатысты

жаңа деректерге қанықтық. 

К.Икебаев 1909 жылы 15 мамырда Ақмола облысы, Ақжол

ауданы (Алексеевский), Калинин колхозында дүниеге келген.

Ақмолада  білім  алып,  сонда  партия  қатарына  өтеді.  1939

жылы білімді де жігерлі жас жігіт партияның жолдамасымен

Қарқаралы  аудандық  партия  комитетіне  әскери  бөлім

меңгерушісі болып қызметке жіберіледі.   Мәкен Біләловамен

шаңырақ көтеріп, Ринат және Жеңіс атты ұлдары дүниеге ке-

леді. Ал 1942 жылы туған жері Ақмола облысының Сталин

аудандық  әскери  комитетінің  шақыруымен  Кәрімжан

Абдрахманұлы өзі де майданға алынады.  1944 жылы Таш-

кенттегі  әскери  училищеде  командирлер  курсында  қайта

даярлықтан өтіп, аға лейтенант шенінде майданға жіберілге-

нін үйге жолдаған фотосурет айғақтайды. 

Бастапқыда қандай майданда болғаны белгісіз. Бірақ сол

жылы елдегі туғандары хат алып, жауынгердің жа-

раланып,  госпитальде  емделгені,  қайта  қатарға

қосылғаны туралы хабар алады.  (Бұл Ташкенттегі

командирлер  курсының  алдында  болу  керек).

Содан кейін хабар-ошарсыз кетіп, қаза тапқаны ту-

ралы  «Қара  қағаз»  келген.  Қай  жерде  соғысып,

қайда жерленгені туралы еш мәлімет болмаған.

Кейін шыққан «Боздақтар» кітабында да есімінен

басқа ешбір дерек берілмеген. 

Жылдар жылжып өтіп жатты. Ұлы Жеңістің талай

мерейтойы  аталып  өтті.  Уақыт  өте  келе,  тірі

оралған  майдангерлердің  қатары  қатты  сирей

берді. Кәрімжан атамыздың жұбайы Мәкен апай

өмір  бойы  жолдасынан  үмітін  үзбей,  бір  хабар

болып қалар деген сенімін жоғалтпады. Елу жыл

бойы  аудандық  комитетте  жолдасы  қызмет

жасаған мекемеде еңбек етті. Қос ұлын тәрбиелеп,

үйлі-баранды қылды. Үлкен ұлы Ринат тағдырдың

жазуымен 1974 жылы қайтыс болады. Артында 3

ұлы    (Хосе,  Тілеубек,  Нұрбек)  қызы  (Нұргүл)

калды.    Жолдасының  шаңырағын  құлатпай,

адалдығынан айнымаған Мәкен анамыз да бер-

тінде дүние салды. Бірақ майдангер туралы де-

ректерді ол көрмей кетсе де, артында қалған ұлы

Жеңіс пен ұрпақтары көріп отыр. Жауынгердің не-

мерелері Азамат, Жасұлан, Жұмағалы, Баршагүл,

Әсем, Айдос, ата жолын қуып, әскери қызметте

жүрген  шөбересі  Елдос  енді  аталарының  Отан

қорғауда  жасаған  ерліктерімен  мақтанатын  бо-

лады. 

-Жаңағы сайттардан тың деректерді тапқаннан



кейін,  Венгриядағы  Қазақстан  елшілігіне  хат

жаздық, – деп жалғады сөзін Жеңіс Кәрімжанұлы.

- Сөйтіп, жылы қатынас орнаттық. Әкей жерленген бауырластар зираты орналасқан

жер қазірде жекеменшікке өтіп кеткен екен. Соның иесін тауып, хабарластық. Өзі про-

фессор екен. Ол біздің айтқан барлық ұсыныс-тілектерімізді қабыл алып, жол тартып,

бара қалсақ, барлық көмегін жасайтынын айтты.

Қалай да болса зират басына барып, жауынгер рухына тағзым жасап қайтсақ деген

мақсаттары  да  көп  ұзамай  орындалды.  Жеңіс  ағамыз  өзінің  қызы  Әсеммен  ұшақ

арқылы Астанадан Брестке, одан Будепештке жетеді. Одан әрі зират орналасқан Шо-

модь облысы Капошвар қаласына барады. 

Енді жинақталған құжат пен осы сапарда алынған деректердің басын қосқанда, жа-

уынгерге  қатысты  біраз  жайт  анықталып  отыр.  К.Икебаев  әуе  десанты  әскерінде

болған  екен.  Тарихтан  белгілі,  Венгрия  жеріндегі  Балатон  шайқасы  ең  бір  қанды

қырғынның бірі болған. Онда мыңдаған совет жауынгерлері қаза тапқан. Кәрімжан ата-

мыз, міне, осы Балатон шайқасында ажал құшқан. Ең бір шешуші сәттерде негізгі

әскерге көмекке келген десант жауынгерлері  қызу соғысқа араласып, қанды қасаптың

ортасына түседі. Аға лейтенант К.Икебаев 1944 жылдың 8-қаңтарында ауыр жарала-

нып, 10 қаңтарда госпитальде көз жұмған. Осы деректерді айғақтайтын госпитальдің

медициналық анықтамалары бар. 

Кәрімжан Абдрахманұлы Капошвар қаласынан 18 шақырым жерде орналасқан ба-

уырластар зиратына жерленген. Мұнда Балатон шайқасында қаза тапқан 250 мың жа-

уынгер жатыр. Бастарына қызыл жұлдызбен әрленген ескерткіш обелиск қойылған.

Онда  К.Икебаевтың  да  есімі  жазылған.  Осы  обелискке  Жеңіс  ағаларымыз

майдангердің суреті мен есімі басылған қосымша ескерткіш тақта орнатқан.

Қолға түскен тағы бір құнды дерек – ол майдангердің марапаттама қағазының табы-

луы. Онда 10-Гвардиялық Қызыл Тулы Криворог Әуе-Десанты Дивизиясының 19-Әуе-

Десанты  Атқыштар  полкінің  2-  атқыштар  батальонының  командирі,  гвардия  аға

лейтенанты Кәрімжан Икебаевтың Молдовияны азат етуге қатысып, «Қызыл Жұлдыз»

орденімен  марапатталғаны  туралы  жазылған.  Гвардия  подполковнигі  Мухин  қол

қойған құжатта Икебаевтың ерлік істері де жазылған. Оны түпнұсқа түрінде аудармай

бергенді жөн көрдік: «в наступательных боях по прорыву сильно укрепленной

обороны противника в районе дер. лесатина Молд. ссР 20 августа 1944 года

тов. икебаев под ружейно-пулеметным огнем противника вместе со своим взво-

дом без потерь форсировал русло р. днестр и смелым броском ворвался в

траншеи противника, откуда и выбил его. в этом бою тов. икебаев взял только

пленными 25 человек, уничтожив при этом до 18 солдат. в этом бою тов. ике-

баев проявил мужество, отвагу и умение руководить боем взвода. достоин на-

граждения  орденом  «Красная  звезда»».  Демек,  осы  құжаттағы  деректерге

қарағанда,  К.Икебаев  Балатон  шайқасына  дейін  де  Молдовия  жеріндегі  соғыс

қимылдарына қатысып, ерлігімен көзге түскенін байқаймыз. Өзі басқарған взводын

дұрыс басқарып, ержүректігімен жауға көп шығын әкелген. Яғни аға лейтенант К.Ике-

баев мықты командир, жаужүрек жауынгер, берілген тапсырманы бар жауапкершілі-

гімен орындай алатын қабілетті азамат болған.  Амал не, соғыс зұлматы жақсы мен

жаманды бірдей жалмайды. Небір жақсы мен жайсаң, Отанның адал ұлдары жас

өмірлерін сол майдан даласында қиды емес пе?!

Бірі әкесіне, бірі атасына барып тағзым жасаған ұрпақтар Кәрімжан атамыздың

жұбайы Мәкен апамыздың бейітінен бір уыс топырақ апарып, жауынгер зиратына апа-

рып  қосыпты.  Осылайша  сұрапыл  соғыс  ажыратқан  жандардың  талай  жылдар

өткеннен кейін барып топырақтары табысты.  Әке мен ана алдындағы перзенттік

парыз орындалды. Қазақтың «өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілді» дейтіні осы шығар,

сірә.  


А.Кизкин.

Ұлы Отан соғысы жылдарында майданда қаза тауып, бауырластар зиратына

жерленген қазақ жауынгерлері аз емес. жат жерде топырақ бұйырған олардың

қаншасы хабар-ошарсыз кетті. Қарқаралыдан майдан даласына аттанған ике-

баев  Кәрімжан  Абдрахманұлы  да  күні  кешеге  дейін  сол  боздақтардың

қатарында болып келді. Қайда қаза тауып, қайда жерленгені белгісіз-тін. енді,

міне, былтыр ғана жауынгердің ұрпақтары Ресейдің Ұлы жеңістің 70 жылдығы

қарсаңында құпия грифі  алынып, жария болған  «Мемориал», «Подвиг»  ар-

наулы  сайттарындағы  деректерге  тап  болған.  Іздестіру  шараларының

нәтижесінде  венгрия  мемлекетінде  жерленгені  туралы  біліп,  жауынгердің

мүрдесі жатқан бауырластар зиратына барып, әке рухына тәу етіп қайтты. 

Мәдениет хабары

АйнАлдым,

елім...

“Көкорай шалғын, көк майса жерім”-деп ән

салып, айналып-толғанып жерлесіміз, әнші

қыз Гүлбаршын Тергеубекова келіп концер-

тін беріп кетті.

Елінің  патриот  қызы  болып  саналып

жүрген әнші Гүлбаршын Тергеубекованың

әндерінің көбі халық әндері мен туған жер,

ел, атамекен жайлы тақырыпты қамтыды.

Соңғы кезде “Қасым әндері” бағдарламасын

дәстүрге  айналдырып,  ақиық  ақынның

әндерін  республикалық,  облыстық,  үлкен

қалалардың сахналарында шырқата салып

жүр.  Әншінің  бұл  жолғы  концерттік

бағдарламасы “Мәңгілік ел” деп аталады.

Өзі  туып  өскен  Егіндібұлақ,  Арқалық,  Едірей,  Қарқаралы,

Қарағайлы елді мекендерінде көрермен, тыңдармандарымен

жылы  қауышқан  әнші  Гүлбаршынға  қошемет  пен  құрмет

көрсетілді. Қала басында өткен концертте аудан әкімінің орын-

басары Сайлау Әлиұлы сөз сөйлеп, Гүлбаршын, Мақпал сияқты

әнші  қыздарымыздың қай жерде, қандай сахнада ән салса да

туған жердің мәртебесін көтеріп жүретін, өз елін-жерін сүйген

перзенттері  екенін  айта  келіп,  әншіге  сый-сияпат  көрсетті.

Қарағайлы кентінде өткен шығармашылық кеште де кент әкімі

М.Шаханов кент тұрғындары атынан құттықтау алғысын білді-

ріп, Алғыс хат пен шоқ гүлдерін сыйлады. 

*** *** ***

Ш

әмШінің әндері ШырқАлды

Шәмшінің әндері әншінің ғана әндері ме?! Таяуда аудандық

білім  бөлімінің  ұйымдастыруымен  оқушылар  арасында

Шәмшінің әндерінен байқау өтті. Мәдениет үйінде өткен бұл

байқауға  аудан  өңіріндегі  барлық  мектептердің  оқушылары

қатысып, 50-ден аса талапты жас өнерпаз әншілер бақтарын

сынады.

Жас ерекшеліктері бойынша үш топқа бөлінген әншілер екі



әннен орындап, дарындылықтарын байқатты. Әнші көп, Шәмші

жоқ. Бірақ,  қаншама жас талапты әншілердің Шәмшінің әндерін

“майын  тамыза  нақышына  келтіре”  орындасақ  деген

ұмтылыстарын  көріп,  мәңгілік  өлмейтін,  өшпейтін  әндерін

қалдырған  Шәмші рухы да дәл сол күні олармен бірге болғаны

анық. Байқау өз деңгейінде өтіп, өңірде өскелең өнер иелері

әншілер баршылық екенін танытты.  Қазылардың бағалауымен

қорытындыланған байқау өз мәресіне жетті.  Кішкентайлар ара-

сында  І-орын  Аруна  Смақ  (№43  о/м),  ІІ-орын  Назира  Зайыт

(№10 о/м), ІІІ-орын Ділнәз Жұмагелді (№22 о/м), орта топтан І-

орын  Шерхан Тұяқ (№8 о/м), ІІ-орын Аида Болатова (Көктас), ІІІ-

орынды  Әлібек  Төлеу  (№19  о/м)  мен  Заңғар  Аман  (№23)

бөлісті.

Үлкендер тобынан І-орынды Айару Бейсенбаева, ІІ-орынды

Индира Сүлеймен (№1о/м) мен Шыңғыс Молдақаш (№8 о/м),

ІІІ-орынды Баэль Мұсайынов (№1 о/м) пен Айгерім Қоңқабаева

(№5  о/м)  иеленді.  Жас  әншілерге  өнерлеріне    алғыс  пен

құттықтау  марапаттары  табысталды.  Жалпы  барлық  байқау

қатысушылары да диплом, алғыс хаттарға ие болды. Шәмші

әндерін  орындаушылардың  көпшілігі  ән  таңдағанда  дұрыс

таңдау  жасай  алмай,  немесе  дайындықтары  олқы  түсіп

жатқандары болды, бұған жас таланттар емес, жетекші ұстаз,

тәлімгерлерінің жіберген осал тұстары деп білген жөн. “Аттың

жүгін құлдыраңдаған құлынға артқандай” балалар үшін Шәмші

әндері оңай жүк емес. Алдағы  уақытта Шәмшінің де, әннің де,

әншінің  де  қадір-қасиетін  кетірмейтіндей  жауапкершілікпен

қараған дұрыс болар.   Шәмші әндерін қал-қадірінше орындаған

жас орындаушылардың өнерін сараптаған  Саз мектебінің ди-

ректоры  С.Сыздықов,  осы  мектептің  тәлімгер  оқытушылары

П.Хасенова,  З.Әкімбекова,  аудандық  жастар  ресурстық

орталығының  басшысы  А.Рақымбергеновтер  жас  әншілерді

құттықтап, 

марапаттарын 

табыстады. 

Байқау

ұйымдастырушысы аудандық білім бөлімінің әдіскер маманы



Ә.Ерденқызы  байқаудың    мақсаты  бойынша  оқушыларды

патриоттық әндер ғана емес, сезімталдыққа бауырмалдыққа,

лирикалық жан дүниесін байытуға бағытталған Шәмші әндерінің

байқауын өткізуді өңірдегі жас таланттардың танылуына жол

ашты дейді. Біз де бабы мен бағы келіссе, киелі топырақтан әлі

талай өсіп шығар дарын иелері бар екеніне көз жеткізгендей

болдық.

Бану даутанқызы.

К сведению жителей!

Управление государственных доходов по Каркаралинскому району со-

общает, что с 2017 года декларацию о доходах и имуществе будут

представлять работники госучреждений и нацкомпаний. С 2020 года -

все физические лица. Так, на первом этапе в 2017 году предполага-

ется представление декларации об активах и обязательствах работ-

никами государственных учреждений (лицами, на которых возложена

обязанность по представлению декларации действующим законода-

тельством), а также национальных компаний и государственных пред-

приятий. На следующем этапе, то есть в 2020 году предполагается

представление декларации об активах и обязательствах всеми осталь-

ными физическими лицами. Отметим, что декларацию о доходах и

имуществе обязаны будут предоставлять все совершеннолетние граж-

дане  Казахстана,  оралманы  и  лица,  имеющие  вид  на  жительство.

Также это касается несовершеннолетних, имеющих права на собст-

венность, накопления на банковских счетах. Относится норма и к ино-

странцам, в случае наличия имущества, подлежащего регистрации, а

также получения доходов, не обложенных при выплате. Разработана

упрощенная форма ежегодной декларации для лиц, получающих ис-

ключительно доходы в виде заработной платы или пенсии, на одном

листе. По нашим расчетам, порядка восьми миллионов человек пред-

ставят декларацию в упрощенном формате, или 70% от количества

лиц, обязанных представлять декларацию. Для лиц, представляющих

декларацию в электронном виде, законопроектом предусмотрена ав-

томатическая отсрочка на два месяца - до 15 сентября, тогда как на бу-

мажном носителе срок представления - до 15 июля. Стоит сказать, что

декларации будут трёх видов. Первая - об активах и обязательствах.

Вторая и третья - декларации о доходах и имуществе, которые будут

упрощённой формы или с приложениями. Что касается государствен-

ных служащих и их супругов, то согласно новому законопроекту, им

предстоит  декларировать  также  источники  расходов  (собственные

средства, заемные средства, безвозмездно полученные средства).



Управление государственных доходов по

Каркаралинскому району.


жүктеу 3,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау