12
23 сәуір 2016 жыл
Меншiк иесi:
“Қарқаралы” аудандық газетiнің
редакциясы” жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі
Құрылтайшысы: Қарқаралы аудан әкiмдiгi
ГАзЕТ ҚАзАҚСТАН РЕСпуБЛИКАСыНың
БАйЛАНыС ЖӘНЕ АҚпАРАТ
МИНИСТРЛіГіНДЕ
2012 жылдың 24-шілдесінде
N12900-Г куәлiкпен тiркелген.
Автордың пiкiрi редакцияның
көзқарасымен сәйкес келе бермейдi.
100800 Қарқаралы қаласы
Ә.Бөкейханов - N40 үй
Бас редактор 31-3-50 (факс)
Қабылдау бөлімі 31-7-84
Бухгалтерия 31-4-56
E-mail: Karkaraly_TOO@mail.ru
Бiздiң есепшотымыз:
“Қазақстан Халық Банкi” АҚ
Қарағанды қаласы
ИИК KZ326010191000161842,
БИК HSBKKZKX
БИН 990940002210
Г
азет жергiлiктi “Қарқаралы”
газетi редакциясы
баспаханасында терiлiп, беттелiп,
Қарағанды қаласындағы
“ Арко” ЖШС
(Сәтбаев-15) баспаханасында басылды
Меншікті тілшілер
:
Егіндібұлақ - 8-(72147)- 91-6-46
Қарағайлы - 8-(72146)-45-3-63
Газет сенбi
сайын
шығады.
Көлемi 2,0 б.
Индекс 65626.
Таралымы
4814
Тапсырыс 1.
“Қарқаралы”
аудандық газетінің
редакциясы” ЖШС
Директоры -
Бас редактор
Рымбек
СМАҒҰЛОВ
Нұркен ауылының тұрғыны, аяулы жар, абзал
әке Оразбаев Аманбек Оразбайұлының
өмірден озғанына 40 күн толып отыр. Күні кеше
бар адам бүгін арамызда жоқ дегенге көңіл қайтіп сенсін?! Әлі де
есіктен кіріп келетіндей, даусы әлдебір түкпірден естілгендей еле-
гізиміз. Қайткенмен де, өмірдің қатал заңына бағынбасқа амал
жоқ. Марқұмның ең бір асыл қасиеттерін, болмыс-бітімін сағына
еске алып, о дүниеде Алланың мейірім-шапағатына бөленсін,
топырағы торқа болып, қабіріне жаратушының нұры жаусын деп
дұға арнаймыз.
Қалды артта өмірдің бар думаны,
Баянды ма жалғанның бұл тұрағы?!
Не пайда бақилыққа озған жанға?-
Алладан дұға тілеу-сол жауабы.
Еске алушылар: жұбайы, бауырлары, інілері, қарындастары, балалары, не-
мерелері, жиендері. №426
ЕСКЕ АЛу
Арқалық ауылының тумасы, бірімізге аяулы жар, бірімізге ардақты әке,
асыл ата болған Қабиев Бәкібай Қабиұлының дүниеден бақиға
озғанына сәуір айының 29-жұлдызында 1 жылдың жүзі болады. Адам-
гершілігімен, азаматтық іс-әрекетімен айналасына қадірлі болған, кісі-
лік пен кішілік нұры тұла бойынан төгіліп тұрған сіздей ардақты әкемізді
әрдайым мақтаныш етеміз. Тіршілігінде адал еңбек етіп, балаларын
оқытып-тоқытып жақсылыққа жетелеген әкеміздің рухына дұға
бағыштай отырып, біз бәріміз туғандары, асыл жары, балапандары Ал-
ладан мәңгілік үйі жарық, нұрлы, иманы серік болсын деп сағынышпен
тілейміз.
Айналайын, жан әке, жасыл бағым!
Арқа сүйеп еркелейтін асқар тауым.
Ерекше қайталанбас даралығың,
Өміріме жол сілтейді даналығың.
Тулайды мұңға толы жүрегіміз,
Бір өзіңді сағынып сарғайғанда
Қол жайып бағыштадық дұғамызды,
Өшірмей атыңызды бұл жалғанда.
Марқұм әкеміздің рухына арналған 1 жылдық асы 29 сәуір күні сағат 14.00-де
Арқалық ауылының тойханасында беріледі. Асқа әкемізбен дәмдес, сыйлас болған
барша жамағатты, ағайын-туыс, құда-жекжатты шақырамыз.
Еске алушылар: жұбайы Машакар, Ернұр, Аян, балалары, жиендері. №453
Аяулы да сүйікті қызымыз Рахимова Балауса
Мейрамбекқызы
26 наурызда небәрі 23 жасында
қабырғамызды қайыстырып, қайғы-мұңның тұңғиығына батырып,
мәңгілік өмірге кете барды. Айтуға ауыз бармас “өлім” атты суық
хабар біздің де есігімізді қақты ғой. Қайран балапанымыз, айдың
аман күннің тыныштығында дүниеге Алдиярын әкелді шыр еткі-
зіп, өзі құрбан болып кете барды... Арманы асқақ, ойы көп
жарқылдаған құлынымыздың бар қызығы көрер қуанышы,
болашағы әлі алда еді, Алланың ісіне амал бар ма?... Мәңгілік
мекенінде тәңірдің сыйына бөленіп, рухы нұрға бөленсін, орны
жұмақтың төрі болсын.
Өмірдің ашып есігін, қанатыңды қағып ең,
Жақсылыққа ұмтылып, талпынып алға шығып ең.
Балаусам балғын қызығым, еркелеп күндей жүруші ең,
Тағдырға мынау не дейін, жылатып кеткен ел ішін,
Кетпейді -ау енді жүректен сағынтқан мәңгі елесің.
Қызымыздың қырық күндік асы 1 мамыр күні сағат 13.00-де “Тамаша”
кафесінде беріледі.
Сағынышпен еске алушы: ата-анасы Мейрамбек-Қарлығаш, баласы Ал-
дияр, туған-туыстары. №503
Қарқаралы қаласының тұрғыны асыл жар, аяулы ана, ардақты жан
Жаукова Әлия Ерғалиқызының қара жердің қойнына мәңгілікке
сапар шеккеніне 28-ші сәуірде 1 жылдың жүзі болды.
Тіршілігінде маңайына сыйлы болған, ақжарқын жанның нұрлы бей-
несі көз алдымыздан кетер емес. Жатқан жерің жайлы, топырағың
торқа болсын. Қабіріңе Алланың нұры жаусын.
Толсадағы жылдың жүзі өткеніңе,
Сенбей жүрміз, асыл жан, кеткеніңе.
Сағыныштан шерлі жасты тия алмай,
Біз жүрміз сені өлімге қия алмай.
Бүгін біздер зар болдық қараңызға,
Айтқан сөзің үйіріліп санамызға.
Жүрек сыздап, өзіңді сағынады,
Әлия-ау, орның тұр үңірейіп арамызда.
Еске алушылар: Сағат-Мая, Несіпхан-Сақып, Қосман-Тілеужан, Шалғынбай-
Рымкүл, Бәтиха. №483
Нұркен ауылының тұрғыны, асыл әжеміз Қасымбекова
Сәруәрдің дүниеден озғанына 2-мамырда 40 күн толады.
Бәрімізді бағып-қағып өсірген, бала, немере, шөбере, шөпшегіне
дейін өз қолында өсіріп, аялаған ардақты жанды өмір бойы
“Мама” деп өттік. Жүзінен мейрім төгілген, жүрегіне мейірбандық
толған ғасырға жуық ғұмыр жасап, бақилық болған асыл текті ақ
мамамызды қимастықпен еске аламыз. Марқұмның қабірі жарық,
топырағы мамық болсын деп дұға айтамыз.
Жан ана, шежіре ана, асыл да текті,
Анамыз біздің ғасырдан ғасырға жетті.
100 жасап ұрпағының ортасында,
20-ғасырдың басында келіп, 21-ғасырында кетті.
90-нан өттің, 100-ге таяндың,
Жан жоқ қой бізге өзіңнен аяулы.
Ойсырап қалған орныңа қарап,
Ұрпақтарыңның көңілі қаяулы.
Марқұмның 40 күндік асы 2 мамыр Нүркен ауылындағы дәмханада ауыл
тұрғындарына сағат 12.00-де, қала тұрғындарына сағат 15.00-де беріледі.
Еске алушылар: балалары, немерелері, жиендері, шөберелері мен
шөпшектері. №485
Таң нұрына жарасқан мінезі бар, таң самалындай сөйлеген сөзі бар,
Темірші ауылының тұрғыны болған, адал жар, асыл ана, туған-туыстың
қамқоры, қарайған халқы қимаған қарт-қариясы сыйлаған Ахмадиева
Мағрипа Хамитқызының өмірден озғанына мамыр айының 2-
жұлдызында 10 жыл толып отыр. Біз бүгін аяулы жанды сағына еске
алып отырмыз.
Ана десе, аналығың жарасқан,
Пана десе, паналығың жарасқан.
Сағынды ғой нұрға толы жүзіңді,
Бүгінгі күн бала-шаға, туысқан.
Сен едің ғой ортамыздың базары,
Көңіліміздің көтеретін ажары.
Нұрға толып жатсын енді мәңгілік,
Өзің жатқан бақилықтың мазары.
Марқұмның 10-жылдық еске алу асы Темірші ауылында 1 мамыр күні сағат
13.00-де тойханада беріледі.
Сағына еске алушылар: жолдасы Бейсенхан, балалары Берік-Жадыра, Құралай-
Мереке, Арай-Айдын, немерелері, туған-туысқандары, Ахмадиевтар әулеті.
№484
Қарқаралы қаласының тұрғыны, аяулы жар, сүйікті әкеміз, асқар
тауымыз Мұқашов Мұратбек Мұқашұлының өмірден озғанына
23-сәуір 40 күннің жүзі толды. Күндер зулап өтіп жатса да
әкеміздің жарқын бейнесін сағынып жүрміз. Жан әкетайым
жатқан жеріңіз жайлы, жаның жәннатта болсын.
Өзің кеткелі өмірдің ұқтым бекерін,
Өзің кеткелі көз жасқа толды етегім.
Дұға бағыштап жырымды Сізге арнаймын,
Білемін, Әке, жұмақта сенің мекенің.
Өртеніп өзек, сағынып, барамын өзіңді,
Сағындым ғой мейірімге толы көзіңді.
Салмағын мынау өмірдің қиын көтердің,
Жан едіңіз-ау қажырлы әрі төзімді.
Еске алушылар: жұбайы Мнара, балалары Айгүл-Ербол, Мереке, Береке-
Толқын, Данияр-Рысты, Асемгүл-Жомарт, Асель-Ерғалы, Назгүл-Қайрат,
немерелері Әли, Ислам, Ерлік, Әнел, жиендері Толқын, Елдар, туған-туы-
стары, Мейрам-Қарлығаш, Әния, Дәния, Ғалия-Сайран. №486
Томар ауылының тумалары болған Омар қызы Құтыш анамыздың, Ақбай-
Қызылбай ауылының тұрғыны болған қос анамыз, әулетімізде ақылшы боп, 60 жыл
бір шаңырақта абысын боп, өмір кешкен, тату-тәттілігімен еліне үлгі-өнеге бола біл-
ген Омар келіні Қайныкеш Мұзбалаққызының және Омар келіні Қүлғайын
Ақтаутанқызының өмірден озғандары әр жылдары болғанмен, өткен күндері сәуір
айының 21 күні еді. Бір-біріне деген сүйіспеншілігі ме әлде қимастық-сыйластық па жа-
ратушы иеміз үш анамыздың өмірден озуына бір күнді бұйыртқанына таңдана отырып,
бұл күнде сол асыл жандарды сағына еске аламыз.
Үш ана, үш дана бәйтерегім,
Әулетке біреуі қыз, екеуі келін.
Әр жылда әр ауылда болғанменен,
Шықты ғой, бірақ күнде ақтық демің.
Аллаға шүкір, ұл-қызың бар, ұрпақты,
Өсіп-өніп жатыр бүгін жан-жақты.
Бір Алланың ризалығы болсын деп,
Дұға қылам, есіме алып аруақты.
Еске алушылар: Тілеу-Ақан. №490
Жарлы ауылының тұрғыны, отбасының арқа сүйер азаматы,
аяулы жар, асыл әке, бауыр етім балам, бірімізге бауырмал іні,
енді бірімізге ардақты аға болған Әлібек Самал
Зәйкенұлынан қапыда көз жазып қалғанымызға 40 күннің жүзі
болды.
Отбасы, туған туысы үшін асыл да ардақты азаматтың
қыршыннан қиылғаны қабырғамызды қайыстырып, көкірегімізді
қарс айырғанымен Алланың ісіне шара жоқ. Тұрлауы жоқ, та-
лабы қатал тағдырдың жазуымен арамыздан ерте кеткен асыл
азаматымыздың жарқын бейнесі көз алдымыздан кеткенімен,
көңілімізден кетпейді.
Көз алдымда келбетің, көкірегімде елесің,
Балам-ау, мәңгіге кеттің ғой, қалайша енді демерсің.
Орының ойсырап қалғандай, өмірдің шіркін жалғаны-ай,
Жақсыны бізден аласың, Алланың шіркін талғамы-ай.
Сүйеніш болған біздерге, қалайша қиып барасың,
Әлі де болса сенбеймін, сендей жан қайдан табармын.
Өмірімнің мағынасы, бақытымның бағасы,
Жұмақта болып орының, пейіште болсын жалғасы.
Марқұмның 40 күндік асы Жарлы ауылындағы «Шырынгүл» тойхана-
сында 1 мамыр күні сағат 13.00-де және 15.00-де беріледі.
Сағынышпен еске алушылар: әкесі, жұбайы, балалары, аға-жеңгелері,
апа-жезделері, қарындастары, бауырлары, жиендері. №497
Қостанай қаласының тумасы, Қарқаралы қаласының тұрғыны Жаукова
Әлия Ерғалиқызының өмірден өткеніне бір жылдың жүзі болды.
Жүзіңнен нұр төгілген аяулы жан, ардақты ана, мейірімді әже, туған-
туысқа сүйкімді, дос-жаранға адал қимас жан, қайын жұртқа Әлияшка
атанған, “Қайран жастық” ұжымының белсенді намысшыл мүшесі бола
білдің.
Аяулы Әлия! Сені ешқашан ұмытпаймыз. Алланың жазуына шара бар
ма. Тек рухыңа дұға бағыштап, әрдайым еске аламыз.
Тағдырдың басқа салғанына шара бар ма?
Жоқсың енді бүгін, міне, арамызда.
Мінезің, жарқын бейнең, жүзің дара,
Сақталар мәңгі біздің санамызда.
Еске алушы: “Қайран жастық” ұжымы. №496
Томар ауылының тумасы, Қарқаралы қаласының тұрғыны,
баршамызға қадірлі жан, аяулы әкеміз Шайкенов Саят
Шаймұратұлының өмірден озғанына сәуір айының 30-
жұлдызында 40 күннің жүзі толмақ.
Алланың жаусын мейір-шапағы нұр,
Сағыныштан сарғайып атады күн.
Зар жылап, қайғы тұтып қала бердік,
Елесіңді құшумен азады мұң.
Азамат едің, иманды жүзі жарқын,
Ар-намысың, асқақ нұрлы жаның,
Арамыздан ұзап-ақ кете бардың
Жәннатта болғай жаныңыз асыл әке!
Марқұмның 40 күндік асы сәуір айының 30-жұлдызында “Тамаша”
кафесінде сағат 14.00-де беріледі.
Еске алушылар: жұбайы, балалары, туған-туысқандары, немересі Аяжан,
жиендері Жасұлан, Ислам, Кәусар. №494
Баршамыз үшін ардақты жан Жаукова Әлия Ерғалиқызын сағына
еске аламыз. Ортасына сыйлы, жанынан шуақ төгілген осы бір жайсаң
жанның арамызда жоғына бір жыл толып отыр. Жүрген жерінің бәрін ду-
мандатып, мерекеге айналдыратын. Әрбір күнді мәнді мағыналы етіп
өткізуге күш салатын. Енді, міне, орны ойсырап, оның шаттық үнін бір
естуге, жарқын жүзін бір көруге зар болып отырмыз. Амал қанша,
марқұмды сағына еске алып, дұға бағыштау ғана қолдан келеді.
Марқұмның жаны жәннатта, тәні рахатта болсын деп дұға бағыштаймыз.
Өшірмейміз атыңды бұл өмірде,
Қимастық бар егілтер көңілдерде.
Қайғының қара бұлты жиналады,
Сағыныштан ойымыз бөлінгенде.
Еке алушылар: туған-туыстары. №514
Қарқаралы қаласының тұрғыны, аяулы анамыз Жангелдина Ләззат
Паруазбекқызының бақилыққа озғанына 30-сәуірде 40 күн толады.
Бұл өмірде өлімді кім болжаған?! Аспаннан жай түскендей, ортамыз
ойсырап қайғы жамылдық. Асыл анамыздың енді жоқ екеніне сенбей,
жүрегіміз қан жылайды. Ардақты жанды сағынышпен еске алып, бақида
орны жәннат бағында болсын деп дұға бағыштаймыз.
Аяулы анашым!
Талбесік-жербесік арасын
Адағып алыстап барасың...
Жаны асыл, жанашыр “ана” боп,
Ұрпағыңның мәңгі есінде қаларсың...
Марқұмның 40 күндік асы “Досжан” кафесінде 30 сәуір күні сағат
13.00-де беріледі.
Еске алушылар: балалары, туған-туыстары. №505