5
23 сәуір 2016 жыл
«Қазақстан — 2030» стратегиясында
айқындалған мемлекеттік қызметті дамытудың
басымдықтары: «кадрларды жалдау, даярлау
және жоғарылату жүйесін жақсарту»; «мемле-
кеттік қызмет - ұлтқа қызмет ету»; «мемлекеттік
қызметтің жоғары абыройын қалыптастыру және
қолдау» осы тұжырымдамамен Қазақстан Рес-
публикасы мемлекеттік қызметінің жаңа моделін
қалыптастыру негізіне алынған.
Халықаралық практикада мемлекеттік
қызметтің екі үлгілік моделін бөліп қарастыруға
болады - баспалдақтық және позициялық.
Мемлекеттік қызметке кіру мен оны атқару
тәртібіне
қатысты
осы
модельдердегі
айырмашылықтарға қарамастан, оларға мемле-
кеттік қызмет тиімділігін қамтамасыз ететін
бірқатар жалпы шарттар тән.
Біріншісі — мемлекеттік қызметшілерді саяси
«тағайындалатындар» және кәсіби «орындау-
шылар» деп бөлу. Екіншісі - мемлекеттік
қызметке конкурстық негізде қабылдау, бұл мем-
лекеттік қызметке білікті әрі құзыретті маман-
дарды іріктеп алуға мүмкіндік береді және
кадрларды іріктеу мен жоғарылатудың
патронаждық жүйесі үшін мүмкіндіктерді азай-
тады.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік
қызметінің жаңа моделі мемлекеттік қызметтің
баспалдақтық және позициялық модельдерінің
элементтерін қамтып, аралас болып қалады. Со-
нымен қатар, Қазақстан Республикасының 2020
жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына
сәйкес, мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде
корпустық вертикаль: мемлекеттік саяси
қызметшілер, «А» басқарушылық корпусы және
«Б» атқарушылық корпусы айқын көрініс табатын
болады.
Мемлекеттік әкімшілік қызметтің «Б»
атқарушылық
корпусына
атқарушы
лауазымдардағы мемлекеттік қызметшілер («А»
корпусына жатпайтын лаузымдар) кіреді. «Б»
корпусындағы мемлекеттік қызметшілерінің не-
гізгі міндеті «А» басқарушылық корпусындағы
мемлекеттік қызметшілердің талаптарына сәйкес
мемлекеттік саясатты іске асырылады
(атқарушылық қызмет).
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер
лауазымдарының
санаттар
бойынша
қолданыстағы тізілімінің оң практикасы ескеріле
отырып, мемлекеттік әкімшілік қызметтің «А»
басқарушылық
корпусының
және
«Б»
атқарушылық корпусының лауазымдары үшін са-
наттар белгіленген.
Мемлекеттік әкімшілік қызмет құрылымында
«А» және «Б» корпустарын қалыптастыру ке-
зінде қолданыстағы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілер
лауазымдарының
тізілімін
оңтайландыру көзделген.
Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде мем-
лекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру,
оның ішінде уақтылы ақпарат беру мен
азаматтардың өтініштерін қарау және қол жеткі-
зілген нәтижелері негізінде мемлекеттік
органдардың қызметі туралы оң пікірді
қалыптастыру басты бағыт болуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтің оң имиджін
қалыптастыруда мемлекеттік қызметтер көрсету
сапасын арттыру және жұртшылықпен байланы-
стар орнату тиісінше негізгі бағыттар болып та-
былады.
Азаматтарға бағдарлану,
кәсібилік, шұғыл әрекет ету,
ашықтық және қолжетімділік мем-
лекеттік органдар жұмысының не-
гізгі қағидаттары болуға тиіс.
Әрбір мемлекеттік органның
жұмысында мыналар: ақпараттық материал-
дарды БАҚ-та орналастыру; оңтайлы басқару
шешімін қабылдау үшін ақпараттық кеңістік пен
жұртшылық пікіріне мониторингі жүргізу; мемле-
кеттік қызметшілердің жұртшылықпен тікелей
байланыстары (азаматтарды жеке мәселелері
бойынша қабылдау, халықпен ресми және бей-
ресми кездесулер, жұртшылықтың қандай да бір
топтары тартылатын әртүрлі кеңейтілген
кеңестер, әртүрлі әлеуметтік және басқа да жо-
балар таныстырылымы); азаматтардың әртүрлі
санаттарының өкілдерімен өзара интерактивті іс-
қимыл жасасу және басқалары осы бағыттағы
тетіктер болуға тиіс.
Жалпы алғанда, мемлекеттік қызметтің оң
имиджін қалыптастыру мемлекеттік органдардың
қоғамның сындарлы ынтымақтастыққа ниетін
айқындайтын, реформалаудың басты құрамдас
бөліктерінің бірі болады.
Халықаралық практикада әкімшілік этика сы-
байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың
маңызды тәсілдерінің бірі болып есептеледі.
Бірқатар елдерде арнайы заңдар мемлекеттік
қызмет этикасы мәселелерін реттейді және мем-
лекеттік басқару жүйесінің моральдық климатын
жақсартуға бағытталған.
Мемлекеттік қызметшілердің этикалық мінез-
құлық
стандарттары
«мемлекеттік
қызметшілердің мінез-құлық кодекстері» деген
жалпы атауға ие болған арнайы нормативтік
құқықтық актілерде қамтылған.
Нормативтік құқықтық актілерде бекітілген мем-
лекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарт-
тары мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық
міндеттерін атқаруы кезіндегі мінез-құлқының не-
гізгі бағыттарын айқындауға арналған.
Осы стандарттар мемлекеттік қызметшінің мем-
лекеттік
қызмет
құндылықтары
мен
қағидаттарына және қоғамның үмітіне сай келе-
тін белгілі бір мінез-құлық стилін қалыптастыруға
ықпал етеді.
Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде шет
елдердің оң тәжірибесі негізінде әкімшілік эти-
каны басқарудың екі деңгейден тұратын жүйесі
әзірленген.
Бірінші деңгейде мемлекеттік қызметшілердің
жалпы мінез-құлық стандарттарын айқындайтын
нормативтік құқықтық акт әзірленген.
Екінші деңгейде әрбір мемлекеттік органның
мемлекеттік қызметшілері үшін мейлінше
нақтыланған мінез-құлық қағидалары мен нор-
малары әзірленген.
Мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының
ведомстволық қағидаларында нақты мемлекет-
тік органның қызметшісі өзінің лауазымдық мін-
деттерін атқару процесінде кездесетін, этикалық
тұрғыдан алғанда проблемалы болып табыла-
тын жағдайлар толық сипатталады және осын-
дай жағдайлардағы нақты мінез-құлық
қағидалары көзделеді.
Әкімшілік этиканы басқару жүйесін
қалыптастыру үшін «мемлекеттік қызмет эти-
касы» ұғымын және мемлекеттік қызметшілердің
этикалық мінез-құлқы жөніндегі негізгі қағидаттар
заңнамалық тұрғыдан бекітілген.
А. Камерленова,
Қарқаралы аудандық сотының
кеңсе меңгерушісі.
Мемлекеттік қызметтің
жаңа моделі
Әлеуметтік әділеттілікті
қалпына келтіру, қоғамнан
оқшаулауға байланысты емес
жазаларға
сотталғандарды
түзеу, сынау мерзімі кезеңінде
сотталғандардың мінез-құлқын
бақылау мақсатында пробация
қызметінің
бөлімшесі
сотталғандармен,
олардың
туыстарымен,
сондай-ақ
сотталғандарға ықпал жасай
алатын адамдармен алдын алу
әңгімелер өткізеді. Бүгінде
әлеуметтік бағдарламалар ая-
сында қоғамнан оқшаулаумен
байланысты
жазаларға
сотталған
тұлғаларға
әлеуметтік құқықтық көмек
қөрсетілуде,
сондай-ақ
с о т т а л ғ а н д а р м е н
профилактикалық
жұмыс
жүргізу
әкімшілік
құқық
бұзушылықтар және жазаны
өтеу тәртібін бұзуды болдыр-
мау бағытында тиісті шаралар
бар. Сотталғандар белгіленген
құқықтық шектеулерден туын-
дайтын талаптарды орындауға
міндетті.
Олар
өздеріне
жүктелген міндеттерді немесе
жазаларды
қадағалаушы
органдардың
талаптарын
орындамауы
–
ҚР
заңнамаларында белгіленген
жауапкершілікке әкеп соғады.
Осы мақсатты жұмысты біздің
қоғамда пробация қызметі
бөлімшесі атқарады.
Қарқаралы ауданының Про-
бация қызметі есебінен 2016
жылдың басынан 45 сотталған
өтті, олардың 24–шартты
жазаға сотталғандар, 17-бас
бостандығынан шектеу жаза-
сына сотталғандар, 1-адам
үкімнің орындалысы кейінге
қалдырылған,
1-қоғамдық
жұмыс атқаруға жазаланған, 2-
белгілі бір қызмет атқаруға
тиым салынған жазаға кесілген.
Есептегі сотталғандардың
ішінде ауыр қылмыс жасаған
үшін 23 адам, орташа қылмыс
жасаған үшін 14 адам, ауыр
емес қылмыс үшін 8 адам тір-
кеуде тұр.
Қазіргі кезде ПҚБ-і есебінде
43 адам есепте тұр. Олардың
13-і Қарқаралы қаласында
тұрады, Қарағайлы поселкасы
бойынша 8 адам, Егіндібұлақ
регионына 9 адам, 1-2 адамнан
ауылдық округтерде тұрады.
Пробация қызметі есепте
тұрған
сотталғандарды
тұрғылықты жерінде, оқу ор-
нында бақылауда жүзеге асыра
отырып,
сонымен
қатар
сотталғандарды әлеуметтік бе-
йімдеу мақсатымен оларға
жүйелі
түрде
аудандық
еңбекпен қамту және
әлеуметтік
бағдарламалар
бөліміне
жұмыссыз
сотталғандардың тізімін жол-
дап,
жұмысқа
тұрғызу
жұмыстары жүргізіледі. Осы-
лай жыл басынан есептегі 1
адам жұмысқа тартылды. Ол
Бақты ауылынан бас
бостандығынан шектеу жаза-
сына сотталған Абдикаримов
Ахат 1974 ж.т. ақылы қоғамдық
жұмыстарға тартылды. Соны-
мен қатар Қарқаралы аудандық
сот үкімімен міндеттелген 120
сағат мәжбүрлі еңбекке тарту
орындау
үшін
есептегі
Қарқаралы қаласының тұрғыны
Ахметов А. қалалық әкімшілікке
қарасты мәжбүрлі еңбек
атқаруда.
Бас бостандығынан айыруға
байланысты емес жазаларға
сотталған тұлғаларды жұмысқа
тарту, орналастыру және ар-
найы мамандық алулары үшін
Қарқаралы аудандық Проба-
ция қызметі Қарқаралы
аудандық еңбекпен қамту және
әлеуметтік
бағдарламалар
бөлімімен арнайы жоспар
жасап,
жұмыссыз
сотталғандардың тізімдері жол-
данып, селолық округта
тұратын
сотталғандар
жұмыспен қамтылуда.
Есептегі
тұлғаларға
әлеуметтік
бейімдеу
мақсатымен көмектер беріледі,
осылай 2016 ж. ақпан айында
есептегі
1996ж.т.
Әбіл
Айданаға қалалық әкімшіліктен
2 тонна көмір берілді,
сотталғандарға аудандық ем-
ханамен психиологиялық көмек
және тегін медициналық
қызмет көрсетіледі.
Аудандық кәсіпкерлер пала-
тасы қызметкерлерімен есеп-
тегі жұмыссыз сотталғандарға
құқықтық көмек көрсетіледі.
Оларға бизнес, жеке іс ашу
жолдары туралы, кредит
түрлері туралы кеңестер бері-
леді.
С.Жақсылықов,
аудандық пробация қызметі
бөлімшесінің
инспекторы, әділет
капитаны.
Мақсат – қылмыстың
қайталануын болдырмау
Кәсіпорын ашумен байланысты қолданыстағы заңнамаларға
өзгерістер енгізілді. Елімізде қандай да бір кәсіпорын ашу үшін
түрлі анықтамаларды зерделеп, қандай да бір шешімдер
шығарып, құжаттарды нотариус арқылы рәсімдеу қажет. Осындай
қиындықтардың алдын алу мақсатында 2015 жылдан бастап,
кәсіпорын ашуға қажетті құжаттар электронды форматқа көшірілді.
Кәсіпкерге кәсіпорын ашу үшін өтініш беру ғана қалды.
Кәсіпорынды ашуға кәсіпкердің 1 күн ғана уақыты кететін болады.
Яғни, кәсіпкерге есеп ашылады, қосымша қызметтердің қажеті
жоқ. Қазір бұл қызмет түрі тегін. Жарғылық капитал қоры да қажет
емес. Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мем-
лекттік тіркеу рұқсат тәртібінен ескертпе тәртібіне көшу арқылы
және мемлекеттік қызметтерін көрсету процесіне ақпараттық
технологияларды белсенді енгізу арқылы заңды тұлғаларды мем-
лекеттік тіркеу рәсімінде түбегейлі өзгерістер пайда болды.
Қазіргі таңда шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды
тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін кәсіпкерге тек қана тіркеу алы-
мын төлеп тіркеуші органға хабарлама жіберу керек. Хабарлама
«электрондық үкіметтің» веб-порталында толтырылады және
төлем шлюзі арқылы төлемдер жүзеге асырылады. Тіркеу
«Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасында автоматты
түрде жүзеге асырылады, оның аяқталуын бизнес сәйкестендіру
нөмері (БСН) берілген заңды тұлғаны тіркеу туралы
электрондық анықтаманың берілгені дәлелдейді.
Жаңа заң жобасы бизнесті ашу кезінде кездесетін
тосқауылдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды
жасаудың алдын алады. Сонымен қатар, онда заңды тұлғаларды
тарату рәсімін жеңілдету мәселесі де қарастырылған. Бүгінде,
заңды тұлғаның таратылуын тіркеуге 13 құжат ұсыну қажет болса,
оны тіркеу мерзімі 10 күнге созылады. Заңды тұлғаларды тарату
кезінде туындайтын қиындықтардың бірі, ол салық органынан
анықтама алу. Өйткені бұл анықтаманы алуға бірнеше ай кетеді.
Осы себепті ұсынылатын құжаттар тізбесінен бұл анықтама алы-
нып тасталады. Ал құжат тапсыратын азаматтың салық
берешегінің бар не жоқ екендігі автоматты түрде тексеріледі.
Бұған қоса жаңа заң жобасында тарату балансы және оны бекіт-
кені туралы шешім, сондай-ақ филиалдар мен өкілдіктерді есеп-
тік тіркеуден шығарғанын растайтын құжаттарды ұсыну талабы да
алынып тасталады. Заң жобасында ұсынылатын барлық шаралар
кәсіпкерліктің қаржылық және уақыт жағынан кететін шығындарын
азайтуға мүмкіндік береді, халықаралық ұйымдар рейтингісіндегі
Қазақстанның ұстанымын көтереді, ашылатын кәсіпорындар саны
көбейетін болады.
Г.Темиржанова,
аудандық Әділет басқармасының бас маманы.
Кәсіпкерлік субъектілерін
тіркеу тәртібі
Аудан прокуратурасымен жыл сайын жалпы
қылмыс және құқықбұзушылықтың алдын алуға
уәкілетті органдардың атқарылған жұмыстарына
талдау жасалады.
Осы бағытта ауданның уәкілетті органдарымен
2015 жылдың қорытындысы бойынша біріккен
бірқатар жұмыстар атқарылған.
Осыған қарамастан ауданда мал ұрлығы де-
ректері өз жалғасын тауып отыр.
Нақты айтқанда, 2012 жылы аудан бойынша
жалпы тіркелген 198 қылмыстың ішінде 50 (25%),
2013 жылы 240 ішінде 67 (28%), 2014 жылы 270
ішінде 46 (17%), ал 2016 жылдың ағымдағы мер-
зімінде 23 ішінде 3 (13%) мал ұрлығына қатысты
болған.
Дегенмен, статистикалық мәліметерге сәйкес,
алдынғы жылдармен салыстырғанда мал
ұрлығы деңгейі төмендеген.
Осыған уәкілетті органдардың атқарылған
жұмыстары себеп болған.
Атап айтқанда, 2015 жылы Қарқаралы
аудандық сотымен кезекті мал ұрлығы
қылмысына нүкте қойылып, сот үкімімен 2 адам
Қылмыстық кодекстің 175б. 4б. «б» тармағымен
(адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бо-
йынша бірнеше рет аса ірі мөлшерде бөтен
мүлікті жасырын ұрлау), 1 адам 175б. 3б. «б»
тармағымен (адамдар тобының алдын ала сөз
байласуы бойынша бірнеше рет ірі мөлшерде
бөтен мүлікті жасырын ұрлау) кінәлі деп таны-
лып, тиісті жаза тағайындалды.
Сот үкімімен, қылмыстық іс бойынша төрт
жәбірленушінің берген талап арыздары
қанағаттандырылып, олардың пайдасына ұрлық
қылмысымен келтірілген мүліктік залал сома-
лары сотталушылардан үлестік тәртіппен
өндірілген, қалған жәбірленушілердің азаматтық
талап арыздары азаматтық соттың қарауына бе-
рілген.
Алдын ала және сот тергеуінде анықталғандай,
аталмыш қылмыстарды жасаған бес ұрының
барлығы (оның ішінде біреуі, бұрын мал
ұрлығымен
сотты
б о л ғ а н )
а у д а н ы м ы з д ы ң
тұрғындары.
Олар, аудан
тұрғындарының ақ
адал ірі қара, жылқы малдарына қырғидай тиіп,
қол салып, көлденең тапқан табыстарын
«қызықтап» жүрген уақыттарында құқық қорғау
органдары қызметкерлерімен құрықталған.
Алдын ала тергеу барысында олар аудан
төңірегінде бірнеше рет мал ұрлығын жасап,
нәтижесінде, жәбірленушілерге барлығы 20 млн.
теңге шамасында аса ірі мөлшерде залал келті-
ріп үлгерген.
Бас бостандығынан айырылған сотталған адам-
дар, өздеріне тағайындалған жазаны тым қатаң
деп есептеп, сот үкіміне апелляциялық
шағымдар келтірген болатын. Алайда,
Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер
жөніндегі апелляциялық сот алқасы, оларға әділ
жаза тағайындалған деген қорытындыға келіп,
бірінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз,
апелляциялық шағымдарды қанағаттандырусыз
қалдырды.
Мал ұрлығы қылмыстары, оның ішінде аса ірі
мөлшерде жасалған мал ұрлықтары кейінгі кезде
ауданымызда етек алып барады. Бұндай үрдіс
қоғамымызға әр қашанда қауіпті. Сондықтан да
мемлекетіміз осындай келеңсіз жайттарға әр
қашан қарсы тұрып, бұнымен күресу және алдын
алу керек. Ал бұнымен күресу және алдын
алудың, ықтимал қылмыскерлердің болашақта
басқа қылмыстарға бармауына жеткілікті түрде
өзінің профилактикалық әсерін тигізудің бір
жолы, соттармен қылмыскерлерге қылмыстың
ауырлығына және сотталған адамның жеке ба-
сына сәйкес келетіндей әділ жаза тағайындау
деп санаймыз.
Мал ұрлығының алдын алу мәселесі аудан про-
куратурасы және уәкілетті органдардың әрдайым
басты назарында!
Қарқаралы ауданының
прокуратурасы.
М
ал ұрлығының алдын алу