57
АУ І – ІV
АУ І
зат. шалбардың, сымның, іш киімнің екі балағының түйіскен жері.
АУ ІІ
ет. қисаю, ауытқу, көліктің қапталына я бауырына түсу.
АУ ІІІ
зат. балық ұстайтын үлкен тор, сүзгі.
АУ ІV
од. Дауыстау, шақыру, дыбыс беру кезінде айтылатын ишарат сөз.
6. Əңгімеден синоним сөздерді табыңыз.
Үлгі:
• екі, қос, пар.
• пішеншілер, шөпшілер.
• ұшып тұру, атып тұру, қарғып тұру.
58
Оралхан БӨКЕЙ
Таңдамалы шығармалар. 2-том.
Алматы, 2003. -390 бет.
КҮЛПƏШТІҢ ҰРШЫҒЫ
Шешемнің замандасы еді. Біздің үйдің қыр жағында тұрады.
Ақарлы-шақарлы, бала-шағасы көп адам. Ерінен ерте айырылған.
Соғысқа кетіп, содан хабар-ошарсыз жым-жырт жоғалған. Тастай
батып, судай сіңіп кеткен. Əйтеуір, ұлдары ересек, үлкені үйленген,
одан үш-төрт немересі жəне бар. Ертеден қара кешке дейін есік
көзінде басқышта, тулақтың үстінде ұршық иіріп отыратын Күлпəш-
тің екі көзі біздің үйдің түтінінде.
Табиғатынан қыдырмашы адам болған соң, көрші-қолаң оны
жақтыра қоймайтын. Бірақ сұмақайлығы, ауыл үйді бір-біріне айдап
салар айтақшыл өсек-аяңы жоқ əйел. Тек біреудің үйінде жаңалық
болса естімей, алыстан ағайындары келіп жатса, барып есендеспей
отыра алмас еді. Жіп иіретін ұршық – Күлпəштің жан жолдасы, түнде
басына жастап ұйықтайды екен. Қашан көрсеңіз де, шынтағын шо-
шайтып, созақтата жіп иіріп шаншылып отырғанын көресің.
Дегенмен, түтін шыққан үйді аңдып, ыстық тамағының үстіне
дəл түсетін əдеті бары рас. Жұрт Күлпəштің осы мінезінен зəрезап
болатын. Бағзы заман емес, қазіргі ағыл-тегіл тоқшылық уақытта,
бала-шағаңның ортасында оңашаланып аузыңа енді ала берген
асыңа бір емес, екі емес, ортақ бола берген адамды – атаң болса да
жақтырасың ба, тəйірі. Бірақ жұрттың күңкілін, қыржың-тыржың
теріс қабағын Күлпəш кəперіне де алмайтын. Салдырлап əңгімесін
айтып, алды-артына қарамай асай беретін, тіпті «жесеңдерші» деп
өз асыңды өзіңе тықпалайтын: тіпті өз үйінен кекіре тойып шығып,
көршінің шайына зыр жүгіріп кетер еді.
Қыстың алғашқы айының бір күні еді. Таңертең тұрсам, аппақ
болып қар жауып қалыпты. Кеше ғана қара қожалақ жатқан дала ақ
көрпесін қымтанып, ұзақ ұйқыға кеткендей жым-жырт. Қар бетіне
иттің ғана ізі түскен. Күн көтеріле, алғашқы қар қалыңдығына қара-
май жылбысқалана еріп, ақ сорпасы шығып бусана бастады. Ағаш
күрек алып əрі-бері тазалап көріп едім, жабыса иленіп ырық берме-
59
ген соң, тастағанмын. Ағаш-ағаштың бұтағын сындырардай тұтасқан
қар ептеп еріп, тамылжи соғады. Айналаңа, əсіресе күн шы ғар жаққа
қарай алмай ұяласың, көз қарығады. Қолтығына қыс қан қалайы
аяғы – ыдысы бар, екі қолын жеңіне қусырынған Күлпəш үйінен
асығыс шығып, бізге қарай қаздаңдай құлдады. Жақындай бере,
одан бұрынырақ үйге сып етіп еніп кеттім. Апамдар шай ішіп отыр
екен, іле-шала будақ-будақ бу алып Күлпəш та кірді. Кіре бере «алла,
белім» деп, табалдырыққа жалп ете түскені. Əлгінде ғана сайрап,
есен-сау шай құйып, самаурынға иелік жасап отырған шешем, ол да
сап етіп шекесін ұстап, «алла, басым» деп зарлай жөнелгені. Мен
аң-таңмын, екі əйел еселесіп, бірсыпыра ыңқылдады-ай... Күлпəш
көзінің астымен ақырын ұрлана шешеме қарайды да, өзінше зор
шыққанына шындап көзі жетті білем, жылжып, «аллалай» дастар-
қанға жақындады.
– Саумысың, Күлия? – деді жарамсақтана.
– Ауырып қалғанбысың?
– Ауырмай отыратын күнім бар ма, Күлпəш. Бір үйдегі – бір кісі
болған соң, сүйретіліп тұрасың.
– Мен де сол, əйтеуір, өлмеген соң, балаларға бас-көз болып
жүрген. Екі күн болды, белден шойырылғалы.
– Үш күннен бері менің де басымның сақинасы ұстап.
– Мен де жетісіп отырғаным жоқ, бəтір. Бес күннен бері екі тізем
қақсайды.
– Он күннен бері оң иығым шағатын болып жүр.
– Бір ай болды, екі аяғым кеміріп жатыр-ау, жеп жатыр...
– Былтырдан бері, құданың құдіреті, екі көзім бұлдырлап
көрмейтінді шығарды. Өстіп жүріп су қараңғы соқыр болып...
– Қойшы-ей, қайдағыны айтпай, кейде менің де екі құлағым тарс
бітіп қалады.
Ендігі сəтте шешем де, Күлпəш та ауруларын ұмытып, құла шай-
ды сораптай ұрттап, ұзақ сонар əңгімеге көшкен. Ал мен аң-таңмын...
– Е-е, замандас-ай, – деп күрсінді Күлпəш. Шалың бар сен
осындайсың. Жиырма жылдан бері жесір біздің не жанымыз шыдап
жүр десеңші. Жүрген ғой, əйтеуір, өлейін десе, қол тимей... Е... е...
– Бойында шыбын жаны бар демесең, біздің үйдің иесі ауыра-
ды ғой, қатты ауырады. Трудовой өтіп кетсе керек. – Шешем төргі
бөлмеде көзілдірігін киіп кітап оқып жатқан əкем жаққа мойнын
соза қарап қойды. Содан соң маған:
60
– Есікті жаба салшы, – деді. Əңгімемізді естіп қояр ма деп
сезіктенді білем.
– Е, сөйт, балам, төргі бөлменің есігін жаба сал, – деп қайталады
Күлпəш. – Жүзіқара-ау, ұлыңа шай құйсаңшы, – деп шешемнің ұмыт
қалдырған шаруасын жəне есіне салды.
– Күзден бері осы жаңғалақтық пайда болды, – деді шешем. –
Қазір қойғанымды қазір ұмытамын.
– Мен де ұмытшақпын-ей, – деді Күлпəш. – Əнеукүні Шəкендер-
дікі ет асқан екен, барайын деп тұрып, қара басып ұйықтап қалыппын.
– Кеше соғым сойған күнге дейін тісіміздің суын сорып отыра-
мыз ба деп, қалған қара ешкіні алып соқтық.
– Не дейді!.. Күлпəш қайран қалып таңданды. – Айттым ғой,
кейінгі кезде ес-ақылдан айырылып жүрмін деп. Айта салғанды да
біл мейсің. Тіпті түтіндерің бықсымап еді, сен де қуланып, сараң-
данып барасың-ау. Ішек-түшек, қарын-сарын алып қалушы едің...
дəметіп.
– Алла, басым! – деп, шешем əңгіменің ауанын бұзып жіберді.
– Алла, белім! – деді Күлпəш. – Көп отырып қалдым-ау, сенімен
əңгімелесемін деп. Біздің қара сиыр қарасан болды. Арты бітеліп,
алты ай болды желіндегелі. Түйе секілді найқалып жүр, албасты,
қара суға қамалтпай бір шайлық сүт бер.
– Біздің қоңыр сиыр ерте суалып барады. Өзі үш емшек, өзің
білесің, бір емшегі баяғыда кеткен. Жем-шөбін алдына төгіп отырған
біз емес. Бір сағат созғыласаң, жалғыз шайлық сүт əрең шығады.
Сенің ұлың қойда ғой, анда-санда біздің үйге де бір қапшық жем
əкеп тастамай ма? Міне, сүттің бары осы, – деп, тостағандағы шайға
қатып отырған сүтті көрсетіп еді, Күлпəш үңіліп қарады да:
– Е, мынауың көп сүт, – деді шімірікпей.
– Көп сүт болса, аузымнан жырып саған-ақ бердім, – деп,
барлығын Күлпəштің ыдысына қотара құйып бере салды. Содан
соң өзі үлкен бір мəрттік жасағандай замандасына риза көзбен
күлімсірей қарады.
– Рақмет, Күлия! – деді ол қош көңілмен шығып бара жатып.
– Ұлыңның қызығын көр, алла белім, аяғымды бастырмайды,
сүйретіліп қашан жетер екенмін...
Терезеден тысқа қарап едім, үйіне қарай құстай ұшып безіп бара
жатқан Күлпəшті көрдім.
– Ораш, – деді шешем, – шоланда бір меске сүт пісіп тұр еді,
алып келші.
Достарыңызбен бөлісу: |