129
– Соған бола мені ояттың ба?
– Сенен мынаны сұрайын деп едім: қалай ойлайсың, қарақшылар
құдыққа кəдімгі адамның денесін тастады ма?
– Əрине. Қаптағы тесіктен мен оның қолын көрдім, – деді Рип-
стон мысқылдап.
– Сен ол жерде нағыз терең құдық болды деп ойлайсың ба?
– Болғанда қандай. Əрине.
– Ал мен судың шолпылдағанын естіген жоқпын, – деп Моулди
қояр емес.
– Сен дұрыс естімегенсің. Өйткені құдық өте терең, бірден ести
алмайсың, ал мен үш минөттен кейін естідім.
Моулди үнсіз қалды, бірақ ол жиі дем алып жатыр. Оның
əңгімелескісі келетінін байқалып тұр. Ол Рипстонды сөзге тартпақ
болып еді, жауап ретінде қатты қорыл естілді. Ол маған да бірдеңе
айтып еді, мен ұйықтап жатқан сыңай таныттым.
Ал шынында менің ұйқым келер емес. Көзімнің жасын тыя алмай,
Рипстонның тізесіне басымды салып, өзімнің өткенім туралы, үйден
қашып кеткенім туралы жəне болашақта өзімді не күтіп тұрғаны ту-
ралы ойладым. Бұдан да миссис Берктің тоқпағына шыдағанымның
өзі дұрыс еді. Əкем мені белбеумен соғар еді. Сөйтіп, қазір бəрі де
артта қалып, жылы төсекте жатып, кішкентай Поллиді уатар едім.
Əрине, жеген соққының ізі де, оны ауырсынғаным да əлі кете қойған
жоқ, бірақ мен осы сəтте біздің шолақ көшедегі 19-шы үйге өзімді
қайта апарып, барлық кінəмді кешіретін болса, қандай азапқа да шы-
дап беруге əзір едім.
Бейшара кішкентай Полли. Мен ол туралы көзіме жас алмай ой-
лай алмаймын, тіпті ойымнан кетер емес.
Мүмкін ол баспалдақтың тас басқышына құлаған сəтте өліп
қалып, қазір бөлмеде жалғыз, жансыз жатқан шығар. Соңғы ойдың
үрейлі болғаны сонша, менің көз жасым сап тыйылды. Мен өзімнің
анамды, ол қайтыс болған кешті, оны жерлеген күнді еске түсірдім.
Кенет біреулердің жүрген дыбысы естілді. Карта ойнап отырған
жастар мен балалар арбаларға қарай айқайлап жүгіріп келді:
– Шырақтарды сөндіріңдер! Қармақтар келе жатыр.
Қармақтар деп полицейлерді атайтынын білетінмін. Сөйтіп кенет
менің үрейім ұшып кетті. Сірə, миссис Берк менің қашып кеткенім
туралы полицияға айтса керек, енді мені іздеп жатыр. Мен неге
жастық бола салмадым? Сонда басқалардың астынан көрінбес едім
9–1151
130
ғой. Жүрген адамдар жақындап келеді. Үш полицей біздің арбаға
таяп келді. Бүкіл денем дірілдеп, маңдайымнан суық тер бұрқ етті.
Полицейлердің бірі доңғалаққа шығып, қолшамымен біздің арбаға
жарық түсірді.
Ол төменге секіріп түскенде ғана мен еркін дем алдым. Өз
жұмыстары туралы əңгімелесіп, үшеуі де кетіп барады. Олардың
аяқта рының дыбысы алыстай түсті. Біртіндеп барлық у-шу басылып
ұйқтағандардың қорылы мен егеуқұйрықтардың шиқылы ғана есті-
леді. Мен ұйқыға кеттім.
19-26-Б.
Сөздік
дарбаза
ворота
қадам
шаг
итермелейді толкает
ілгері
впереди
ескерту
предупреждение
серіктерім
спутники, друзья
күмəн
сомнение, подозрение
еніп войдя
кенет
вдруг, внезапно
түңіліп кеттім
разочаровался
əзілдеген
подшутил
қайғы
печаль, горе
күмəнім
сомнение, подозрение
мұндамын
я здесь
сөрелер
полки
дуал ограда
сырдың исі
запах краски
ауа лебі
зной
аңның ініндей
как нора зверя
131
үрейімнің ұшқаны
сильно испугался, пришел в
ужас
əлпешті көрмегенбіз
не видели забот
дымқыл
влажный
өтер тұстың
направление перехода
сабан
солома
жасқана
стесняясь
басқышпен
по лестнице, ступени, ступеньке
егеуқұйрық
крыса
қылжақты қой
прекрати кривляться, прекрати
нести чушь
алба-жұлба (киім)
рваная одежда, лохмотья
шанышқы
вилка
үзік жіп
оборванная веревка
сəуле
луч, сияние
шырағына
на свечу, осветительную лампу
сараң
скупой, жадный человек, скряга
дөп тиді
прямо попал (в цель)
демеп
помогать, поддерживая друг
друга
күңкілдеді пробормотал,
буркнул
қарғыс атқыр
проклятый
тозаң
пыль
арбаның жақтауын
косяк телеги
дірдек
дрожать от холода
қыңқылдама
не ворчи, не ной, не хныкай
судың шолпылдағанын естіген
жоқпын
не слышал плеск воды
шолақ
короткий
үрейлі
грозный, страшный
қарақшы
разбойник
132
таңдай
нёбо
өзен река
жайлы
удобный
ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІКПЕН ЖҰМЫС
ДУАЛ
ир. зат. 1. Балшық, саман, шым тəрізді заттардан салынған үйді,
бақты айналдыра қоршаған қоршау.
2. Завод-фабрикалар мен үйлерді, складтарды айналдыра қоршаған
биік қамал. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 3-т. 179-бет.
ДАРБАЗА
ир. зат. Қораның, мекен-жайдың сыртқы үлкен қақпасы.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 3-т. 52-бет.
БҰРҚЫЛДАП
Ауыс. Ренішті сөздер айтып, қатты кею, ашулану.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 2-т. 543-бет.
МАСАТТАН
ет. Көңілі көтеріліп қуану, шаттану. Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігі. 7-т. 138-бет.
КҮЙЗЕЛ
ет. Қиналу, қайғыру, қажу. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.
5-т. 279-бет.
МЫСҚЫЛДА
ет. Мысқыл айту, шенеу. Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігі. 7-т. 289-бет.
БЫЛШЫЛДА
ет. Ауыс. Мылжыңдап əр нəрсені бір көку. Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігі. 2-т. 592-бет.
ШОЛАҚ
2. Қысқа, ұзын емес, келте. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.
10-т. 247-бет.
КҮҢКІЛДЕ
ет. Ақырын сөйлеу, түсініксіздеу, естілер-естілмес етіп
айту. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 5-т . 343-бет.
СЫПЫРТ
ет. Зымырату, зулату, жүйткіту, соқтыру. Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігі. 8-т. 494-бет.
ҚҰЛДИЛА
ет. Ылдиға, еңіске, етекке қарай түсу. Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігі. 6-т. 460-бет.
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК
ІЛІП ƏКЕТТІ
Қағып əкетті, бөгелмей жалғастырып əкетті.
ТАҢДАЙ (ТАҢДАЙЫН) ҚАҚТЫ (ҚАҒЫСТЫ)
Таңданды, таңыр-
қады, қайран қалды.
Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Кеңесбаев І.К.
Алматы, «Ғылым» баспасы, 1977 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |