Гауһар Əлімбек көркем шығармалар арқылы тіл үйретуге арналған Қазақ тілі алматы 2014



жүктеу 4,19 Kb.
Pdf просмотр
бет39/48
Дата16.02.2018
өлшемі4,19 Kb.
#9899
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48

140
да, сидиған арық түріне мына киімдері еш жараспайды-ақ, ұсқыны 
адам күлерлік еді, жаздағы Шымырбай шалдың бақшасының шетіне 
ескі-құсқы киімдер кигізіп қадап қойған қарақшы сияқты қалқиып 
тұр. Əттең, бір-екі жас болса да үлкендігін білдіріп əлімжеттік жа-
сайды, əйтпесе мына түрін мысқылдап мазақ етер ем. Өзінің жəне 
бір жаман мінезі: жұртты мазақ етіп күлгенде құдай құрлы да, ал 
өзіне айтылған бір ауыз əзілді көтере алмайды, көзі аларып шаты-
нап шыға келеді. Жарылып қанталап жүретін астыңғы ернін жалап-
жалап қойып, зəреңді ұшыру үшін тісін шақырлатып: «Мені мазақ 
ететіндей сен кімсің ей, ə?! Мұрныңды бет қып жіберейін бе, осы?!» 
– деп күс-күс жұдырығын түйіп төніп келгенде, əзіл айтпақ түгілі, 
бетіне тура қараудан қаймығасың. Өзі сенен үлкен, қолы ұзын, тара-
мыстанған арық болса да, күші басым, жеңілмеске, қорықпасқа 
шамаң жоқ. Оған қарағанда Қайрат пен Бəтеннің киімдері тəуір: 
бірінің үстінде жақында тоқылған жаңа шекпен де, екіншісі жүн 
сырған күпəйке киген, аяқтарында жаңа шарық. Бар дəмділерін апа-
лары осылардың аузына ұстайтын екеуі екі үйдің еркесі, жүздері 
қызара тершіп, ұрттары томпиып тұр. 
– Көксоққан, Жөкеңді ғой ұмытып жүрсің, – деді Əжібек бірден 
кіжіне сөйлеп. Əрине, «Жөкең» деп тұрғаны өзі, ал енді оны менің 
қалай ұмытып жүргенімді түсінсем бұйырмасын.
– Үйінде артық-тұртық құрт-ірімшік болса, осыны Əжекең ауыз 
тисінші деп алып шығу ғой ойыңа да келмейді, – деп, біраз кінə ар-
тып, сөгіп алды. Мына өзіңдей Бəтенді қарашы, міне, апасының жеті 
қатқа тыққан құртынан маған ұрлап əкелді.
Енді байқадым, үшеуінің ұрттары томпаңдап, құрт сорып тұр 
екен. 
– Мен кеше тура жарты таба нанды бір-ақ ұрлап əкелгем, – деді 
осы тұста Қайрат та шыдай алмай. 
–  Иə. Мына Қайрат сөйтті. Маладес! – деді Əжібек оны иығынан 
қағып. – Ал сен ғой...
–  Əй, осыны қойшы, сараңды. Бұлар тұқым-тұқиянымен тегіс 
сараңдар емес пе. Негізіне тартпай тұрсын ба, – деп, Бəтен аузындағы 
түкірігін шашырата кеп, құйрығымнан бір тепті.
Əншейінде бетіме тура қараудан қорқатын мына жаманның мына 
құтырғаны қанымды қайнатып-ақ жіберді. Тіпті жеке өз басымды, 
мейлі, не десе о десін, ал енді бүкіл тұқым-тұқиянымды сараң дегені 
жаныма батып-ақ кетті. Ыза буып Бəтенге тұра ұмтылғам, Қайрат 


141
аяғын төсей қойған  екен, соған шалынысып барып омбы қарға 
оңқа-шоңқа құладым. Үшеуі мəз боп күлсін. Ұшып тұрып қайта 
ұмтылғанымша, Бəтен сақылдай күліп Əжібектің тасасына тығылды. 
– Сараңдардың тұқымы, ха-ха-ха... – деп мені онан əрмен мазақ-
тай түсіп тілін шығарды. Əжібекті арқаланып тұрғаны. 
Көзім жасаурап, мысым құрып мен тұрмын. 
–  Жə, қалжыңдастыңдар ғой, жетеді енді, – деді Əжібек менің 
қыстығып жыларман боп тұрған түріме қарап. 
– Сен, Бəтен, оныңды қой. Қанат сараң емес. Солай ғой, Қанат, ə? 
Тек бұ дүниеде менің бар-жоғым ойына келмеген ғой. Жарайды, ол 
кемшілігін ендігі жерде түзете жатар. Солай ма, Қанат?! Мен үндей 
қоймағам.
–  Көксоққан-ау, сенің маған бергенің далаға кетпейді ғой, 
əлі қиын-қыстау күн туғанда, панаң болам ғой. Жə, ендігісін өзің 
білерсің. Онша санасыз емессің ғой... Оннан соң ол менің ақ киіз бен 
ұлтарылған қара шарығыма, əр жерінің тесіктерінен тауық шоқы-
ғандай боп жүндері шоқ-шоқ боп шығып тұрған сары жарғақ то-
ныма көз тоқтата тұрып: – Əй, сенің көкең мен апаң екеуінің бірге 
түскен суреті бар ма? – деп сұрады. 
– Бар.
– Бар болса сен соны тез арада Ырысбекке жеткізіп бер. 
– Мен ол суретті ала алмаймын, ол Нəзира əпкемнің альбомына 
жапсырылған, – дедім. 
– Сонда немене, Нəзира əпкеңнің альбомы адамның қолы жетпес 
жерде ме? 
– Үлкен сандықтың ішінде.
–  Аш сол сандықты.... – Əжібек тісінің арасынан сыздықтата 
түкіріп қойды. – Обшым, ұзын сөздің қысқасы, көкең мен апаңның 
суретін ұрлап əкелетін бол. 
– Əкеле алмаймын. Қиында жатыр дедім ғой. 
–  Əй, ақымақ, Ырысбек оны үлкейткісі келіп отырса, бұл қиында 
жатыр деп бəлденеді ғой. Бар, өл-тіріл, қайтсең де сол суретті əке-
летін бол. Бұл саған жауынгерлік тапсырма. Əкелмесең сонда бол-
сын! Бар! – деп, ол сөз соңында май құйрығымнан ақырындап қана 
бір тепті. Мен кете бергем.
–  Əй, көксоққан, – деді ол бірдеңе есіне түскендей желкемнен 
тартып қайыра бұрып. –  Шарығыңнан су өтіп жүрген жоқ па? 
– Қар еріген кезде, өтеді. 


142
– Онда былай істе. Менің жан адамға көрсетпей, тығып жүрген 
бір шелек солидолым бар, анда-санда кеп анау шарығыңның ұлтарма 
тігістеріне, табаныңа жағып алып жүр, сонда су өтпейді, –  деді 
қамқорлық білдіріп. 
–  Солидолды киізге жағуға бола ма? 
–  Неге болмайды?! Вот ақымақ. Сен əуелі жағып көрсеңші. Міне, 
мен етігімді майлап алып ем, су дегенің сынапша сырғып, ішіне түк 
өтпейді. Қазір мына Бəтен мен Қайратқа  да жаққызам.  – Əжібек 
тағы да тісінің арасынан  сыздықтата шырт түкіріп қойды. 
–  Пажалыста, күнде жағып тұрам десең де сенен аямаймын. Ал 
енді бар үйіңе, бəлденбей əлгі суретті бүгін-ертең əкеп беретін бол. 
–  Мақұл.
Шынында да, үлкейтемін деп Ырысбектің өзі сұратып отыр-
са, одан неге бəлденіп, тартыншақтауым керек. Ауылдағы талай 
үйдің төрінен Ырысбек үлкейтіп берген суреттерді көріп қатты 
қызығатынмын. «Шіркін, көкем мен апамның суретін өстіп үлкейтіп 
төрге іліп қойса», – деп армандайтынмын. Сөйтіп, келесі күні-ақ 
Нəзира əпкемнің    альбомындағы көкем мен апамның суретін алып, 
Əжібекке ілесіп Ырысбекке өз қолымнан апарып бердім.
Ырысбек шертіп отырған домбырасын тастай бере, суретті бір 
жақындатып, бір алыстатып, одан терезенің жарығына қарай теріс 
қаратып шықты да:  
–  Үлкейтуге қолайлы, жақсы екен,  –  деді. 
Осы сөзін естіп мен қуанып қалдым. 
Ырысбек енді маған қарады да, одан қайта суретке қарады: 
–  Қанат, тоқташы, –   деді. Сөйтті де суретке бір, маған бір тағы 
да кезек-кезек қарай отырып: 
– О, көкесінен айнымай қалған жарығым, тіпті аузынан түскен-
дей ұқсауын қарашы, – деп, мені құшағына алып қысып-қысып 
қойды. Əлгі мені ұстап алған жерде төбемнен қарға шаншып қорлық 
көрсететін  мінезінен із жоқ, аяқ асты мен дегенде ет жүрегі езіле 
қапты. Оған деген шексіз ыза-өкпеден бе, əлде оның мүсіркей 
қалғанына қорланғаным ба, əйтеу, екі бетім дуылдап, көзім жасау-
рап, үндей алмай булығып шығып кеттім. 
– Əй, Қанат, тоқта!  
Əжібек соңымнан ілесе шыққан екен. Қуып жетіп, желкелігімнен 
тартып тоқтатты да:  
– Сен суретті жоғалады екен деп қорықпа. Ырысбек,  ол  –  сөздің 


жүктеу 4,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау