Уақыты
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу
|
Ресурс
|
Сабақтың басы
|
|
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.
2. Психологиялық ахуал
Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бәрінің арқасына А4 форматты қағаз жапсырылады. Бәрі оңға бұрылады, қағаз беріп тұрған оқушының парағына өзінің тілегін сурет арқылы жеткізеді.
3. «Бір үй, бір жанұя» ойыны арқылы топқа бөлу
«Сөзді тап» тәсілі.
Қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылған қағаз қиындылары салынады (жастар, болашақ, өнер, білім, ақыл ). Бір оқушы қобдишадан қиынды қағазды алып, бір минутта ондағы сөздің атын атамай сипаттап түсіндіруі керек. Сөзді тапқан оқушы келесі сөзді түсіндіруді жалғастырады.
Кіріспе сұрақтар:
Бұл сөздердің біздің сабаққа қандай қатысы бар? Сабақтың тақырыбы қандай?
|
|
Сабақтың ортасы
|
|
4. Автор туралы мәліметпен жұмыс.
«Пікір алмасу» тәсілі. Әрбір топ тақырыпқа қатысты бес сұрақ дайындайды. Әрбір сұрақты стикердің бірінші жағына жауабын екінші жағына жазып, келесі топпен алмасады. Топ басшысы стикердегі сұрақты оқиды, топ мүшелері жазып дайындайды. Көшбасшы белгі бергенде, барлығы өз жауабын ашады және талқылып, дұрыс жауаппен салыстырады.
Кері байланыс: Автор туралы не білдік? Автор өмірбаянынан не білдік? Не үйрендік?
5.«Жастарға» өлеңін мәнерлеп оқу
Әр топтан бір оқушы немесе топтар тізбектеп оқиды.
6. Жеке жұмыс
Өлеңнің тақырыбы не? Идеясы қай жолдарда берілген? Оған сенің көзқарасың қандай?
|
Достарыңызбен бөлісу: |