365
Есимбекова С.Б.
физика пәні мұғалімі
«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім біретін мектебі» КММ Бұқар – Жырау ауданы
ФИЗИКА САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ
ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ
Қазіргі даму кезеңі, білім беру жүйесінің функционалдық сауаттылықты жүзеге асыру
мәселесін алға қойып, отыр. Еліміздің болашағы – жас ұрпақты оқытуда білімнің түпкі нәтижесі
деп саналатын құзыреттіліктердің біртұтас бірлігі ретіндегі функционалдық сауаттылықтың
мәнін, ролін айқындау, оны мектеп тәжірибесіне ендіру уақыт талабына сай келеді.
Функционалдық сауаттылықтың негізгі міндеті
- мұғалім баланы оқыта отырып, оның
еркіндігін, белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлауын қалыптастырып және де баланың өз
бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Функционалдық сауаттылықтың негізгі мақсаты
тұлғаның алған білімдерін тек оқу жағдайында ғана емес, сонымен қатар әр түрлі өмірлік
жағдайларда қолдану, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білу, алған білімдерін сын
тұрғысынан бағалау, болжамдар ұсыну және зерттеулер жүргізу болып табылады.
Сондықтан қазіргі уақытта мектеп алдында физика пәнін оқытуда оқушылардың
функционалдық ойлау қабілеті мен шығармашылық тұрғыдағы
жұмысын дамытуда өз бетімен
жұмыс жасаулары және логикалық тапсырмаларды орындаудың маңызы зор. Бұл тапсырмаларды
қалай ұйымдастыру керек, тарау бойынша тақырыпқа сай етіп деңгейлеп, саралап таңдай білу ол
мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Бүгінгі күнде физика пәнін сапалы оқыту ізденістері әр пән мұғалімін толғандырып
отырған келелі мәселелердің бірі. Білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруді оқушының
жеке тұлғасына бағыттау, ал оқыту әдістерін тұлға аралық қарым - қатынастарға бейімдеу болып
табылады. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік
тәжрибесіне сүйену арқылы танымдық шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр
түрлі өнімдер жасауы арқылы алуға тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік
пікірі мен көзқарасы қалыптасады. Теория мен практиканың байланыста болуын қамтамасыз ету
үшін әрбір пән бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда теориялық
қағидалардың, заңдылықтар мен ережелердің, яғни ұғымдық - ақпараттық материалдардың бала
өмірінде кездесетін түрлі проблемалық мәселелерді шешуге көмегі тиетіндей, бала оны қолдана
алатындай практикалық маңызы ескерілуі тиіс. Сыни
тұрғыдан ойлау барысында, бала өз
заманының озық өнегесін санасына сіңіреді, функционалдық сауаттылығы артады, басқаның
пікірін тыңдауға дағдыланады және өзі де пікір айтуға үйренеді.
Физика ғылымының ілгерілеген алғы шебін былай қойғанда, тіпті оның күнбе - күнгі
тұрмыста жан - жақты орын тебе бастаған салаларын функционалдық сауаттылығы бар
оқушылар еркін бойлап алуы керек. Физиканың ерекшелігі –ол қазіргі
кездегі ауадай қажетті
техникалық ғылымдардың негізі. Физика сабағында оқушыларға нақты мысал келтіре отырып,
олардың алған білімдері маңызды практикалық мәселелерді шешуге қажет екендігін түсіндіру
қажет. Оқушылардың білімнің өмірлік маңызын түсінуі, теория мен практиканы тығыз
байланыстырады, пәнге ынтасын арттырады, оқушылар біліміндегі формализми элементтерін
жояды. Оқушылардың білімге ынтасының болуы, олардың сабақтағы белсенділігінің артуына
білім
сапасының жоғарлауына, білім алудың пайдасын түсінудің қалыптасуына мүмкіндік
береді.
Сондықтан стандартты емес, мәтіндік тапсырмаларды орындау оқушылардың ойлау
қабілетін дамыта отырып,териялық білімді тиімді пайдаланып,жауап іздеу процесін жүзеге
асыруға мүмкіндік береді. Оқушылар пәнге қызығушылық таныта отырып, өз білімдерін
кеңейтеді,
терең ойлауды дамытады, түрлі физикалық құбылыстар арасындағы байланысты
түсінеді, табиғатта байқалатын құбылыстардың себептерін түсіндіруді үйренеді. Сонымен қатар
366
оқушылар нақты өмірде кездесетін мәселелерге барын жақын мәселелерді шешу үшін өз білімін
қолдануды үйренеді.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында физикадан мәтіндік есептерді
шығару және қолдану тәжірибесімен бөліскім келеді.
8 сынып
Адам температурасы 20
0
С болатын теңіз суына түскенде 8 минут ішінде 200кал энергия
жоғалтады. Бұл энергия адамның ауада осы температурада екі сағат ішінде жоғалтатын
энергиясына тең. Адмның массасы 70кг, денесінің меншікті жылусыйымдылығы
3000Дж/кг
0
С.(1кал=4,2 Дж)
а) 4 сағат ауада болған адамның жоғалтатын жылу мөлшерін анықта
ә) Теңіз суына түскен адамның 8 минутта жоғалтатын жылу мөлшерін анықта
б) Адамның теңіз суында болу уақытын екі есе арттырса, оның жоғалтатын энергиясы қандай?
в) Теңіз суында 8 минут болған адамның дене температурасының өзгерісі неге тең?
с) Адамның мұхит суында болу уақытын екі есе арттырса, осы
уақыт ішінде адам денесінің
температурасының өзгерісі неге тең?
Есептің шығарылуы:
а) 200кал энергия = адамның ауада осы температурада екі сағат ішінде жоғалтатын энергиясына
тең, ендеше 4 сағат ауада болатын жылу мөлшері Q-?
200кал =
= 840Дж
4сағат
2 = 2сағат, 840Дж· 2= 1680Дж
ә) 8 мин, Q= 840Дж
б) Q= 1680Дж
в) 8 мин, Q
1
= 840Дж ; Δt
1
-?
Q
1
= c·m·Δt
1
; Δt
1
=
=
=0,004
0
С
с) 16 мин , Q
2
= 1680Дж ; Δt
2
-?
Q
2
= c·m·Δt
2
; Δt
2
=
=
=0,008
0
С
Осы мәтіндік есептің өзінде оқушының мәтінді түсіну, жалпы мәнмәтіннен қажетті
ақпаратты табу мен алу, оны дұрыс пайдалану және ойлау мен өз жауабын негіздеп дәлелдеу
қабілеті байқалады. Оқушылардың физикалық білімін дамытуда кең тұрғыда мәтінмен жұмыс
жүргізу қажет. Сондықтан мектеп оқушыларына физика пәнінен төмендегі дәрежеде білім беру
мақсаты көзделеді.
Мәтін арқылы жүргізілген жұмыстар оқушыға қажетті оқу, жазу, есте сақтау дағдысын
қалыптастырады.
Мәтін арқылы оқушы теорияны жетік түсініп,
құбылыстар мен процестердің
ерекшеліктерін, өту жолдарымен себептерін меңгереді.
Мәтінмен жұмыс жасай отырып теориялық білімін практикада қолдана алады.
Оқушы мәтін бойынша берілген сұраққа тар және кең түрде жауап бере алатын, оқығаннан,
тыңдағаннан ауызша немесе жазбаша түрде нақты физикалық тілде жеткізе алатын болады.
Енді келесі бір мәтіндік есепті қарастырайық. Ыстыққа төзімді жануар.
Бұл
мәтіндік
тапсырма,
«Тірі
ағзалардың
тіршілігінде
жылу
құбылыстарының атқаратын рөлі» тақырыпқа сәйкес келеді.
Түйенің екі аптадай су ішпеуі мүмкін екендігі белгілі. Бұл оның суды үнемді
пайдалатындығымен түсіндіріледі. Түйе 40º-тық ыстықта да терлемейді.
Қырқылған түйенің терлеуі 50%-ке дейін ұлғаяды. Түйе ешқашан, тіпті аптап ыстықта да
аузын ашпайды. Оның демалу жиілігі өте төмен –минутына 8 рет. Түйе өз өркештерінен
керегіне қарай су ала алады (100 г майдан 107 г су).
а) Түйе неше градусқа дейін терлемейді? /Жауабы:40ºС/
367
ә)Булану процесі кезінде денеде қандай өзгеріс болады?/Жауабы:дене салқындайды/
б) Булану процесінің нәтижесі нені береді?/Жауабы: булану процесі температураның азаюына
әкеледі/
в) Түйенің ыстыққа төзімділігінің себебі неде? /Жауабы:жүн оны қызудан құтқарады, ылғалдың
шығуына бөгет жасайды/
г) Түйе өз өркешінен жарты центнерге дейін су ала алады.100г майдан 107г су алса,түйенің бір
өркешінің салмағы неше килограммға тең?
100г = 0,1кг (май)
107г = 0,107кг ( су алса)
0,5ц = 50 кг
m
ө
=
= 48кг; m
1
= 48кг
Жауабы: түйенің бір өркешінің салмағы
Осындай өмірмен байланысты стандартты емес тапсырмаларды шешудің әртүрлі
формаларын қолдану және логикалық ойлауды дамытуға бағытталған білімді күнделікті өмірде
қолдануға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: