133
түссек оқу сауаттылығы – жазба мәтіндерді түсіну, өз мақсатына жету үшін оның мазмұнын
қолдану, қоғам өміріне белсенді қатысу үшін білімі мен мүмкіншіліктерін дамыту қабілеті.[2]
Оқу сауаттылығын бағалауда негізгі үш аспектіні, яғни мәтінді түсінуі, қажетті ақпаратты
таба алуы және оны пайдалануы, ойлау және өз жауабын негіздеп дәлелдей алуы басшылыққа
алынады. Оқу сауаттылығына арналған тест тапсырмалары қарапайым тапсырмадан басталып
күрделіге ауысып отырады. Тест тапсырмалары, оқу тапсырмалары оқырманның өмірінде
кездесетін мәселелерді қамтиды, оқырмандық біліктілікті қажет етеді (1-сурет).
1-сурет. Оқырмандық біліктілік.
6-сыныптың қазақ әдебиеті оқулығында А.Құнанбайұлының бірінші, жетінші, отыз бірінші
қарасөздері берілген. Қарасөздерді оқу барысында, оқушылардың оқу сауттылығын дамыту
үшінәр түрлі тапсырмаларды ұсынуға болады.
Қарасөздерін оқығаннан кейін, мәтінді қаншалықты білетінін, түсінгегін анықтау
мақсатында төмендегідей қарапайым тест сұрақтарын құрдым.
1. Бірінші қарасөздегі «бағу» сөзі тура мағынада берілген тіркесті табыңыз.
А) ел бағу
В) бағусыз дерт
С) мал бағу
D) ғылым бағу
Е) дін бағу
2. Ақын бірінші қарасөзде не туралы айтып отырғанын көрсетіңіз.
А) ғылым бағу туралы
В) мал бағу туралы
С) ел бағу туралы
D) жазуға қалай кіріскені туралы
Е) әурешілік көргені туралы
3 Жетінші қарасөздегі «дүниені танысам» деген ой қай абзацта берілгенін көрсетіңіз.
А) І
В) ІІ
С) ІІІ
D) ІҮ
Е) барлық абзацта
4. Абайдың жетінші қарасөзінің 3-абзацына сай келетін мақалды табыңыз.
А) Жан тәнге қонақ.
В) Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы.
С) Тәнім – жанымның садағасы, жаным малымның садағасы.
D) Жылтырағанның бәрі алтын емес.
Е) Қыздың көзі қызылда.
5. Ақынның отыз бірінші қарасөзінде берілген ой кеселдеріне жатпайтын нұсқаны белгілеңіз.
А) уайымсыз-салғырттық
В) ойыншы-күлкішілдік
•
Мәтіннен қажетті ақпаратты
анықтау
•Мәтіннен басты
элементтерін айыру
•Мәтіннің негізгі
бөліктерінің мәнін
тұжырымдау
•Мәтінді түсінгенін көрсету
•
Басқа ақпарат көздерінен
алған білімі мен алған
ақпаратты байланыстыру
•Ақпаратты бағалау және
оның негізінде болжам мен
қорытынды жасап
тұжырымдау
•
Автор ой түйінінен
қорытынды шығару
•Ақпаратты жинақтау
• Мәтінді өмірлік
тәжірибесімен
байланыстыру, оның сыни
талдауын жасау
Достарыңызбен бөлісу: