411
қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана
білуін қамтамасыз ету.
Орыс мектептеріндегі қазақ тілін оқыту мұғалімдерден көп дайындықты талап етеді. Өзге
ұлт өкілдерін тілге үйретуде мұғалім оқушының ана тілі мен
қазақ тілінің арасындағы
ұқсастықтар мен айырмашылықтарды есепке ала отырып оқытады, түрлі әдіс-тәсілдерді, жаңа
технологияларды тиімді қолданады. Оқыту барысында қолданылатын жаңа технологиялардың
түрлері жақсы нәтижеге жеткізеді және оқушылардың тілге деген қызығушылығын,
шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмегін тигізеді.
Мәтiнді толық түсiнгенін дәлелдейтін машықтары мен меңгере білу деңгейлерін бағалау
үшін мынадай тапсырмалар орындаймыз.
«Кластерлер»
«Жүзімнің шоқтары» - идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға
арналған жазба кестелер. Негізгі тақырып (тірек сөз, басты идея) тақтаның (дәптердің)
ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып,
шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне сызықтармен қосады да, өзара байланыстары туралы
әңгімелейді. 9-сыныпта «Алаш қайраткерлері» тақырыбын өткенде 1
топқа бірінші кестені,
келесі топқа екінші кестені толтыру арқылы мәтінді түсіну деңгейін анықтауға болады.
Айтылым және жазылым дағдыларын қалыптастыруда «ПОПС» формуласын қолдану өте тиімді.
11-сынып оқушыларымен «Құсбегілік - өнер» тақырыбын өткеннен кейін оқушылар тақырып
бойынша өз пікірін дәлелдеп, көзқарасын білдіріп, шешім шығарды.
«Синквейн»
әдісітілдік
қорды
байытуға,
қысқаша
мазмұндауға,
ой-пікірді
қалыптастыруға үйретеді. Синквейнмен жұмыс жасау барысында әр түрлі лексикалық
тақырыптарға сай сөздік қорын толықтырады. 8-сынып. Сабақтың тақырыбы: «Т.Айбергенов»
9-сынып. Сабақтың тақырыбы: «Күн энергиясы». Проблемаларды анықтау және одан шығу
жолдарын қарастыру моделі болып табылатын әдістің бір түрі – «Балық қаңқасы».
Осы тұрғыда оқушылардың жауаптары әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан «ТӨДК» әдісі бойынша
әр оқушы сыныптастарының пікірін тыңдай отырып,
берілген пікірді ТОЛЫҚТЫРЫП,
ӨЗГЕРТІП, ДАМЫТЫП немесе КҮРДЕЛЕНДІРЕ алатынын шешуі керек.
412
«Телебағдарлама жүргізушісі»
әдісі. Мұғалім бүгін ерекше телестудияға баратындарын
хабарлайды. Ол жерде оқушылар өздері қалаған телебағдарлама жүргізушісі болуға
мүмкіндіктері болатынын айтады. Мысалы:«Айтуға оңай» бағдарламасында «Сабақтас құрмалас
сөйлем түрлері» бас қосады. Жүргізуші олардың әрқайсысын тыңдап, проблемаларын айтқызу
керек.
Сонымен қатар, оқу процесінде топтық пікірсайыстар, жазбаша мазмұндамалар және
шығармалар, сұхбаттар, жастарды «тең – теңімен» қағидаты
бойынша құрдастарымен жұмыс
істеуге оқыту, бейнефильмдер мен бейнесюжеттерді қарап шығып талқылау, әртүрлі науқандар
мен акцияларды өткізу–оқушының ауыз және жазба тілінің дағдыларын қалыптастырады.
Үлгерімі жақсы оқушыларға көбіне «РАФТ» немесе «Кейіпкерге хат» стратегиясын жиі
қолдануға болады, өйткені ол оқушының қиялын өрбітіп, тілін дамытады.
В.А.Сухомлинскийдің «Баланы білім, ақиқат, ереже мен формулалар қоймасына ойландырып
қоймас үшін оны ойланту керек» деп айтқан сөздерін негізге ала отыра, заман талабына сай жаңа
заман оқушысының функционалдық сауaттылығы жоғары болуы тиіс деп ойлаймын. Ал
оқушының функционалдық сауаттылық деңгейін арттыруда баланы ойлантуымыз маңызды
болып табылады. Яғни оқушы мектеп қабырғасында алған білімдерін өмірде қолдана білсе ғана
ол табысты бола алады.
Қорыта келе, оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман
талабы. Педагогтың шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті
ұштастырып сабақ
өтуі, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін
оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат
болып қалыптасады. «Қыран - түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз - шәкіртіне талмайтын
талап сыйлайды»,- деген даналық сөзіндей, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі.
Қоғам тұлғаны қаншылықты жетілдірсе, жетілген тұлға
қоғамды соншалықты дәрежеде
дамытады.
Қазақтың бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде дейтін болсақ, жас ұрпаққа әлемдік
стандартқа сәйкес білім беруді темірқазық қылып ұстасақ қателеспеспіз.
Достарыңызбен бөлісу: