Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



жүктеу 12,08 Mb.
Pdf просмотр
бет182/271
Дата10.04.2023
өлшемі12,08 Mb.
#42092
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   271
Әдебиеттер
1.Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 – 2016 
жылдарға арналған іс - қимыл жоспары. ҚР 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы
2.PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардыңғылыми жаратылыстану 
сауаттылықтарын дамыту 
Ержанова Г. Е. 
Қарқаралы ауданы, Матақ ауылы № 15 ЖББОМ 
 
ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БIЛIМ БЕРУ ЖҮЙЕСIНДЕ 
ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
Қазіргі уақытта Қазақстан дамудың индустриялық кезеңінен ақпараттық кезеңіне 
біртіндеп аяқ басуға бет бұрды. Адам өмірінде компьютерлердің белсенді орын алуы осыған 
байланысты. Сондықтан, жаңа технологияларды игеруге қажетті білім мен дағдының жаңаруы 
өндіріс құрылымын өзгертудің маңыздылығын арттыра түсті. Мұндай жағдайда елдің одан ары 
дамуы үздіксіз білім беру жүйесін тиімді ұйыдастырумен тығыз байланысты. Үздіксіз білім беру 
қоғамның әрбір мүшесінің білімін көтеруге немесе мамандығын арттыруға жағдай жасап, оны 
ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындайды. Бұл орайда жаңа ақпараттық технологиялар мен 
оларды пайдаланудың жаңа әдістемелік құралдарын дайындаудың ролі зор. Олар бір жағынан, 
халық шаруашылығының түрлі салаларындағы жаңа технологияларды игеруге жағдай жасайды, 
екінші жағынан, білім таратушы ретінде оқыту құрылғылары болып шыға алады. 
Сонымен кәдімгі ақпараттық технологиялар деп - көбінесе қағаз жүзінде әртүрлі 
ақпаратты дайындау, жинау, өңдеу және жеткізу процестерін айтады. Жаңа ақпараттық 
технологиялар (ЖАТ) деп ЭЕМ-дер мен олардың желілері арқылы, әсіресе, дербес компьютерлер 
көмегі арқылы, ақпаратты дайындау, жинау, жеткізу және өңдеу технологияларын айтады. 
Ақпараттық процестер - адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық 
құрылғыларда және қоғамдық өмірде ақпаратты жеткізу, жинақтау және түрлендіру процестері. 
Дербес ЭЕМ-дер - жұмыста және адамның үйде пайдалануына арналған шағын компьютерлер. 
Дербес ЭЕМ-дер журналдар, кітаптар және әртүрлі құжаттар дайындауда мәтін теріп, оны түзету 
үшін кеңінен қолданылады. 
Сондай-ақ, жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз - ЭЕМ жадында сақталған 
картотекадағы, каталогтардағы, әртүрлі архивтермен кітапханалардағы ақпаратларды 
жинақтауға, біріктіріп сақтауға, керектілерін жылдам іздеп табуға болатын әр түрлі мәліметтер 
базасы мен ақпараттық жүйелер. Жаңа ақпараттық технологиялардың дамуын ЭЕМ желілеріне 


368 
негізделген электронды почтасыз, байланыс желілері мен ақпараттық коммуникацияларсыз көзге 
елестету мүмкін емес. Қоғамымыздағы дербес компьютерлермен, ЭЕМ желілерімен, ақпараттық 
қорлармен толық қамтамасыз етсек ақпаратты пайдалану, алу және тарату істерін ұйымдастыру 
жаңа сатыға көтеріледі. Олар бұған дейінгі қолданылған «қағаздағы» ақпаратты алу мен 
таратуды толықтыра отырып, қоғамымызды ақпараттандыру процестерін арттыра түседі. Жаңа 
ақпараттық технологияларды жан-жақтылығын дұрыс түсіну үшін «технология» ұғымның мәнін 
ашып алу қажет. Қоғамдық дамудың алғашқы кезеңдерінде «технология» деп белгілі бір 
ұйымдарды жасау кезіндегі тәсілдер жиынын айтатын еді. 
Бүгiнгi күнi қолданылып жүрген технологияларды үлкен үш топқа бөлуге болады. 
Интерактивтi емес (басу құрылғысы, дыбыс, бейне тасымалдағыштар). Компьютерлiк оқыту 
құралдары (электронды оқулықтар, компьютерлiк тесттер және бiлiмдi бақылаушы жүйе, жаңа 
мультимедия құралдары). Бейне конференциялар (телекоммуникация технологияларының 
аудиоарналары, бейнеарналар және компьютерлiк желiлердiң дамуы). Еліміздің саяси 
әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сай білім беруді жетілдіру бағыттарының бірі - білім 
беруді ақпараттандыру. Осы бағыттағы жұмыстар қабылданған Орта білім беру жүйесін 
ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда. 
Қазіргі постиндустриялық қоғамда ақпараттық технологиялардың (АТ) рөлі өте маңызды, 
олар бүгінде қоғамды ақыл-парасатпен байыту, оның экономикасын, білім беру жүйесі мен 
мәдениетін дамыту үрдісінде шешуші орында. Олардың адам өмірінің сан алуан салаларында 
кеңінен пайдалануына байланысты олармен оқу мен танымның бастапқы кезеңдерінде жедел 
таныса бастау қажеттілігі туды. Білім беру жүйесі қоғамды ақпараттандыру үрдісінің негізгі 
объектілерінің бірі болып табылады. 
Қазіргі таңда республика мектептерін жаңа компьютерлік технологиямен қамтамасыз ету 
жұмыстары іске асырылып, енді сол ақпараттық технологияны қолдану мен оны мектептерге 
енгізу саласында, оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мақсатында оқытуды 
жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. 
Бүгінгі таңда сабақты компьютер көмегімен оқыту нәтижелігін зерттеудегі ғылыми 
мәселелердi шешу ең басты орын алады. Бұған себеп психологиялық-педогогикалық мәселенiң 
бiрi - оқыту процесін компьютерлендірудің барлық бағыттарын жан-жақты қамтуы болып 
табылады. 
Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, пәндерді оқыту процесінде компьютерді 
қолдану мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы жүйесін, олардың іс-әрекеттерінің мазмұнын, 
құрылымын өзгерте отырып, түрлендіреді және осы әрекет мүшелерінің ынтасына әсер ете 
отырып, олардың ынталандыру, сезiмдiк ортасына, сезімiнің өсуіне әсер етеді. Демек, оқыту 
процесінде компьютерді қолдану білім мен біліктілікке қоятын талаптарды қайта қарап, 
жетілдіріп жүйелеуді талап етеді. 
Оқушылардың жалпы оқу біліктілігіне жататын оқу-компьютерлік біліктіліктерін 
(клавиатурамен жұмыс, программа түзу, принтермен жұмыс істей білу, дайын программаларды 
қолдана білу, текстік, графикалық редакторлармен жұмыс істей білу) жүйелі түрде қалыптастыру 
бүгінгі күннің кезек күттірмес талабына айналуда. 
Қазіргі ақпараттық және телекомуникациялық өзара ықпал технологияларының 
мүмкіндіктерін іске асыру оқу ісін байытады, информатиканы ғана емес, басқа да көп пәндерді 
оқытудың ұйымдық түрлері мен тәсілдерін жетілдіруге жаңартуға мүмкіндік беретіні 
дәлелденген. Бұл жерде оқу материалының мазмұнын іріктеу критерийлері өзгереді. Олар оқушы 
тұлғасының өзін-өзі дамытуының және ақыл-ойының қарқынды дамуының қажеттілігіне дүние 
туралы білім алу, өздігінен іздену, заңдылықтар арқылы шағын «жаңалықтар ашу», қазіргі 
ақпараттық технологияларды заттық әлемді өлшеу, т. б. бейнелеу және оған әсер ету құралы етіп 
пайдалануға негізделеді. 
Қазіргі таңда ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу - ағарту саласының оқыту 
үрдісіне жаңа технологиялық әдістермен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етуде. 
Электронды байланыс жүйелері арқылы ақпарат алмасудың тиімділігі өркениетті елдердің іс-
тәжірбиесінде айқын сезілуде. Республикамызда білім беру жүйесінде білімді тексеру 
мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу басты мәселелерге айналуда. Қазақстандағы 


369 
барлық білім беру мекемелерінде компьютермен жоспарлы түрде жабдықталуы оның айқын 
дәләлі. 
Заман ағымына сай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғыларымен теледидарды, 
компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Бұндай қондырғылар оқушылардың 
қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап 
көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың өздері де 
алынған ақпаратты көшіріп алып (дискетке, бейне таспаға) онымен өз ыңғайына қарай жұмыс 
істей алады. 
Әсіресе, олардың тиімділігі: Арақашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы; Қажетті 
ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі; 
Экономикалық тиімділігі (бару, келу, тұрмыс тауқыметі т. с. с материалдық шығынды 
қажет етпеуі); 
Білім сапасына әсері зор. Әсіресе, тіл сабақтарын игеруде (ағылшын, орыс, қазақ т. с. с 
тілдерді) айқын сезіледі; 
Іс-әрекет қимылды қажет ететін пәндермен тапсырмаларды оқып үйренуде (биөнері, қол 
еңбек, дене шынықтыру сабақтары т. с. с); 
Қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақпен есту мүмкіндіктері 
болмайтын табиғаттың таңғажайып процестері мен әр түрлі физикалық, химиялық, биологиялық 
тәжірбие нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді; 
Оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де, ықпалы зор. (теледидардағы ғылыми- 
көпшілік, рухани, тарихи-танымдық хабарлар мен компьютерлік жүйедегі шахмат, дойбы, 
тоғызқұмалақ т. с. с логикалық тұрғыдағы ойындар). 
Қазіргі таңда білім беру жүйесінде электронды байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу
интернет, электронды почта, телеконференция, видеоконференция, телекомуникациялық 
жүйелер арқылы іске асырылуда. Бірақ кез келген жаңалықтың жақсылығымен қатар зияны да 
болатыны белгілі. Мұндағы ең басты назар аударарлық мәселе - олардың ара салмағы. Демек 
кемшілігін түзеп, зиянын жойып, артықшылығын жетілдіре түсу қажет. Сонымен бірге жаңа 
ақпараттық технологияларды қолдану үрдісін бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету 
саласында да, оның психологиялық-педагогикалық, физиологиялық-гигиеналық, эргономикалық 
және технологиялық аспектілерiне де өзгеріс әкеледі. 
Осылайша, қазіргі отандық педогогикалық ғылымында қайшылық туды, бір жағынан 
педогогикадағы жаңа бағыт - білім беруді ақпараттандыру қарқынды дамуда, ол қазіргі 
ақпараттық технология құралдары базасында әзірленген бағдарламалық оқу құралдарын 
пайдаланып, жалпы білім беретін және арнайы оқу пәндерін оқытуды ақпараттандырудың 
тоериясымен әдістемесі мәселелерін қамтиды; екінші жағынан ақпараттық және 
коммуникациялық технология құралдарын тиімді қолдануды бағдарламалық-техникалық және 
педагогикалық-эргономикалық қамтамасыз ету, оқу әдістемелік мәліметтер базалары мен 
банктерін, интеллектуалдық оқыту жүйелерін пәндік толықтыру, ғылыми-педогогикалық мазмұн 
жасау және білім беру мекемелерінің бірлескен ақпараттық жүйелері мен желілерін, білім беру 
жүйелерінің таратылған ақпараттық ресурстарын толықтыру, оқыту нәтижесін бағалауды, білім 
беруді ұйымдық басқаруды, ақпараттық әдістемелік қамтамасыз етуді автоматтандыру 
мәселелері жетіп артылады. Бұл мәселелер тізбесі, біріншіден, жартылай функционалдық және 
интегралдық сипатта, екіншіден - жүйелі, ал олар басқа да бір қатар ғылымдардың мүмкіндігін 
пайдаланғанда шешімін табады. 
Бұл қайшылықты шешу үшін қоғамда білім беруді ақпараттандарудың әдістемесі мен 
технологиясын меңгерген жоғары сапалы мамандар болу қажет. Бірақ ғылыми мамандықтардың 
қазіргі номенклатурасында ақпараттандыру және қарым-қатынас құралдарын әзірлеп білім беру 
мақсатында 
қолданудың 
психологиялық-педогогикалық, 
бағдарламалық-техникалық, 
физиологиялық-гигиеналық 
және 
эргономикалық 
мәселелері 
яғни 
білім 
беруді 
ақпараттандырудың теориясы мен әдістемесі лайықты көрініс таппай отыр, бұл сөз жоқ, 
отандық-педогогикалық зерттеулер ауқымын шектейді. Бұл мәселе шешімін күтуде.
«Білім беруді ақпараттандырудың теориясы мен әдістемесі» мынандай зерттеу 
бағыттарынан тұрады: Қазіргі ақпараттық қоғам мен ғаламдық телекомуникация жағдайында 


370 
оқушы тұлғасын дамыту міндеттеріне сәйкес, оқытудың ұйымдық түрлері мен әдістерін, білім 
беру мазмұнын таңдаудың әдіснамасы мен стратегиясын жетілдіру. 
Оқушының ақыл-ой әлеуетін дамытуды, оқу ақпаратын жинау, өңдеу, сақтау, беру, өндіру 
ісіндегі әр түрлі дербес әрекет түрлерін жүзеге асыра білуді қалыптастыруды сондай-ақ білім 
алу мен түсіну үрдістерін қалыптастыру бойныша оқу әрекетін қамтамасыз ететін педогогикалық 
технологияны оқытудың әдістемелік жүйесін жасау. 
Бірлескен ақпараттық желілер мен ғаламдық коммуникациялар базасында жұмыс істейтін 
«виртуалдық» білім беру мекемелерін дүниеге әкелу, телекоммуникацияға қол жететін ашық 
білім беру жүйелерінің таратылған ақпараттық ресурстарының әлеуетін пайдалану. Оқу-тәрбие 
ісін ақпараттық әдістемелік қамтамасыз ету үрдісін және оқу орнын ( оқу орындары жүйесін) 
ұйымдық басқаруды автоматтандыру негізінде білім беру жүйесін басқару механизімдерін 
жетілдіру, ғылыми-педогогикалық ақпараттық мәліметтер базаларымен банктерін, ақпараттық- 
әдістемелік материалдарды телекоммуникациялық желілерді пайдалану. 
Есептеу техникасы ақпараттандыру және телекоммуникация құралдарын білім беру 
саласында тиімді әрі қауіпсіз қолданудың педагогикалық-эргономикалық шарттарын анықтау. 
Оқушының ақыл-ой қуатының деңгейін белгілеудің, оның білімі мен жетістігін бақылау және 
бағалаудың компьютерлік тестілеуші, диагностикалаушы әдістемелерін жасап, пайдалану. Нақты 
түрде немесе бейнелі түрде өтетін оқу тәжірбиесінің (зертханалық, демонстрациялық) 
нәтижетерін өңдеу үрдісін автоматтандыру құралдарына сүйеніп, ғылыми-зерттеу және тәжірбие 
жұмыстарын ұйымдастыру. 
Қазіргі уақытта Қазақстан дамудың индустриялық кезеңінен ақпараттық кезеңіне 
біртіндеп аяқ басуға бет бұрды. Білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды 
белсенді пайдалану заманауи білікті маман даярлауға зор мүмкіндік туады. Сондықтан, жаңа 
технологияларды игеруге қажетті білім мен дағдының жаңаруы өндіріс құрылымын өзгертудің 
маңыздылығын арттыра түсті. 

жүктеу 12,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   271




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау