Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



жүктеу 12,08 Mb.
Pdf просмотр
бет178/271
Дата10.04.2023
өлшемі12,08 Mb.
#42092
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   271
 
Әдебиеттер тізімі: 
1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012–2016 жылдарға 
арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 
жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы. 
2. Абай. Қара сөздері. — Алматы: Ғылым, 1995. — 306 б. 
3. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. — Алматы: Атамұра, 1982. — 204 б. 
4. Құрман Н., Есенова Г. Қазақ тілінен коммуникативтік жаттығуларды қолдану әдістемесінің 
ғылыми-әдістемелік негіздері. — Ақтөбе, 2010. 144 б. 
Естиярова Р.Т.
Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы 
«С.Сейфуллин атындағы гимназия»КММ 
бастауыш сынып мұғалімі 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫН КІТАП ОҚУҒА 
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН АРТТЫРУ 
 
 
Бүгінгі күні заманауи мектеп өзінің дамуында жаңа кезеңді басынан кешуде. Бастауыш 
сынып ұстаздарының алдында қоғамға жоғары мәдениетті, адамгершілігі мол, әлеуметтік 
белсенді, білім алуға икемділігі мен құлшынысы тұрақты, білімді, болашақ ұрпақты тәрбиелеп 
шығаруға бағытталған оқу-тәрбие үрдісін құру міндеті тұр. «Тек кітап қана алға жылжуды, 
адамдық шыңына шығуды үйретеді» -деп тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай бұл 
жетістікке мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап білім алушы кітап оқу дағдыларын 
меңгеріп, одан әрі көркем шығармалар оқуға үйренумен жалғастырса ғана жетістікке жетуге 
болары хақ. Алайда, қазіргі кезде бастауыш сынып оқушыларының кітап оқуға деген 
құлшынысының азаюына бірнеше факторлар себепші болып отыр: 

Теледидар, компьютер, ұялы телефон, интернетте уақыттарын босқа өткізу; 

Оқырман ретінде отбасы мүшелерінің ықпал етпеуі; 

Өмірде өзгерістер қарқынының күшеюі; 
Жаңартылған білім мазмұны бойынша әдебиеттік оқу кітабында берілген көркем 
шығармалар (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) бойынша білім алушылар мәтінде 
берілген сурет бойынша немесе берілген бір бөлігі бойынша болжауға, автордың негізгі ойын 
түсінуге, кейіпкерге өз пікірін айтуға, шығарма бойынша өз ойын дәлелдеуге дағдыланады. 
Көркем шығармамен жұмыс жасау үшін оқу дағдыларын қалыптастыру қажет. Бұл жерде оқу 
жылдамдығының да үлкен маңызы бар. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 
Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру деңгейінің стандарты, 2018 жылғы 31 
қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген (2020 жылғы 5 мамырдағы №182 өзгерістер мен 
толықтырулар енгізілген) сәйкес Әдістемелік нұсқау хатта «Оқу қарқыны (жылдамдығы) оқу 
тәсіліне, түсінуіне және мәнерлілігіне тікелей байланысты екенін және сол арқылы оқу 
дағдысының толыққанды қалыптасатынын есте ұстау қажет. Білім алушылардың дайындық 
деңгейіне байланысты қажет болған жағдайда, мұғалім таңдауы бойынша басқа да әдеби 
шығармаларды оқуды тізбеге қосуға болады. Ол шығармалар білім алушылардың жас 
ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек. «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша мұғалім әр түрлі қосымша 
жұмыстарды жоспарлауға болады» -деп айтылған . 
Сондықтан бастауыш сынып білім алушыларының кітап оқуға қызығушылықтарын 
арттыруды алдыма мақсат етіп қойдым. Сабақтан тыс уақытта, отбасында кітап оқуларына 


359 
ықпал ету, оқулықта берілген белгілі ақын –жазушылардың,шетел жазушыларының балаларға 
арналған шығармаларын оқу,кітапханадан кітап алып оқуға дағдыландыру, өздігінен кітап 
оқуына қол жеткізгім келді. Бұл мақсатқа жетудегі алғашқы қадамым 1-4 сынып оқушыларына 
арналған «Оқу шаттығы» курсының бағдарламасын жасау болды. Гимназияның бастауыш 
сынып оқушылары осы бағдарлама бойынша жасалған әр сыныптың жұмыс дәптері мен 
қосымша оқу-әдістемелік құралымен жұмыс жасауда. Бағдарламада әдеби көркем шығармалар 
төмендегі әдеби-педагогикалық принциптерге сүйене отырып таңдалды; 
Балалардың жас ерекшеліктеріне сай келетін шығармалар таңдау; 
Баланың қызығушылығына қарай,қызықты оқиғалар; 
Әртүрлі тақырыптар мен әдеби жанрларды таңдау; 
Адамгершілік құндылықтарға баулитын шығармалар ; 
Әдебиеттік оқу бағдарламасындағы авторлардың басқа да шығармалары; 
Оқу жылдамдығын тексеруге арналған мәтіндер жинағы таңдалған; 
«Оқу шаттығы» сабағы оқушылардың қосымша курсы болғандықтан, ол дәстүрлі 
сабақтан өзгеше өтеді. Бұл сабақ оқуға арналғандықтан оқушылардың басты мақсаты көркем 
шығармамен толық танысу, өз ойларын ортаға салып шығарманы талдау. Шығарманың мазмұны 
бойынша жұмыс дәптеріндегі түрлі тапсырмалар орындалады. Көркем шығарманы сахналау, 
берілген өлеңді әуенімен айту да дәстүрге айналған. Мысалы И.В.Крыловтың мысалдарын 
сахналау болса, Абайдың «Көзімнің қарасы», «Өзгеге көңілім тоярсың» әндерін отбасында ата-
аналарымен, ата-әжелерімен бірге айтып үйреніп білім алушылардың кітап оқуға деген ынтасы
артты. 
Сабақтан тыс уақытта гимназия кітапханасынан өздігінен кітап алып оқыған 
балаларымның саны күннен-күнге арта бастады. Көркем шығарманы көп оқыған баланың оқу 
қарқыны да жоғарлайды, оқу дағдылары да қалыптасатыны анық. Білім алушыларымның кітап 
оқу арқылы тілдік қорлары, сөз байлықтары молайғанын жазған шығармаларынан көруге
болады. Гимназиямызда өткізілген «Оқу сауаттылығы» апталығында 4«А» сыныбындағы 
оқушыларым «Біз-бақытты ұрпақпыз» тақырыбына жазған шығармаларында көркем сөздерді, 
өлең шумақтары мен мақал-мәтелдерді орынды қолданып ойларын шебер жеткізе білген. 
Баланың бас тәрбиешісі – ата-анасы екені белгілі. «Оқырман отбасы» іс-шарасына ата-
аналарымды қатыстырып, балаларымен бірге кітап оқу отбасында қалай жүріп жатқаны туралы
ата-аналар жиналысында ой бөлісуді де ұйымдастырдым. «Мектепте оқу балаға оңай ма?» атты 
сынып ата-аналарыммен өткізген шеберлік сағатымда әрбір ата-ана баламен үй тапсырмасын 
қалай оқытатыны, оның ішінде кітап оқуға қалай дайындайтыны туралы пікір алысты, өз 
тәжірибелерімен бөлісті. Баламен үй тапсырмасын орындау кезінде кездесетін әр түрлі 
жағдаяттармен танысып, оның шешімін іздеді. Өз тарапымнан ата-аналарға психологтың 
ережелеріне сүйене отырып, оқуға дағдыландыруға арналған жадынамалар мен пайдалы 
кеңестерімді ұсындым. 
Қоғам болып кітап оқуға бет бұруды алға тартып оқушыларым, әріптестерім, ата-
аналардың қатысуымен REАDx жобасында «Кітап-асыл қазына» атты іс-шара өткіздім. Жобаға 
қатысушы оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер өздерінің оқыған кітаптарын алдын ала түсірген 
бейнебаяндары мен ауызша әңгімелеу арқылы жарнамалады. Ал отырған тыңдаушылар әр 
кітапты жарнамалағаннан кейін өз ойларын «оқимын», «ойланамын», «оқымаймын» деген белгі 
карточкалар арқылы ұнаған кітаптарына өз дауыстарын берді. Жоба соңында ең көп дауыс 
жинап таңдалған шығарма анықталды. 
Осындай іс-шаралар балалардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын оятады деген сенімдемін. 
Ұлы Абайдың : 
Пайда ойлама, ар ойла, 
Талап қыл, терең білуге. 
Артық білім кітапта, 
Ерінбей оқып көруге,-дегендей біз,ұстаздар, сан алуан жұмыс түрлерімен балаларымызды кітап 
оқуға баулығанымыз жөн деп білемін.Оқушыны өз бетімен кітап оқуға үйрету, оны 
қалыптастыру оқушыны өмірге дайындаудың негізі болып табылады. 

жүктеу 12,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   271




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау