Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



жүктеу 12,08 Mb.
Pdf просмотр
бет123/271
Дата10.04.2023
өлшемі12,08 Mb.
#42092
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   271
 
Әдебиет:
1. А.Құсайынов. Салыстырмалы педагогика. Алматы-2011.39б 
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық, НЗМ 
3.Ғаламтор желісінен 
Болкенбаев А.Д. 
«Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ, Шет ауданы Ақсу-Аюлы мекені 
 
АБАЙДЫҢ ҚАРАСӨЗДЕРІН ОҚЫТҚАНДА 
Абайдың қарасөздерінің тағылымы терең. Оқу мен оқыту барысы барынша шеберлікті 
талап етеді. Оның терең мазмұнын игерту үшін әртүрлі әдістерді қолданып оқыту аса қажет. 
Қарасөздердің арқалған жүгін терең түсінбегендіктен, ондағы философиялық ой астары мектеп 
оқушылары үшін өз мәнінде талқыланбай жүргені жасырын емес. Зерттей келе, осы өзекті 
мәселені шешудің бірден-бір жолы оқушы санасында терең ой қалытастыратын сабақтар өткізу 
болып табылатындығын алға тарта аламын. Тәжірибелік маңыздылығын ескере келе, тақырыпты 
толық ашу мақсатында өз нәтижесін берген сабақтың бірінің барысын ұсынуды жөн санадым.


247 
Абайдың отыз үшінші қарасөзін оқыту барысында шығармадағы авторлық идеяның өмір 
шындығымен байланысын анықтау және шығарманы идеялық мазмұны жағынан мазмұндас 
туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу мақсаты алға тартылды. Сабақ міндеті: 
шығарманың идеясын өмір шындығымен байланыстыру, мазмұндас туындылармен салыстыру, 
әдеби сын жазу. 
Сабақтың кезеңдері:
Сабақ басында психологиялық ахуал реттеледі. Мұғалім жаңа тақырыптың идеясымен 
үндес сөздер мен тіркестерді атайды. Ал оқушылар сол сөздерді қимылмен көрсетеді. 
Алғашында баяу, одан кейін жылдамырақ, үшінші мәртеде өте жылдам айтады. Білім алушылар 
шатаспай ілесіп отыру қажет: 
Еңбек ету, өнер сүю, адал болу, мақтану, еріншектік, талапсыздық, салғырттық.
Топқа бөлу. «Адасқан сөздер» әдісі арқылы жүзеге асады. 
Экраннан Абай сөздерінен үзінді беріледі. Түсіп қалған сөздерді орнына қою арқылы оқушылар 
3 топқа бөлінеді.
« Әуелі ... ізделік, қолдан келсе» /өнер/ 
« Мал – адамның ... өлшемі» /адамшылығының/ 
« ..., мал таппақ – жұртқа жақпақ!» /Адал еңбек/ 
І топ «Өнер» тобы 
ІІ топ «Адамшылық» тобы
ІІІ топ «Адал еңбек» тобы 
Алдыңғы білім тексеріледі. Білім алушылар «Plickers» желілік бағдарламасында тест 
сұрақтарына жауап береді 
(Әр білім алушыға аталған бағдарламаның арнайы жауап парағы 
ұсынылады. Экраннан сұрақтар көрсетіліп тұрады. Әр оқушы дұрыс деп тапқан нұсқаны (A, B, 
C, D) жоғары көтеру арқылы жауап береді. Мұғалім ұялы телефон арқылы жауаптарды 
сканерлеп, экраннан әр оқушының аты-жөні дұрыс, әлде бұрыс жауап берген нұсқасымен 
шығып тұрады. Осылайша сыныптың алдыңғы білім бойынша меңгерген материалдары 
бойынша пайыздық көрсеткішпен білім сапасы аңғарылады.
Ширату жаттығуы жүргізіледі: 
Сабақ басы. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастауымен ұлы Абайдың 175 жылдығына 
арналған эстафетаның жалғасы ретінде экраннан мұғалімнің қабылдаған эстафетасы ұсынылады. 
Отыз үшінші қарасөзге арнайы түсірілген авторлық бейнебаян көрсетіледі. Инстаграм 
желісіндегі сілтемесі 
https://www.instagram.com/tv/B2wOWQrpXrc/?igshid=ia6i3crbqx1f [2] 
«Фильтр» әдісі арқылы автордың идеясы анықталады, өмір шындығын табады; 
Сабақ ортасы: Саралау 
«Мүгедек еңбекқор» бейнебаяны көрсетіледі. Көрсетілген бейнебаян негізінде әр білім алушы 
өзінің қажеттілігіне қарай (ПОПС, РАФТ, КӘМҚ талдауының бірін таңдап) берілген үзінділерді 
отыз үшінші қарасөзбен салыстырып, авторлық идеяны өмір шындығымен байланыстыра 
отырып, сыни баға береді. Оқушылардың кері байланысымен бағаланады. 
Демеңдер өнбес іске жұбаналық, 
Ақыл тапсақ, мал тапсақ, қуаналық. 
...Әуелі өнер ізделік қолдан келсе, 
Ең болмаса еңбекпен мал табалық. 
/Абай/ 
«Шүлдірлеген тілден не пайда, алдыңда малың болмаса...» /Бұқар жырау/ 
Ерінбесең еңбекке, дәулет дайын, 
Жаратқан жоқ жатсын деп бір Құдайың. 
Ойласын деп ой берді, көруге көз,
Аяқ берді, тапсын деп басқан сайын. /Шәкәрім/[1] 
Әдіс түрі 
Дескриптор 
ПОПС формуласы: 
Менің ойымша,... 
Себебі ... ескеру керек 
Оны мен ... сияқты фактілермен, мысалдар мен дәлелдей 
аламын 
үзінділерді 
салыстырып, 
шындықпен 
байланыстырады, сыни баға береді; 


248 
Осыған байланысты мен ... деген шешімге келдім 
РАФТ стратегиясы: 
Р-оқушы 
А-халық 
Ф-үндеу 
Т- «Өнер үйрен, мал тап!» 
үндес 
шығармалардан 
ортақ 
шешім 
қабылдап, сыни үндеу білдіреді 
КӘМҚ талдауы 
Күшті жағы 
Әлсіз жақтары 
Мүмкіндіктер 
Қауіптер 
мәселенің күшті, әлсіз, мүмкіндік, қауіпті 
жақтарын саралайды, сыни бағалайды 
Оқушылардың жауабы тыңдалғаннан кейін ой қорытындылау мақсатында Абайтанушы, 
филология ғылымдарының кандидаты Омар Жалелдің «Шалқар» радиосының «Өнегелі отбасы» 
бағдарламасындағы «Адам бол, мал тап!» тақырыбындағы сұхбаты аудио арқылы тыңдалады. 
(
https://youtu.be/ZzK_OFc1UKQ) [3] 
 25:17 мен 26:18 уақыт аралығындағы үзінді көрсетіледі.) Аудионың жазба нұсқасы:
Омар Жалел: «Құдайдан мал сұрайсыңдар, берді,- алмайсыңдар!»-дейді Абай. Қалай беріп 
отыр? Құдай тағала Сендерге мал табу үшін он екі мүше, мал табу үшін ғылым беріп отыр. 
Сол ғылымды игеру үшін ақыл беріп беріп отыр! Ал Сендер сол ақылды қайда жұмсап 
жатырсыңдар? -дейді Абай)
«Екі жұлдыз, бір тілек» ҚБ-мен бағаланады.
 
Білім алушылар әдеби сын жазады. (саралау) Тақырып. «Адам бол, мал тап!» (90-100 сөз) 
Оқушылар сатылы нұсқаулық бойынша деңгейіне қарай орындайды. Төменгі деңгей оқушысы 
біріншісін ғана орындайды, жоғары деңгейдегі оқушы барлық нұсқаулық сатысын қамтиды. 
Сабақ соңы: «Автор орындығында» білім алушылар жазған әдеби сындарын оқиды.
Сабақ мақсаты орындалды. Өз нәтижесін берді. 
Мұғалімнің сабақты қорытындалауы, бағалауы. 
Өзіндік ізденіс тапсырмасы: 33 қарасөз негізінде адамзаттық құндылықтарды негізге ала отырып, 
әдеби эссе жазу
«Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаны» жалғастыру, ғаламтор желісіне 
орналастыру; 
Нәтижесінде: 
Әр білім алушы қара сөздердің барлығын оқып шығуға міндетті екенін ұқты. Ұлт жанашырлары 
қарасөздер арқылы тәрбиеленіп шығатындығын ой елегінен өткізе білді. «Бірлікке, тірлікке, 
ізгілік пен адамгершілікке шақыратын публицистикалық шығарманы неге жаттап алмасқа?» 
деген сауал туындады. КӘМҚ талдауы мен ПОПС формулалары негізінде тапсырмаларды 
орындаулары санаға түрткі болды.

жүктеу 12,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   271




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау