«Функционалды бағыттағы тағам өнімдерінің технологиясы» пәнінің дәрістер жинағы



жүктеу 156,87 Kb.
бет20/23
Дата27.11.2022
өлшемі156,87 Kb.
#40349
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
lektsiya tpfn kaz (1)

Жапырақты үлпектердің технологиясы
Жапырақты үлпектердің өндірісі үшін шикізат ретінде жоғары сұрыпты сұлы жармасы қызмет етеді.
Геркулес үлпегімен салыстырғанда жапырақты үлпекте арам-шөп дәндерінің араласпасы шегінен күлділігі аз және гүлді үлдірі де аз, сондықтан негізгі технологиялық операциядан алдын-ала сұлы жармасын қосымша өңдейді. «Геркулес» үлпегі сияқты жапырақты үлпек ұсақталмаған сұлы жармасының технологиясының жалғасы ретінде арнайы технологиялық линияда немесе өзіндік өндірісте өңделуі мүмкін.
Мұндай жағдайда дайын ұсақталмаған жарма үлпек өндірісі үшін шикізат болып табылады да өңделген жарманың массасынан 95,5% үлпек шығымы құрайды.
Сұлы үлпегі крем реңді ақтан сары түске дейін сұлы жармасына тән болуы керек, иісі мен дәмі бөгде дәм және иіссіз, күйген не басқа болмайды. Үлпектердің ылғалдылығы 12,0% аспау қажет. Геркулес үлпегі үшін күлділігі 2,1% көп емес және жапырақты үлпектер үшін 1,9% болады. Арам-шөп дәндерінің араласпасының құрамы шектеледі де, нанды қорларының зиянкестерімен зақымдалуы жіберілмейді. Металлмагнитті қоспалардың құрамы кг үлпекте 3мг-нан көп емес. Жапырақты үлпектер үшін пісіру қасиеті 10 минуттан көп емес. Ал Геркулес үлпегі үшін 20 минуттан көп емес. Осыған ұқсас технология бойынша арпа, бидай, жүгері және басқа да жарма түрлерін шығаруға болады.
Талқан технологиясы
Талқан- бұл арнайы технология бойынша сұлы ядросынан өңделетін ірі тартылған ұн. Талқан түсі ашық қоңырдан крем реңге дейін біркелкі болады.
Дәмі мен иісі сұлы өніміне сәйкес, бөгде дәмсіз және иіссіз болу керек. Талқан ылғалдылығы 10,0% көп емес, ал күлділігі 2,0% көп емес. Ұндардың ірілігі жібекті електе №27 қалғаны 2,0% көп емес және №38 жібек електен өткені 10,0% көп емес. Жегенде қышыры сезілмеу керек (минералды қоспа құрамына тест).
Кез-келген жармалы өнімдер сияқты нан қорларының зиянкестерімен зақымдалуы және өлі зиянкестердің құрамы жіберілмейді, ал бір кг талқанда металлмагнитті қоспалардың құрамы 3мг аспау керек.
Балалар тамақтануы үшін қолданылатын талқандар өнім қышқылдылығы (10,0 град көп емес) мезофилді-аэробты және факультативті-аэробты микроағзалардың құрамы (1 г-да 1,0x10 4 клетка ), зең саңырау құлақтарының (1 г-да 1,0 x10 4 клетка ) мөлшері шектетіледі.
Ішек таяқшаларының тобындағы бактериялардың мөлшері жіберілмейді.
Талқан өңдеу үшін арам-шөп дәндік араласпасынан тазартылған сұлы, сонымен қатар семген және дамымаған дақыл қолданылады.
Дәнтазалағыш бөлімінің технологиясы ұсақталмаған сұлы жармасының өңдеу кезіндегі технологиясына ұқсас. Тазаланған сұлы дәнін 2 сағат аралығында температурасы 35ºС суда шылайды.
Осы кезде сұлының ылғалдылығы 30% дейін жеткізеді. Ылғал сұлыны 1,5-2 сағ аралығында бу қысымы 0,15-0,2 мПа қайнату аппаратында өңдейді, сосын 5-6% ылғалдылыққа дейін кептіреді. Гүлді үлдірлердің сусыздануы ядроға қарағанда жоғары деңгеймен жүзеге асады.
Сұлыны арнайы аппарат-салқындатқыш колоннада бөлменің ауа температурасы 10ºС аспайтын температураға дейін салқындатылады. Салқындату атмосфера ауасымен жүзеге асатындықтан оның ылғал құрамын бақылап отыру керек. Себебі кептірілген гүлді үлдірлер ылғалданбау керек және олардың ядродан ажыралу жағдайын нашарлатпау керек.
Сұлыны қауыздау ауадан тепкіш қауыздағыштарда жүргізіледі. Қауыздау режимі өнімде 90% кем емес, қауыздауды қамтамасыз ету керек. Өнімді қауыздау 3 этапта бөледі – алғашында електі сеператорда, електің өту диаметрі 2,0 мм дән түйіршігі мен ұсақталған ядроны айырады, сосын екіретті пневмоайырғышта қауызын бөледі және соңында, яғни 3-ші этапта қауыздалған және қауыздалмаған дәндерді падди-машиналарда бөледі.
Қауыздалмаған дәнді қайтадан бастапқы қауыздау жүйесінде қауыздайды, дән түйіршіктерін, ұсақталған ядросы мен қауызын ядроның барлығына тексереді, ал сұлының қауыздалған дәнін (ядро) екі білікті станкаларда тартады. өнімнің ұнтақталуын елеуіштерде реттейді.
Берілген технологиялық жүйеде ерекше тартылған диірмен үшін арналған төртінші технологиялық жүйенің ЗР1П-М елеуіштері қолданылады.
Барлық төрт елеуіштің тобынан өткенін талқанға алып қалады, ал шыққанын екінші тарту жүйесіне жібереді. Екінші тарту жүйесінде сақтаудың қарқынды операциясын қайталайды, ұсақталған өнімдерді жүйеге ұқсас сұрыптайды. Елеуіш елегінен шыққан, таңдалған талқан, қайталанбалы ұсақтауға түседі. Талқандағы металлмагнитті қоспалардың мөлшеріне бақылау жүргізген соң қаптау бөліміне жібереді.
Бақылау елеуішінен шыққан екінші тарту жүйесінде ұсақтайды.
Тартуға жіберілетін сұлы ядросында қарамықшаның құрамы 0,1% -н көп емес.
Зиянды қоспалардың мөлшері 0,05% аспауы тиіс, ал балалар тамақтануына арналған талқанды өңдеу кезінде зиянды қоспалардың мөлшері жіберілмейді. Балалар тағамына қолданылатын сұлы талқаны пестицидті қолданбай өсірілген егіндердегі сұлыдан өңделіп шығарылуы керек.
Сонымен қатар ауыр металдардың (мыс, қорғасын, сынап, кадмий, мырыш) мөлшері жіберілетін концентрациясынан аспауы керек, пестицидтердің құрамы – медициналық нормасына сәйкес деңгейден аспауы керек.

жүктеу 156,87 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау