Форма 12 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Техникалық және кәсіби білім беру факультеті



жүктеу 1,29 Mb.
бет12/12
Дата23.11.2018
өлшемі1,29 Mb.
#24151
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

ӨМІРБАЯН
Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жазылған ресми құжат. Өмірбаян әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Ол таза қағазға қолмен, кейде арнайы бланкке бірінші жақта жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және тағы басқа қосымша мәліметтер көрсетіледі.
ТҮЙІНДЕМЕ
Бүгінгі нарық заманында мемлекеттік органдарға, фирма, кәсіпорындарға қызметкерлер қабылдау үшін түйіндеме талап етеді. Түйіндемеде белгілі бір адам туралы мәліметтер ықшам әрі нақты түрде беріледі. Сауатты әрі толық жазылған түйіндеме сіз туралы жақсы әсер қалдырады. Бұл өзіңіз қалаған жұмысты тезірек табуға көмектеседі. Түйіндеменің ерекшелігі – үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі.

Түйіндемеде үміткердің:



    • Аты-жөні

    • Туған жылы, күні, айы, туған жері

    • Ұлты

    • Жынысы

    • Мекенжайы, телефоны

    • Отбасы жағдайы

    • Азаматтығы

    • Білімі

    • Бітірген оқу орындары

    • Кәсіби біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі

    • Тілдік дағдылары

    • Компьютерлік сауаттылығы

    • Жеке қасиеттері. Мысалы: жауапкершілік, адамдармен қарым-қатынас орнатуға бейімділік, ұстамдылық, мақсаттылық, ұйымдастырушылық және басқарушылық қабілеттер, ұжыммен жұмыс істей білу, ұқыптылық, алға қойған міндеттерге шығармашылық көзқарас т.б.

    • Қызығушылығы (саяхатқа шығу, би, домбырада ойнау, кітап оқу т.б.) туралы мәліметтер және қосымша ақпараттар (мақтау грамоталары, сертификаттар, наградалар, патенттер т.б.) көрсетіледі.

Кейде мақсаты да көрсетіледі. Онда қызықтыратын жұмыс түрі, қанағаттандыратын еңбекақы көлемі туралы мәлімет беріледі.
түйіндеме – резюме

жеке қасиеттер – личные качества

ұйымдастырушылық және басқарушылық қабілет – организаторские и лидерские способности

адамдармен қарым-қатынас орнатуға бейімділік – коммуникабелность

алға қойған міндеттерге шығармашылық көзқарас – творческий подход к выполнению поставленных задач

АНЫҚТАМА
Анықтама – белгілі бір деректі дәлелдейтін, растайтын, сипаттайтын құжат. Ол көп жағдайда жеке адамға байланысты нақты ақпаратты растау үшін беріледі. Мысалы, тегі, туған күні, туған жері, қызмет орны, жалақысы, еңбек өтілі, отбасы жағдайы, оқу орны және тағы басқалар туралы мәліметтер. Берілген анықтамалар нөмірленеді, егер бірнеше дана берілсе, ол да көрсетіледі. Мысалы: 124/2

Анықтама мазмұны қысқа болады. Ең алдымен жолдың ортасынан «Анықтама» деген сөз, сосын азат жолдан анықтама мәтіні жазылады. Онда анықтама кімге, не үшін берілгені және қай мекемеге берілгені көрсетіледі. Соңында анықтаманы беруші мекеме басшыларының қолы қойылып, мекеме мөрі басылады және жарымдық мерзімі жазылады.



1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз

1. Келісімшарт қандай құжат?

2. Ол қандай жағдайларда жасалады?

3. Қатысатын адамдар санына қарай келісімшарттар жасалды?

4. Келісімшарт қайда куәландырылады?

5. Келісімшарт неше дана болып жасалады?

6. Пәтерді сату-сатып алу туралы келісімшартта қандай мәліметтер беріледі?
ҚОЛХАТ
Қолхат – белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын ресми құжаттың бірі. Қолхатта ең алдымен қолхат беруші және қолхат алушының аты-жөні, мекенжайы, жеке куәліктерінің нөмірі және қолхат берушінің не алғаны жазылады. Содан кейін қолхат берушінің міндеттемелері көрсетіледі. Қолхат үш дана етіп жасалып, нотариалдық кеңседе куәландырылады. Бір данасы сол кеңседе, екінші данасы қолхат берушіде, ал үшінші данасы қолхат алушыда сақталады.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Өмірбаян қандай құжат?

2. Ол қандай жағдайда, нешінші жақта жазылады?

3. Өмірбаянды қайда жазады?

4. Өмірбаянда қандай мәліметтер жазылады?


12-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз


  1. Түйіндеменің өмірбаяннан айырмашылығы неде?

  2. Түйіндеме не үшін жазылады?

  3. Түйіндемеде қандай мәліметтер болу керек?

Іс қағаздарының түрлеріне үлгі жасау


12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

А) Жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Б) Жаттығу жұмысы
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Іс қағаздарының стилі. Қызметтік хаттар.Жарнама. Анықтама. Мінездеме. Қолхат. Өмірбаян. Түйіндеме.

38-сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Хабарландыру. Өтініш. Хаттама. Түсінік хат. Баяндау хат. Жазба жұмыстары.
2.Сағат саны: 2 90 (100%)
3.Сабақ түрі: тәжірибелік
4.Сабақтың мақсаты:

Оқыту: Іс қағаздарының стилі жайлы оқушылардың білім деңгейін арттыру, бір-біріне мінездеме бере білуге үйрету.

Тәрбиелік: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, еркін сөйлеу, өз бетінше ойын айта білуге қабілеттерін дамыту.

Дамыту: Оқушылардың ойын жүйелі, жаттық жеткізуге, белсенділігін арттыру.
5.оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.
6.Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

1. Негізгі (н)


  1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.

  2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.

  3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006

  4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006

  5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007

  6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002

  7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993


2. Қосымша(қ)

1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002

2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994

4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007

5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006

6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997

7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997

8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004

9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002

11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999

12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004

13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005

14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998

15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005


8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6 % )

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. Өмірбаян қандай құжат?

2. Ол қандай жағдайда, нешінші жақта жазылады?

3. Өмірбаянды қайда жазады?

4. Өмірбаянда қандай мәліметтер жазылады?

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)

Өтініш
Өтініш – ресми іс-қағаздарының бірі. Ол қызметке орналасуда, демалыс сұрауда, қандай да бір көмек сұрауда, жұмыстан шығарда, бір қызметтен екінші қызметке ауысуда және тағы басқа жағдайларда мекеме басшысы атына белгілі бір тәртіп бойынша жазылады. Ең алдымен, қағаздың он жақ бұрышына кімге және кімнен екені жазылады. Онда мынандай мәліметтер болуы керек: мекеменің атауы, мекеме басшысының және өтініш иесінің қызметі, атақ-дәрежесі және аты-жөні (барыс және шығыс септіктерінде). Сосын қағаздың ортасына «Өтініш» деген сөз және азат жолдан өтініштің мәтіні жазылады. Соңында өтініш иесінің қолы қойылады, күні, айы, жылы көрсетіледі. Өтінішке мекеме басшысы бұрыштама қойғаннан кейін, сол өтініш бойынша бұйрық шығарылады. Демалыс алу туралы өтініште міндетті түрде демалыс түрі (кезекті еңбек демалысы, кезектен тыс демалыс, ақысыз демалыс), мерзімі көрсетілуі тиіс.

Өтініш таза қағазға, кейде арнайы бланкке жазылады.


Өтініш үлгілерімен танысыңыз

«Адал» фирмасының басшысы

О.Жұбанов мырзаға

Алматы қаласы, Әуезов көшесі

15-үй, 45-пәтерде тұратын

Досанова Сәуледен


Өтініш

Мені 2004 жылдың 15 қазанынан бастап үйлестіруші қызметіне қабылдауыңызды сұраймын.


24.10.2004ж. (қолы) _______________


Хаттама
Хаттама - мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның жиналысы мен мәжілістерінде қаралған, талқыланған, қорытындыланған жағдайларды тіркейтін (толық жазатын) ұйымдастырушы-өкімшіл ресми құжат.

Белгілі бір фактіні куәландыратын құжат (жауап алу хаттамасы, тексеру хаттамасы).

Қоғамдық тәртіптің бұзылғаны туралы факт тіркелетін ресми құжат. Хаттамаға мекеме басшысы, фактіні тіркеуге жауапты адам және хаттаманы жазған адам қол қояды, мөр басылады.

Хаттамада көрсетілетін міндетті мәліметтер:

1.Мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның атауы.

2.Құжаттың аты (хаттама).

3.Айы, күні, жылы, хаттаманьщ нөмірі.

4.Жиналыс (мәжіліс) өткен орын.

5.Егер хаттаманы бекіту талап етілсе, бекіту (гриф) таңбасы.



6.Қатысқандар туралы мәлімет (саны, аты-жөні, лауазымы).
7.Күн тәртібі.

8.Төрағаның және хатшының қолы.



11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз

1. Келісімшарт қандай құжат?

2. Ол қандай жағдайларда жасалады?

3. Қатысатын адамдар санына қарай келісімшарттар жасалды?

4. Келісімшарт қайда куәландырылады?

5. Келісімшарт неше дана болып жасалады?

6. Пәтерді сату-сатып алу туралы келісімшартта қандай мәліметтер беріледі?
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) Жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Б) Жаттығу жұмысы


14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Хабарландыру. Өтініш. Хаттама. Түсінік хат. Баяндау хат. Жазба жұмыстары.
39-сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Мамандыққа байланысты кәсіби терминдер. Қорытындылау.
2.Сағат саны: 2 90 (100%)
3.Сабақ түрі: тәжірибелік
4.Сабақтың мақсаты:

Оқыту: Оқушылардың теориялық білімдерін саралай отырып, практикалық дағдымен байланыстыру.

Тәрбиелік: Шапшаңдыққа мысалдар арқылы танымдық қасиеттерін шыңдауға, ой-қиялын өз ойымен бере білуге тәрбиелеу.

Дамыту: Оқушыларды өз беттерімен жұмыс жасау, бір-біріне көмек бере білу, өз ойларын толық айту дағдыларын дамыту.
5.оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.
6.Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)


  1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.

  2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.

  3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006

  4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006

  5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007

  6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002

  7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993


2. Қосымша(қ)

1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002

2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994

4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007

5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006

6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997

7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997

8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004

9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002

11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999

12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004

13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005

14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998

15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005


8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6 % )

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. Келісімшарт қандай құжат?

2. Ол қандай жағдайларда жасалады?

3. Қатысатын адамдар санына қарай келісімшарттар жасалды?

4. Келісімшарт қайда куәландырылады?

5. Келісімшарт неше дана болып жасалады?

6. Пәтерді сату-сатып алу туралы келісімшартта қандай мәліметтер беріледі?



10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Медицинаға байланысты кәсіби сөздер

1. Аграфия – жазу қабілетінен айырлу

2. Агрипния – ұйқысыздық

3. Адаптация – бейімделу

4. Аппетит – тәбет, зауық

5. Анашизм – нашақорлық

6. Витилиго – ақтаңдақ

7. Вкус - дәм, татым, талғам

8. Возбудитель – қоздырғыш

9. Воспаленный – қабынған

10. Гастрит – асқазан қабынбасы

11. Глотка – жұтқыншақ

12. Глухой – саңырау, керең

13. Гнойник – іріңдік

14. Данные – мәліметтер

15. Двуполый –қосжынысты, қызтеке

16. Действия - әрекеттер, қимылдар

17. Десна –қызылиек

18. Диета – емдәм

19. Дышать – дем алу

20. Жажда – шөл, шөлдеу, сусау

21. Железодефицит – теміртапшылық

22. Желтуха – сарыауру,сарғаю

23. Желудочек – қарынша

24. Жест – ым, ишарат

25. Жжение – ашыту, күйдіру

26. Журнал регистрации – тіркеу журналы

27. Забывчивость – ұмытшақтық

28. Задержка – тұрып қалу, тоқтап қалу, іркілу

29. Запой – ішіп кету, салынып кету

30. Зудеть – қышу, қышыну

31. Икать – ықылықтау, ықылық тию

32. Исследователь – зерттеуші

33. Ишурия – зәр тұтылу

34. Киста – киста, жылауық

35. Кишка – ішек

36. Клещи – кенелер

37. Коклюш – көкжетел

38. Колика – түйілу, шаншу

39. Кончик – ұш, ұшы

40. Копчик – құйымшақ

41. Лоб – маңдай

42. Локоть – шынтақ

43. Маточка –жатырша

44. Мокрота – қақырық

45. Мочевина – несепнәр

46. Нарыв – іріңдік, іріңдеу

47. Шейная – мойын невралгиясы

48. Костное – сүйек таңдай

49. Ниша – Ойықша, қуыс

50. Клеточная – Жасуша қабығы

51. Аққайың – белая береза

52. Аққурай – мордевник псоралея

53. Алқагул – венок лавровый

54. Алқоры – слива

55. Алқызыл долана – красный баярышник

56. Арамшөп- сорняк,сурепа

57. Аскөк – укроп

58. Асқабақ – тыква

59. Ащы шөп – горькая трава

60. Балара – пчела

61. Балдыз – сваячница

62. Балдыршөп – ряска

63. Балжапырақ – парнолистник

64. Балқарағай – лист венница

65. Балқурай – тростниковое растение

66. Бұршақ – горох

67. Бітеугүл- бутон

68. Бәйшешек гүл – подснежник

69. Гүлжегі – аленна

70. Долана – болрышник

71. Егеушөп – уруть

72. Емдік дәрі – дәрмектер – лекарственные растения

73. Жанаргүл- адоннис

74.Имуналогия – иммунитетке байланысты мәселелерді зерттейтін ғылым

75.Микология – саңырауқұлақты зерттейтін ғылым

76. Морфология – организім құрылысын, формасын зерттейтін ғылым

77. Нейроформакология – дәрілердің нерв жүйесіне әсерін зерттейтін

фармакология саласы

78.Неонатология – жаңа туған баланың физологиялық ерекшеліктерін,

зерттейтін педиатрия саласы

79.Психиатр – психикасы бұзылған науқастармен айналысатын

дәрігер-маман

80. Фармацевт – дәрі-дәрмек жасаушы маман

81. Химиотерапия – химиялық дәрі-дәрмектермен емдеу

82. Цистография – рентгенконтраст енгізіп қуықты зерттеу

83.Экология – тірі организм мен оны қоршаған ортаны және екеуінің

арақатынасын зерттейтін ғылым



11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
Морфологиялық талдау жасау, мәтінмен жұмыс жасау, тапсырмалар
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) Жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Б) Жаттығу жұмысы


14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Өткен сабақтарды қайталау.




жүктеу 1,29 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау