21-сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер.. Тұңғыш қазақ ғарышкерлері
2.Сағат саны: 2 90 (100%)
3.Сабақ түрі: тәжірибелік
4.Сабақтың мақсаты:
Оқыту: Оқушыларға тұрлаусыз мүшелер туралы білім беру арқылы білімдерін бағалау, біліктілік деңгейлерін байқау.
Тәрбиелік: іс-әрекет, мақсатқа жету әдіс-тәсілдерін таңдай білуге, өзін-өзі бағалай білуге дағдыландыру, достыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Дамыту: Оқушының іздемпаздық қабілеттерін қалыптастыру, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру.
5.оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу.
6.Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)
Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993
2. Қосымша(қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6 % )
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. Сөйлем мүшелері
2. Батаның түрлері
3. Жаттығу жұмысы
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Тоқтар Әубәкіров
Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында өмірге келген. Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1969), авиация институтын бітірген (1979).
Қазақстан Респуликасының маркасы 1962 – 1965 жылы Теміртау құйма-механика зауытында токарь болды, есімі облыстың Құрмет кітабына алтын әріппен жазылды (1964). 1969 – 1975 жылы Кеңес Одағы Әскери-әуе күштерінің Қиыр шығыс әскери округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары. 1975 – 1976 жылы Мәскеу ұшқыштар-сынақшылар мектебін, Мәскеу авиация институтын бітірген (1979).
1976 – 1992 жылы Мәскеудегі А.Микоян атындағы Тәжірибелік конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы міндеттерін атқарды.
1988 жылы Кеңес Одағында тұңғыш рет әуеде ұшаққа 2 рет жанармай құйдыру арқылы солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады.
1989 жылы 1-болып, авиатасушы крейсердің алаңқайшасына «МиГ-29к» реактивті ұшағын үлкен шеберлікпен дәл қондырды. Сондай-ақ, ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізді.
1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал туған аймағы бойынша ғылыми-зертуған жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Сондай-ақ, Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды аспан астрофизика бақылау жұмыстары да ойдағыдай өтті.
1991 жылы 10 қазанда Жерге оралды. Ғарыштан оралған соң Қазақстандағы ғарыштық даярлығын зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты.
1992 – 1993 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1-орынбасары, 1993 – 1994 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыштық агенттігінің бас директоры – Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары, 1994 – 95 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты – Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.
1996 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
2001 жылы 44 Қызылорда сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісіне депутат болып сайланды. Қызылорда қаласының құрметті азаматы.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылым депутаты, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13 шақырым депутаты, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 3-ші шақырылым депутаты болып сайланған.
Тұрлаусыз мүшелер. Толықтауыш. Тура және жанама толықтауыш
Сөйлемде бастауыш пен баяндауыштың төңірегіне топтасып, бірі - ойды анықтау үшін, екіншісі - ойды алынған сөздерді сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері дейміз.
Толықтауыш - тұрлаусыз мүшелердің бірі.
Толықтауыш деп баяндауыш білдіретін амал әрекетті, іс - оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыру үшін жұмсалатын сөйлем мүшесін атаймыз. Толықтауыш көбінесе баяндауышпен байланысқа түседі.
Толықтауыш болатын сөздердің негізгі белгілері мыналар:
Толықтауыш атау және ілік септіктерден басқа септіктерде тұрып, затты нұсқайды. Кейде толық мағыналы сөзден ;кейін туралы, жөнінде жайында деген септеулік шылаулардың бірі қосақталып тұрады.
Толыктауыш болатын сөз заттық мағынаны білдіреді.
Сұраулары аталған септіктердің кім? не? түбірлес сұраулары болады.
Байланыс түрі - меңгеру және жанасу.
Бір сезден болған толықтауышты дара толықтауыш дейміз. Саудада (неде?) достық жоқ.
Күрделі сөздерден болған толықтауышты күрделі толықтауыш дейміз. Жасалуы:
Толықтауыш тұратын септіктер және толықтауыштың түрлері
|
Толықтауыштың сұрақтары
|
мысалдар
|
Тура толықтауыш табыс септігінде
|
Кімді
Нені
|
Жаман сыйлағандыбілмес.
Оқушылар емтихан тапсырды.
|
Жанама толықтауыштар
Барыс септігінде
Жатыс септігінде
Шығыс септігінде
Көмектес септігінде
|
Кімге неге
Кімде неде
Кімнен неден
Кіммен немен
|
Күресуге дәрмен жоқ.
Халықта жер бар.
Күштіден істі тозды.
Бала тоқсандыбеспен бітірді.
|
Анықтауыш
Есім сөздермен аныктауыштык қатынаста тіркесіп, сөйлемде сын, түр-тус, сан, иелік, көлем, мөлшер т.б. сапалық белгілерді білдіретін тұрлаусыз мүшені анықтауыш дейміз. Мысалы: 1. Төрге ақ (қандай?) киіз жайылыпты. Қонақтардың (кімдердің?) бәрі жиналды.
Анықтауыштың негізгі белгілері:
1.Зат есімнен немесе заттанган баска сөз таптарынан болған сөйлем мүшесінің сындық, сандық, иелік, мөлшерлік т.б. белгілерін білді: 2.Қандай? қай? канша? неше? кімнің? ненің? деген сұрақтарға жауап береді. 3.Өзі анықтайтын мүшемен матасу, қабысу түрінде байланысады.
Пысықтауыш және оның мағыналық түрлері
Сөйлемдегі іс-әрекет, оқиғаның мезгілін, мекенін, сын-қимылын, себебін, мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүшені пысықтауыш дейміз. Пысықтауыштың негізгі белгілері:
1. Іс-әрекет, оқиғаның мезгілін, мекенін, сын-бейнесін, себеп-салдарын, мақсатын сипаттайды.
2. Қашан? қалай? неге? не себепті? не үшін? қайдан? кайтіп? қалайша? неліктен? деген сұрақтарға жауап береді.
3. Мағынасына карай беске бөлінеді:
А) Мезгіл пысықтауыш (қашан?);
Ә) Мекен пысықтауыш (кайда? қайдан?)
Б) Сын-қимыл пысықтауыш (қайтіп? қалай?)
В) Себеп-салдар пысықтауыш (неліктен? не себепті?)
Г) Мақсат пысықтауыш (кайтіп? неліктен? не үшін?)
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
34-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, қандай ауру туралы әңгіме болып жатқанын табыңыздар. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің астын сызыңыздар.
Бұл - жүрек бұлшықетінің жансыздануы, бұлшықеттерге оттегінің жетіспеуінен, оның атеросклерозға шалдығуынан пайда болатын ауру. Адам науқаспен ауырғанда, оның жүрегінің және төсінің тұсында қатты шаншу мен ауру байқалады. Шаншу мен ауру біресе күшейіп, біресе бәсеңдеп, минуттан бірнеше сағатқа, кейде тәулікке созылуы мүмкін. Ауру сезімі біртіндеп кеуде жасушаларының алдыңғы бөлігін түгелдей қамтиды. Сол жақ иық пен қол ауырады. Ол екі жауырынның ортасында, жауырынға, мойынға, екінші қолға ауыса бастайды.
35-жаттығу. Сөйлемдердің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерін тауып, құрамына, тұлғасына, түрлеріне қарай талдаңыздар.
Алыстағы АҚШ-та қазан айының жайдары жексенбісінде миллиондаған тұрғындар тас ормандай тұлып тұрған Нью-Иоркты тастап шығып, қала сыртында серуендеді. АҚШ - демалыстың қадірін білетін ел. Демалыстан бұрын денсаулықтың қадірін біледі. Тегінде, денсаулық сақтау саласының ақылы болғаны, айналып келгенде, тұрғындар үшін зияннан гөрі пайдалы сияқты. Әркім өзінің денсаулығының қадірін біледі, ауыра қалса, емделудің қанша тұратынын түсінеді. Сол себепті денсаулықты сақтаудың барлық жолдары қарастырылған. Сол себепті де демалыстарын денсаулықты нығайтуға арнайды. Ат жалында, су үстінде, ағаш арасында, теннис кортында, гольф көгалында, не керек, денені сергіту мен ширатудың бүкіл ордасында болады. Американдықтардың армансыз және белсенді демалатынын сол күні паркте, су жағасында, көшеде көп жүрген тілшілер тобы көкейге түйіп қайтқанбыз.
(Қ.Олжай)
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
36-жаттығу. Көрсетілген бағыт бойынша сөйлем құраныздар.
1) бастауыш баяндауыш
2) бастауыш анықтауыш толықтауыш баяндауыш.
анықтауыш пысықтауыш баяндауыш.
бастауыш пысықтауыш баяндауыш.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) Жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;
Б) Жаттығу жұмысы
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Тұрлаусыз мүшелер. Тұңғыш қазақ ғарышкерлері.
22-сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі. Қазақстан экономикасы мәдениеті.
2.Сағат саны: 2 90 (100%)
3.Сабақ түрі: тәжірибелік
4.Сабақтың мақсаты:
Оқыту: Оқушыларға тұрлаусыз мүшелер туралы білім беру арқылы білімдерін бағалау, біліктілік деңгейлерін байқау.
Тәрбиелік: іс-әрекет, мақсатқа жету әдіс-тәсілдерін таңдай білуге, өзін-өзі бағалай білуге дағдыландыру, достыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Дамыту: Оқушының іздемпаздық қабілеттерін қалыптастыру, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру.
5.оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу.
6.Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)
Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993
2. Қосымша(қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6 % )
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. Тұрлаусыз мүшелердің түрлері
2. Тұрлаусыз мүшелердің сұрақтары.
3. Тұңғыш қазақ ғарышкерлері
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Қазақстан экономикасы
1990-шы жылдардың басында, КСРО құлағаннан кейін, Қазақстанда нарықтық экономика жасау басталды. Кәсіпорындар, кен орындары, және инфрақұрылымдық кешендер бөлігі жекеменшікке берілді. 1993 жылы ел кеңестік сомнан бас тартып, өз ақшасын – теңгені енгізді. Қазақстан шын мәнісінде түк жоқ жерден тиімді банк жүйесін құрды. Республикада бұрын дәстүрлі банк ісі мүлде болмаған еді. Бұл реформаланған және қарқынды дамушы сектор боп саналады. Түсті және қара металлургия, химия өнеркәсібі, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп және мұнай өңдеу Қазақстан экономикасының жетекші салалары. Республикада түсті және қара металдың, тас көмір мен қоңыр көмірдің, мұнай мен газдың, фосфориттің, ас тұзы мен асбестің үлкен қоры анықталған.
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі
Сөйлемдер сөздер бір-бірімен грамматикалық байланысты қолданылады. Кез-келген қатар тұрған сөздер бір-бірімен байланыса бермейді. Сөздердің сөйлемге байланысуының белгілі заңдылығы бар, яғни сөздер бір-бірімен белгілі бір тәсілмен байланысады. Ондай тәсіл қазақ тілінде төртеу:
1. жалғау арқылы
2. шылау арқылы
3. сөздердің орын тәртібі арқылы
4. интонация арқылы байланысуы
1. Сөздер септік, тәуелдік, жіктік жалғаулары арқылы бір-бірімен байланысқа түседі. Осы жалғаулардың қатысуымен сөздердің өзара байланысынан белгілі синтаксистік қатынас, грамматикалық мағына туып отырады. Мысалы: Мен өз Отанымды сүйемін деген сөйлемдегі Отан сөзіндегі тәуелдік жалғауы (-ым) мен табыс септігінің жалғауы (-ды) бұл сөздерді өз Отаным және Отанымды сүйемін түрінде байланыстырып тұр. Жіктік (- мін) жалғауы мен және сүйемін сөздері байланысып тұр.
2. Сөздер ретінде қарай шылаулар арқылы да байланысады.Мысалы: Совет елі бейбітшілік үшін күреседі. Мұнда бейбітшілік сөзі мен күреседі сөзінің тіркесіп байланысуына үшін шылауы септігін тигізіп, мақсаттық мағына білдіріп тұр.
3. Сөздер орын тәртібі арқылы да байланысады. Мысалы: Тас жолды ағаш күрекпен күредік деген сөйлемде тас пен жол, ағаш пен күрек сөзі қатар тұруы арқылы анықтаушытық қатнаста байланысқан. Ал осы сөздердің орнын өзгертіп жіберсек, мүлде басқа мағына немесе мағынасыздық туады. Бұл сөздер бір-бірімен тиянақты орын тәртібі арқылы байланысқа түскен.
4. Байланысудың соңғы тәсілі – интонация. Мұнда екі сөздегі орын тән болуымен бірге, екеуінің арасында айтылуда дауыс ырғағы сақталып, екінші сөз сәл көтеріңкі естіледі, ал жазуда ол сөздер сызықшамен ажыратылады. Мысалы: Талғат – ұшқыш. Айнұр – студент. Интонация арқылы байланысқан сөздер сөйлем құрайды да, алдыңғы сөз бастауыш, соңғысы баяндауыш қызметін атқарады. Мұндай жалаң сөйлемдегі сөздердің орындары ауысса, ол сөздердің қызметі де өзгереді. Айталық, ұшқыш-Талғат, студент-Айнұр болған жағдайда, бастауыш –ұшқыш, студент; баяндауыш – Талғат, Айнұр сөздері болады.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
Синтаксистік талдау жасау, мәтінмен жұмыс жасау, тапсырмалар
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) Жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;
Б) Жаттығу жұмысы
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері, оның тыныс белгілері
23-сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері, оның тыныс белгілері.
2.Сағат саны: 2 90 (100%)
3.Сабақ түрі: тәжірибелік
4.Сабақтың мақсаты:
Оқыту: Оқушыларға бірыңғай мүшелер туралы, олардың байланысы, оған байланысты қойылатын тыныс белгілері туралы түсінік беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Дамыту: Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөздік қорларын молайту, сауаттылықтарын арттыру.
5.оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу.
6.Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)
Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993
2. Қосымша(қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6 % )
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. Қазақстанның эканомикасы мәдениеті.
2. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.
3. Жаттығу жұмысы.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері, оның тыныс белгілері
Сөйлемдегі синтаксистік (мүшелік) қызметі, тұлғасы, сұрақтары бірдей және бәрі бір ғана ортақ мүшемен байланыстатын сөздер бірыңғай мүше болады.
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері де, тұрлаусыз мүшелері де бірыңғай мүше түрінде келе алады. Мысалы: 1. Мұнда да, көзі де, беті де, сөзі де өзбек, киімдері де, өзбек. 2. Бұл да жұқа, тым нәзік, тым қалтырауық. 3. Ойын-сауықпен, қыдырумен күнін өткізетін. 4. Патшаны да, шет елдегі дұшпандарды да жыққан – сол бұқара. 5. Басында ақ кесте шеккен, төрт қырлы қара тақия. (С.М.)
Бұл сөйлемдердің біріншісінде бірыңғай бастауыштар, екіншісінде бірыңғай баяндауыштар, үшіншісінде бірыңғай қимыл-сын пысықтауыштар, төртіншісінде бір-ыңғай тура толықтауыштар, бесіншісінде бірыңғай анықтауыштар бар.
Бірыңай мүшелер оқығанда, айтқанда санамалы дауыс ыңғайымен әрқайсысы жекеленіп айтылады, жазушыда араларында үтір қойылады.
Кейбір өзара бір-бірімен сатылай байланысқан бірыңғай емес анықтауыштар өзара интонациялық айырмасыз айтылады да, араларына үтір қойылмайды. Әдетте мұнай анықтауыштар әр түрлі сөз таптарынан жасалады. Мысалы: Сол ақ жібек шымылдық, сол биік сүйек төсек, сол жасау тегіс орнында (М.Ә).
Бірыңғай мүшенің арасын жалғастыратын жалғаулықтар негізінен үш түрлі болады.
Ыңғайластық жалғаулықтар: да, де, та, те, әрі, және, мен, бен, пен.
Кезектес жалғаулықтар: бірде, біресе, кейде, бір.
Талғаулықты жалғаулықтар: не, немесе, я, әлде, не болмаса.
Бірыңғай мүшелер, әсіресе жалғаулы болып келгенде, олардың жалғаулары бас-басына жалғанбай, ең соңғы бірыңғай мүшеге ғана жалғанып, тұлға жағынан сыйыстырылып, жинақталып айтылады. Осындай ең соңғы жалғау жалғап тұрған бірыңғай мүше жинақтаушы мәнде жұмсалады. Ондай жинақтаушы, функцияны жалғау жоқ жерде көмекші сөздер, шылаулар да атқарады. Мысалы: Байдалы, Байсал, Сүйіндіктер де аттарына лезде мініп, өз қолдарына ұран салды. (М.Ә.). Әдетте, байлар киіз үйдің басқұр, желбау, таңғыш сияқты бауларын кілем түсті қып әдемі тоқытады. (С.М.)
Мұндай жинақтаушы сөздердің стильдік мәні болады. Мәселен, Көшеде Кәтима, Айша, Әсияларды көрдім деген сөйлеммен Көшеде Кәтиманы, Айшаны, Әсияны көрдім деген сөйлемдер стильдік ерекшелігі жағынан сыйыстырып, жинақтап, жалпы алсақ, екінші сөйлемде бірыңғай мүше болып тұрған әр мүшеге ой екпіні түсіріле, әрқайсысына мән беріле айтылып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |