Физика және математика кафедрасы



жүктеу 1,66 Mb.
Pdf просмотр
бет24/25
Дата14.11.2018
өлшемі1,66 Mb.
#19914
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыру, дербес жұмыстарын ұйымдастыру т.б. сияқты 

оқушы белсенділігін арттыруда маңызы зор. 

Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын 

алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір 

оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын 

орындап, анимациялық практика тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады. 

Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка 

тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине  мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен 

әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен 

оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады. Оқу-

тәрбие үрдісінде «Activstudio» бағдарламасымен қамтамасыз етілген Activord 

интерактивті тақтаның мүмкіншіліктерін барынша  қолдану өз нәтижесін береді. 

   Қазіргі уақытта сабақтарды мультимедиа арқылы модельдеу, жеке тұлғаның 

компьютер арқылы қатысымға түсу мүмкіншілігін туғызу арқылы тілдік қатысымға 

еркін түсе алатындай білікті, қабілетті тұлғаны қалыптастыру мақсаты қарастырылады. 

Олай болса компьютер – мультимедиалық білім алудың негізі. 

   Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудан күтілетін нәтиже жаңа заманға сай 

ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігі қалыптасқан, теориялық білімдерін іс жүзінде 

қолдана алатын, информатика пәнін басқа пәндермен байланыстыра алатын жеке тұлға 

қалыптастыру. 

«Қазіргі заманда болашақ жұмысшы мамандарды ақпараттық технологиямен 

байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп,  – Елбасы 

Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық 

технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. 



 

Апта 12 

Тақырыбы: Математика пәнінде интерактивті тақта қолдану 

Бүгіннің өзінде интерактивті технологиялар өмірімізге терең еніп улгерген 

педагогикалық құралдардың бірі, әрбір адамға өз шығармашылық потенциалын барынша 

ашып, оқуда және жұмыста табысты жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.  

Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа бейне, аудио қондырғылар мен теледидарды, 

компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электронды 

оқулықты, интерактивті тақтаны пайдалану оқушылардың белсенділігін арттырып қана 

қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне 

жағдай жасайды.  

Интерактивті тақтаны дидактикалық мақсатта пайдалану барысында, бұл құралдың 

оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін 

арттырып, өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын 

қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды. Интерактивті тақтаны қызықты 

және мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын 

тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады.  

Өз тәжірибемдегі математика мұғалімі ретінде тақтайдың кейбір қолдану әдістерін айта 

кетейін: 

•Мультимедиа презентацияларын ұсыну; 

Ауызша есептеулерді жүргізу; 



•Ақпаратты біртіндеп берілуі; 


•Формула, мәтін, тапсырмалардағы бос орындары толтырылуы; 

•Цифр, сөз, сан немесе суретты жылжыту арқылы керекті объекттермен өзара 

әрекеттесу, байланыстыру; 

•Дайын коллекциядағы суреттер кадрларын қиыстыру(кесте, графика, сызықты қағаз, 

нышандар, иллюстрация, координаталар жүйесi, сызғыш, схема және т. б.) ; 

Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты 

және объектілерді көрсете алады және өзгертеді. Тапсырманы орындау бойынша ауызша 

түсіндіру жүргізіледі, интерактивті тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал 

қайталанады. Қажетті жағдайда, мұғалім тақта арқылы есеп шығаруды, құрал 

саймандарды қолдануды көрсетіп, түсіндіреді. Сабақтың соңында қолданылған 

материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Сонымен, 

интерактивті тақта оқушылардың ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу 

арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып 

табылады. 

Мысалы, геометрия сабағында (7 сынып) «Үшбұрыштардың теңдік белгілері » 

тақырыбы бойынша оқушыларға тапсырма беріледі. Қандай белгі бойынша үшбұрыштар 

тең екенін анықтап, суретін таңдап, экранның төменгі жағына жылжытып, бөліп қою.  

Келесі, геометрия есебін қарастырайық (10 сынып). ABCDA1B1C1D1 кубы берілген. AB 

қыры арқылы өтетін және CDA1 жазықтығына перпендикуляр болатын қиманы салу 

керек. Кубты және қималарды салу үшін дайын нышандарды қолданамыз және 

жазықтықтарды түрлі түстермен көрсетеміз.  

Алгебра сабақтарында интерактивті тақтаны тиімді қолдану тәсілдері көп. Түрлі 

функциялардың графиктерін жылдам салу және оларды түрлендіруге мүмкіндік береді: 

қысу, созу, параллель тасымалдау. Мысалы, 9 сыныптың алгебра есебін қарастырайық.  

Теңдеулер жүйесін графиктік түрде шешу: . Теңдеулер жүйесін түрлендіріп, функция 

графиктерін саламыз: . Сызба бойынша оқушылар жүйенің дұрыс шешімін анықтайды. 

Осы сызбадағы функция графиктерін жылжытып немесе түрлендіріп, кері тапсырма 

беріледі. Жаңа сызбаға сәйкес теңдеулер жүйесін құру.  

«Логарифмдік және көрсеткіш функциялар» (11 сынып) тақырыбы бойынша бірнеше 

функцияларды және олардың графиктерін ұсынамын. Оқушылар оларды сәйкестіндіріп, 

теңдеулерді дұрыс жылжытып қою керек. 

Қортындылай келе интерактивті тақтаны орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге 

көмектеседі. Интерактивті тақта – барлық сыныпты оқыту үшін таптырмайтын құрал. 

Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті ақпараттық 

технологияларды пайдалану арқылы оқу – тәрбие үрдісін тиісті деңгейге көтеру, мектеп 

ұстаздарының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп 

есептеймін.  

Жоғарыда айтылған ой-пікірлерді тұжырымдай келе, компьютерді қолдану негізінде 

оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім беруді ақпараттандыру 

жүйелі түрде іске асады деуге болады. 

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа 

сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа 

білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен 

тиімділігін арттырудың маңызы өте зор. 



6.Практикалық сабақ жоспары 


жүктеу 1,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау