А
79
∑
АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА
88
89
Магниттік анизотропия – денелердің магниттік қасиеттерінің әрқилы
бағыттарда әрқалай болуы.
Оптикалық анизотропия – орталардың оптикалық қасиеттерінің полярлану
бағыттарына тәуелді айырмашылығының болуы.
Серпімділік анизотропиясы – заттардың серпімділік қасиеттерінің деформа-
ция жүзеге асатын бағытқа тәуелділігі.
АНИОН (грекше сөзбе-сөз – жоғары жүруші) – электр өрісінде
анодқа қарай
қозғалушы теріс зарядталған ион. Көптеген тұздардың, қышқылдардың және
негіздердің ерітінділері мен балқымаларында кездеседі. Иондық кристаллдардағы
теріс
зарядталған иондар да анион деп аталған.
АННИГИЛЯЦИЯ (латынша «аннигилатио – жойылу, құру»),
жұптар анниги-
ляциясы –
қарапайым бөлшектер мен оның
антибөлшектерінің соқтығысулары
кезінде өзге қарапайым бөлшектерге айналу үрдісі. Осы үрдіс кезінде қарапайым
бөлшектер біржолата жойылып кетпейді, материяның
бір түрінен екінші түріне айналады. Мысалы, анниги-
ляция нәтижесінде
электрон мен позитрон фотонға,
ал
нуклон мен
антинуклон негізінен π және К-мезонға
айналады. Энергия мен импульстің сақталу заңына сәйкес
аннигиляция кезінде е
ң кемі екі жаңа бөлшек бөлініп
шығады. Егер аннигиляцияға қатысатын бөлшектің
бірі байланыста (атоммен, ядромен) болса, онда бір ғана
бөлшектің бөлініп шығуы мүмкін. Аннигиляция үрдісін
алғаш 1930 ж. бақылаған ағылшын физигі Патрик
Блэ-
кетт (1897 – 1974) болғанмен, оны дәлелдеген және соның нәтижесінде жасанды
позитрондық радиоактивтілікті ашқан француз физигі Фредерик
Жолио-Кюри
(1900 – 1958) болды. Аннигиляцияға кері үрдіс – қос бөлшектердің пайда болуы
да байқалған. Мысалы, энергиясы 1,02 МэВ-тан жоғары
фотон электрон мен позитронға айналады. Бұл үрдістің
теориясын релятивтік кванттық механика негізінде
ағылшын физигі Поль
Дирак (1902–1984) тұжырымдады.
Алғашқы кезде аннигиляция атауымен электрон мен
оның қарама-қарсы антибөлшегі позитронның бір-бірімен
соқтығысуы кезіндегі электрмагниттік сәулеге (фотонға
немесе гамма-квантқа) айналуы аталған болса, кейіннен
қарапайым бөлшек пен оның антибөлшегінің анни-
Аралық күйлі виртуалды
фотонды аннигиляция (а),
виртуалды фотонды ан-
нигиляция (б)
Позитрон (е
+
) мен элек-
тронның (е
–
) фотон шы-
ғару аннигиляциясы
А
79
∑
АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА
88
89
гиляциясы – қарапайым бөлшектердің өзара бірінің-біріне айналуының бір түрі
деген анықтама орнықты.
А н н и г и л я ц и я қ ұ б ы л ы с ы н ы ң б о л у ы ж ә н е а н т и б ө л -
шектердің кездесуі
Дирактың релятивтік теңдеуінен туындаған болатын. 1932
ж. ғарыштық сәулелер құрамынан позитрон табылған, ал 1933 ж. электрон-по-
зитрон (е
+
және е
–
) жұбының аннигиляциясы тіркелген. е
+
және е
–
жұптарының
аннигиляциясы кезінде зарядтық жұптың сақталу заңы бойынша жұп санды
γ-кванттар пайда болған. Адрондық соқтығысуларда жоғары энергиялар кезінде
μ
+
μ
–
жұптарының туу үрдісіне кварктер мен атикварктердің электрмагниттік
аннигиляциясы себеп болады.
АНОД (грекше «анодос – жоғары қарай қозғалыс») – 1) электрондық немесе
иондық аспаптардың
ток көзінің оң полюсімен жалғастырылатын
электроды;
2) электрлік ток көзінің (гальвани элементінің, аккумулятордың) оң электроды;
3) электр доғасының оң электроды.
АНОДТЫҚ ЖАРҚЫРАУ– анодта газдардың электр разряды пайда болған
кезде байқалатын жарқырауық аймақ. Бұл жарқырау потенциалдың анодтық түсуі
кезінде үдетілетін электрондармен қоздырылған газ атомдарының қозбаған күйге
ауысу үрдісі (процесі) салдарынан туындайды.
АНОДТЫҚ ТОК – электрвакуумдық аспаптың аноды арқылы өтетін электр
тогы. Электрвакуумдық аспаптардың электрондық ағынының шамасымен
анықталады. Бұл ток орталардың, импульстік және амплитудалық анодтық токтар-
ға ажыратылған.
АНОДТЫҚ ТҮСУ,
кернеудің анодтық түсуі – анод пен
солғын разряд-
тың немесе
доғалық разрядтың оң бағанының соңы арасындағы потенциал-
дың айырымы. Анодтық түсу оң иондардың пайда болу шарттары мен олардың оң
бағанындарының диффузиялары арқылы анықталады.
Анодтық түсу оң да және
теріс те бола алады. Анодтың өлшемдері кіші болған кезде анодтық түсу әдет-
те оң; қуыс анод және оның катодты қоршап орналасатын кезінде анодтық тү-
су теріс болады.
АНОМАЛИЯ (грекше «а... – емес, + (номос – заң, норма») – қалыпты жағдайдан
ауытқу немесе бұрыннан қалыптасқан күйден өзгеру.
Ауырлық күш аномалиясы – гавитациялық аномалия дегеннің өзі.
Гравитациялық аномалия – бақылау бойынша анықталған және формула
бойынша есептелген қалыпты ауырлық күштер мәндерінің арасындағы айырымы.
Магниттік аномалия – жердің магнит өрісінің бақылаулар бойынша анықталған
мәнінің оның есептеліп табылған мәнінен ауытқуы.