Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет39/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   265

А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



104

105


асқынөткізгіштіктің теориясын тұжырымдауға мүмкіндік берді. Электрон электрлік 

күштер арқылы кристалдық торды полярландырады. Полярландыру кезінде өзінің 

периодтық құрылымын өзгерткен тор басқа бір электронмен әсерлесу нәтижесінде 

бастапқы  және  соңғы  электрондар  арасында  өзара  тартылыс  күші  туады, 

асқынөткізгіштік байқалатындай төменгі температурада осы тартылыс күшінің 

мөлшері электрондар арасындағы кулондық өзаратебіліс күшінен артық болады. 

Тебіліс күшінің әсерін жеңген электрондар бір-бірімен қосақталған электрондар 

жұбын құрады. Жұптасқан электрондар жүйесінің энергиясы тек қана дискретті 

мәндерге ие бола алады. Осы дискреттіліктің нәтижесінде жүйенің негізгі және 

қ о з ғ а н  к ү й л е р і  арасында энергетикалық саңылау пайда болады. Электрон- 

дық жүйе мен кристалдық тордың жылулық тербелістері арасындағы әсерлесу 

электр  кедергісін  туғызады.  Бірақ  энергетикалық  саңылаудың  болуы  мұндай 

ауысуларға әрқашан жол бермейді. Баяу қозғалатын электрондық жүйе қозған 

жағдайға ауыса алмайды. Бұл жағдай өткізгіш кедергісінің жойылуына әкеліп 

соғады. Соңғы кезде асқынөткізгіштік кейбір аса үлкен дәлдікті қажет ететін 

физикалық аспаптарда, физика мен техниканың басқа да салаларында кеңінен 

қолданылады. Осы құбылыс негізінде аса сезгіш гальваниметр, балометр, моду-

лятор, түзеткіштер, т.б. аспаптар жасалған. Қазіргі кезде азоттық температурада 

асқынөткізгіштікке ауысатын қоспа заттар да жасалған.

Қарапайым  бөлшектердің  үдеткіштерінде  пайдаланылатын  асқынөткізгіш 

магниті (А) заттардың төменгі температуралы күйлерінде жасалған. Әдетте күшті 

магнит өрісінде асқынөткізгіштік жойылады, бірақ цирконилі ниобий қорытпа- 

сына ұқсас кристалдық торлары бұрмаланған құрылымы болатын материалдар 

магнит өрістерінде 100 мың гауссқа дейінгі магнит өрісінде асқынөткізгіш болып 

қала береді. 

Сұйық гелийді өте төменгі температураға дейін салқындату қиын болуымен 

қатар осы температурада өзін әдеттегіден тым өзгеше қасиетте көрсетеді. Будың 

қысымы төмендегенде, сұйық гелий тез қайнап кетеді, бірақ 2,18 К температура 

кезінде гелийдің ішінде қайнау тоқталмаса да көпіршіктердің пайда болуы ке-

неттен тоқталады. Лямда-нүкте деп аталатын нүктеден төменгі сұйық гелийден 

«асқынаққыштық» қасиет байқалады.

Өзге  заттар  да  абсолюттік  нөл  температура  маңайында  әдеттегідей  емес 

қасиетке ие болады. Мысалы, электр тогын тудырушы зарядтардың қозғалысы 

«мәңгі  қозғалыс»  секілді  сипатқа  ие  болады.  Металдарда  байқалатын  осы 

құбылыс а с қ ы н ө т к і з г і ш т і к  деп аталған. Температура төмендеген кез-

де (қорғасынның температурасы 7,2 К-ге дейін) металдың электрлік кедергісі 



А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



106

107


толықтай жойылады. Егер осындай металдан жасалған сақинада электр тогы 

тудырылатын болса, ол ток әлсіремей ағатын болады. Осындай әлсіремейтін ток 

бірнеше жыл бойы сақталған!

Теория  жүзінде  осындай  әлсіремейтін  токты  электрондық  есептеуіш 

машиналардың жадқа ұстағыш құрылғыларында пайда-

лану мүмкін болар еді; асқынөткізгішке бір рет салынған 

ақпарат өзгермей ұзақ уақыт сақталар еді. Жеткілікті 

күшті  магнит  өрісі  асқынөткізгіштік  күйді  бүлдіре 

(қирата) алады, осы эффект токты өте шапшаң ажыратуға 

қолдануға болады. Асқынөткізгіш материалдың нөлдік 

электр  кедергісі  болуы  себепті,  ол  өткізгіш  арқылы 

өте  күшті  токты  өткізуге  жарамақ.  Сондықтан  да 

электрмагниттердің  асқынөткізгіш  орамдары  шекті 

күшті магнит өрістерін шығару үшін пайдаланылады.



АСҚЫНСАЛМАҚ  –  үдемелі  қозғалыс  кезінде 

адамның  денесіне  әсер  етуші  қысымның  қалыпты 

жағдайдағы қысымнан артуы. Жер бетіндегі кез келген 

денеге ауырлық күш және оған қарсы бағытталған тіректің (дене орналасқан бет, 

нүкте) реакциясы әсер етеді. Осы күштердің әсерінен адамның денесі мен тіректің 

арасында қысым күші пайда болады. Тірек реакциясы салдарынан адамның денесі 

тірекке қарай қысылады. Осы қысым күші адамға салмақ

 (Р) ретінде сезіледі. 

Еркін түсу үдеуінен (g) артық үдеумен (a = ng, мұндағы > 1 сан) қозғалған 

денеге (масалы, ғарыш кораблінде) тірек реакциясы тарапынан әсер ететін күш 



= (+ 1) mg = (n + 1) P салмақ күшінен (+ 1) есе артық болады. Осы күш 

әсерінен ғарышкерге әсер ететін қысым күші 



асқынсалмақ болады. 

АСПАН  МЕХАНИКАСЫ  –  аспан  денелерінің  қозғалыстары  туралы 

ғылым. Бұл гравитациялық өзараәсерлесу күштерінің, орталардың ықпалымен, 

электрмагниттік  күштердің,  жарық  қысымы  күштерінің  т.б.  әсерінен  табиғи 

және жасанды аспан денелерінің ілгерілемелі, айналмалы, деформацияланған 

қозғалыстарын зерттейді. Аспан механикасының мәселелері: 1) Күн жүйесінің 

үлкен планеталарының қозғалыс теориялары. Ұйытқу теориясының әдістері пла-

неталар қозғалыстарын жеткілікті дәлдікпен сипаттауға мүмкіндік жасайды. 1845 

ж. ағылшын астрономы Джон 



Адамс (1819 – 1892) пен француз астрономы Урбен 

Леверьенің (1811 – 1877) Нептун планетасын ашуы классикалық теорияның аса 

маңызды жетістігі болды. Қазіргі замандағы ғарыштық ұшырулар планеталар 

қозғалысының теорияларының дәлдігіне жоғары талап қоюда. 2) Кіші планеталар 



жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау