А
79
∑
АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА
94
95
оң зарядын алады). Осы үрдіс (процесс) кезінде қос бөлшек –
нейтрон және анти-
нейтрон пайда болады. Басқа ядро құрамындағы нейтронмен немесе протонмен
соқтығысу кезінде аннигиляциялауы антинейтриноның пайда болуының куәсі
болып табылады. Антинейтрон фотоэмульсия, Вильсон камерасы тәрізді тіркеуші
аспаптарда із қалдырмайды. Бірақ аннигиляция кезінде бір нүктеден тарайтын
бірнеше зарядты бөлшектердің іздері пайда болады.
АНТИНУКЛОН – нуклонға қатысты антибөлшек. Антинуклондар арасындағы
ядролық өзараәсерлесу антизаттар атомдарының ядроларын түзуге, ал антинуклон
мен нуклонның арасындағы ядролық өзараәсерлесу барионияның түзілуіне әкеп
соғады.
АНТИПРОТОН
– протонға қатысты
антибөлшек болатын тұрақты
қарапайым бөлшек. Антипротон мен протонның массалары мен спиндері тең.
Олардың зарядтары мен магниттік моменттерінің абсолюттік шамалары да
бірдей, бірақ таңбалары қарама-қарсы Бориондық саны В = –1. Антипротонды
алғаш рет 1955 ж. протондық үдеткіште (ең жоғары энергиясы 6,3 ГэВ) аме-
рикан физиктері: Оуэн
Чемберлен (1920 – 2006), Эмилио
Сегре (1905 – 1989),
К.
Виганд және Т.Ипсилантистер ашқан. Бариондар санының сақталу заңы бой-
ынша тек протонмен жұптасып пайда болады (немесе, егер электр зарядының
сақталу заңы мүмкіндік берсе нейтронмен қосақтасып пайда болады). Протонмен
аннигиляцияланған кезде (орташа есеппен) 4–5 π-мезон туады
АНТИСЕГНЕТЭЛЕКТРИК – күшті электр өрістерінде айтарлықтай
диэлектрлік өтімділігінің температуралық тәуелділігінің аномалиясы және
Гистерезисі болатын фазалық ауысуға қатысатын сегнетэлектр болып табылмай-
тын диэлектрлік кристалл.
АНТИФЕРРОМАГНЕТИЗМ – кристалдық заттардың көрші атомдарының
магниттік моменттерінің барлығының немесе бір бөлігінің кристалдың қарапа-
йым ұясының (ұяшығының) қосынды магниттік моменттері нөлге тең (немесе
атом моментінің аздаған үлесін құрайтын) болатын антипараллель бағыттағы
магниттік реттелген күйі. Антиферромагнетизм Неель нүктесінен төменгі тем-
пературада орын алады. Антиферромагнетизмнің пайда болуына ауыспалық
өзараәсерлесу себепші болған. Ауыспалық өзараәсерлесуге спиндерді (яғни
магниттік моменттерді) антипараллель орнатуға әрекеттенеді. Көпшілік антифер-
ромагнетизм – иондық қосылыстар. Металдық антиферромагнетизмде ауыспалық
өзараәсерлесуге өткізгіштік электрондар маңызды үлес қосады. Ауыспалық
өзараәсерлесудің антиферромагнетизмге әкеп соғатынын алғаш болып 1932 ж.
француз физигі Луи
Неель (1904 – 2000) болжады. Температура Неель темпе-
А
79
∑
АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА
94
95
ратурасынан артық болған кезде, жылулық қозғалыстың энергиясы ауыспалық
өзараәсерлесу энергиясынан артады да зат парамагнетик қасиетке ие болады
(парамагнетик – парамагнетизмді айғақтаушы зат). Егер температура мен Неель
температурасы теңелгенде ауыспалық энергия мен жылулық энергия теңеседі де
затта антиферромагнетизм пайда болады. Көпшілік жағдайда Неель нүктесіндегі
ауысу 2-текті фазалық ауысу болып табылады.
АНТИФЕРРОМАГНЕТИК – Неель нүктесінен төменгі температурада
атомдық магниттік моменттері антиферромагниттік реттелген заттар. Антифер-
ромагнетиктер сыртқы магниттік өріс әсерінен әлсіз магниттеледі. Температура
Неель нүктесінен жоғарылағанда магниттілігі жойылып, парамагниттік күйге
ауысады. Антиферромагнетикке қатты оттегі, хром, α-марганец жатады.
АНЫҚТАЛМАҒАНДЫҚ ҚАТЫНАС, анықталмағандық принцип –
кванттық теорияның кез келген физикалық жүйенің инерция және импульсі мен
координаттары бір мезгілде толық белгілі, дәл мәндер қабылдайтын күйлерде
бола алмайды деп тұжырымдалатын іргелі ережесі. Бұл қатынас сан жүзіндегі
мөлшерде былай тұжырымдалады: егер ∆x – жүйе инерция орталығының коор-
динаты x-тың анықталмағандық мәні, ол ∆р
х
– импульстің (
р)
х өсіне түсірілген
проекциясы болса, онда осы екі анықталмағандықтардың көбейтіндісі реті
бойынша Планк тұрақтысының (h) мәнінен кем болмауы тиіс. Осы физикалық
шамалардың орташа мәндерінің түрі мынадай болады ∆р
х
∆х ≥ ħ/2, ∆р
y
∆y≥ħ/2,
∆p
z
∆z≥ħ/2.
Планк тұрақтысының (ħ) анықталмағандық қатынас әсерлерінің өлшемдері
макроскопиялық шамалармен салыстырғанда аз болатындықтан макроскопиялық
денелермен жасалған тәжірибелерде білінбейді.
Анықталмағандық қатынастан шамалардың жоғарыда жазылған теңсіздікте-
рінен оған енген бір шама қаншалықты дәл анықталатын болса, өзге шаманың мә-
ні соншалықты дәл анықталмайтын болады. Ешқандай тәжірибе осындай ди-
намикалық айнымалы шамаларды бірмезгілде дәл өлшеуге мүмкіндік туғызбайды.
1927 ж. неміс физигі Вернер
Гейзенбергтің (1901 – 1976) ашқан анық-
талмағандық принципі атом ішілік құбылыстардың заңдылықтарын анықтауда және
кванттық механиканы тұжырымдауда маңызды кезең болды.
Микроскопиялық
объектілердің маңызды ерекшелігі олардың корпускулалық-толқындық табиғаты
болды. Бөлшектердің күйлері толықтай толқындық функциямен анықталады.
Бөлшектер толқындық функциясы кеңістіктің кез келген нүктесінде анықтала
алады. Сондықтан, мысалы, координаттарды анықтауға арналған ғылыми тә-
жірибелердің нәтижелері ықтималдық сипатта болады. Бұл жайт бірдей жүйе-