Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет33/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   265

А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



92

93

Нейтронның зарядсыз бөлшек екені белгілі, сол себепті антинейтрон да заряд-



сыз бөлшек. Бірақ та антинейтрон нейтронмен және протонмен кездескен кезде 

аннигиляцияланады. Нуклондардың антибөлшектерінің аннигиляциялық «өні- 

мі» – (π-мезондар болып табылады. 

Фотонның және бейтарап π-мезонның антибөлшектері болмайтындықтан, бұ- 

лар өздерінің 

антибөлшектерімен пара-пар деп есептеледі. 

Антибөлшектер  ашылған  соң  әрі  олардың  болатыны  ғылыми  тәжірибелер 

жүзінде расталғаннан кейін бізді қоршаған ортада ядролары антибөлшектерден 

құралған 



антиатомдардың да болуы мүмкін деген пайымдау жасау орынды бол- 

мақ. Әлгі атомдардың қабықшаларын 



электрондар емес позитрондар құрай- 

тын  болмақ.  Осы  жағдайда  принципті  түрде  ештеңе  өзгермек  емес.  Кәдімгі  



сутек атомының орнына антисутек атомы болмақ. Осы антиатомдардан құрал- 

ған заттар а н т и з а т т а р болмақ. Табиғатта болатын симметриялық қасиет- 

терге  негіздей  отырып  қоршаған  ортамыздың  тең  жартысы,  яғни  Ғаламдағы  

барлық  атомдардың  тең  жартысы 



антизат болады деп болжауымыз орынды.  

Бірақ, егер де Жерде немесе біздің Галактикамызда антизаттар болса, онда олар 

ұзақ мерзім «өмір сүре» алмас еді, себебі олар әп-сәтте кәдімгі заттармен анниги-

ляцияланып энергия бөлу нәтижесінде [(бұл энергия сутегі бомбасы қопарылғанда 

бөлінетін энергиядан 40 еседей мол болмақ)] «жойылып» кетер еді. Көптеген 

қарапайым бөлшектердің антибөлшектерін шығарып алу тәжірибелері негізінде 

ғалымдар  нақты  атом  ядроларынан  антизат  құрастыру  жөнінде  әрекеттеніп, 

ғылыми тәжірибелер жүргізген. 1965 ж. АҚШ-тың Колумбия университетінде  

тәжірибе жүзінде алғаш рет 

антидейтрон – антипротон мен антинейтронның 

бір-бірімен  байланысқан  күйі  шығарылған.  Ол  ауыр  су  атомының  ядросына 

сәйкес болған. Осы ғылыми тәжірибеде 30 миллиард эВ энергиялы протондар 

ағынымен  берилий  атомдары  атқыланған,  соның  нәтижесінде  жаңадан  пайда 

болған бөлшектердің арасында дейтрон массасына тең теріс зарядты бөлшектер 

де кездескен. 

1971  ж.  Кеңес  Одағының  физиктері  Серпухов  синхрофазотронында  екі  

антипротоннан және бір антинейтроннан құралған 



антигелий 3-тің ядросын 

шығарған. Осылайша Жер жағдайында кездесетін химиялық элементтердің қа- 

рама-қарсы атомдарын шығарып алу мүмкін болған. Әзірше бөлшектер үдет- 

кіштерінің ядроға көптеген нуклондарды біріктіруге энергиялары жетіспейтін 

секілді.

Антиэлементтер ядролары өте қысқа мерзімде ғана «өмір сүретіндігін» ескере- 

тін болсақ, олар әдеттегі элементтер ядроларымен соқтығысып, аннигиляцияла-



А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



92

93

нып, гамма-сәулелерге айналады. Сол себепті антиядро алу жеткіліксіз, оны әлгі 



қысқа мерзім ішінде тіркеп үлгеру қажет. Көз жетерлік ғаламның бір түкпірінде 

антизаттардың бар немесе жоқ екені бізге беймәлім, бірақ та бұл теория жүзінде 

мүмкін болатын құбылыс.

АНТИДҮНИЕ  –  Ғаламның  қиялданған  антизаттардан  құралған  жеке 

жұлдыздар  немесе  галактикалар  түріндегі  бір  бөлігі.  Антизат  пен  антидүние 

туралы алғашқы болжамды 1933 ж. ағылшын физигі Поль 

Дирак (1902 – 1984) 

ұсынған. Бұл болжам әлі расталмады немесе жоққа шығарылмады. Теориялық 

есептеулер мен астрофизикалық бақылаулар да бұл жайтты растап та немесе 

дәйексіз деп дәлелдей де алмады. Физикалық заңдар антизат пен кәдімгі затқа 

бірдей қолданылатын болғандықтан, жұлдыз бен антижұлдыздың немесе галактика 

мен антигалактиканың ғалам кеңестігіне шығаратын электрмагниттік сәулелерін 

оптикалық  немесе  радиоастрономиялық  тәсілдермен  ажыратуға  болмайды. 

Теориялық болжамдар бойынша жұлдыздар нейтриноны, ал антижұлдыздар анти-

нейтриноны шығармақ. Бірақ қазіргі ең кемелдендірілген аспаптардың өзі де бұл 

бөлшектерді бір-бірінен ажырата алмайды. Сондықтан әзірше антидүние туралы 

қалыптасқан ғылыми ұстаным орныққан жоқ. 

АНТИКВАРКТЕР – мезондар мен антибариондарды құрайтын кварктерге 

қатысты антибөлшек. Адрондардың құрама моделдеріне сәйкес мезондар анти- 

кварктер  мен  кварктердің  байланысқан,  ол  антибариондар  –  үш  кварктің 

байланысқан күйлері болып табылады. Антикварктердің спині ½-ге, бариондық 

заряды ⅓-ге тең. Антикварктердің электр заряды сәйкес кварктердің зарядтарына 

қарама-қарсы.



АНТИНЕЙТРИНО 

 – нейтриноға қатысты антибөлшек болып табыла- 

тын бейтарап қарапайым бөлшек. Антинейтриноның спині ½-ге тең. Нейтрино- 

ның екі түріне сәйкес, антинейтриноның да электрондық (реакцияларға электрон-

мен немесе позитронмен бірге қатысады) және мюондық (реакцияларға мюондар-

мен бірге қатысады) таондық түрлері бар.



АНТИНЕЙТРОН 

 – нейтронға қатысты антибөлшек. Нейтрон тәрізді 

антинейтрон да электрлік қасиеті жағынан бейтарап бөлшек. Антинейтронның 

массасы нейтрон массасына тең. Олардың магниттік моменттерінің абсолюттік 

шамалары бірдей, бірақ таңбалары қарама-қарсы болады. Антинейтрон алғаш рет 

1956 ж. американ физиктері Б.

Корктың, Г.Ламбертсонның, Орест Пиччионидің 

(1915  –  ?)  және  В.



Венцельдің  антипротондар  шоғын  шашыратуға  арналған 

тәжірибелерінде ашылған. Нысана ядросымен соқтығысқанда, антипротон ядро 

құрамындағы протонның біреуіне өзінің теріс зарядын бере алады (немесе оның 



жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау