КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
532
533
к
178
∑
фазалардың тепе–теңдік қисықтарының шектік нүктелері – кризистік нүктелер
сәйкес болады.
Гиббстің фазалар ережесі бойынша, таза заттардың екі фазалы
тепе-тең жағдайында кризистік нүкте оқшауланған, ал, мысалы, бинарлық (екі
компонентті) жағдайда ерітінділердің кризистік нүктелері кризистік қисықты
түзеді. Параметрлердің кризистік күйге сәйкес болатын мәндері – кризистік пара-
метрлер деп аталады – кризистік қысым (р
к
), кризистік температура (Т
к
), кризистік
көлем (V
к
), кризистік концентрация (х
к
) т.с.с.
Кризистік күйге жақындағанда тығыздықтың, құрамының және фазалардың
өзге де қасиеттеріндегі айырмашылық, осылармен бірге фазалардың ауысу
жылуы және фазааралық керілу беті азаятын, ал
кризистік нүктеде нөлге тең
болады. Тығыздықтың және концентрацияның (қоспалардағы) толқуларының
мәндері едәуір артады. Заттардың
құрылымдарындағы және олардың
қасиеттеріндегі осы ерекшеліктері
кризистік күйдегі бақыланатын
кризистік құбылыстарға әкеп соғады.
Екі компонентті жүйелердегі кризистік
күйге тән құбылыстар тек сұйық – газ
тепе-теңдік кризистік нүктесінде ғана
емес, өзара ерігіштіктері шексіз бола-
тын компоненттерден де байқалады.
Ерігіштіктің бір ғана кризистік
нүктесі болатын жүйеде ғана емес,
жоғарғы және төменгі екі нүктесінде
де кризистік күйі болатын қосарланған
сұйық жүйелер болады (сызбаға қараңыз). Осы нүктелер сұйық қоспалардың
әрқилы құрамды фазалық қабаттарға ажыратылатын температуралық аймақтың ше-
карасы болып табылады. Кейбір газдардың ерітінділері мен қатты ерітінділерінде
белгілі бір кризистік температура кезінде қабаттарға ажыратылу қасиеті ұқсас
болады.
Жүйелердің кризистік нүктелерден тысқары бір фазалы күйден екі фазалы күйге
ауысуы және кризистік нүктедегі күйлердің өзгеруінде едәуір айырмашылық бола-
ды. Алғашқы жағдайда екі фазаға жіктелу кезіндегі ауысу 1-фазаның қасиеттерінен
2-фазаның ақтық қасиетінен аздаған мөлшерде (ұйытқыда) айырмашылығы болатын
фазадан басталады, осы ауысу фазалық ауысудың жылу бөліп шығару немесе оны
жұтумен қабаттаса өтеді. Жаңа фазаның ұйытқысының пайда болуы фазалардың
Сол жақта – жоғарғы кризистік нүкте (К
ж
) (фе-
нол – су қоспасы), екі фазалы аймақ штрихталып
көрсетілген; оң жақта никотин – су қоспалы екі
компонентті жүйе.
к
178
∑
КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
534
535
бөліну беттерінің және энергия беттерінің шығуына әкеп соғатындықтан, оның
тууы үшін белгілі бір энергетикалық шығын қажет болады. Осы жайт фазалық
ауысу (
І текті фазалық ауысу) жаңа фазаның орнықты ұйытқысының шығуына
жағдай туғызатын заттың біршама асқынсалқындатылуы кезінде ғана басталуы
мүмкін.
Кризистік нүктедегі (фазалардың тепе-теңдік қисығында шектік) фазалық
ауысудың
ІІ текті фазалық ауысумен көптеген ортақтығы бар. Кризистік
нүктедегі фазалық ауысу бүкіл жүйе аумағында жүзеге асады. Ұйытқулы пайда
болатын жаңа фаза өзінің қасиеті бойынша бастапқы фазаның қасиеттерінен
шексіз аз ғана айырмашылығы болады. Сондықтан жаңа фазаның пайда болуының
беттік энергиямен байланысы жоқ, яғни қатты қыздыру (немесе асқынсалқындату)
қажет емес және фазалық ауысу ІІ текті фазалық ауысуға тән жылу шығару немесе
жұтумен қабаттаспайды.
Заттардың кризистік күйдегі қасиеттерін білу ғылым мен техниканың көптеген
салаларында қажет: асқынкризистік параметрлі энергетикалық қондырғылардың
газдарды сұйылтуға арналған қондырғылар жасауда, қоспаларды ажыратуда
маңызы бар.
КРИЗИСТІК ҚҰБЫЛЫСТАР – кризистік нүктелер және ІІ текті фазалық
ауысулар нүктелерінің маңайында байқалатын ерекше құбылыстар: сұйық-бу тепе-
теңдігінің кризистік нүктесінің маңайындағы заттардың сығылғыштығының ар-
туы; ферромагнетиктер мен сегнетэлектриктердің Кюри нүктелерінің (Т
с
)
маңайында магниттік алғырлықтың және диэлектрлік өтімділіктің артуы;
гелийдің
асқынөткізгіштік күйге ауысу нүктесіндегі жылусыйымдылықтың
ауытқуы; сұйық қоспалардың кризистік нүктелер маңайында заттардың өзара
диффузиясының баяулауы; ультрадыбыстың таралуының ауытқуы; жарықтың
шашырауы т.б. Кризистік құбылыстарға фазалық ауысулар нүктелерінің маңайын-
да тығыздықтың шоғырлануы және басқа физикалық шамалар мәндерінің кез-
дейсоқ ауытқуларының артуы жатады. Осы ауытқудың едәуір, мысалы, кризистік
нүктедегі сұйық-бу тепе-теңдігіндегі заттардың тығыздығы бір нүктеден өзге
нүктеге дейін өзгереді. Пайда болған біртексіздік заттардың физикалық қасиет-
теріне едәуір әсерін тигізеді, мысалы олардың шашырауы мен жұтылуы артады.
Сұйық-бу кризистік нүктесінің маңайында тығыздықтың кездейсоқ ауытқуы-
ның өлшемдері мың Å-ге (ангстремге) жетеді және
жарық толқынының
ұзындығына теңеледі. Нәтижесінде зат мүлдем мөлдір болудан қалады, түскен
сәуленің көпшілігі шашырап кетеді, зат опал (боз – бұлдыр) түске ие болады –
кризистік кенет қарқынды (опалесценция) шашырау байқалады. Тығыздықтың