КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
536
537
к
178
∑
Таза металдардағы ең төменгі кризистік температура – вольфрамда (W) ~0,01
К-ге тең, ең жоғарғы кризистік температура
Т
к
≈ 23К – Nb
3
Ge қорытпасында.
Тепе-теңдік қалыптағы сұйық пен оның буының арасындағы айырмашылық жойы-
латын температура. Газдарды сұйылту үшін, оларды кризистік температурадан
төмен температураға дейін салқындату керек.
КРИЗИСТІК ТОК, асқынөткізгіштердегі – асқынөткізгіш үлгідегі электр
тогы артқан кезде тұрақты өшпейтін электр тогының асқынөткізгіштік емес
қалыпты күйге ауысатын шекті мәні. Заттың қалыпты күйінде кризистік токтың
шекті электр кедергісі болады, ауысудан соң үлгіні қыздыруға әкеп соғатын
ток энергиясының шашырауы (диссипациясы) туады. Магнит өрісінің ену
тереңдігінен едәуір үлкен өлшемді І текті ауыр өткізгіштерде кризистік магнит
өрісі өткізгіштердің бетінде тудыратын кризистік токқа сәйкес болады. Осы
жағдайда заттың бір бөлігі қалыпты күйде, ал өзге бөлігі – асқынөткізгіштік күйге
ауысады. Ток болған кезде асқынөткізгіш және қалыпты жағдайдағы аймақтар
арасындағы шекарада қозғалыста болады. Мейснер эффектісі бойынша магнит
өрісі айнымалы болады және өткізгіштегі энергияның шашыратылуына (дисси-
пациялануына) себеп болатын индукциялық электр өрісі пайда болады.
ІІ текті асқынөткізгіштерде кризистік токтың екі мәні болады. Кризистік ток-
тың 1-мәні кезінде идеал асқынөткізгіште (кристалдық торларда ақаулар бол-
майтын) магниттік индукция нөлден өзге мән болады, магнит өрісі асқынөткіз-
гішке енеді. Нақты ІІ текті асқынөткізгіште (кристалдық торларында ақаулар бо-
латын)
омдық кедергі пайда болады.
КРИО... (грекше «криос – суық, аяз, мұз») – күрделі сөздің мұзға, төменгі
температураға (мысалы, криостат) қатысты екенін білдіретін бөлігі.
КРИОГЕНДІК ТЕМПЕРАТУРА (грекше «крио... – суық, аяз, мұз» + «ге-
нез – туатын, туған») – 120 К температурадан төменгі температура (1971 жылы
Халықаралық суық институты қабылдаған). 80 – 0,3К алқапта жататын криогендік
температура төменгі температура, ал 0,3 К төменгі –
асатөменгі температура деп
аталған.
КРИОСКОПИЯ (грекше «криос – суық, аяз, мұз» + «скопео – көремін») – заттың
молекулалық массасын оның сұйылтылған ерітіндідегі қатаю температурасының
таза еріткіштегі қатаю температурасымен салыстырмалы төмендеуі бойынша
өлшеуге негізделген анықтау әдісі.
КРИОСТАТ (грекше «криос – суық, аяз, мұз» + «статос – тұрған, қозғалмайтын»)
– сыртқы суық көзі есебінен төменгі температураны (120 К-нен төмен–криогендік
температурада) сақтап тұруға арналған термостат. Суық көзі (суықагент) ретінде
к
178
∑
КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
538
539
төменгі температурада
конденсацияланатын (азот, сутек, неон, гелий т.б.)
сұйытылған немесе қатайтылған газдар қолданылады. Зертханалық қарапайым
әйнекті криостат әдетте екі Дьюар ыдысынан құралған. Ішкі ыдыс сұйық ге-
лиймен, сыртқы ыдыс сұйық азотпен толтырылған болады. Криостат заттардың
физикалық қасиеттерін зерттеу, асқынөткізгіштікті т.б. мақсаттар үшін, дербес
жағдайда ғарыштық аппараттарда инфрақызыл сәуле аспаптарын салқындату
үшін қолданылады.
КРИСТАЛДАНУ – булардан, ерітінділерден, балқымалардан, заттардан,
электролиз үрдісі (процесі), сондай–ақ химиялық реакция кезінде электролит-
терден (электрлік кристалдандыру) қатты күйлердегі кристалдардың түзілуі.
Кристалдану үшін бастапқы ортаның – асақаныққан ерітіндінің немесе будың
термодинамикалық тепе-теңдігін бұзу, балқыманы асасалқындату қажет. Кристал-
дану үшін қажет асақанықтыру немесе асасалқындату температураның, ауытқуымен
концентрацияның, қысымның, фазалар аралығындағы электр потенциалын олардың
тепе-тең мәндерінен ауытқуымен сипатталады. Химиялық реакциялы жүйелерде
қанығудың өлшеуіші қысымның немесе бөлме концентрациясының тепе-теңдік
константының көбейтіндісінен ауытқуы болады. Электрлік кристалданудың
қозғаушы күші металл мен электролит ерітіндісінің тепе-теңдіктен артық болатын
потенциалдар айырымы болады. Көпшілік жағдайда кристалдану жылдамдығы
тепе-теңдіктен ауытқудың артуына байланысты өсетін болады.
Кристалдану – заттардың алғашқы ортасының асасалқындатылған (қаныққан)
күйлерінен ерікті аз энергиялы кристалдық фазаға ауысуы. Кристалданудағы жылу
ж а с ы р ы н жылу ретінде бөлініп шығады. Осы жылудың бір бөлігі механикалық
энергияға айнала алады; өсіп келе жатқан кристалл үстіне қойылған жүкті қысым
күші (кг·күш/см
2
) (мысалы, теңіз суындағы тұздардан бетонның қуыстарында
пайда болған қысым оны қирата алады) арттырып көтере алады. Кристалдану-
дан бөлініп шыққан жасырын жылуы балқыманы қыздырады, асасалқындауды
кемітуге және кристалдануды баяулатуға (бұл температураның, концентрацияның
және қысымның тепе-тең мәндерге жетуіне және заттардың қыздырылуының
тоқталуына әкеп соғады).
Асасалқындатылған орта кристалданбай орнықсыз метатұрықтылық ұзақ
– мерзім сақтай алады, мысалы, ұсақ (диаметрі 0,1 мм) жақсы тазартылған
металдың тамшылары температураны ~0,5 Т
балқу
-ға дейін салқындата алады. Бірақ
белгілі бір шекті кризистік асасалқындаған сұйықта немесе буда көптеген ұсақ
кристалданудың
ұйытқу көздері деп аталатын
ұсақ кристалдар пайда болады.
Кризистік асасалқындау орта құрамына, оның көлеміне, температураға, концен-