6
Адам әлемі | 4 (74) 2017
Гегельде субъективті мұқтаждар аумағында біріншісі екіншісіне
өтеді, және олардың арасындағы байланыстың салдарынан жекеліктің
бәрі жалпылыққа айналады. Әрине, әрбір әлеуметтік үрдістердің, соның
ішінде әлеуметтену мен бейімделу де бар, нәтижесі адамның жеке қасиетін
бұғаттау болса, ендеше оларды теріс және тиімсіз деп атауға болады. Осыған
байланысты едәуір лайықтысы И.Канттың педагогикалық концепциясы
көрінеді. Онда педагогика тәрбие жөніндегі ғылым ретінде практикалық
(адамды өнегелік, еркін азамат ретінде қалыптастыруға шақырады) және
физикалық (адамның бостандыққа жетуде практикалық мақсаттарға
бағынған және табиғи қабілеттерін дамытуға бағытталған) [1994, Б.117-
145]. Толықтай, барлық канттық білім концепциясы тұлғаның өзіндік даму
түсінігін мәдениетті өзі тану тәсілі ретінде қарастырды. Білім туралы
түсінікті адам дамуындағы жекелік пен жалпылықтың ара қатынасы деп
түсіндірді және білім негізіне екі бастаманы – тұлғалық-бірегейлік және
жалпылық сынды екі бастаманы ендіруге жол аштырды. Сөзсіз, мұндай
бағдар барлық репатрианттардың, оның ішінде жастардың бейімделуі мен
әлеуметтенілуіне қатысты жұмыстарда әдістеме ретінде алынары сөзсіз.
Репатрианттардың әлеуметтік бейімделуі, осылайша, екі бір – бірімен
байланысқан деңгей – бір мезетте институционалды және тұлғалық деңгейде
өтетін үрдіс ретінде қарастырылады.
Дегенмен, бейімделуді институционалды және тұлғалық деңгейде
бейімделуді зерттеу өз мазмұынмен сәйкес келмейді, дегенмен, тұлғаға
қатысты тек айырмашылықта емес, сонымен қатар, бірлікке де ие. Осылайша,
тұлғалық деңгейде әлеуметтік бейімделу жалпы биологиялық үрдістермен
генетикалық байланысты, сонымен қатар, әлеуметтік-психологиялық үрдіс-
термен де байланысты бейнелендіреді, олар адамның өмір сүруінің жеке
әрекетінің үрдісінде қалыптасады. Институционалды деңгейге келсек, мұнда
бейімделу өзін-өзі қорғау, өмір сүру әрекеті, қоғам мен индивид дамуында
мемлекеттік қажеттілікпен байланысты кезеңдерді сипаттайды [1992, Б.237].
Әлеуметтік бейімделуді екі деңгейде қарастыру бізге бір жағынан
бұл көріністің белсенді әрекеттің арқасында тұлға мен ортаның қарым
– қатынастарын объективтендіретін және институционалды деңгейін
анықтайтын адамдардың социумға бейімделуінің әмбебап үрдісі ретінде
көрінуіне әкеледі. Басқа жағынан алып қарасақ, – адамның индивид-тұлға
деңгейіндегі әлеуметтік қатынастарды субъективтендіретін адамдағы
әлеуметтілікті сақтайтын, адамды белсенді іс-әрекетке итермелейтін ішкі
мотивацияланған үрдіс болып та табылады. Демек, әлеуметтік бейімделу
ыңғайлану (әлеуметтік феномен) үрдісі ретінде және тұлғаның ерекше
жағдайы ретінде көрініс табады: әрекеттену-күту, құндылықтық бағдарлар
(әлеуметтік-психологиялық феномен).
Әлеуметтілік бейімделу үрдісінің мазмұны нақты түрде ұйымдасқан
және құрылымға ие. «Құрылым бүтінді құрайды, оның құрамдас
Қазіргі заманның философиялық мәселелері
4 (74) 2017 |
Адам әлемі 7
бөлшектерін, элементтерін, арасындағы байланыстарын біріктіреді» [1974,
Б.47]. И.А. Милославова әлеуметтік бейімделудің құрылымын екі өзара
келісілген бөлшектерден құралған деп анықтайды: бейімделу жағдайы және
бейімделу қажеттілігі [1974, Б.14]. Бейімделу жағдайы қоршаған ортадағы
өзгерістермен немесе тұлғаның бір әлеуметтік ортадан екіншісіне ауысуы-
мен сипатталады. Бейімделу жағдайы өз ішінде бейімделу қажеттіліктерінен
тұрады, ол бейімделушілік іс-әрекеттердің қайнар көзін құрайды.
Бейімделуге деген қажеттілік дегеніміз тұлғаның әлеуметтік ортаның
өзгерген шарттарына сай өз іс-әрекеттерін, дағдыларын, көріністерін сай
қылдыру керек дегенді меңзейді. Бейімделу қажеттілігі екі маңызды фор-
мада көрінеді. Алғашқысы, тұлғада өзінің әлеуметтік құндылықтарын,
бағдарларын, құрылымдарын және т.б. әлеуметтік жағдайға сай қылдыруға
деген мүдде және осы талаптарға сай берілген жағдайға бейімделеді. Екіншісі,
нақты жағдайлар тұлға қажеттіліктерін қанағаттандыруға сай келмейтін
мүмкіндіктер жасамайды және саналы бағытталған белсенділік негізінде
тұлға өз қажеттіліктеріне сай «әлеуметтік жағдайды» өзгертуге талпыныс
жасайды. Біріншісінде де, екіншісінде де субъект пен қоршаған ортаның ара-
сында келеңсіздіктер кездеседі, ол субъекттің алған тәжірибесі, дағдылары,
көзқарастары және ережелері жаңа ортаға сай келмеуімен сипатталады.
Әлеуметтік жұмыстың әдістемелік және косалқы аспектілерін құрас-
тырған ғалымдар адамның биологиялық, психологиялық және әлеуметтік
дамуы өзара тығыз байланысқан және шарттасқан, әрдайым молайады және
адам іс-әрекетінің белсенділігімен өзгеріп отырады [1974, Б.14]
.
Адамға сыртқы ортаға қатынасында бейімдеушілік әрекеттің биоло-
гиялық формасы тән екені баршаға мәлім. Шын мәнінде, адамның биоло-
гиялық ұйымдасуы психологиялық және әлеуметтік бейімделу құрылған
негізі болып табылады. Сонымен қатар, бұл қосалқы бейімделулер өзара
тығыз
байланысқан, бір-біріне тәуелді.
Бейімделудің жалпы ғылыми түсінігін құрастыруда биологиялық
жиынтық ғылымдардың ішіндегі этология сынды пән елеулі үлес қосты.
Ол тірі ағзаға біртұтастық тәсілдің жемісті екенін тағы да дәлелдеп,
биологиялық ғылымдар жиынтығының дамуына мәнді түрде ықпал жа-
сады. Бұл ықпалдың тағы бір көрінісі адамзат қоғамының туындауының
биологиялық алғышартын түсінуге талпынысты, сонымен қатар, осы
жағдайда өмір сүріп жатқан биологиялық заңдарды жаңарту болып келеді.
Біздің зерттеуіміз үшін маңызды болып келетіні, этология адам іс-
әрекеті сынды объектке қатынасында әлеуметтік гуманитарлық білімдермен
тікелей байланыста. Адам іс-әрекетін зерттейтін ғылымдар – психология,
этология, әлеуметтану, жоғарғы жүйке әрекетінің физиологиясы, құқықтану
бірігуі керек.
«Жалпыадамзаттық көзқарас бойынша іс-әрекет тірі ағзаларды өмір
сүру шарттарына бейімдеудің бір формасы болып табылады. Ағзаның ортаға
Какимжанова М. Бихевиоризм тұлғаның әлеуметтік бейімделуінің негізгі...